Күн: Қазан 17, 2026
-
«Таза Қазақстан»: «J.A.G. Group» Астанадағы мектеп аумағына ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында Астана қаласында логистикалық кешен құру жөніндегі инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатқан «J.A.G. Group» ЖШС жалпы білім беретін мектептің аумағында ағаш отырғызу жұмыстарын ұйымдастырды. Мектеп аумағын көгалдандыру – оқушылар мен педагогтер үшін қолайлы кеңістік құруға, сондай-ақ білім алуға жайлы орта қалыптастыруға ықпал етеді. Мұндай бастамалар бизнестің елорда дамуына жауапкершілікпен қатысуын көрсетіп,…
-
Астанада «Таза Қазақстан» акциясы аясында 100-ден астам көшет отырғызылды
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында Еуразиялық банк қызметкерлері мен Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы бірлесіп, №118 және №107 жайлы мектептердің аумағын көгалдандырды. Іс-шараға білім беру ұйымдарының өкілдері мен «Жер елшілері» жастар экологиялық қозғалысының мүшелері қатысты. Екі мектептің аумағына барлығы 100-ден астам көшет отырғызылды. Акцияның мақсаты – мектеп аумақтарын көгалдандыру, білім алушылар үшін…
-
АСТАНАДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ШАҒЫН ФУТБОЛ ТУРНИРІ ӨТТІ
Республика күніне орай Астана қаласы әкімдігінің басқармалары мен оларға қарасты мекеме қызметкерлерінің арасында футболдан турнир өтті. Бұл спорттық шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік мекемелер арасындағы ынтымақтастық пен достықты арттыру, сонымен қатар салауатты өмір салтын дәріптеу және қызметкерлердің белсенді демалысын ұйымдастыру. Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы мен Сарыарқа, Есіл ауданы әкімінің аппараты жәнеде «AstanaInvest»…
-
Астанада Қазақстан ұлттық командасын V Азия Пара ойындарына шығарып салу рәсімі өтті
Астанадағы Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде Қазақстанның ұлттық командасын V Азия Пара ойындары — Аичи–Нагоя 2026 жарыстарына шығарып салуға арналған салтанатты рәсім өтті. Байрақты бәсеке 18–24 қазан аралығында Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтеді.Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Ұлттық паралимпиада комитетінің өкілдері, спорт ардагерлері, жаттықтырушылар, қоғам қайраткерлері және басқа…
-
🗓️13 қазан күні сағат 16:30-да облыс әкімінің төрағалығымен аппараттық жиын өтеді.
Тақырып: Маңғыстау облысында жылыту маусымына дайындық барысы және тұрмыста газды қауіпсіз пайдалану бойынша қабылданып жатқан шаралар 📲 Тікелей эфир Маңғыстау облыстық әкімдігінің ресми парақшаларында өтеді. Тұрғындар сұрақтары мен ұсыныстарын тікелей эфир кезінде қоя алады. 🌐 Сілтеме See more https://www.instagram.com/mangystau_oblysynyn_akimdigi?igsh=cWxiempoOG1kMTFj Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/1309588?lang=ru
-
Лос-Анджелеске бастар алғашқы қадам: ауыр атлетикадан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі
Ауыр атлетикадан 27 қазан – 8 қараша күндері аралығында Қытайдың Нинбо қаласында ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Алдағы жарыс 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына (LA28) іріктеудің алғашқы ресми кезеңі болмақ. Сондай-ақ әлем чемпионаты жаңартылған салмақ бойынша ұйымдастырылады. Қазақстан құрамасының тізімі: Ерлер: 75 келі. Петр Хребтов85 келі. Едіге Емберді, Алексей Чуркин95 келі. Нұрғиса Әділетұлы110 келі.…
-
Мекенжайлық тексерулер мен күшейтілген патрульдік бақылау: Абай облысының полициясы зорлық-зомбылық қылмыстарының алдын алуда
Абай облысында «Қауіпсіз үй» профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері зорлық-зомбылық қылмыстарының алдын алу жұмыстарын күшейтті. Әсіресе алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс тұтынудан туындайтын жанжалдардың алдын алуға баса назар аударылуда. 2026 жылдың басынан бері 455 адамға алкогольдік ішімдіктерді тұтынуға тыйым салатын ерекше талаптар қойылды. 314 адам мәжбүрлі емдеуге жіберілді. Қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді тұтынғаны үшін 8 858 адам…
-
Ақмолалық аграршылар Франция мен Австриядағы көрмелер мен асыл тұқымды шаруашылықтардың жұмысымен танысты
