Күн: Қазан 17, 2026

  • Отбасының цифрлық картасы әл-ауқат деңгейін қалай анықтайды?

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Отбасының цифрлық картасы үй шаруашылықтары мен отбасылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын анықтауға арналған. Осы мәліметтер негізінде мемлекеттік қолдау шараларын проактивті түрде ұсынуға мүмкіндік береді. Қазір ОЦК-да 6,2 млн отбасын құрайтын 20,6 млн азамат туралы мәліметтер бар. Отбасының цифрлық картасы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істейді. Ол әр отбасының цифрлық бейінін қалыптастырып, әлеуметтік әл-ауқат деңгейін анықтайды. Отбасының әлеуметтік әл-ауқатын бағалау жүйесі халықаралық тәсілдер негізінде Біріккен Ұлттар Ұйымының…

  • ШҚО-да «Ауыл құтқарушылары» жобасы аясында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Веселовка ауылында «Ауыл құтқарушылары» жобасы аясында жаңа өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді. Бұл ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін арттырып, төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен ҚР Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов қатысты. Елді мекендерде төтенше жағдайлардың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету…

  • «Қазақфильм» Пусандағы халықаралық жиында шетелдік киноиндустрия өкілдерімен келіссөз жүргізді

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының өкілдері Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өткен Asian Contents & Film Market 2026 халықаралық кинонарығында шетелдік кинокомпаниялар мен кинофестивальдердің өкілдерімен кездесті. Asian Contents & Film Market (ACFM) – Пусан халықаралық кинофестивалі аясында жыл сайын ұйымдастырылатын халықаралық кинонарық. Іс-шараға «Қазақфильм» атынан Мадина Нүсіпбекова мен Әсем Рамазанова қатысты. Олар Оңтүстік Корея, Моңғолия,…

  • «Ұстаздарға мың алғыс» онкүндігі өтті

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    «Ұстаздарға мың алғыс» онкүндігі Мұғалімдер күніне орай облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы ұсынған «Ұстаздарға мың алғыс» онкүндік жоспарына сәйкес, Абай ауданының білім беру ұйымдарында онкүндіктің ашылу салтанаттары ұйымдастырылды.Іс-шара барысында оқушылар мен педагогтерге онкүндіктің жоспары таныстырылып, алдағы мерекелік іс-шаралар туралы ақпарат берілді.Ашылу салтанатында оқушылар ұстаздарға арналған жүрекжарды тілектерін білдіріп, өлең жолдарын оқып, өздерінің ыстық ықыластарын жеткізді.Онкүндік аясындағы іс-шаралар…

  • Қазақстан мен Бельгия сыртқы істер министрліктері арасындағы 2027-2029 жылдарға арналған ынтымақтастықтың Жол картасына қол қойды

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Астана, 2026 жылғы 12 қазан – Бельгия Королі Филипптің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Бельгия Корольдігінің Сыртқы істер, сыртқы сауда және даму мақсатындағы ынтымақтастық жөніндегі федералдық мемлекеттік қызметі Басқарушы комитетінің төрағасы Теодора Джентциспен кездесті. Кездесу аясында Қазақстан мен Бельгияның сыртқы істер министрліктері 2027-2029 жылдарға арналған ынтымақтастықтың жол…

  • «Әлем таныған Әуезов. Әуезов әлемі» шығармашылық байқауының аудандық кезеңі өтті

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    «Әлем таныған Әуезов. Әуезов әлемі» шығармашылық байқауының аудандық кезеңі өтті 2026 жылғы 7 қазан күні жалпы орта білім беретін мектептердің 5–11 сынып оқушылары арасында облыстық «Әлем таныған Әуезов. Әуезов әлемі» шығармашылық байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Байқаудың мақсаты – ұлы жазушы, ғалым, филология ғылымдарының тұңғыш докторы, қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің шығармашылығын кеңінен насихаттау, қаламгердің қазақ…

  • Қамқоршылық кеңестердің құрамына кандидаттар қаралды

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    2026 жылғы 9 қазанда Абай ауданының білім бөлімі жанынан құрылған Қамқоршылық кеңестердің құрамына кандидаттарды іріктеу жөніндегі комиссияның отырысы өтті.Отырыс барысында комиссия төрағасы сайланып, ауданның білім беру ұйымдарынан ұсынылған Қамқоршылық кеңес мүшелігіне кандидаттардың құжаттары қаралды. Кандидаттардың ұсынылған құжаттарының талаптарға сәйкестігі тексеріліп, әр кандидатура бойынша талқылау және дауыс беру жүргізілді.Отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, Қамқоршылық кеңестердің…

  • 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық “Махамбет оқулары” байқауының облыстық кезеңі өткізілді.

