Автор: admin
-
БҚО-да көші-қон заңнамасын бұзғандар жауапқа тартылды
Батыс Қазақстан облысында көші-қон заңнамасының сақталуын бақылау күшейтілуде. Өңірлік полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының мәліметінше, сот шешімдерін орындамаған 19 шетелдік азамат ел аумағынан мәжбүрлі түрде шығарылған. Ведомствоның хабарлауынша, сот қаулыларын орындаудан жалтарып жүрген тұлғаларды анықтау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Қызметкерлер құқық бұзушыларды анықтап, сот шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған арнайы іс-шараларды іске асыруда Сонымен қатар,…
-
Халықпен кездесу: Өзекті мәселелер назарда
Халықпен кездесу: Өзекті мәселелер назарда Бүгін, 15 сәуір күні Көксу ауданы Еңбекші ауылдық округінің тұрғындарымен маңызды кездесу өтті. Жиынға Көксу ауданы ПБ бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Ержан Ерқыдыұлы Курмансейтов қатысты. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, ауыл халқы өздерін толғандырған әлеуметтік, коммуналдық және құқықтық сұрақтарын қойды. Негізгі нәтижелер:✅ Әрбір азаматтың сұрағына нақты жауап берілді.✅ Проблемалық мәселелерді…
-
Президентті, Парламент және мәслихаттар депутаттарын, әкімдерді сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы хабарландыру
Президентті, Парламент және мәслихаттар депутаттарын, әкімдерді сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 10, 19 баптарына, аудандық мәслихаттың Регламентіне сәйкес, Бесқарағай аудандық мәслихаты шығып қалған комиссия мүшелерінің орнына Президентті, Парламент және мәслихаттар депутаттарын, әкімдерді сайлау бойынша учаскелік № 254, № 257, № 259,…
-
Павлодар облысының мақтанышы: EGMO-2026 олимпиадасының күміс жүлдегері
Францияның Бордо қаласында 2026 жылдың 9-15 сәуірі аралығында қыздарға арналған 15-ші Еуропалық математикалық олимпиада өтті (EGMO – 2026). Беделді халықаралық зияткерлік жарысқа әлемнің 50-ден астам елінен 200-ге жуық оқушы қатысты. Қазақстан бұл олимпиадаға 2017 жылдан бастап тұрақты негізде қатысып келеді. Төрт адамнан тұратын команда құру үшін іріктеу кезеңі өткізілді, оның қорытындысы бойынша дарынды балаларға арналған…
-
Талдықорғанда қант қызылшасы алқабы 134 гектарға жетті
Облыс орталығы Талдықорғанда көктемгі дала жұмыстары қарқын алып, диқандар алқап басында тынымсыз еңбек етуде. Биыл қала бойынша 6 мыңнан астам гектар жер игерілмек. Оның 134 гектары қант қызылшасына тиесілі. Қазіргі таңда тәтті түбірді егу жұмыстары жалғасып жатыр. Жалпы көктемгі науқан жоспарға сай жүргізілуде, ал себу жұмыстары сәуір айының соңында аяқталады деп күтілуде. Ауыл шаруашылығы бөлімінің…
-
Ақтөбеде жылумен қамту саласында бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырылуда
Ақтөбе қаласында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. 2026 жылы «Aqtobe su-energy group» АҚ жылумен қамту саласында бірқатар ірі жобаларды іске асыруды қолға алып отыр. Бұл бастамалар өңірдің инженерлік желілерін жаңарту арқылы тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға бағытталған. Компанияның мәліметінше, биыл 10 жоба инвестициялық бағдарлама аясында жүзеге асырылады. Соның нәтижесінде шамамен 2 100…
-
«AMANAT» партиясымен ашық диалог
Зылиха Тамшыбай ауылының тұрғындарымен кездесу: «AMANAT» партиясымен ашық диалог 15 сәуір күні Еңбекші ауылдық округіне қарасты Зылиха Тамшыбай ауылының Мәдениет үйінде «AMANAT» партиясы маманының ауыл тұрғындарымен кездесуі өтті. 📌 Кездесу барысында:• Тұрғындардың ең өзекті мәселелері тыңдалды.• Партияның атқарып жатқан жұмыстары туралы есеп беріліп, алдағы жоспарлар таныстырылды.• Ауыл халқы өздерін мазалаған сұрақтарға жауап алып, нақты ұсыныстарын білдірді.…
-
«Мағжан оқулары» облыстық байқауының қорытындысы
2026 жылғы 14 сәуірде «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің базасында 7–11 сынып оқушылары арасында Республикалық «Мағжан оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтті. «Мағжан оқулары» байқауының негізгі мақсаты – қазақ халқының әдеби мұрасын насихаттау және мектеп оқушыларының классикалық әдеби шығармаларды оқуға қызығушылығын арттыру. Іс-шараға 3 қаладан, 10 ауданнан және 9 мамандандырылған мектептен 8–11 сыныптардың 54 оқушысы қатысты. Байқау…
