Автор: admin
-
Агенттік екінші деңгейдегі банктің басшы қызметкерін келісімнен өткізді.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Шишингарин Галимжан Адильбекович «Kaspi Bank» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – АҚ Басқарма мүшесі лауазымына келісіп бекітті (2026 жылғы 14 мамырдағы № 29/БВУ/Т хаттама). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1224315?lang=ru
-
ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев азаматтарды қабылдады
Министрдің онлайн қабылдауына Алматы қаласының азаматы атқарушылық өндіріске қатысты мәселемен жүгінді.Өз кезегінде Ерлан Сәрсембаев өтініш берушінің шағымын тыңдай отырып, заңнама бойынша түсініктемелер берді.Қабылдау соңында министр тиісті құрылымдық бөлімшелерінің басшыларынаазаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді.Өтініш иесінің шағымы жеке бақылауға алынды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1224290?lang=ru
-
Ж. Нажімеденов көшесінің А 52 көшесінен С. Шәймерденов көшесіне дейінгі учаскесінде жоғарғы қабатын салу жұмыстарының жүргізілетіні туралы хабарлаймыз.
Ж. Нажімеденов көшесінің А 52 көшесінен С. Шәймерденов көшесіне дейінгі учаскесінде жоғарғы қабатын салу жұмыстарының жүргізілетіні туралы хабарлаймыз. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 19- 23 мамыр аралығында көрсетілген учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін…
-
Туризм Алматыдағы табысты салалардың біріне айналып келеді
Алматының туристік саласы қала экономикасының негізгі қозғаушы күштерінің бірі ретіндегі позициясын нығайтып келеді. 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 25,2 млрд теңге болды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,8%-ға жоғары. Инвестицияның басым бөлігі әуе жолаушылар тасымалын, ойын-сауық индустриясын, демалыс саласын және қалалық мобильділікті дамытуға бағытталған. Туризм саласынан түсетін салық…
-
Құрметті Алтай ауданының тұрғындары мен қонақтары!
Сіздердің назарларыңызға 2026 жылғы жиырма үшінші мамыр, сенбі күні, сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін Алтай, Серебрянск қалаларында және Жаңа Бұқтырма кентінде Алтай ауданының «Демалыс күнгі» жәрмеңкелері өтетінін хабарлаймыз.Жәрмеңкеде жергілікті тауар өндірушілердің, шаруа және фермер қожалықтарының қолжетімді бағамен ұсынған өнімдерінің кең ассортименті ұсынылады.Сіздерді аталған іс-шараға қатысуға шақырамыз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1224316?lang=ru
-
2026 жылғы 20 мамырда Ұлытау облысы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің басшысы А. Нұргалиева «Заң мен тәртіп» қағидасын іске асыру мақсатында коммерциялық емес ұйымдар бойынша консультация берді.
2026 жылғы 20 мамырда Ұлытау облысы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің басшысы А. Нұргалиева «Заң мен тәртіп» қағидасын іске асыру мақсатында коммерциялық емес ұйымдар бойынша консультация берді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-ulytau/press/news/details/1224274?lang=ru
-
Хабарландыру
2026 жылғы 29 мамырынан дейін «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Аққайың ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ сыбайлас жемқорлық тәуекелінің ішкі талдауы өткізілетін болады. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Аққайың ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелінің ішкі талдауы келесі бағыттар бойынша өткізілетін болады: 1) «Солтүстік…
-
«Спорт-нашақорлыққа қарсы» тақырыбында өткен турнирге 700-ге жуық спортшы қатысты
Атырау облыстық Кёкушинкай каратэ-до Намыс федерациясының ұйымдастыруымен «Спорт – нашақорлыққа қарсы» тақырыбы аясында каратэден ашық турнир өтті. Турнирге төрт мемлекеттен құралған 700-ге жуық спортшы қатысып, тартысты додада бақ сынады. Турнирге Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Ерлан Габитов пен жедел уәкіл полиция майоры Айбол Ідірісов арнайы қатысты. Басты мақсат – спорт…
-
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚОС ЖҮЛДЕ ИЕЛЕНГЕН БАТЫР ҚЫЗ – ТӨЛЕБИЛІК АЯЖАН ҚАЛЫБАЙ