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    2026 жылдың 09 қазан күні Семей қаласы білім бөлімінің “Ахмет Байтұрсынов атындағы N 47 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ базасында жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық “Махамбет оқулары” байқауының облыстық кезеңі өткізілді. Байқауға аудан мектептерінен 4 оқушы қатысып 3 оқушы жүлделі орындарға ие болды. “Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер”…

  • “БЖЗҚ” АҚ зейнетақыны уақтылы рәсімдеудің маңыздылығын еске салады

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    БЖЗҚ-да міндетті және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жинақтары бар, зейнет жасына жеткен азаматтар белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерін алуға құқылы. Бұл құқық мүгедектігі мерзімсіз белгіленген I және II топтағы азаматтарға да беріледі. 2026 жылы зейнет жасы ерлер үшін – 63 жас, әйелдер үшін – 61 жас. Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша…

  • Спорттық гимнастикадан Роттердамдағы әлем чемпионатында Қазақстан намысын кімдер қорғайды?

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    17-25 қазан аралығында Нидерландтың Роттердам қаласындағы Rotterdam Ahoy аренасында спорттық гимнастикадан 54-ші әлем чемпионаты өтеді. Аталған кешенде әлем біріншілігі 2010 жылы да ұйымдастырылған. Әлемдік додада Қазақстан намысын қорғайтын ұлттық құрама сапына алты гимнаст енді: 1. Нариман Курбанов2. Милад Карими3. Дмитрий Патанин4. Ильяс Азизов5. Нұрлан Ыдырысов6. Роман Хегай Маусымның басты додаларының бірі саналатын чемпионатта 14 медаль…

  • Брюссельдегі Гран-Плас алаңында Қазақстанның туы алғаш рет көтерілді

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Брюссель, 2026 жылғы 12 қазан – Бельгия Королі Филипп пен Королева Матильданың Қазақстанға мемлекеттік сапарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай еліміздің Мемлекеттік Туы Брюссельдің әйгілі Гран-Плас алаңында орналасқан қалалық әкімдік ғимаратында алғаш рет көтерілді. Брюссель қаласының билігі мен Бельгия Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен өткен бұл шара екі ел арасындағы достықтың, өзара құрмет пен…

  • «Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды 

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    2024 жылғы 1 ақпаннан 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін «Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды (НЖ) пайдалану бойынша жалпы сомасы шамамен 76,11 млн АҚШ долларына 365 553 алушыға төлем жасалды.  2026 жылдың басынан 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 170 156 азамат жалпы сомасы 44,84 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі нысаналы жинақтарын алды. Оның…

  • Шайбалы хоккейден аруларымыз үшінші мәрте Азия чемпионатына қатысады

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    15-18 қазан аралығында Жапонияның Саппоро қаласында шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы үшінші Азия чемпионаты өтеді. Қазақстан құрамасы сары құрлық бәсекесінде айналмалы жүйе бойынша Жапония, Қытай және Оңтүстік Кореямен мұз айдынында жолығады. Александр Тебеньков баптайтын Қазақстан құрамасының турнирге қатысатын ойыншыларының тізімі: Қақпашылар: Вероника Агеева, Арина Щеколова (екеуі де «Томирис»), Полина Говтва («Алматы»). Қорғаушылар: Юлия Буторина, Александра Воронова,…

  • Ерікті зейнетақы жарналары — зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді жолы

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Ерікті зейнетақы жарнасының ерекшелігі — зейнетақы жинағыңызды өз қалауыңызға қарай толықтыра аласыз. Жарна мөлшері мен оны аудару жиілігін әр адам өзі белгілейді. Ал жинақ бойынша төлемдерді белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпей-ақ алуға мүмкіндік бар. Ерікті жарнаны азаматтың өзі де, жұмыс беруші де төлей алады. Жұмыс беруші аударған мұндай жарна қызметкердің табысы болып саналмайды және жеке табыс…

  • Көлік құралын сату жөніндегі аукцион өткізу туралы хабарландыру

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Ұйымдастырушы – Париж қаласындағы ЮНЕСКО және басқа да халықаралық ұйымдардың жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігі (SIRET: 934 067 133 00017), заңды мекенжайы: 75008, Париж қ., Пьер Шаррон көшесі, 59 – автокөлікті сату жөніндегі ашық аукцион өткізілетінін хабарлайды. Аукцион бағаны көтеру әдісімен өткізіледі. Аукцион 2026 жылғы 29 қазанда сағат 11:00-де мына мекенжайда өтеді: 75008, Париж қ.,…

Exit mobile version