Күн: Қазан 17, 2026
-
Елордалық оқушы Мұқағали Мақатаевтың портретін 1500 бөтелке қақпағынан жасап шығарды
Астана қаласындағы Мұқағали Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушысы Мирас Төлеген ақиық ақынның портретін 1500 бөтелке қақпағынан құрастырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Ерекше туындыны оқушы технология пәнінің мұғалімдері Шайдолда Абылғазыұлы және Дінқауым Сейсенбайұлымен бірлесіп жасаған. Шығармашылық жұмысқа екі ай уақыт кеткен. Портретті жасауға қажетті 1500 бөтелке қақпағын мектеп оқушылары жинаған. Осылайша, күнделікті тұрмыста…
-
Мемлекет басшысы Премьер-министрмен және Құрылтай төрағасымен консультациялар өткізді
Мемлекет басшысы Премьер-министрмен және Құрылтай төрағасымен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі бойынша консультация өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету, жергілікті бюджеттерді бекіту және өңірлердің дамуын бақылау үшін мәслихаттардың толыққанды жұмысының маңызды екенін атап өтті. Президент депутаттық корпусты жаңарту жергілікті өкілді органдардың қызметін едәуір күшейтетініне сенім білдірді.…
-
Қазақстандық ғылыми әзірлеме Қытайда өткен ERSGIT 2026 конференциясында халықаралық деңгейде мойындалды
ҚР ӨҚМ «Минералдық шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталық» РМК филиалы – Д.А. Қонаев атындағы Тау-кен ісі институты (бұдан әрі – Д.А. Қонаев атындағы ТКИ) ғалымдарының ғылыми жұмысы Қытайдың Нанкин қаласында өткен қоршаған ортаны қашықтан зондтау және геоақпараттық технологиялар жөніндегі V халықаралық ERSGIT 2026 конференциясында «Best Oral Presentation Award» (Үздік ауызша баяндама үшін марапат) наградасына…
-
Классикалық зейнетақы аннуитетінен – жаңа мүмкіндіктерге
2026 жылғы 17 қыркүйекте Алматы қаласында сақтандыру, қаржы және зейнетақы нарығының өкілдерін бір алаңға жинаған Kazakhstan Insurance Forum 2026 өтті. Форум аясында «Жоспардан тыс өмір: болашақты сақтандырудан неге қорқамыз?» атты панельдік пікірталас ұйымдастырылып, онда өмірді сақтандыруды дамыту, ұзақмерзімді қаржылық жоспарлау және азаматтардың болашақ табысын қамтамасыз етудегі жаңа мүмкіндіктер мәселелері талқыланды. Пікірталасты сақтандыру нарығының сарапшысы,…
-
Кәсіби даярлық – қызмет сапасының негізі
Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлерінен жылдық қорытынды сынақтары қабылдануда. Сынақ барысында полиция қызметкерлерінің дене шынықтыру және атыс даярлығы, сондай-ақ заңнаманы білу деңгейі тексеріледі. Әр бағыт бойынша қызметкерлердің теориялық білімі мен практикалық дағдыларына баға беріледі. Полиция қызметкері үшін кәсіби білім мен физикалық дайындық – қызметтік міндеттерді мінсіз орындаудың маңызды алғышарты. Сондықтан мұндай сынақтар жеке құрамның даярлық…
-
📚 ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕНУГЕ АРНАЛҒАН ОНЛАЙН-ПЛАТФОРМА
Қазақ тілін үйренгіңіз келе ме? Tilqural.kz — қазақ тілін өз бетінше меңгеруге және тілдік дағдыларды дамытуға арналған интерактивті онлайн-платформа. Платформа арқылы: Қазақ тілін деңгейіңізге сәйкес үйренуге; Грамматикалық біліміңізді жетілдіруге; Сөздік қорыңызды байытуға; Қазақ тілінде еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға мүмкіндік бар. Тілді меңгеру — үздіксіз ізденіс пен тәжірибені қажет ететін үдеріс. Ал тиімді оқу ресурстары…
-
Қазақстандық жастар ТМД елдерінің студенттік жасақтары слетіне қатысты
Ресейдің Омбы қаласында «Иртыш – территория дружбы и созидания» атты ТМД елдерінің студенттік жасақтары слеті өтті. Іс-шараға Достастық елдерінің жастар ұйымдарының өкілдері қатысып, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, жастар дипломатиясын дамыту және тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады. Пленарлық отырыста қатысушыла жастар саясаты мен волонтерлік қызмет бағытындағы озық тәжірибелерді ортаға салды. Сондай-ақ халықаралық студенттік жасақтардың жұмысын дамытуға арналған стратегиялық…
-
Этика нормалары, іскерлік дрес-код, атқарушылық тәртіп және қызметтік автокөліктерді пайдалану мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті.
