Автор: admin
-
Қарағанды облысында Халықаралық волонтерлер форумы өтті
19-20 маусым күндері Балқаш қаласында Халықаралық волонтерлер форумы өтті. Іс-шара Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ жариялаған Халықаралық волонтерлер жылы және Balkhash Tour Fest 2026 фестивалі аясында ұйымдастырылды. Форумға Қазақстан, Әзербайжан, Үндістан, Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстаннан келген волонтерлік ұйымдардың өкілдері мен жастар көшбасшылары қатысты. Іскерлік бағдарлама аясында қатысушылар волонтерлік қозғалысты дамыту, БҰҰ-ның тұрақты даму…
-
Абай облысы «Senat Open» турнирінің жарты финалында жалпы есепте III орын алды
Жезқазған қаласында өткен шахматтан «Senat Open» III ашық кубогының жарты финалдық кезеңі өз мәресіне жетті. Абай, Ұлытау, Қарағанды облыстары мен Астана қаласынан келген 130-ға жуық қатысушы финал жолдамасын сарапқа салды. Турнир швейцариялық жүйе бойынша 9 турдан өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Абай облысының өкілдері жарты финалда жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы есепте үздік үштіктен көрінді. 10 шахматшы…
-
Қазақстанда 198-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды
Ақмола облысы Степногорск қаласының Ақсу кентінде 198-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымының ашылу рәсімі өтті. Жаңа нысан өрт жағдайларына жедел ден қоюды қамтамасыз етіп, елді мекен тұрғындарының қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. Нысан жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен ашылды. Ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қызмет атқаруға және техниканы орналастыруға қажетті жағдайлар жасалды. Бекет өрт сөндіру…
-
Еңбек министрлігі зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығын нығайту тәсілдерін талқылауда
Мемлекет басшысының зейнетақы жүйесінің ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік органдардың, сарапшылар қауымдастығының және бейінді ұйымдардың өкілдері қатысатын арнайы жұмыс тобын құрды. Зейнетақы жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының қызметін жалғастыру мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау…
-
Мемлекеттік қызмет – жауапкершілік пен адалдықты талап ететін абыройлы еңбек
«Адал азамат» айдарының бүгінгі кейіпкері – Байғожина Жанар Аманжолқызы. Оның еңбек жолы, өмірлік ұстанымдары мен қызметтегі тәжірибесі туралы толығырақ карусельден оқи аласыздар. ➡️ Толық мәлімет карусельде. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atom-energiyasy/press/news/details/1244649?lang=ru
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында кезекті аудандық сенбілік өтті
Бүгін Әуезов ауданында Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Таза Қазақстан» акциясы аясында кезекті аудандық сенбілік өтті. Ақсай-1а ықшамауданында ұйымдастырылған тазалық жұмыстарына жалпы саны 200-ден астам адам жұмылдырылды. Сенбілік барысында:✅ 50 жұмысшы тартылды;✅ 10 арнайы техника жұмылдырылды;✅ 150 дана құрал-сайман пайдаланылды;✅ 70 м³ қоқыс шығарылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1244650?lang=ru
-
№1 қалалық көпсалалы ауруханада күрделі жөндеуден өткен травматология бөлімшесі ашылды
Күрделі жөндеуден кейін Ақтөбе қаласындағы №1 қалалық көпсалалы аурухананың (бұрынғы Жедел медициналық жәрдем ауруханасы) травматология бөлімшесі медициналық көмекті заманауи деңгейде көрсететін мекемеге айналды. Мұнда ауыр жарақат алған науқастарды емдеуге арналған жағдайлар айтарлықтай жақсарды. Облыс әкімі жаңартылған палаталар мен емшара кабинеттерін аралап көріп, пациенттер мен медицина қызметкерлері үшін жасалған инфрақұрылымды бағамдады. Ол науқастар мен қызметкерлерге…
-
ӘУЕЗОВ АУДАНЫНДА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ
Медицина қызметкерлері күніне орай Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев аудан денсаулық сақтау саласы өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Бүгінде аудан аумағында 49 медициналық ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 11 мемлекеттік және 38 жекеменшік ұйым бар. Медициналық ұйымдарға 363 мыңнан астам тұрғын тіркелген. Іс-шара барысында аудан бойынша денсаулық сақтау саласындағы негізгі жетістіктері таныстырылды. Сонымен қатар медицина ұйымдарының…