-
Ақтөбеде құрылыс және сәулет саласындағы бақылау күшейтілді
Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында сәулет және құрылыс саласындағы бақылау, сондай-ақ құрылыс нысандарында заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету шаралары талқыланды. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Сұлтан Аманчиннің мәліметінше, биылғы жылдың бірінші тоқсанында тұрғын үй, әлеуметтік, жол және өндірістік нысандар құрылысының басталуы туралы 248 хабарлама түскен. Лицензиялау, қайта рәсімдеу және сарапшыларға аттестат беру бойынша 97…
-
Мемлекеттік еңбек инспекторлары мектепте түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары Абай облысы білім басқармасының Мақаншы ауданы білім бөлімінің «Жарбұлақ орта мектебі» КММ-нің ұжымымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында қызметкерлердің еңбек құқықтары, еңбек шартын тіркеудің бірыңғай жүйесіне деректерді енгізу және басқа да мәселелер түсіндірілді. Сонымен қатар, Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған іс-шаралар талқыланды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abai-enbek/press/news/details/1201493?lang=kk
-
Биыл ұлы тұлғаның 120 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған «Жұбанов көктемі» мерейтойлық музыка апталығы — өнер сүйер қауым үшін ерекше рухани мереке
Көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер Ахмет Қуанұлы Жұбанов — қазақ кәсіби музыка өнерінің негізін қалаушылардың бірі. Оның шығармашылығы ұлттық мәдениетіміздің алтын қорына енген. Биыл ұлы тұлғаның 120 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған «Жұбанов көктемі» мерейтойлық музыка апталығы — өнер сүйер қауым үшін ерекше рухани мереке. Сіздерді 23–30 сәуір аралығында өтетін апталық шараларға шақырамыз! Келіңіздер, әсем әуен…
-
Қала әкімі қарқынды басталған жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты
Бүгін қала әкімі Ернат Бәзіл Шевченко–Қабанбай батыр және Дайыров көшелерінде жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. Алдымен қала басшысы Шевченко–Құрманов көшесінде атқарылып жатқан орташа жөндеу жұмыстарының жай-күйімен танысты. Қазіргі таңда бұл көшеде жол жабынын жаңарту және жаяу жүргіншілерге арналған тротуар салу жұмыстары жүргізілуде. Ал Дайыров көшесінде арық жүйелерін орнату және жол жабындысын тегістеу жұмыстары…
-
Байзақ ауданы аумағындағы «Ауыл – Ел бесігі» жобасының іске асырылуы туралы
Ауылдық елді мекендердің әлеуетін анықтау критерийлерін бекіту әдістемесіне сәйкес ауданда даму әлеуеті жоғары 39 ауылдық елді мекен іріктелді (онда ауыл халқының 97,4%-ы (106,5 мың адам) тұрады), оның 7-і тіректі, 32-і спутниктік, қалған 4-нің даму әлеуеті орташа/төмен. Бүгінге ауылдық елді мекендерді серпінді дамытуға әсер етіп отырған бұл – «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы. Аталған жобаны…
-
Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттық (аукцион) өткізу туралы хабарландыру
Құрметті сауда-саттыққа қатысушылар! «Талас ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ-сі 2026 жылы 30 сәуір сағат 10:00 (Астана қаласының уақыты бойынша) Мемлекеттік мүлік тізілімінің e-qazyna.kz веб-порталында жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі бағасын көтеру әдісі бойынша электрондық аукцион өткізеді. Аукционға қатысуға өтінім беру Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024…
-
Астанада бүлдіршіндерге арнап білім ордасында «Болашақ оқушымен танысу күні» іс-шарасы өтті
Астанадағы Ақжан Әл-Машани атындағы №92 мектеп-лицейінде №73 «Аяулым» балабақшасының мектепалды даярлық тобы тәрбиеленушілеріне арналған «Болашақ оқушымен танысу күні» атты салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Бұл шараның басты мақсаты – балабақша түлектерін мектептің тыныс-тіршілігімен таныстырып, олардың бойындағы оқуға деген қызығушылықты ояту және жаңа ортаға бейімделуіне жан-жақты қолдау көрсету. Аталған шараға аталған балабақшадан…