Бүгін Көкпекті ауданының жергілікті атқарушы органдарының Әдеп жөніндегі уәкілі Г. М. Анкебаева Көкпекті ауданының аудан әкімінің орынбасары, аппарат басшысы, дербес бөлім басшылары, ауылдық округтар әкімдері және квазимемлекеттік басшыларының қатысуымен мемлекеттік қызметкерлер арасында қызметтік әдеп нормаларын сақтау, іскерлік дрес-код талаптарын орындау, еңбек және атқарушы тәртіпті нығайту, сондай-ақ қызметтік автокөліктерді тиімді әрі мақсатты пайдалану мәселелері бойынша семинар-кеңес…
-
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Расул Рысмамбетов, қаржыгер, «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры: «Егер адам қарттық шағына қаражат жинамаса, мемлекет қалай да бір амалын тауып, «тегін қияр мен қызанақ» беретініне кәміл сенсе, қатты қателеседі, өкінішке орай… Өзіміз үшін тек өзіміз ғана жинақтай аламыз». «БЖЗҚ» АҚ «Зейнетақы жүйесі туралы сұхбат» жобасы аясында сарапшылармен…
-
Қазақстанда ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Тыштықбаев Баймұрат Қажмұратұлы, Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитеті Ядролық физикалық қауіпсіздік басқармасының басшысы. Қазақстан Республикасында атом энергиясын пайдалану технологиялары медицина, өнеркәсіп және ғылыми қызметті қоса алғанда, әртүрлі салаларда қолданылады. Ядролық материалдар мен иондаушы сәулелену көздерін пайдалану олардың сенімді қорғалуын талап етеді, өйткені атом энергиясын пайдалану объектілерін заңсыз иемдену, ұрлау, рұқсатсыз…
-
АҚҚЫСТАУ АУЫЛЫНДА ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖЕТІЛДІРІЛУДЕ
АҚҚЫСТАУ АУЫЛЫНДА ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖЕТІЛДІРІЛУДЕ Аққыстау ауылындағы Н. Әжіғалиев және Жәңгірхан көшелеріне асфальт жабындысы төселіп, жолдардың жағдайы жақсартылды. Аталған жұмыстар тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы қозғалысын қамтамасыз етуге, көлік қатынасын жеңілдетуге және елді мекеннің инфрақұрылымдық әлеуетін арттыруға бағытталған. Жаңартылған көшелер шаң-тозаңды азайтып, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жол инфрақұрылымын ретке келтіру ауылдың…
-
Тимирязев ауданының әкімі Ерлан Жаров Дмитриевка ауылында тұратын Жолдаяковтар отбасына барды
Қарттар айлығы аясында Тимирязев ауданының әкімі Ерлан Жаров Дмитриевка ауылында тұратын Жолдаяковтар отбасына барды. Сайлау Мәлікұлы Жолдаяков 1949 жылғы 15 ақпанда дүниеге келген. Білім алғаннан кейін еңбек жолын Ынтымақ ауылында малшы болып бастаған. Әр жылдары басқарушы, совхоз директорының жабдықтау жөніндегі орынбасары, жүргізуші болып қызмет атқарды. 2012 жылы зейнетке шықты. Көп жылғы еңбегі үшін алты…
-
Қызылордада мас күйде көлік тізгіндеген жүргізуші қамалды
Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізіп, оның барысында Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы қала аумағындағы жол қозғалысына тұрақты мониторинг жүргізуде. Мониторинг барысында полиция қызметкерлерінің назарына күдік тудырған азамат ілікті. Аталған ақпарат дереу жақын маңдағы патрульдік полиция экипажына жеткізілді. Полиция қызметкерлері жедел түрде тиісті шаралар қабылдап, көлік құралын…
-
Кәсіби біліктілікті арттыру
2026 жылғы 6–8 қазан аралығында Абай облысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Мемлекеттік басқарудағы генеративті жасанды интеллект» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары өтті.Аталған семинарға Семей қаласы мәслихаты аппаратының бас маманы Асель Абылкасымова қатысты.Оқу барысында мемлекеттік басқару саласында генеративті жасанды интеллект технологияларын қолдану мүмкіндіктері, жұмыс үдерістерін оңтайландыру, құжаттармен жұмыс істеу тиімділігін арттыру және заманауи…
-
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдар тізілімі
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдар тізілімі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдар тізбесі. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы: «Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ұшыраған…
