Автор: admin
-
Аудан әкімінің халықтың алдында есеп беру ккездесуі
2026 жылғы 4 маусым күні сағат 17.00-де Колутон ауылының мектеп ғимаратындаАстрахан ауданының әкімі Т.А. Ерсейітовтыңхалықпен тұрақты есеп беру кездесуі өтеді Күн тәртібі:1. «2026 жылдың ағымдағы кезеңі бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2026 жылға арналған жоспарлар туралы» есебі.Астрахан ауданының әкімі Т.А. Ерсейітов2. « Колутон ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы І жартыжылдықта атқарылған жұмысы және 2026 жылға арналған…
-
🏗️ Мәртөк ауданында инфрақұрылымды жаңғырту және газдандыру жұмыстары жалғасуда
🔹 Мәртөк ауданының әкімі Медет Ысқақов ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы аясында жүзеге асырылып жатқан негізгі жобалар туралы баяндады. 🇰🇿 Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында Мәртөк ауданында әлеуметтік және инфрақұрылымдық бағыттағы ірі жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. 🏫 Ауданда білім беру, инженерлік инфрақұрылым және газдандыру салаларын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. 🎼 2024 жылы басталған Қ. Медетов атындағы…
-
Жем өзені арқылы өтетін көпір жаңартылуда
⚜️ Ембі қаласына барар жолда облыс әкімі Асхат Шахаров республикалық маңызы бар «Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз» автомобиль жолындағы Жем өзені арқылы өтетін көпірге жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. 🔵 Бұл нысан өңірдің көлік байланысы үшін аса маңызды, өйткені ол облыс елді мекендері арасындағы қозғалысты қамтамасыз ететін А-26 магистралінің құрамына енеді.…
-
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасы мен докторантурасына түсу мәселелері бойынша ақпараттық кездесу
Ақмола облысы Әділет департаментінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Абжаков Асет Талғатбекұлының қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасы мен докторантурасына түсу мәселелері бойынша ақпараттық кездесу өтті.Кездесу барысында қызметкерлерге оқуға түсу шарттары, құжаттарды қабылдау тәртібі және оқу мүмкіндіктері түсіндірілді. Қатысушылар кәсіби даму, біліктілікті арттыру және мансаптық…
-
ШҚО-дағы егіс науқаны қалай өтуде: заманауи технологиялар, суару және техниканы жаңарту
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Ұлан ауданында жұмыс сапарымен жүр. Аймақ басшысы Украинка, Донское, Таврия және Каменка ауылдарындағы көктемгі дала жұмыстарының барысымен танысуда. Суару жүйесі, заманауи техника және даму бағыты: ШҚО-ның Ұлан ауданында көктемгі егіс науқаны қалай жүріп жатыр . Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов жұмыс сапарымен Ұлан ауданына барды. Сапар барысында аймақ басшысы…
-
Қарағандыда есірткі таратумен айналысқан рецидивист ұсталды
Қарағандыда есірткі таратумен айналысқан рецидивист ұсталды. Қарағанды қаласында полиция қызметкерлері есірткі таратумен айналысқан күдіктіні ұстады. Операцияны қалалық полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімі жүргізген. 43 жастағы жергілікті тұрғын кезекті «жасырын қойманы» орналастыру кезінде қолға түскен. Күдіктінің психотроптық заттардың әсерінде болғаны анықталды. Тінту барысында одан ақ түсті ұнтақ зат салынған 20 орама тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес,…
-
Кедергісіз қалалық инфрақұрылымды құру мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы (19.05.2026)
Қалалық мәслихатта Асқар Смағұловтың төрағалығымен «Кедергісіз қалалық инфрақұрылымды жаңғырту және инклюзивті орта құруға бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігі туралы» тақырыбында әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті. Отырыс барысында кедергісіз қалалық ортаны қалыптастыру, мүгедектігі бар адамдар мен халықтың мобильдігі төмен топтары үшін әлеуметтік, көліктік және қалалық инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған бюджет қаражатын пайдалану…
-
Авиация саласын дамыту мен цифрландыру мәселелері қаралды
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен кезекті мәжіліс өткізілді. Жиында облыс әкімінің авиация саласын дамыту мен цифрландыру бойынша берген тапсырмалары пысықталып, бірқатар міндеттер жүктелді. Сонымен қатар ауданның негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің орындалу барысы сараланып, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және өңдеу салаларындағы жұмыстарды толық орындау тапсырылды. Жандос Еркінбек межелі міндеттердің әрдайым сапалы атқарылуын қатаң бақылауда ұстау қажеттігін де…
-
Шымкент қаласының Полиция департаменті азаматтарды интернет-алаяқтықтан сақ болуға шақырады.