2026 жылдың 13–17 мамыр аралығында Түркияның Анталия қаласында джиу-джитсудан әлем чемпионаты өтті. Аталған байрақты бәсекеде әлемнің мықты спортшылары бас қосып, өз шеберліктерін ортаға салды. Осы әлемдік додада Түркістан облысы, Ленгір қаласының тұрғыны, №2 Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектептің түлегі, қазіргі таңда Өзбекәлі Жәнібеков атындағы университеттің 4 курс студенті Қалыбай Аяжан Сағындыққызы зор жетістікке…
-
Мектеп құрылысы туралы
Ағымдағы жылдың 19 мамырында Департамент басшысы Гүлнәр Темірболатқызы Таласбаева Қызылжар ауданының «Белое орта мектебі» КММ жаңа корпусының құрылысымен танысты. Жобаның сметалық құны 1,4 млрд. теңге. Жаңа мектеп салу үшін 120 орындық типтік жоба таңдалған, жоба – екі жылдық. Мектеп құрылысының бас мердігері «Зерттеу СК» ЖШС, техникалық қадағалау – «Технинжиниринг» ЖШС, авторлық қадағалау – «Готика «БПҰ»…
-
«Ілияс Жансүгіров оқулары» атты республикалық байқауда С. Асфендияров атындағы мектептің 10-сынып оқушысы Турмаханбетов Есимхан үздік өнер көрсетті.
Ілияс Жансүгіров оқулары: Мектеп мақтанышы республикалық деңгейде танылды2026 жылдың 13-15 мамыр аралығында Талдықорған қаласында өткен «Ілияс Жансүгіров оқулары» атты республикалық байқауда С. Асфендияров атындағы мектептің 10-сынып оқушысы Турмаханбетов Есимхан үздік өнер көрсетті.Есимхан «Ілияс – эпик ақын» номинациясы бойынша (шығарманы жалғастыру) өзінің шығармашылық қабілетімен қазылар алқасын тәнті етіп, арнайы грамотамен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.• Жетістік иесі:…
-
Тіл туралы заңнаманың орындалуы ұдайы бақылауда.
Бұқар жырау ауданының білім бөлімінде жоспарға сәйкес мерзімді тексеру жұмыстары жүргізілді. Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының тілдерді дамыту және үйлестіру жұмысы бойынша бас мамандары Ұ.Б. Бөрібаева мен Н.Ж. Абиханова 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына бекітілген тексеру жоспарына сәйкес Қарағанды облысы білім басқармасының «Бұқар жырау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы талаптарының…
-
Маңғыстауда өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері талқыланды
Маңғыстауда өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері талқыланды Бүгін, 20 мамырда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төрағалығымен аппараттық жиналыс өтті. Күн тәртібінде өңірдің 2026 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, салықтық түсімдер жоспары және жергілікті бюджет кірістерін ұлғайту шаралары қаралды. Жиында өңір экономикасының негізгі бағыттары бойынша оң динамика қалыптасқаны айтылды. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметінше, есепті…
-
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын ағымдағы жылғы 5 маусым және 5 шілде аралығында Қобда тұйық көшесінен А-135 көшесіне дейінгі учаскеде Астана – Қарағанды тас жолында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізілетіні туралы хабардар етеді.
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын ағымдағы жылғы 5 маусым және 5 шілде аралығында Қобда тұйық көшесінен А-135 көшесіне дейінгі учаскеде Астана – Қарағанды тас жолында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізілетіні туралы хабардар етеді. Бұл ретте автокөлік қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады. Жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізіледі. Осы учаскеде кептелістердің…
-
Қауіпсіз терезелерге назар аударыңыз
Шығыс Қазақстанда балалардың терезеден құлау жағдайлары жиілеп кетті. Облыс аумағында қазірдің өзінде 4 оқиға тіркелді. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандарының айтуынша, қайғылы жағдайлар көбіне ата-аналар пәтердегі ашық терезелерді ұмытып, балаларды бірнеше минутқа болса да қараусыз қалдырған кезде орын алады. «Оқиғалардың алдын алып, балаларды қауіптен қорғауға көмектесетін арнайы құрылғыларды міндетті түрде орнату маңызды. ШҚО ТЖД тарапынан ата-аналар…