-
Черногория Президенті Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде болды
Қазақстанға ресми сапары аясында Черногория Президенті Яков Милатович жұбайы Милена Милатовичпен бірге Қазақстан Республикасының Ұлттық музейін аралады. Экскурсия барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қонақтарға музейді таныстырды. Мәртебелі меймандарға Ұлттық музей экспозициялары көрсетілді. Олардың қатарында түркі халықтарының материалдық және рухани мұрасын танытатын Ұлы дала тас мүсіндері залы, бірегей археологиялық…
-
ТЖМ басшысы құтқарушылар авиациясын күшейтуде: Балқашта тікұшақ ангары жаңартылды
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің тапсырмасы бойынша Балқаш қаласында «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшақ ангарын жаңғырту жұмыстары аяқталды. Аталған нысан тікұшақтың жыл бойы тұрақты орналасуын және ұшуға әзірлігін қамтамасыз етеді. Жүргізілген жұмыстар ТЖМ авиациялық-құтқару бөлімшесінің тәулік бойы кезекшілік атқаруына заманауи жағдай жасауға бағытталған. Жобаның іске асырылу барысымен Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев танысты. Жаңғырту аясында ғимаратқа…
-
«Уикипедияға мақала орналастырудың алгоритмдері және ақпараттық кеңістіктегі адалдық мәдениеті» тақырыбында облыстық семинар өтті
2026 жылғы 18 маусым күні Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Уикипедияға мақала орналастырудың алгоритмдері және ақпараттық кеңістіктегі адалдық мәдениеті» тақырыбында облыстық семинар өтті. Іс-шараға Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдіктерінің тіл мәселесіне жауапты мамандары, облыстық кітапханалар қызметкерлері және ғалымдар қатысты. Семинар барысында қатысушыларға ақпараттық кеңістіктегі адалдық қағидаттары түсіндіріліп, қазақша Уикипедияның мүмкіндіктері мен талаптары таныстырылды. Сонымен…
-
Бішкекте Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның су және энергетика салалары басшыларының кездесуі өтті
2026 жылғы 20 маусымда Бішкек қаласында Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы су шаруашылығы мен энергетика салаларының басшыларының су-энергетикалық ынтымақтастық мәселелеріне арналған кезекті кездесуі өтті. Қазақстан тарапынан кездесуге ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен ҚР Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов қатысты. Қырғызстан делегациясын Қырғыз Республикасының Энергетика министрі Алтынбек Рысбеков басқарды. Ал Өзбекстан…
-
Жеті елдің еріктілері Балқашта «Таза Қазақстан» акциясына қолдау көрсетті
Balkhash Tour Fest фестивалінің екінші күні концерттер мен спорттық жарыстардан емес, табиғатқа деген жанашырлықтан басталды. Таңсәріден фестиваль қатысушылары Балқаш көлінің жағалауын тазалауға шықты. Экологиялық акцияға қазақстандық еріктілермен қатар жеті елден келген қонақтар да белсенді қатысты. Бірлесе атқарылған жұмыс нәтижесінде олар 30-дан астам қап қоқыс жинап, көл жағалауын тазартты. Экологиялық шара «Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасы аясында…
-
Balkhash Tour Fest фестивалінде гастрономиялық рекорд орнатылды
Балқаштық аспаздар салмағы 86,4 келі болатын алып қазыбургер дайындады. Balkhash Tour Fest – 2026 фестивалі Қазақстан рекордтар кітабының өкілі ресми түрде тіркеген кезекті гастрономиялық жетістігімен тарихта қалмақ. Baurdak компаниясының Балқаш филиалының басшысы Аян Нұрбектің айтуынша, алып қазыбургердің биіктігі – 39 сантиметр, ал диаметрі – 89 сантиметр. Оны дайындауға бірнеше өнім пайдаланылған: ет түрлерінен әзірленген қоспа…
-
Жұмыс істейтін аналардың әлеуметтік төлемдеріне қатысты фактілер мен түсіндірмелер туралы
Әлеуметтік желілер мен жекелеген ақпараттық пабликтерде Қазақстанда курьер ретінде қосымша жұмыс істейтін аналарды әлеуметтік төлемдерден айыру жоспары туралы жарияланымдар таралуда. Бұл шындыққа сәйкес келмейді. Бала күтімін жүзеге асыратын жұмыс істемейтін ата-аналарға республикалық бюджет қаражаты есебінен бала бір жарым жасқа толғанға дейін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы (МӘЖ) төленеді. Аталған жәрдемақылар шартсыз, және алушының кейіннен жұмысқа орналасуына қарамастан,…
