Күн: Қазан 17, 2026
-
Мекенжайлық тексерулер мен күшейтілген патрульдік бақылау: Абай облысының полициясы зорлық-зомбылық қылмыстарының алдын алуда
Абай облысында «Қауіпсіз үй» профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері зорлық-зомбылық қылмыстарының алдын алу жұмыстарын күшейтті. Әсіресе алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс тұтынудан туындайтын жанжалдардың алдын алуға баса назар аударылуда. 2026 жылдың басынан бері 455 адамға алкогольдік ішімдіктерді тұтынуға тыйым салатын ерекше талаптар қойылды. 314 адам мәжбүрлі емдеуге жіберілді. Қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді тұтынғаны үшін 8 858 адам…
-
Ақмолалық аграршылар Франция мен Австриядағы көрмелер мен асыл тұқымды шаруашылықтардың жұмысымен танысты
Ақмола облысында мал шаруашылығын дамытуға, асыл тұқымды мал өсіруге, фермерлерді жеңілдетілген несиелендіруге және шетелден жоғары өнімді мал сатып алуға басымдық беріліп отыр. Осы бағыттағы тәжірибені зерделеу мақсатында Франция мен Австрияға жұмыс сапарымен барған облыс делегациясы SOMMET DE L’ÉLEVAGE – 2026 халықаралық көрмесіне, асыл тұқымды мал шаруашылықтары мен селекциялық орталықтарға барып, ірі қара мал аукционына қатысты.…
-
«Қауіпсіз үй»: Абай облысында 609 мекенжай тексеріліп, 164 қауіп факторы жойылды
5 қазанда басталған «Қауіпсіз үй» профилактикалық іс-шарасы аясында Абай облысының полицейлері ерекше назар аударуды қажет ететін 609 мекенжайды тексеріп, 164 қауіп факторын жойды және тұрғындардың 82 ұсынысын қарастырды. Полиция қызметкерлері тұрғындардың тұрмыс жағдайын бағалап, отбасылық жанжалдардың себептерін анықтайды. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, отбасыларға нақты көмек көрсетеді. Бесқарағай ауданында кәмелетке толмаған балалары бар отбасына оқу…
-
Екі күн ішінде Абай облысында 26 жол-көлік оқиғасы тіркелді
Демалыс күндері Абай облысының аумағында 26 жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан 1 адам қаза тауып, 2 адам дене жарақатын алды. Жол-көлік оқиғаларының орын алуы жол қозғалысы қағидаларын сақтаудың және жолда барынша мұқият болудың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетеді. Әсіресе, жүргізушілердің белгіленген жылдамдық режимін сақтауы, көлік құралын қауіпсіз басқаруы және жол жағдайын ескеруі аса маңызды. Жүргізушілер…
-
Мәдениет пен өнердің үш өкіліне «Ақмола облысының құрметті азаматы» атағы берілді
Ұлттық өнерді дамытуға және мәдени мұраны сақтауға елеулі үлес қосқан үш мәдениет және өнер өкілі «Ақмола облысының құрметті азаматы» атағына ие болды. Бұл атақ өңір алдындағы ерекше еңбегі, көпжылдық жемісті қызметі және облыстың дамуына қосқан үлесі үшін беріледі. Тиісті кандидатураларды облыстық мәслихат депутаттары кезекті сессияда бекітті. Құрметті атаққа ие болғандардың бірі – Зеренді ауданының тумасы…
-
Қазақстан мен Польша арасындағы авиация саласындағы инвестициялық ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды
Варшава, 2026 жылғы 12 қазан – Қазақстан Республикасының Варшавадағы Елшілігінде Қазақстан Елшісі Нұрлан Жалғасбаевтың польшалық Mielec Aviation Company (MZL) компаниясының басқарма төрағасы Роман Игнасякпен жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында Қазақстан мен Польша арасындағы авиация саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, озық технологияларды тарту және бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды. Ауыл және орман шаруашылығында әуе кемелерін пайдалану,…
-
Қазақстан мен Еуропа арасындағы көлік байланысын нығайту: «VietJet» Ханой – Алматы – Прага бағыты бойынша әуе қатынасын ашты
Прага, 2026 жылғы 10 қазан – Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігінің қызметкерлері Прага қаласындағы Вацлав Гавел атындағы халықаралық әуежайда өткен Вьетнамның «VietJet Air» әуе компаниясының Ханой – Алматы – Прага бағыты бойынша алғашқы рейсінің ашылу салтанатына қатысты. «VietJet Air» әуе компаниясының алғашқы рейсі Чехия астанасына бортында шамамен 200 Қазақстан азаматы бар жолаушылармен келіп қонды. Жаңа…
-
