Автор: admin
-
«Таза Қазақстан»: Жетісуда 32 мыңнан астам мектеп түлектері туған өлкесіне мыңдаған көшет сыйлады
Бүгін Жетісу облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында мектеп түлектерінің қатысуымен ауқымды ағаш және гүл көшеттерін отырғызу акциясы өтті. Экологиялық бастама жастардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Игі шараға облыс бойынша жалпы саны 32 023 түлек қатысты. Мектеп бітіруші жастар туған өлкесінің көркеюіне өз үлестерін қосып, болашаққа деген ізгі…
-
Абай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері жанындағы білім беру ұйымдарында жоспардан тыс тексерулер жүргізді.
Тексерулер білім беру процесінің сапасын қамтамасыз ету және оқу-тәрбие қызметінің жүзеге асырылуын бақылау мақсатында өткізілді. Іс-шаралармен №21 кешкі мектеп, №2 түзету мекемесі жанындағы жалпы білім беретін мектеп, Политехникалық колледж, Жарма технология колледжі және ерекше режимде ұстайтын арнайы мектеп-интернаты қамтылды. Тексеру барысында білім беру қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің орындалуы зерделенді. Қорытынды ақпарат Оқу-ағарту министрлігінің Білім…
-
Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа конституциялық реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету бойынша Палатаның атқарған қызметі туралы мәлімет берілді. Мәжіліс Спикерінің айтуынша, Парламент жаңа Ата заңның нормаларын іске асыруға жол ашатын жеті конституциялық заңды сапалы әрі уақтылы қабылдады. Соның ішінде «Президент туралы», «Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Халық Кеңесі туралы», «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы», «Алатау қаласының…
-
Көпжылдық еңбекке – лайықты құрмет!
Ұлытау облысының ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасында көп жылдар бойы аймақтың қауіпсіздігі жолында аянбай еңбек еткен білікті қызметкерлерді зейнет демалысына шығарып салуға арналған іс-шара өтті. Жиын барысында басқарма басшылығы мен әріптестері ардагерлерге жүрекжарды лебіздерін білдірді. Олардың өңірдегі өндірістік нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жоғары кәсібилігі, мінсіз қызметі мен саланың дамуына қосқан елеулі үлесі ерекше атап өтілді. Ақпарат көзі…
-
«Жаңа Мен» жобасы: Семейде ҚАЖ қызметкерлері дағдарыс жағдайындағы жас аналарды қолдады
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінің қызметкерлері Семей қаласындағы «Ана үйінде» «Жаңа Мен» әлеуметтік жобасын жүзеге асырды. Бастама қиын өмірлік жағдайға тап болған әйелдерді қолдауға бағытталған. Бүгінде «Ана үйінде» жасы 18 бен 40 аралығындағы оннан астам әйел тұрып жатыр — олардың кейбірі жүктіліктің соңғы…
-
Қазақстанда 8,9 млн гектар ауыл шаруашылығы дақылдары егілді
Өңірлерде көктемгі дала жұмыстары жалғасуда. Облыс әкімдіктерінің жедел деректеріне сәйкес, бүгінгі күні ауыл шаруашылығы дақылдары 8,9 млн гектар алқапқа егілді. Атап айтқанда: дәнді дақылдар 5,5 млн гектарға, майлы дақылдар 2,3 млн гектарға, мал азықтық дақылдар 642 мың гектарға, мақта 166 мың гектарға, көкөніс дақылдары 102 мың гектарға, бақша дақылдары 77 мың гектарға, картоп 93 мың…
-
ОТЫРАРДА «ЕЛ МЕРЕЙІ ЖОЛЫНДА» АТТЫ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
«Туған жерге тағзым» жобасы аясында мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Айтаханұлымен «Ел мерейі жолында» атты тағылымды кездесу кеші ұйымдастырылды. Кездесу барысында қонақтар арнайы дайындалған «Халық жүрегіндегі қадірлі тұлға» атты кітап көрмесімен танысып, Қуаныш Айтахановтың өмір жолы мен шығармашылығына арналған бұрышты тамашалады. Сонымен қатар «Туған жерге тағзым» кабинеті ашылып, салтанатты лента қию рәсімі өтті. Лента қию…
-
Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінде Сингапурдың Сауда және индустрия министрлігінің делегациясымен кездесу өтті
Кездесу барысында инвесторлардың құқықтарын қорғау және инвестор мен мемлекет арасындағы дауларды сотқа дейін реттеу тетіктері таныстырылды. Тараптар инвестициялық жобалар бойынша ынтымақтастықты дамыту және Сингапур инвесторларына қолдау көрсету мәселелерін талқылады. Бүгінде Сингапур – Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азия өңіріндегі негізгі серіктестерінің бірі. 2025 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 954,4 млн АҚШ долларын құрады, ал Қазақстанда сингапурлық капиталдың…
-
Қазақстан мектептерінде 2025–2026 оқу жылы қорытындылануда
Биыл еліміз бойынша 3,9 миллионнан астам оқушы оқу жылын аяқтайды. Оның ішінде 215 мыңнан астамы – мектеп түлектері. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 217 заманауи мектеп пайдалануға беріліп, онда 220 мыңнан астам оқушы білім алуда. 25 мамыр күні еліміздің барлық мектептерінде «Білімім – Отаныма!» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтеді.…
-
Қазақстан мектептерінде 2025–2026 оқу жылының қорытындылары шығарылуда.