Ақмола облысында мал шаруашылығын дамытуға, асыл тұқымды мал өсіруге, фермерлерді жеңілдетілген несиелендіруге және шетелден жоғары өнімді мал сатып алуға басымдық беріліп отыр. Осы бағыттағы тәжірибені зерделеу мақсатында Франция мен Австрияға жұмыс сапарымен барған облыс делегациясы SOMMET DE L’ÉLEVAGE – 2026 халықаралық көрмесіне, асыл тұқымды мал шаруашылықтары мен селекциялық орталықтарға барып, ірі қара мал аукционына қатысты.…
-
«Қауіпсіз үй»: Абай облысында 609 мекенжай тексеріліп, 164 қауіп факторы жойылды
5 қазанда басталған «Қауіпсіз үй» профилактикалық іс-шарасы аясында Абай облысының полицейлері ерекше назар аударуды қажет ететін 609 мекенжайды тексеріп, 164 қауіп факторын жойды және тұрғындардың 82 ұсынысын қарастырды. Полиция қызметкерлері тұрғындардың тұрмыс жағдайын бағалап, отбасылық жанжалдардың себептерін анықтайды. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, отбасыларға нақты көмек көрсетеді. Бесқарағай ауданында кәмелетке толмаған балалары бар отбасына оқу…
-
Екі күн ішінде Абай облысында 26 жол-көлік оқиғасы тіркелді
Демалыс күндері Абай облысының аумағында 26 жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан 1 адам қаза тауып, 2 адам дене жарақатын алды. Жол-көлік оқиғаларының орын алуы жол қозғалысы қағидаларын сақтаудың және жолда барынша мұқият болудың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетеді. Әсіресе, жүргізушілердің белгіленген жылдамдық режимін сақтауы, көлік құралын қауіпсіз басқаруы және жол жағдайын ескеруі аса маңызды. Жүргізушілер…
-
Мәдениет пен өнердің үш өкіліне «Ақмола облысының құрметті азаматы» атағы берілді
Ұлттық өнерді дамытуға және мәдени мұраны сақтауға елеулі үлес қосқан үш мәдениет және өнер өкілі «Ақмола облысының құрметті азаматы» атағына ие болды. Бұл атақ өңір алдындағы ерекше еңбегі, көпжылдық жемісті қызметі және облыстың дамуына қосқан үлесі үшін беріледі. Тиісті кандидатураларды облыстық мәслихат депутаттары кезекті сессияда бекітті. Құрметті атаққа ие болғандардың бірі – Зеренді ауданының тумасы…
-
Қазақстан мен Польша арасындағы авиация саласындағы инвестициялық ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды
Варшава, 2026 жылғы 12 қазан – Қазақстан Республикасының Варшавадағы Елшілігінде Қазақстан Елшісі Нұрлан Жалғасбаевтың польшалық Mielec Aviation Company (MZL) компаниясының басқарма төрағасы Роман Игнасякпен жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында Қазақстан мен Польша арасындағы авиация саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, озық технологияларды тарту және бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды. Ауыл және орман шаруашылығында әуе кемелерін пайдалану,…
-
Қазақстан мен Еуропа арасындағы көлік байланысын нығайту: «VietJet» Ханой – Алматы – Прага бағыты бойынша әуе қатынасын ашты
Прага, 2026 жылғы 10 қазан – Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігінің қызметкерлері Прага қаласындағы Вацлав Гавел атындағы халықаралық әуежайда өткен Вьетнамның «VietJet Air» әуе компаниясының Ханой – Алматы – Прага бағыты бойынша алғашқы рейсінің ашылу салтанатына қатысты. «VietJet Air» әуе компаниясының алғашқы рейсі Чехия астанасына бортында шамамен 200 Қазақстан азаматы бар жолаушылармен келіп қонды. Жаңа…
-
Мемлекеттік еңбек инспекторы Д. Ахметова Caspian news арнасының “Еңбек нарығы: сұраныс пен ұсыныс” бағдарламасына қатысты.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Д. Ахметова Caspian news арнасының “Еңбек нарығы: сұраныс пен ұсыныс” бағдарламасына қатысты. Бағдарламада жұмыспен қамту және еңбек құқығын қорғау, жұмысқа орналасқанда және еңбек шартын жасасқанда мән беру керек маңызды қағидалар, еңбекақының төленуі мен өзге де мәселелер көтерілді. Аталған бағдарламаның негізгі мақсаты – еңбек нарығындағы…
-
«Ақтау теңіз порты» Мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілерге арналған Ашық есік күні өтті
«Ақтау теңіз порты» Мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілерге арналған Ашық есік күні өтті. Іс-шара барысында басқарма мамандары өзекті салық мәселелері бойынша түсіндірме берді, салық заңнамасындағы соңғы өзгерістерді талқылады және қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді. Салық төлеушілер өздерін қызықтыратын тақырыптар бойынша жеке кеңес алып, мемлекеттік қызметтерді алу тәртібімен танысты. Сондай-ақ қатысушыларға электрондық сервистер мен онлайн-консультация мүмкіндіктері…
