Автор: admin
-
ТЖШ есептеудің жаңа әдістемесі болашақ жинақтаушы зейнетақының лайықты мөлшерін қамтамасыз етуге бағытталған
Қоғамның белсенді қызығушылығына және көптеген сауалдардың туындауына байланысты ең төменгі жеткіліктілік шектерін (ТЖШ) есептеу әдістемесіндегі жоспарланған өзгерістерді түсіндіреміз. ТЖШ есептеу әдістемесін қайта қараудың мақсаты – болашақ жинақтаушы зейнетақының жеткіліктілігін қамтамасыз ету үшін қажетті зейнетақы жинақтарының ең төменгі сомасына қойылатын талаптарды арттыру, зейнет жасындағы зейнетақы төлемдері есебінен салымшының кірісті алмастыру коэффициентін (КАК) кезең-кезеңімен (ең төменгі халықаралық…
-
Финалға жолдама!!!! Ерлер арасындағы баскетболдан құрама команда бірінші орынды жеңіп алды!!!
2026 жылғы 2–4 сәуір аралығында Есіл ауданының Явленка ауылында «Ақ бидай» жазғы спорт мерекесі аясында баскетболдан аймақтық жарыстар өтті. Тартысты өткен кездесулерде Тимирязев ауданының құрама командасы жоғары нәтиже көрсетіп, жеңіске жетіп, финалға жолдама алды. Команда құрамында: Яншин Наиль, Крупка Иван, Оканов Сабыржан, Оканов Рамазан, Акпамбаев Арыстан, Валасевич Руслан, Малана Дамир және Адам Даниял өнер көрсетті.…
-
ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде қоқысқа толған пәтерлер мәселесі талқыланды
ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде қоқысқа толған пәтерлер мәселесі талқыланды Шығыс Қазақстан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында көпқабатты тұрғын үйлердегі қоқысқа толған пәтерлерді анықтау және тұрғындардың санитарлық әрі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларына арналған брифинг өтті. Брифинг барысында ШҚО Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Нұрлан Жарылғақов мұндай пәтерлер тұрғындар үшін елеулі қауіп…
-
ШЫМКЕНТТЕ СТУДЕНТ ЖАСТАРМЕН АШЫҚ ФОРМАТТАҒЫ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті базасында жастар арасында нашақорлықтың, лудоманияның және суицидтің алдын алуға арналған кең ауқымды профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды. Арнайы жоба аясында өткен кездесуге құқық қорғау органдарының өкілдері, нарколог мамандар, психологтар мен студент жастар қатысты. Кездесу М. Әуезов атындағы ОҚУ қабырғасында өткеніне қарамастан, шараға Шымкент қаласындағы барлық жоғары оқу орындарының студенттері тартылды. Бұл…
-
Қарағандыда есірткі таратумен айналысқан рецидивист ұсталды
Қарағандыда есірткі таратумен айналысқан рецидивист ұсталды. Қарағанды қаласында полиция қызметкерлері есірткі таратумен айналысқан күдіктіні ұстады. Операцияны қалалық полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімі жүргізген. 43 жастағы жергілікті тұрғын кезекті «жасырын қойманы» орналастыру кезінде қолға түскен. Күдіктінің психотроптық заттардың әсерінде болғаны анықталды. Тінту барысында одан ақ түсті ұнтақ зат салынған 20 орама тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес,…
-
Су ресурстары саласындағы заңдылық пен бақылау
20 мамыр күні «Балқаш-Алакөл бассейндік су инспекциясы» мен «Балқаш қаласының Тілдер орталығы» қызметкерлері «Су ресурстары саласындағы заңдылық пен бақылау» тақырыбы аясында бірлескен іс-шара өткізді. Іс-шара барысында су ресурстарын пайдалану саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру және су қатынастары саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, «судың қара нарығы» мәселесін…
-
Шымкент қаласының Полиция департаменті азаматтарды интернет-алаяқтықтан сақ болуға шақырады.