Мемлекеттік еңбек инспекторы Д. Ахметова Caspian news арнасының “Еңбек нарығы: сұраныс пен ұсыныс” бағдарламасына қатысты.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Д. Ахметова Caspian news арнасының “Еңбек нарығы: сұраныс пен ұсыныс” бағдарламасына қатысты. Бағдарламада жұмыспен қамту және еңбек құқығын қорғау, жұмысқа орналасқанда және еңбек шартын жасасқанда мән беру керек маңызды қағидалар, еңбекақының төленуі мен өзге де мәселелер көтерілді. Аталған бағдарламаның негізгі мақсаты – еңбек нарығындағы…
-
«Ақтау теңіз порты» Мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілерге арналған Ашық есік күні өтті
«Ақтау теңіз порты» Мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілерге арналған Ашық есік күні өтті. Іс-шара барысында басқарма мамандары өзекті салық мәселелері бойынша түсіндірме берді, салық заңнамасындағы соңғы өзгерістерді талқылады және қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді. Салық төлеушілер өздерін қызықтыратын тақырыптар бойынша жеке кеңес алып, мемлекеттік қызметтерді алу тәртібімен танысты. Сондай-ақ қатысушыларға электрондық сервистер мен онлайн-консультация мүмкіндіктері…
-
ХАБАРЛАНДЫРУ
«Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасы» КММ «Шымкент қаласының бас жоспары. Түзету» жобасы бойынша қоғамдық талқылау өтетінін хабарлайды. Талқылау 06.11.2026 жылы сағат 11:00-де Шымкент қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 12, «Көрме орталығы» мекенжайында өтеді. Қоғам өкілдері жоба материалдарымен Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасы КММ-нің У. Арғынбеков көшесі, 313-ғимарат, 5-қабат мекенжайында таныса алады. Өз…
-
Наталья Богданова Қазақстан полициясының атын халықаралық спорт аренасында танытып жүр
Наталья Богданова Қазақстан полициясының атын халықаралық спорт аренасында танытып жүр. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Руслан Назаров жеке құрам атынан Жапонияда 21 қыркүйек пен 2 қазан аралығында өткен ХХ жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері Наталья Богданованы құттықтады. 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ширек финалда спортшы Өзбекстан өкілі Азиза…
-
Түркістан облысында 8 тоннаға жуық жарамсыз қалдық заңсыз төгілген жерден шығарылды
Түркістан облысында 8 тоннаға жуық жарамсыз дөңгелек заңсыз төгілген жерден шығарылды. Түркістан облысында халықаралық автожол бойына 8 тоннаға жуық жарамсыз дөңгелек тастаған азамат анықталды. Құқық бұзушылық Сайрам ауданындағы Батыс Қытай – Батыс Еуропа халықаралық автожолы бойында тіркелген. Тексеру барысында азаматтың шиномонтаж орталығының аумағына жүк көліктерінің жарамсыз дөңгелектерін жинап, заңсыз…
-
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ДАМУДА
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров шаруалармен кездесіп, биылғы мақта жинау науқанының барысын, өнімнің бағасы мен сапасына қойылатын талаптарды, сондай-ақ салаға көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдау шараларын талқылады. Кездесу барысында шаруаларды толғандырған өзекті сұрақтарға жауап беріп, мақта бағасының қалыптасу тетіктерін түсіндірді. Биыл өңірде мақта егістігінің көлемі 173,6 мың гектарға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 29,1 мың гектарға…
-
Мәдениет пен өнердің үш өкіліне «Ақмола облысының құрметті азаматы» атағы берілді
Ұлттық өнерді дамытуға және мәдени мұраны сақтауға елеулі үлес қосқан үш мәдениет және өнер өкілі «Ақмола облысының құрметті азаматы» атағына ие болды. Бұл атақ өңір алдындағы ерекше еңбегі, көпжылдық жемісті қызметі және облыстың дамуына қосқан үлесі үшін беріледі. Тиісті кандидатураларды облыстық мәслихат депутаттары кезекті сессияда бекітті. Құрметті атаққа ие болғандардың бірі – Зеренді ауданының тумасы…
-
Этика және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша Қарақия ауданында көшпелі кездесу өтті
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары – этика жөніндегі уәкіл Ертуған Өтегенов Қарақия ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерімен көшпелі жұмыс кездесуін өткізді. Сапар барысында басқарма ұжымымен жұмыс кездесуі, сондай-ақ мамандар мен аудан салық төлеушілерінің жеке қабылдауы өтті. Негізгі назар мемлекеттік қызметтің этикалық нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, сондай-ақ салық органдарының…
