Автор: admin
-
«Әртүрлі санаттағы әкімшілік істер бойынша тыңдау рәсімін сақтау мәселелері жөніндегі сот практикасы» тақырыбындағы дөңгелек стол
🔸2026 жылдың 23 сәуірінде Әділет департаменті басшысының орынбасары Темирбек Нажиканов Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ұйымдастырған «Әртүрлі санаттағы әкімшілік істер бойынша тыңдау рәсімін сақтау мәселелері жөніндегі сот практикасы» тақырыбындағы дөңгелек стол жұмысына қатысты. 🔹Іс-шара барысында құқық қолдану практикасының өзекті мәселелері, оның ішінде тыңдау рәсімдерін жүргізу ерекшеліктері, олардың шешім қабылдаудағы маңызы, сондай-ақ тәжірибеде туындайтын проблемалық…
-
Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық ұйымы экологиялық күн тәртібі саласындағы ынтымақтастықты дамытуда
Өңірлік экологиялық саммит аясында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаевтың Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Асад Маджид Ханмен кездесуі өтіп жатыр. Тараптар ОЭС шеңберінде экологиялық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылап, климаттың өзгеруі, жердің тозуы, қоршаған ортаның ластануы және ресурстарды ұтымды пайдалану қажеттілігі сияқты негізгі сын-қатерлер бойынша ортақ түсініктің бар екенін атап өтуде. Өңірлік…
-
Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» ауқымды ағартушылық жобасы өз мәресіне жетті.
Жоба оқырман мәдениетін дамытуға, ұлттың интеллектуалды әлеуетін нығайтуға және әдебиет арқылы рухани-мәдени құндылықтарды дәріптеуге бағытталған. Өңірде бұл бастама жұртшылықтың кең қолдауына ие болып, ерекше серпін алды. Еліміздің үш өңірінде – Қарағанды, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласында іске асырылған пилоттық жобаның нәтижесі бойынша Қарағанды облысы айрықша көрсеткіштер көрсетті. Мұнда 67 824 қатысушы тіркеліп, өзге пилоттық аймақтар…
-
Білім сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар аясында департаментта оқу пәндері бойынша күрделі оқу бағдарламаларының тақырыптарын анықтау үшін жұмыс тобын құрды
Білім сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар аясында департаментта оқу пәндері бойынша күрделі оқу бағдарламаларының тақырыптарын анықтау үшін жұмыс тобын құрды. Жұмыс тобының құрамына әдістемелік кабинет меңгерушілері мен білім бөлімдерінің әдіскерлері, білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарлары кірді. Жұмыс тобы оқудың төмен нәтижелерін көрсететін оқу бағдарламаларының тақырыптарын зерттеп, талдауын өткізуде. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-kostanay/press/news/details/1207857?lang=kk
-
14 сәуірде Қостанай облысында 4-сынып оқушыларының оқу сауаттылығын бағалауға бағытталған PIRLS-2026 халықаралық зерттеуі басталды.
14 сәуірде Қостанай облысында 4-сынып оқушыларының оқу сауаттылығын бағалауға бағытталған PIRLS-2026 халықаралық зерттеуі басталды.Оқу жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық қауымдастықтың (IEA) ақпараты бойынша облыстан жеті орта білім беру ұйымы іріктеліп алынды, ал қатысушылардың жалпы саны 272 білім алушыны құрайды. Оқушыларды тестілеуден басқа, ата-аналарға, мұғалімдерге және білім беру ұйымдарының басшыларына онлайн-сауалнама жүргізу қарастырылған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-kostanay/press/news/details/1207858?lang=kk
-
Президент халықаралық конвенция жетекшілерімен кездесу өткізді
2026 жылғы 23 сәуір Мемлекет басшысы қоршаған ортаны қорғау саласындағы бірқатар халықаралық ұйымдар басшыларымен кездесіп, Орталық Азиядағы негізгі экологиялық бастамаларды іске асыру жолдарын талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Өңірлік экологиялық саммитке қатысып, қолдау көрсеткені үшін делегаттарға алғыс айтып, олардың мол тәжірибесі ортақ мәселелердің шешімін табуда нақты тәсілдерді ілгерілетуге ықпал ететініне сенім білдірді. Президент еліміз орнықты дамуды қамтамасыз…
-
Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкері лицензияны және лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу мәселелері бойынша жеке кеңес өткізді.
Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкері лицензияны және лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу мәселелері бойынша жеке кеңес өткізді.Кеңес барысында лицензияны және лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу рәсімі бойынша түсіндірмелер мен ұсынымдар берілді. Сондай-ақ қажетті құжаттамаға толық шолу жасалып, олардың біліктілік талаптарына сәйкестігі қарастырылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-kostanay/press/news/details/1207861?lang=kk
-
Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті
2026 жылғы 24 сәуірде Қызылорда облысының Жалағаш ауданында қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және жасыл ортаға деген жауапкершілікті арттыру мақсатында «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында «Таза өлке – Жалағаш» тақырыбында ауқымды экологиялық акция өтті. Аталған шараның басты мақсаты – қоғам арасында экологиялық жауапкершілікті нығайту, тазалық мәдениетін қалыптастыру және өскелең ұрпақты табиғатты аялауға бағыттау. Акция…
-
Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Сарыкөл ауданының білім бөлімі» ММ жоспарлы тексеру жүргізілу
Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Сарыкөл ауданының білім бөлімі» ММ-не 2026 жылғы 22–27 сәуір аралығында Департамент қызметкерлері тарапынан жоспарлы тексеру жүргізілуде. Тексеру аясында білім бөлімінің қызметі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6-бабы талаптарына сәйкестігі тұрғысынан зерделенуде. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-kostanay/press/news/details/1207863?lang=kk
-
Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын өткізді
2026 жылғы 22 сәуір Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы өтті. Мемлекет басшысы Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан көшбасшыларына саммитке қатысқаны үшін ризашылығын білдірді. – Бүгінгі кездесу өңірді орнықты дамыту қағидаттарына, прагматикалық және өзара келісілген экологиялық күн тәртібін ілгерілетуге бейіл екенімізді растайды. Осы жиында Қордың даму…
-
Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консулы болашақ инновациялар жөніндегі вице-мэрмен келіссөздер жүргізді
2026 жылғы 23 сәуірде – Қазақстан Республикасының Пусан қаласындағы Бас консулы Аслан Аскар Пусан қаласының болашақ инновациялар жөніндегі вице-мэрі доктор Сон Хи Ёппен (Ian Seong) кездесу өткізді. Кездесу барысында көлік-логистика және IT салаларындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары қарастырылды. Әсіресе, Транскаспий халықаралық көлік бағытын (Орта дәліз) дамыту мақсатында Қазақстанның Ляньюньган мен Сиань қалаларындағы логистикалық мүмкіндіктерін Пусан порттық…
-
Ерлік ешқашан ұмытылмайды
Қарағанды облысы ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарын жоюға қатысқан медицина қызметінің полковнигі Жақсымбет Бекзатович Копбаевқа арнайы барып, құрмет көрсетті. Кездесу барысында Марғұлан Аманбаев ардагерге ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы елеулі еңбегі мен адал қызметіне шынайы алғысын білдіріп, Чернобыль апатының салдарын жоюға қатысқан азаматтардың ерлігі әрдайым өшпес өнеге болып қала беретінін…
-
Орталық Азия климаттық өзгерістер жөніндегі халықаралық конференциясының (ЦАКИК-2026) қорытынды сессиясы: «КС31-ге қарай»
Астанада «КС31-ге қарай» тақырыбында Орталық Азия климаттық өзгерістер жөніндегі халықаралық конференциясының (ЦАКИК-2026) қорытынды сессиясы өтті. Іс-шара конференция қорытындысын шығарып, алдағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы тараптары конференциясы (КС) аясында Орталық Азия елдерінің біртұтас ұстанымын қалыптастыру бойынша келесі қадамдарды айқындады. «Осы күндері біз тағы бір рет Орталық Азия үшін климаттың өзгеруі енді алыс…
-
Тимирязев ауданы әкімінің Хмельницкий ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі
Аудан әкімінің халықпен тұрақты кездесулері жалғасуда. Хмельницкое ауылында кезекті кездесу өтті. Кездесу барысында аудан әкімі Ерлан Жаров бірінші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат беріп, 2026 жылға арналған негізгі бағыттарды таныстырды. Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау және инфрақұрылым салалары бойынша өзекті мәселелер қаралды. Ауыл тұрғындары балалар алаңын орнату, мектепті жөндеу, жолдардың жағдайы…
-
Тимирязев ауданы әкімінің Москворецк ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі
Аудан әкімінің халықпен тұрақты кездесулерін өткізу аясында, Москворецкое ауылында кезекті кездесу өтті. Кездесу барысында аудан әкімі бірінші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімен таныстырып, алдағы кезеңге арналған басым бағыттарды атап өтті. Атап айтқанда, абаттандыру, жол инфрақұрылымы және көше жарықтандыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Ауыл тұрғындары ішкі ауыл жолдарын жөндеу, көше жарықтандыру және абаттандыру бойынша ұсыныстарын…