Қазіргі таңда алаяқтар өздерін банк қызметкері, құқық қорғау органы немесе мемлекеттік мекеме өкілі ретінде таныстырып, азаматтарға жалған хабарламалар мен күмәнді сілтемелер жолдауда. Осыған байланысты бейтаныс нөмірлерден келген хабарламаларға сенбеуді, жеке деректерді, банк картасының мәліметтері мен SMS-кодтарды бөгде адамдарға бермеуді сұраймыз. Күдікті қоңыраулар мен хабарламаларға мұқият болыңыздар! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1223689?lang=ru
-
тестирование каз
тестирование каз Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/test-test/press/news/details/1223528?lang=ru
-
ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ АЛТЫН ОРДАҒА ҚАТЫСТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ⠀
Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі ретінде: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық ғылыми симпозиум аясында көрме ұйымдастырылды. Көрме XIII-XV ғасырларда Еуразия кеңістігінде қалыптасқан Алтын Орда мемлекетінің тарихи-мәдени болмысын Қазақстан аумағынан табылған археологиялық жәдігерлер, қолжазба кітаптар және архив материалдары негізінде таныстыруға арналған.⠀ Көрменің негізгі идеясы – көшпелі өмір салтына негізделген, бірақ жоғары деңгейдегі мемлекеттік,…
-
ТҮРКІСТАН: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ТҮРКІСТАН МАҚАМДАРЫ» ТЕРМЕШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Отырар аудандық мәдениет сарайында республикалық «Түркістан мақамдары» термешілер байқауы жоғары деңгейде өтті. Елдің түкпір-түкпірінен келген жыршы-термешілер ұлттық өнерді дәріптеп, сөз құдіретін насихаттады. Байқаудың негізгі мақсаты – ұлттық тәрбиені, халықтық өнерді насихаттау, тіл мәдениетін дамыту, дәстүрлі ән-терме өнерін дәріптеу, ұмыт бола бастаған шығармаларды жаңғырту, жас орындаушылардың шығармашылығын шыңдау және өнер иелері арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау.…
-
Астанада Қазақстан Ішкі істер министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі арасында екіжақты кездесу өтті
«Орталық Азия – Қытай» форматындағы Ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерінің екінші кездесуі аясында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Саденов пен Қытай Халық Республикасының Қоғамдық қауіпсіздік министрі Ван Сяохун арасында екіжақты кездесу өтті. Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейі атап…
-
Қазақстанда бизнес-иммигрантқа УТР қалай алуға болады?
Қазақстанда бизнес-иммигрантқа УТР қалай алуға болады? «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес, шетел азаматтарының «С5» санатындағы визаны немесе бизнес-иммигрант ретінде уақытша тұруға рұқсатты (УТР) алмайынша заңды тұлға құруына немесе оның қатысушысы болуына құқығы жоқ. Бизнес-иммигранттар үшін алғашқы уақытша тұруға рұқсат 3 айға дейінгі мерзімге рәсімделеді. Заңды тұлға тіркеліп, қажетті құжаттардың толық топтамасы ұсынылғаннан…
-
АТА ЗАҢ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ
Тоғыз тұрғын алабы аумағында тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Жиында Қазақстан Республикасының Конституциясы, елдегі саяси реформалардың мазмұны және олардың қоғам өміріндегі маңызы кеңінен түсіндірілді. Ашық форматта өткен басқосуға тұрғын алаптың ақсақалдары, жергілікті тұрғындар, жастар мен сала мамандары қатысты. Іс-шараны Еңбекші ауданы әкімінің аппараты ұйымдастырды. Негізгі мақсат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен қолға алынған конституциялық реформалардың…
-
Алматыда Құрбан айтта 12 жерде ғана құрбан шалуға болады
Биыл 27, 28 мен 29 мамырға сәйкес келетін Құрбан айт күндері Алматыда мал сататын, құрбан шалатын 12 арнаулы алаң белгіленді. Қаланың барлық 56 мешітінде 27 мамыр күні сағат 06:00-де айт намазы оқылады. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан мұсылмандардың осы бас мерекесіне дайындық барысы туралы баяндады. Оның айтуынша, қаланың бес ауданында құрбан…
-
Тайынша ауданы бойынша Тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру барысы туралы есеп
Тіл саясатын дамыту мақсатында жұмыс жоспары бекітілді. Жоспар аясында келесі іс-шаралар өткізілді: «СҚО Тайынша ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі, және спорт бөлімі» КММ 2025 жыл бойынша орындалуы туралы есеп 2025 жылғы 22 қаңтарда аудандық мәдениет үйінде аудандық «Қыз сыны» байқауы өтті. Байқауға ауылдық округтер мен Тайынша қаласының оқушылары қатысты. Барлығы 13 бойжеткен қатысып,…
