Автор: admin
-
Ерейментау ауданында үлгілі сот процесі өткізілді
Облыс прокуратурасының «Рецидивтің алдын алу» жобасын іске асыру шеңберінде, Ерейментау ауданы прокуратурасы аудандық сотпен бірлесе отырып, пробация қызметінің есебінде тұрғандардың қатысуымен ашық сот отырысын өткізді. Сот пробация қызметінің жазаны өтеу тәртібінің белгіленген талаптарын бірнеше рет бұзуға жол берген сотталған «С»-ға қатысты бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы ұсынысын қарады.…
-
Қарағандыда үш ұрпақ сәулеті назарға ұсынылды
Қарағандыда Қазақстан сәулетшілер одағының 90 жылдығына арналған «Үш ұрпақ сәулеті» атты көшпелі көрме ашылды. Экспозицияда ел сәулетінің қалыптасу кезеңдерін бейнелейтін тарихи фотосуреттер, архивтік материалдар мен заманауи жобалар ұсынылды. Көрме алғашқы қала құрылысы шешімдерінен бастап бүгінгі қалалық ортаны қалыптастыру тәсілдеріне дейінгі отандық сәулет өнерінің даму шежіресін паш етеді. Көрмеге сәулетшілер, бейінді жоғары оқу орындарының оқытушылары, студенттер,…
-
«Баршаның назарына!» дабыл сигналы қосылады
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы «Өрт-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында 2026 жылғы 28 мамыр күні сағат 11:00-де облыс аумағында «Баршаның назарына!» дабыл сигналы берілетінін хабарлайды. Оқу-жаттығу барысында электр сиреналары мен сиреналық-сөйлеу құрылғылары іске қосылып, телерадиоарналардың хабар таратуы уақытша тоқтатылады. Осыған байланысты тұрғындарды сабыр сақтауға және үрейге бой алдырмауға шақырамыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1228794?lang=ru
-
Білім беру ұйымдарының басшыларымен еңбек заңнамасы мәселелері бойынша кезекті кездесу өткізілді
2026 жылғы 26 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан филиалында Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығында Департамент басшысының орынбасары А.У.Туйгинбетовтың қалалық мектептер мен орта оқу орындарының директорларымен (барлығы 30 адам) кезекті кездесуі өткізілді. Кездесу барысында А.У.Туйгинбетов еңбек заңнамасының негіздері бойынша дәріс оқып, білім беру саласындағы еңбек қатынастарының практикалық мәселелерін…
-
Қазақстан мен АЭХА 2036 жылға дейінгі ынтымақтастықтың Жол картасына қол қойды
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Қазақстан Республикасына жұмыс сапары барысында келген Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) Бас директоры Рафаэль Мари Гроссимен кездесу өткізді. Келіссөздер Қазақстан мен АЭХА арасындағы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы стратегиялық әріптестікті жоспарлы дамыту шеңберінде өтті. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын, Қазақстан Республикасының атом…
-
Азық-түлік тауарларына мониторинг жұмыстары жүргізілді
Азық-түлік тауарларына мониторинг жұмыстары жүргізілді Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына және қолжетімділігіне мониторинг жүргізілді. Мониторинг барысында әлеуметтік маңызы бар 31 түрлі азық-түлік тауары тексеріліп, қолданыстағы талаптарға сәйкестігі қаралды. ⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1228797?lang=ru
-
Құрметті аудан тұрғындары! Құрбан айт құтты болсын!
Құрметті аудан тұрғындары! Құрбан айт құтты болсын! Сізге және отбасыңызға амандық, зор денсаулық, бақ-береке тілеймін. Әр шаңыраққа қуаныш пен жылулық, молшылық пен тыныштық орнасын. Құрбан айттың қасиетті күндері жүректеріңізге иман нұрын сыйлап, тілеген тілектеріңіз қабыл болсын! Аудан мәслихатының төрағасы Б. Ахметов Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-beimbet-maylin/press/news/details/1228798?lang=ru
-
Талдықорғанда ерекше күтімді қажет ететін бала жоғалды: полиция тұрғындардан көмек сұрайды
2026 жылғы 25 мамыр күні сағат 19:50-де «102» арнасына 2019 жылы туған кәмелетке толмаған Данияр Айбектің жоғалғаны туралы хабарлама түсті. Шамамен сағат 19:30-да бала үйден шығып кетіп, содан бері оның қайда екені белгісіз. Белгілері: бойы шамамен 120 см, үстінде Өрмекші адам бейнеленген ақ футболка, қара трико және көк сланцы болған. Шығыс шағын ауданында жедел түрде…
-
ШЫМКЕНТТІК ТАҒЫ БІР ОҚУШЫ ӘЛЕМНІҢ 23 ОҚУ ОРНЫНАН ШАҚЫРТУ АЛДЫ
Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен «Үздік оқушы – 2025» конкурсының жеңімпазы, А.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының түлегі Тамерлан Сыздықов жоғары академиялық нәтиже көрсетті. Түрлі деңгейдегі білім додалары мен іріктеулердің қорытындысы бойынша ол шетелдік 23 жоғары оқу орнының шақыруына ие болды. Мектеп түлегіне шақыру жолдаған оқу орындарының ішінде АҚШ, Гонконг, Австралия және Испания, Италия, Түркия мен Ұлыбритания…
-
Астанада дрон арқылы экологиялық құқық бұзушылық анықталды
Елордада тазалықты сақтау және экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы жалғасуда. Жыл басынан бері қоқысты заңсыз төгу, қоғамдық орындарды ластау және абаттандыру қағидаларын бұзу деректері бойынша шамамен 20 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушылықтарды анықтауда заманауи технологияларды қолдануға ерекше назар аударылуда. Мәселен, Байқоңыр…
-
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 417/29 «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс мен толықтырулар енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 417/29 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті тиісінше осы шешімге 1, 2, 3…
-
Алматы қаласы спорт басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша қоғамдық талқылау өтт
Алматы қаласы спорт басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша қоғамдық талқылау өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-sports/press/news/details/1228806?lang=ru
-
Қазақстан мен Моңғолия зейнетақы саласында ынтымақтастық орнатуда
2026 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан мен Моңғолия үкіметтері арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) күшіне енді. Келісім екі ел азаматтарының зейнетақы құқықтарын қорғауға бағытталған. Келісім Қазақстан немесе Моңғолия аумағында тұрақты тұратын және осы елдердің бірінің аумағында еңбек өтілі бар азаматтарға қолданылады. Аталған еңбек өтілі тұратын мемлекетінің заңнамасына…
-
Үкіметте Туризм саласын дамыту мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысы өтті
Үкіметте Туризм саласын дамыту мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысы өтті Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Туризм саласын дамыту мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Кеңес 2026 жылғы сәуірде туризм саласындағы орталық мемлекеттік органдардың, бизнес өкілдері мен сарапшылар қауымдастығының жұмысын үйлестіретін тұрақты ведомствоаралық алаң ретінде құрылған, деп хабарлайды Primeminister.kz.…
-
Көлік полицейлері азаматтарды теміржол көлігі нысандарында қауіпсіздік қағидаларын сақтауға шақырады
2026 жылдың басынан бері Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері теміржолдарды белгіленбеген жерлерден кесіп өткені үшін 22 376 азаматты жауапкершілікке тартты. Мұндай құқық бұзушылықтар теміржол көлігі нысандарындағы жазатайым оқиғалардың негізгі себептерінің бірі болып қалып отыр. Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында көлік полицейлері теміржол ұйымдарының өкілдерімен бірлесіп, халық арасында тұрақты түрде профилактикалық рейдтер мен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Қабылданып…