Еліміздің барлық мектептерінде 2025–2026 оқу жылы аяқталуға жақын. Биыл оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы аяқтайды, оның ішінде 215 мыңнан астамы — 11-сынып түлектері, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.Оқу жылының қорытындысы бойынша 31 мыңнан астам оқушы 9-сыныпты үздік аттестатпен аяқтауға үміткер. Ал 11-сынып түлектерінің арасында 18 мың оқушы үздік аттестат алуға үміткер. Бүгінде еліміздің білім…
-
Өндіріcті оқшаулау Ұлттық жоба семинарының негізгі тақырыбына айналды
Астанада мемлекеттік органдардың, табиғи монополия субъектілерінің, жобалау ұйымдарының, отандық өндірушілер мен салалық қауымдастықтардың өкілдерін біріктірген энергетикалық секторды жаңғырту Ұлттық жобасындағы өндірісті оқшаулау тақырыбындағы семинар-кеңес өтті.Іс-шара бағдарламасы үш параллель алаңның жұмысын қамтыды: өндірісті оқшаулау мәселелерін талқылауға арналған конференциялық аймақ, қазақстандық өндірушілердің көрме аймағы, сондай-ақ табиғи монополия субъектілері мен отандық бизнес арасында тікелей келіссөздер мен консультациялар өткізуге…
-
Астана қаласы мәслихатының сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру туралы хабарламасы
Астана қаласының мәслихаты (бұдан әрі – Мәслихат), «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабын басшылыққа ала отырып, жаңа учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің, сондай-ақ шығып қалғандардың орнына Астана қаласының сайлау комиссиялары мүшелерінің өкілеттік мерзімінің қалған кезеңіне сайланғаны туралы хабарлайды. Мәслихат сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі ішінде олардың құрамдарына…
-
Әулиекөл ауданы бойынша тіркелген баға бойынша тұрақтандыру қорынан өнімді өткізу туралы ақпарат
2026 жылғы 22 мамырдағы жағдай бойынша Новоселов ауылының «Мельник М.Н.» ЖК «Шанс» дүкенінде өңірлік тұрақтандыру қорынан тіркелген бағамен өнім бар: картоп – 30 кг бағасы 155 тг/кг қырықабат – 37 кг бағасы 92 тг/кг Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-auliekol-audany-akimat/press/news/details/1226788?lang=ru
-
Департамент қызметкерлері 2026 жылғы бірінші жартыжылдықта профилактикалық бақылау жүргізу жоспарына сәйкес Павлодар облысындағы білім беру ұйымдарына бару арқылы тексеру жұмыстарын жүргізді.
Департамент қызметкерлері 2026 жылғы бірінші жартыжылдықта профилактикалық бақылау жүргізу жоспарына сәйкес Павлодар облысындағы білім беру ұйымдарына бару арқылы тексеру жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, Железин ауданының «Еңбекші», «Озерный» және Ақтоғай ауданының «Шілікті» мектептерінде профилактикалық бақылау өткізілді.Тексеру қорытындысы бойынша аталған үш білім беру ұйымы мемлекеттік аттестаттаудан өтпеді. Сонымен қатар, анықталған кемшіліктерді жою бойынша білім беру ұйымдарына тиісті…
-
ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚСТАН МЕЙІРГЕР ІСІ МАМАНДАРЫНЫҢ IV СЪЕЗІ ӨТТІ
Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде «Білім беруге инвестиция – мейіргер ісінің тұрақты дамуы» атты Қазақстан мейіргер ісі мамандарының IV съезі өтті. Жиынды университет және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және «Мейіргер ісі мамандары» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Съездің басты мақсаты – мейіргерлік қызметтің халықаралық стандарттары мен үздік тәжірибелерін ұлттық денсаулық сақтау жүйесіне интеграциялауға…
