Автор: admin
-
Астанада қоғамдық көлікте жол жүру тарифін 150 теңге мөлшерінде белгілеу туралы
Астанада қоғамдық көлікте жол жүру тарифі 90 теңге мөлшерінде 2014 жылы белгіленген. Өткен 12 жыл ішінде жол жүру ақысы небәрі бір рет қайта қаралып, бүгінде 110 теңгені құрап отыр. Бұл ретте 2014 жылдан бері тасымалдаушылардың негізгі шығындары, атап айтқанда, жанармай, қосалқы бөлшектер мен жаңа автобустардың құны, сондай-ақ жүргізушілердің еңбекақысына жұмсалатын шығындар айтарлықтай өсті. Мәселен, 2014…
-
ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨСЕТІЛДІ
Отырар ауданында 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай мерекелік шара өтті. Мерекелік шараға аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы мен аудандық мәслихат төрағасы Уәлихан Ұзақов қатысып, ақ жаулықты әжелер мен ардақты ақсақалдарды мерекемен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тіледі. Шара барысында ауданның қазыналы қарттарына құрмет көрсетіліп, олардың ел дамуына қосқан еңбегі мен…
-
Жаңалық
ТҮРКІСТАН: «ҮЛГІЛІ АУЫЛ» АТАНҒАН ЖУАНТӨБЕДЕ ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Созақ ауданы, Жуантөбе ауылында жаңа спорт кешенінің құрылысы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Заманауи спорт нысаны ауылдың 80 жылдық мерейтойы аясында салтанатты түрде ашылды. Жаңа нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков қатысып, ауыл тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады. Сондай-ақ соңғы жылдары Жуантөбеде абаттандыру, тазалық және ауылдың…
-
Шымкент қаласы Полиция департаменті қызметкерлері арасында «Кітап оқитын ұлт» оқырмандар клубы аясында кітаптарды талқылау және пікір алмасу іс-шарасы өтті.
Іс-шара барысында Департаменттің құрылымдық бөлімшелеріне ұсынылған «Тасқын», «Көшпенділер», «Қан мен тер», «Абай жолы» секілді басқа да шығармалар талқыланды. Қатысушылар кітаптардың мазмұны мен негізгі идеялары бойынша өз ой-пікірлерін ортаға салып, шығармалардағы тағылымды дүниелердің полиция қызметіне ықпалы және оларды күнделікті қызметте қолдану мүмкіндіктері жөнінде пікір алмасты. Іс-шара соңында оқырмандарды кітап оқуға ынталандыру мақсатында «Kitapal» кітап дүкенінің сертификаттары…
-
,,ҚАРТЫ БАР ЕЛДІҢ ҚАЗЫНАСЫ БАР ’’
✨️Халықаралық қарттар күніне орай Ойыл ауданының әкімі С. Займолдин ауданның ауыл шаруашылығы саласына, экономикалық және әлеуметтік дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар қарияның шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады. 🔹️Ардагерлерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен бақ-береке тіледі. ⚡️Өз кезегінде ақсақалдар ақ батасын беріп, ізгі тілектері мен жылы лебіздерін жеткізді. Қарияларға құрмет көрсету – ұрпаққа өнеге,…
-
Қазақстандық орман шаруашылығы мамандары Корея Республикасында халықаралық даярлықтан өтті
Орман өрттерінің алдын алу, жедел әрекет ету және заманауи технологиялар: қазақстандық мамандар Корея Республикасының тәжірибесімен танысты. 2026 жылғы 14–22 қыркүйек аралығында кореялық серіктестердің қолдауымен Корея Республикасында орман өрттерінің алдын алу және оларды сөндіру мәселелері бойынша тренерлерге арналған мамандандырылған оқыту өтті. Оқытуға Қазақстанның әр өңірінен орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы 14 маман қатысты. Бағдарлама барысында…
-
Жаңалық
ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ БАЛАЛАР АРАСЫНДА ARM-BACK-ТЕН ЕЛ БІРІНШІЛІГІ БАСТАЛДЫ Түркістан қаласында ерекше қажеттіліктері бар балалар арасында ARM-BACK спорт түрінен Қазақстан Республикасы біріншілігінің ашылу салтанаты өтті. «Жас жауынгер» бейімдеу спорт орталығы ұйымдастырған жарысқа еліміздің 15 өңірінен 80-нен астам жас спортшы қатысып, өз шеберліктерін сынауда. Жарыстың негізгі мақсаты – балалардың өз күшіне деген сенімін нығайту, шеберлігін шыңдауға және…
-
Жаңалық
ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТАҒЫ ЖАҒДАЙ БАҚЫЛАУДА Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Қазығұрт ауданындағы нөсер жаңбыр салдарынан су жиналған аулалар мен үйлерді аралап, тұрғындармен тілдесті. Жауын-шашын салдарын жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, жауапты сала мамандарына тиісті тапсырмалар берді. Қазіргі таңда жұмыстарға 9 арнайы техника және 150-ден астам адам тартылған. Жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар…
-
Әкімдік туралы Қызметі Құжаттар Баспасөз орталығы Байланыс ақпараты Грек-рим күресінен республикалық турнирі аяқталды
2–3 қазан күндері «Жекпе-жек» спорт сарайында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Алмат Кебіспаевтың жүлдесіне арналған грек-рим күресінен республикалық турнир өтті. 🔹 Алмат Кебіспаев — қазақстандық грек-рим күресінің ең титулды өкілдерінің бірі. Ол әлем чемпионаттарының бес дүркін жүлдегері, Азияның екі дүркін чемпионы, Азия ойындарының күміс және қола жүлдегері. Сондай-ақ 2012 жылғы Лондон және 2016 жылғы…
-
ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТАЛАПТЫ АУЫЛ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы Талапты ауыл округінің тұрғындарымен кездесіп, ауданның тиісті кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен алдағы жоспарлары туралы баяндады. Кездесу барысында аудан басшысы округтің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, білім, денсаулық сақтау және абаттандыру салаларында жүзеге асқан жұмыстарды атап өтті. Ағымдағы жылы Көкмардан ауылындағы М.Қабылов көшесіне аяқ жол салу, Сарыкөл…
-
Құрметті ұстаздар, білім беру саласының ардагерлері мен қызметкерлері!
Сіздерді Ұстаздар күнімен құттықтаймын! Еңбектеріңіз, даналықтарыңыз және өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруге қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамын. Сіздерге амандық, құрмет, шабыт және жұмыстарыңызға табыс тілеймін! Шахтинск қаласының әкімі Қыдырғанбеков М. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shahtinsk/press/news/details/1304545?lang=ru
-
«Дала дәмі»: Астанада Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр
3 – 4 қазан күндері Астана қаласында Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде. Елорда тұрғындары мен қонақтарына өңірде өндірілген 200 тоннадан астам өнім ұсынылуда. Жәрмеңке Қарқаралы-1 тас жолы бойындағы «Ипподром» алаңында ұйымдастырылған. Оған Ақтөбе облысының 12 ауданы мен Ақтөбе қаласынан 20-дан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші және қайта өңдеу кәсіпорны қатысуда. Сауда сөрелеріне…
-
Қолжетімді бағадағы 200 тонна өнім: Көкшетауда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Көкшетауда Қарттар күніне орай облыстық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері қала тұрғындарына 200 тоннадан астам жаңа өнім ұсынды. Сауда 50 павильонда орналасқан 100 сауда орнында ұйымдастырылды. Сөрелерде сатып алушылар арасында сұранысқа ие өнімдердің түр-түрі ұсынылды. Атап айтқанда, 50 тоннаға жуық ет өнімдері, 20 тонна сүт өнімдері, сондай-ақ шамамен 40…
-
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ АУМАҚТЫҚ БӨЛІМШЕЛЕРІН ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ
Құрметті азаматтар, жеке кәсіпкерлер, медициналық және фармацевтикалық ұйымдардың өкілдері! Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің құрылымына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 3 тамыздағы № 695 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволарын қайта ұйымдастыру туралы» қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері бөлу жолымен қайта…
-
Қазақстанда барлық азаматтың құқықтары мен мүмкіндіктерін тең қамтамасыз етуге, қоғам өміріне толыққанды араласуына жағдай жасауға бағытталған заманауи инклюзивті саясат жүйесі қалыптасып келеді.
Қазақстан Республикасының 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы аясында 13 негізгі бағыт бойынша 52 шараны қамтитын жоспар жүзеге асырылуда. Бұл жұмыс қолжетімді орта қалыптастыру, инклюзивті білім беруді дамыту, жұмыспен қамтуға қолдау көрсету, әлеуметтік және құқықтық қорғау, медициналық әрі кәсіби оңалту сияқты көптеген бағытты қамтиды. Мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдауға да ерекше көңіл бөлінеді.…
