Автор: admin
-
ШҚО-да су айдындарындағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейдтер күшейтілді
Өңірде аптап ыстықтың орнауына байланысты су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ШҚО ТЖД құтқарушылары халық көп шоғырланатын демалыс орындарында патрульдеу жұмыстарын күшейтті. Бұқтырма су қоймасы аумағында қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау мақсатында рейд өткізілді. Рейд барысында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабы бойынша үш құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жедел әрекет ету үшін…
-
ТЖМ тікұшағы зардап шеккен адамды облыс орталығына шұғыл жеткізді
«Қазавиақұтқару» ұшқыштары Сергей Пинигин, Олег Алфеев және Айдар Мамырханов санитарлық авиация дәрігерлері Рустем Мұқажанов пен Антон Волковпен бірлесіп, Алтай қаласынан Өскеменге жарақат алған ер адамды шұғыл түрде жеткізді. Ұшу қалыпты режимде, асқынусыз өтті. Науқас медициналық мекемеге жеткізіліп, дәрігерлерге тапсырылды. Санитарлық-авиациялық рейс – ТЖМ ұшқыштары мен дәрігерлерінің жедел жұмысының бір бөлігі, мұнда уақыт шешуші рөл атқарады.…
-
Көлік, логистика, ТМК және сауда: Серік Жұманғарин Ауғанстан басшылығымен ынтымақтастық перспективаларын талқылады
Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Кабулға сапары барысында Ауғанстан Премьер-министрі Мұхаммед Хасан Ахундпен және Премьер-министрдің орынбасары Абдул Гани Барадармен келіссөздер жүргізді. Тараптар ауқымды гуманитарлық, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселесін талқылады. Серік Жұманғариннің Ауғанстан Премьер-министрімен кездесуі екі ел арасындағы гуманитарлық және іскерлік байланыстардың белсенді дамуының соңғы төрт жылында алғаш рет өткізілді. Мұхаммед…
-
Алакөлде туристік маусым «Алакөл алаулары – 2026» фестивалімен ашылды
Бүгін Алакөл жағалауында биылғы туристік маусымның ресми ашылуына арналған «Алакөл алаулары – 2026» фестивалі өтті. Ауқымды шараға облыс әкімі Берік Уәли қатысып, тұрғындар мен демалушыларды туристік маусымның ашылуымен құттықтады. Аймақ басшысы Алакөлдің табиғи ерекшелігі мен тарихи маңызына тоқталып, көлдің бүгінде еліміздің ғана емес, шетелдік туристер де қызығушылық танытатын бірегей демалыс орнына айналғанын атап өтті. «Сонау…
-
Виктор Друзин Канададағы суперфиналда екінші жүлдесіне қол жеткізді
Канаданың Торонто қаласында көркем жүзуден әлем кубогының суперфиналы өтіп жатыр. Бүгін ерлер арасындағы еркін бағдарламада Қазақстан командасының спортшысы Виктор Друзин күміс жүлдегер атанды. Бұл оның осы жарыстағы екінші жүлдесі. Виктор кеше техникалық бағдарламада 3-орын алған. Еркін бағдарлама жүлдегерлері: 1. Ранджуо Томблин (Ұлыбритания) 255.9600 балл2. Виктор Друзин (Қазақстан) 248.5525 балл3. Филиппо Пелати (Италия) 246.2639 баллАйта кетейік,…
-
Өмір үшін күнделікті күрес: ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы мамандарының оқиғалары
Азаматтық қорғау жүйесінде адам өмірін құтқару – нағыз өмірлік мұраты болып табылатын мамандар қызмет етеді. Медицина қызметкері күніне орай Қазақстан ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері туралы әңгімелейді. Олардың кәсібилігі, іске адалдығы және көмекке әрдайым дайын болуы күн сайын азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға ықпал етеді. Әрқайсысы бұл мамандыққа өз жолымен келгенімен, барлығын біріктіретін бір…
-
Шыңғыс Әрінов Балқаш жағалауында жаңа «112» құтқару станциясын ашты
Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен бірге Балқаш көлінің жағалауындағы Торанғалық кентінде жаңа құтқару станциясының ашылу рәсіміне қатысты. Нысан 20-дан астам демалыс аймағы орналасқан туристік жағалаудағы демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жаңа станция Балқаш қаласынан 43 шақырым жерде орналасқан. Капсулалық үлгідегі кешен…
-
2026 жылғы 19 маусымда ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінде Медицина қызметкері күніне орай салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