Қазіргі таңда алаяқтар өздерін банк қызметкері, құқық қорғау органы немесе мемлекеттік мекеме өкілі ретінде таныстырып, азаматтарға жалған хабарламалар мен күмәнді сілтемелер жолдауда. Осыған байланысты бейтаныс нөмірлерден келген хабарламаларға сенбеуді, жеке деректерді, банк картасының мәліметтері мен SMS-кодтарды бөгде адамдарға бермеуді сұраймыз. Күдікті қоңыраулар мен хабарламаларға мұқият болыңыздар! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1223689?lang=ru
-
Астанада Қазақстан Ішкі істер министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі арасында екіжақты кездесу өтті
«Орталық Азия – Қытай» форматындағы Ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерінің екінші кездесуі аясында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Саденов пен Қытай Халық Республикасының Қоғамдық қауіпсіздік министрі Ван Сяохун арасында екіжақты кездесу өтті. Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейі атап…
-
Облыстық телеарнадағы сұхбат
«ULYTAU» облыстық телеарнасындағы «Елге қызмет» бағдарламасында Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы бөлімінің басшысы Сырым Бижаксин салық мәселелеріне қатысты сұхбат берді Сұхбатты көру үшін төмендегі сілтемеге өтіңіз: https://youtu.be/BD9xwNNxSmo?si=F7i9qmiBcHM6QZmU Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-ulytau/press/news/details/1224144?lang=ru
-
Оқу-ағарту министрлігі Республикалық физика-математика мектептері филиалдарындағы білім беру гранттарын бөлу конкурсына қатысты төмендегіні хабарлайды.
Республикалық физика-математика мектептері филиалдарына қабылдау мектеп Жарғысына сәйкес ашық конкурс негізінде жүзеге асырылады. «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабына сәйкес кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдері баланың тілегін, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымын және оқу тілін таңдауға құқылы. Осыған байланысты конкурсқа тіркелу кезінде үміткерлер оқу тілін дербес…
-
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының ережелерін түсіндіру бойынша мүгедектігі бар адамдармен, көп балалы және аз қамтылған отбасылармен кездесу
Бүгін «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де мүгедектігі бар адамдармен, көп балалы және аз қамтылған отбасылармен кездесу өтті. Кездесу барысында 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының ережелері бойынша түсініктемелер берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-saran/press/news/details/1224145?lang=ru
-
Жетісуда оқушылардың 94%-ы жазғы демалыспен қамтылады: өңірде 11 сауықтыру орталығы жұмыс істейді
2026 жылдың маусым айында 1–10 сынып оқушыларының 94%-ы (124 264 оқушы) жазғы демалыспен және пайдалы бос уақытпен қамтылады. Олардың қатарында ауылдық жерлерден келген 93 мыңнан астам бала бар. Қала сыртындағы лагерьлерде жалпы саны 10 350 бала демалады.Жазғы маусымда өңірде 11 сауықтыру орталығы (6 мемлекеттік және 5 жекеменшік) жұмыс істейтін болады. Балалар лагерьлерінің ашылуын кезең-кезеңімен жүргізу…
-
2026 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстан мен Моңғолия үкіметтері арасындағы зейнетақы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім күшіне енді, ол екі ел азаматтарының зейнетақы құқықтарын қорғауға бағытталған.
Келісім Қазақстан мен Моңғолия азаматтарына таралады, олар көрсетілген елдердің бірінің аумағында тұрады және Қазақстан немесе Моңғолия аумағында еңбек стажы бар, ол тұру мемлекетінің заңнамасына сәйкес осы елдердің бірінде зейнетақы тағайындалғанда ескеріледі. Келісім аясында төмендегі төлем түрлері тағайындалады: ✔ Қазақстанда – республикалық бюджет есебінен еңбекке қабілетсіздік бойынша зейнетақы төлемдері, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары және…
