Күн: Қазан 17, 2026
-
Қоғамдық тыңдау
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Абай облысы бойынша департаменті «Аягөз су» КМК-ның тұтынушылардың және басқа да мүдделі тұлғалардың алдында тариф жобасы мен тарифтік есептеуді қарау бойынша қоғамдық тыңдауын өткізеді. Өткізілетін орны және уақыты: Аягөз қаласы, Макеев көшесі 1 , «Аягөз су» КМК-ның жиналыс залында 2026 жылдың 27 қазанында сағат 15-00-де. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-ayagos/press/news/details/1298770?lang=ru
-
Жұмысқа орналасуға көмектесу тәсілі жетілдіріледі
Жұмысқа орналасуға көмектесу тәсілі жетілдіріледі 1 қазаннан бастап жұмыс іздеген адамға лайықты жұмыс табу кезеңі 2 күннен 13 күнге дейін ұзартылады. Осы уақыт ішінде мансап орталығының мамандары адамның білімі, еңбек өтілі мен дағдыларын жан-жақты қарап, соған сай бос жұмыс орындарын ұсынады. Қажет болған жағдайда жұмыс берушілермен де байланысады. Егер адамға лайықты жұмыс 13 күн күтпей-ақ…
-
44 ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ
Әрбір азамат өмір сүру барысында түрлі мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен тығыз байланыста болады. Сол себепті мемлекеттік қызметтерді сапалы әрі дер кезінде көрсету – мемлекет пен қоғамның өзара тиімді іс-қимылының маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасын арттыру арқылы халықтың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін нығайту мәселесі Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларында әрдайым айрықша маңызға ие.…
-
ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
2026 жылғы 22 қыркүйек күні сағат 15:30-да Шардара ауданы әкімінің жанындағы халық денсаулығын қорғау жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Кеңес отырысын аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Абдуғафурұлы Каратунов жүргізді. Отырыстың күн тәртібіне аудан тұрғындарының денсаулығын қорғауға және жұқпалы аурулардың алдын алуға бағытталған бірқатар өзекті мәселелер енгізілді. Атап айтқанда, 2026 жылдың 8 айында анықталған АИТВ инфекциясы жағдайлары,…
-
Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы туралы
Есіл ауданы әкімдігінің мәжіліс залында 2026 жылдың 29 қыркүйегінде сағат 11:00-де Есіл ауданының сегізінші шақырылған мәслихатының кезектен тыс 47-сессиясы келесі күн тәртібімен өткізіледі: Торанғұл ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерді орындауы туралы. Есіл ауданында кәсіпкерлікті дамыту жөнінде жүргізілген жұмыстар туралы. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан…
-
Елге оралған Ергашевтер отбасы Екібастұзда жаңа өмірге қадам басты
Елге оралған Ергашевтер отбасы Екібастұзда жаңа өмірге қадам басты Туған елге оралып, жаңа өмір бастау Ергашевтер отбасы үшін маңызды қадам болды. Өзбекстаннан Қазақстанға қоныс аударған қандастар бүгінде Екібастұз қаласында еңбек етіп, бала тәрбиелеп, болашаққа жоспар құрып келеді. Ергашевтер отбасы Өзбекстанның Науаи облысы Кенимех ауданынан Қазақстанға көшіп келген. Елге оралғаннан кейін қажетті рәсімдерден өтіп, 10 тамызда…
-
🌍 «WORLD CLEANUP DAY» – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІ
Құрметті аудан тұрғындары! 19 қыркүйек күні ауданымызда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «World Cleanup Day» – Дүниежүзілік тазалық күніне арналған жалпы аудандық сенбілік өтеді. Күн тәртібі: 09:00 – сенбіліктің басталуы; Жиналу орны: белгіленген аумақтар; 09:00–12:00 – аулалар, көшелер, қоғамдық орындар мен іргелес аумақтарды санитарлық тазалау, қоқыстарды жинау және шығару, абаттандыру жұмыстары; 12:00 – атқарылған жұмыстарды…
-
«Бөкенші CUP» КҮЗГІ КІШІ ШАҒЫН ФУТБОЛ ТУРНИРІ ӨТТІ Жиенәлі ауылдық округінде күзгі кіші шағын футболдан «Бөкенші CUP» турнирі ұйымдастырылды.