2026 жылғы 19 маусымда ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінде Медицина қызметкері күніне орай салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Департамент басшысы А.Н. Жаманбалина қызметкерлерге лайықты марапаттарын табыстады: – «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі;– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасы;– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау…
-
Балқашта жаздың басты туристік оқиғасына 75 мың қонақ жиналды
75 мың қонақ, көл үстінде қалықтаған мыңдаған жарық, рекорд жаңартқан қазыбургер және түнге дейін жалғасқан мерекелік көңіл күй. Balkhash Tour Fest – 2026 Балқаш жағалауын еліміздегі жазғы демалыстың ең тартымды орталықтарының біріне айналдырып, Қазақстандағы ең ауқымды туристік іс-шаралардың бірі ретіндегі мәртебесін тағы бір мәрте айқындады. Екі күн бойы көл жағалауы спортты, шығармашылықты, отбасылық демалысты және…
-
Көмек қажет жерде — ол әрдайым жанынан табылады
Медицина қызметкері күніне орай Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Алматы қаласы бойынша Апаттар медицинасы орталығының қызметкері Гүлнисям Тұрсынқызы Анаятова туралы баяндаймыз. Ол 30 жылдан астам уақытын адам өмірін сақтауға арнап келеді. Өзінің еңбек жолын ол 1994 жылы бастаған. Қызмет еткен жылдары Гүлнисям Тұрсынқызы көптеген гуманитарлық және құтқару операцияларына қатысты. Оның жадында ерекше сақталған оқиғалардың бірі…
-
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде шағын футболдан алғаш рет турнир өтті
Мемлекеттік қызметші күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің бастамасымен ведомство қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өткізілді. Турнир командалық рухты нығайту, корпоративтік мәдениетті дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Жарысқа бес команда қатысты: Министрліктің орталық аппараты, Геология комитеті, Өнеркәсіп комитеті, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті, сондай-ақ Жер қойнауын…
-
Қазақстандық арнайы жасақ сарбаздары Беларусьтегі парашют спорты турнирінде жоғары нәтиже көрсетті
Брест қаласында Беларусь Республикасы Арнайы операциялар күштерінің бастамасымен ұйымдастырылған халықаралық парашют спорты турнирі өз мәресіне жетті. Жарысқа ұйымдастырушы елдің үздік командаларымен қатар Қазақстан, Ресей және Өзбекстанның құрамалары қатысты. Турнирде жалпы саны 32 команда бақ сынады. Қазақстан атынан жарыста Десанттық-шабуылдау әскерлері, Арнайы операциялар күштері және Арнайы операциялар күштері мен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әйелдер құрамасы бақ сынады. Тартысты…
-
ТҮРКІСТАНДА «БИЛЕР АЛЛЕЯСЫ» ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Бүгін Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Жоғарғы соттары төрағаларының II форумы аясында жаңа қоғамдық кеңістік – «Билер аллеясының» салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы бастаған жоғары сот органдарының өкілдері, сондай-ақ Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркия республикаларының Жоғарғы соттарының төрағалары қатысты. Тарихи әділдік пен құқықтық мәдениеттің сабақтастығын дәріптейтін аллея Түркістан…
-
ШЫМКЕНТТЕ «ШЫРАЙЛЫ, ШЕЖІРЕЛІ ҚҰТТЫ МЕКЕН…» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТУДЕ
Шымкентте Қала күніне орай ұйымдастырылып жатқан мерекелік іс-шаралар легі республикалық ақындар айтысымен жалғасты. Дәл қазір «Түркістан» сарайында «Шырайлы, шежірелі құтты мекен…» атты республикалық ақындар айтысы өтіп жатыр. Қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған рухани шараға еліміздің әр өңірінен танымал айтыскер ақындар қатысуда. Дүбірлі додада Жансая Мусина мен Иран-Ғайып Күзембаев, Дидар Қами мен Мейіржан Жақып, Ержан Әміров пен…
-
ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ҰЙЫМЫ ЖОҒАРҒЫ СОТТАРЫ ТӨРАҒАЛАРЫНЫҢ II ФОРУМЫ ӨТТІ
Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің Жоғарғы соттары төрағаларының II форумы өтті. Халықаралық жиынға Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркияның жоғары сот органдарының басшылары қатысты. Форум барысында сот жүйесін цифрландыру, жасанды интеллект технологияларын енгізу, инвестициялық ахуалды жақсарту және инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ ТМҰ аясында құқықтық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бастамалар ұсынылды. Іс-шара қорытындысында…
