Автор: admin
-
«Таза Қазақстан»
🔸2026 жылдың 25 сәуірінде республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қоршаған ортаға жауапкершілікті арттыруға және экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған ауқымды іс-шара өтті. 🔹Аталған бастама Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен жүзеге асырылды. Мемлекет басшысы телемост арқылы байланысқа шығып, акцияға қатысушыларға сәттілік тілеп, табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. 🔸Іс-шараға облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысып,…
-
Шымкентте «Халық заңгері» акциясы 30 сәуірде өтеді
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, «2026 жылдың 30 сәуірде Шымкент қаласында «Халық заңгері» акциясы өтеді». Акция Шымкент қаласында «Арбат» саябағында (Бейбітшілік көшесі №4-6) 2026 жылы 30 сәуірде сағат 16.00-де басталады. Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың…
-
АНОНС Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді
Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігі Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2026 жылғы мамыр айында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр. Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін талдауға қатыса алады. Талдауға қатысу мәселелері бойынша «Есіл…
-
ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА ЖАППАЙ СЕНБІЛІК: «ЖАСЫЛ БОЛАШАҚ» АКЦИЯСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
Аудан көлемінде Таза Қазақстан жалпыұлттық бағдарламасы аясында «Жасыл болашақ» экологиялық акциясы өтіп, ауқымды сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Игі бастамаға барлық мекеме қызметкерлері, белсенді жастар мен ауыл тұрғындары белсене қатысып, туған жердің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты. Көркейту-көгалдандыру жұмыстарын аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков тікелей бақылауына алып, аудан орталығындағы ішкі көшелер мен саябақтарды аралады. Аумақтарды абаттандыру, жасыл…
-
Сенбілік
«Таза Қазақстан» акциясы аясында 24 сәуір күні «Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі қызметкерлері сенбілік жұмыстарына ат салысты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin-karauylkeldi/press/news/details/1208918?lang=kk
-
Қазақстан мен Грекия бірлескен инвестициялық жобалар жиынтығын қалыптастыруда
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Грек Республикасына жұмыс сапары аясында жергілікті мемлекеттік органдар мен іскер топтар өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді. Келіссөздер қорытындысы бойынша жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу және екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтудегі басым бағыттар айқындалды. Грекия Сыртқы істер министрінің орынбасары Харрис Теохариспен өткен кездесу барысында тараптар Қазақстан–Грекия экономикалық және технологиялық ынтымақтастық…
-
Туберкулез: әр адам нені білуі қажет?
Туберкулез – жөтелгенде, түшкіргенде немесе аурудың белсенді түрімен (әсіресе бактерия бөлетін) ауыратын адаммен сөйлескенде ауа-тамшылы жолмен берілетін жұқпалы ауру. Бұл дертті кез келген адам жұқтыруы мүмкін, алайда иммундық жүйесі толық қалыптаспағандықтан, балалар аса сезімтал келеді. Аурудың даму қаупі тыныс алу органдарының созылмалы аурулары бар адамдарда, қант диабетімен, АИТВ-инфекциясымен ауыратындарда, сондай-ақ алкогольді шамадан тыс тұтынатын және…
-
«Ашық есік күні»: БЖЗҚ жаңа инвестициялық портал ұсынады
2026 жылдың 28 сәуірінде «БЖЗҚ» АҚ барлық ниет білдірушілерді “Ашық есік күні” дәстүрлі онлайн-кездесуіне шақырады. Іс-шара тақырыбы: “БЖЗҚ инвестициялық порталы – зейнетақы активтері туралы ақпарат”. Кездесу барысында сіз келесі мәліметтермен таныса аласыз: платформа қалай жұмыс істейді; зейнетақы активтерін инвестициялау жүйесінің құрылымы қандай; инвестициялық көрсеткіштерді қалай талдап, стратегияларды қалай салыстыруға болады; басқарушыны таңдағанда неге назар аудару…
-
ҚАЗАЛЫДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЖАППАЙ СЕНБІЛІК ӨТТІ
Бүгін еліміз бойынша «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жаппай сенбілік жұмыстары жүргізіліп, тал егу акцияларына ұйымдастырылды. Елордадағы «Самал» саябағында Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев экобелсенділермен бірге ағаш отырғызу шарасына қатысты. Экологиялық акцияға қазалылықтарда белсенді атсалысып, туған жердің тазалығына өз үлестерін қосты. Аудан орталығында ұйымдастырылған тазалық жұмыстары барысында Әйтеке би кентінің кіреберіс қақпасыннан басталатын жасыл белдеуге…
-
Қазақстан Сыртқы істер министрі Қатар бизнесінің өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді
Доха, 2026 жылғы 26 сәуір – Қатар Мемлекетіне сапары аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев «Power International Holding» және «Milaha» катарлық компанияларының басшылығымен кездесулер өткізді. «Power International Holding» компаниясының басшысы Мутаз Әл-Хаятпен келіссөздер барысында энергетика және телекоммуникация салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру перспективалары қаралды. Газды қайта өңдеу, тасымалдау және электр энергиясын өндіру Қазақстан…
-
Азаматтарды жеке қабылдау
🔸«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылдың 24 сәуірінде Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулова азаматтарды жеке қабылдады. 🔹Қабылдау барысында өтініш беруші жылжымайтын мүлікке салынған тыйымды (арестті) алып тастау мәселесі бойынша жүгінді. 🔸Өтінішті қарау қорытындысы бойынша өтініш берушіге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес консультация берілді. Меншік құқығын қорғау кепілдіктері және мүлікке салынған тыйымды заңда…
-
Қарағанды облысында кешенді оқу-жаттығу аяқталды
2026 жылғы 23–24 сәуір күндері Шахтинск қаласында төтенше жағдайларға әрекет ету бойынша кешенді оқу-жаттығулар өтті. Оқу-жаттығу барысында басқару органдары, авариялық-құтқару қызметтері және басқа да тартылған құрылымдар төтенше жағдайлардың туындау қаупі мен олардың орын алуы кезінде әрекет ету алгоритмдерін пысықтады.Сонымен қатар, қалалық азаматтық қорғаныс жүйесін бейбіт уақыттан соғыс уақытына көшіру мәселелері де қарастырылды. Ведомствоаралық өзара іс-қимылға,…
-
Акция барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, екі жыл бұрын тағылымы мол, мән-мазмұны айрықша «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы басталғанын айтты
– Халқымыз ежелден «тазалық» ұғымына ерекше мән берген. Жұртымыз «таза» сөзін кең мағынада қолданады. Мысалы, арлы, ниеті түзу, адал адам туралы айтқан кезде «ары таза, ойы таза, жүрегі таза» адам деп сипаттаған. Бабаларымыз әрдайым табиғатпен етене байланыста өмір сүрген, қоршаған ортаны қорғау қастерлі міндет деп санаған. «Обал болады» деп, жас ұрпақты табиғатқа ешқандай зиян келтірмеуге…
-
Таза Қазақстан: Қарақия ауданында кешенді тазалық жұмыстары жалғасуда
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Маңғыстау облысының Қарақия ауданында қоршаған ортаны қорғау және санитарлық тазалықты сақтау бағытындағы кешенді жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Аталған бастама өңірдегі экологиялық ахуалды жақсартуға, тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған. 2026 жылғы 26 сәуір күні Құрық және Жетібай ауылында орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық жұмыстарына ауданға…
-
Өңір басшысы Орынборда өңіраралық ынтымақтастықты кеңейту мәселесі талқыланған конференцияға қатысты
Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров жұмыс сапарымен Орынбор қаласына барды. Мұнда Қазақстан мен Ресей делегацияларының кездесулері өтті. «Ресей мен Қазақстанның ұлттық мақсаттары: даму және ынтымақтастық бағыттары» тақырыбындағы конференцияға Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәурен Абаев, Қазақстанның вице-министрлері, сондай-ақ шекаралас өңірлердің өкілдері, соның ішінде Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының делегациялары қатысты. Кездесу…