Тартысты өткен спорттық додаға барлығы 8 команда қатысып, өзара бақ сынады.🏆 Жүлделі орындар:🥇 I орын – «Бөкенші» командасы🥈 II орын – «Түрксіб» командасы🥉 III орын – «Жаркын» командасыЖарыс барысында командалар жоғары дайындықтарын көрсетіп, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey-zhienalin/press/news/details/1298761?lang=ru
-
«Мүгедектік мерзімін және (немесе) еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін есептеу және бұрын белгіленген мүгедектік мерзімін және (немесе) еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін қайта куәландыру тәртібі»
Бізде жаңа рубрика: АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРМЕ – «Мүгедектік мерзімін және (немесе) еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін есептеу және бұрын белгіленген мүгедектік мерзімін және (немесе) еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін қайта куәландыру тәртібі» Кукиева Туймегуль Сембиевна – № 9 медициналық әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-uko/press/news/details/1298763?lang=ru
-
Ақмола облыстық мәслихатының депутаттары мен облыс тұрғындарының назарына!
2026 жылғы 30 қыркүйек сағат 10.00-ге жоспарланған кезекті сессияның күні 2026 жылғы 28 қыркүйек сағат 11.30-ға ауыстырылатынын хабарлаймыз. * Бұдан бұрын 2026 жылғы 18 қыркүйегінде жарияланған хабарландыруға Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-aqmola/press/news/details/1298764?lang=ru
-
«Жалпыұлттық аза тұту күні»
Каспий теңізінде орын алған қайғылы оқиғаға байланысты жалпыұлттық аза тұту күні Бостандық ауданы әкімінің аппараты қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Орны толмас қазаға ұшыраған отбасылардың қайғысына ортақтасып, оларға шын жүректен көңіл айтып, қолдау білдіреміз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bostandyk/press/news/details/1298765?lang=ru
-
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТАЗАЛЫҚ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК.
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында Шардара ауданында санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстарын күшейту бағытында кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікке Шардара ауданы әкімінің орынбасарлары Төребеков Бейсенбай Тасболатұлы, Каратунов Еркебұлан Абдугафурұлы, аудан әкімі аппаратының басшысы Ильясов Сержан Абдухарұлы, Шардара аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков, ауыл ақсақалдары мен ауыл тұрғындары белсене қатысты. Іс-шара барысында белгіленген аумақтар тазаланып, тұрмыстық…
-
Новобаженово ауылдық округіне қарасты Новобаженово және Бұлақ ауылдарында жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол белгілері орнатылды.
Аталған жұмыстар ауыл тұрғындары мен көлік жүргізушілерінің қауіпсіздігін арттыруға және жол қозғалысын реттеуге бағытталған. Жол белгілері жол қозғалысы қауіпсіздігінің маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey-novobazhenovo/press/news/details/1298768?lang=ru
-
ӘЛЕМДІ 60 МИНУТТА АРАЛАУ» ✈️🗺️
🌍 «ӘЛЕМДІ 60 МИНУТТА АРАЛАУ» ✈️🗺️27 қыркүйек – Дүниежүзілік туризм күніне орай студенттер арасында «Әлемді 60 минутта аралау» атты танымдық ойын-сайыс ұйымдастырылды.Іс-шара барысында студенттер бірнеше командаға бөлініп, туристік бағыттағы қызықты кезеңдерден өтті. «Туристік визитка», «Туристік блиц», «Рюкзакты жина!», «Суреттен тап!», «Туристік крокодил», «Туристік жағдаят» секілді ойындар арқылы қатысушылар өздерінің білімін, тапқырлығын, шапшаңдығын және топпен жұмыс…
-
Қайнар медициналық амбулаториясына 200 тонна көмір түсірілді
Қайнар ауылының медициналық амбулаториясын алдағы жылыту маусымына дайындау жұмыстары жүргізілуде. Бүгін нысанға 200 тонна қатты отын жеткізіліп, түсіру жұмыстары атқарылды. Көмір қоры медициналық амбулаторияны тұрақты әрі үздіксіз жылытуға мүмкіндік береді. Жылыту маусымына дайындық жұмыстары аудан бойынша тұрақты бақылауда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey-karaolen/press/news/details/1298752?lang=ru
