Автор: admin
-
ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ: ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ МҰҚТАЖДЫҚ ДЕҢГЕЙІНЕ ҚАРАЙ КӨРСЕТІЛЕДІ
Әлемдік тәжірибеде әлеуметтік қолдаудың атаулылығын қамтамасыз ету қағидаты кеңінен қолданылуда. Яғни жекелеген көмек түрлерін тағайындау кезінде азаматтың немесе отбасының материалдық жағдайы ескеріледі. Мұндай тәсілдің негізгі мақсаты – заңнамада белгіленген өлшемшарттарды ескере отырып, мемлекеттік көмекті оған шын мәнінде мұқтаж адамдарға көрсету. Мұқтаждықты бағалау тетіктері әр елде әртүрлі. Кейбір мемлекеттерде жәрдемақы алуға құқықты айқындау кезінде отбасының табысы…
-
Стационарлық ұйымдарда тұратын зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға зейнетақы және әлеуметтік төлемдерінің 30%-ы жеке қажетіне сақталады
Стационарлық ұйымдарда тұратын зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға зейнетақы және әлеуметтік төлемдерінің 30%-ы жеке қажетіне сақталады. Бұл – қолданыстағы норма. Қалған 70% қаражат азаматтардың қажеттілігіне: тұру жағдайын жақсартуға, қажетті тауарлар мен қосымша күтімге жұмсалады. Ұсынылып отырған өзгерістер осы 70% қаражатты пайдалану тәртібіне қатысты. Бұл ретте азаматтардың жеке қажетіне кемінде 30% төлем сақталады және ол күнкөріс…
-
Әлеуметтік қолдау ең алдымен оған шын мәнінде мұқтаж азаматтарға бағытталуы керек
Әлеуметтік қолдау ең алдымен оған шын мәнінде мұқтаж азаматтарға бағытталуы керек. 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап табысы жоғары азаматтарға мемлекеттік төлемнен ерікті түрде бас тарту мүмкіндігі беріледі. ▶️ Бұл қалай жүзеге асады? Толығырақ бейнематериалда. Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-enbek/press/news/details/1298650?lang=ru
-
Қазақстан Нью-Йоркте жасанды интеллект саласындағы кадр даярлау тәжірибесімен бөлісуде
Нью-Йорк, 2026 жылғы 24 қыркүйек – Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясында өтіп жатқан жоғары деңгейлі апталық шеңберінде Халықаралық электр байланысы одағы (ХЭО) ұйымдастырған AI Skills Coalition жоғары деңгейлі кездесуінде Қазақстан жасанды интеллект (ЖИ) саласындағы адами капиталды дамытудың ұлттық тәсілін таныстырды. Кездесуді ашқан ХЭО Бас хатшысы Дорин Богдан-Мартин жасанды интеллекттің қарқынды дамуы жағдайында…
-
РАЗЪЯСНИТЕЛЬНАЯ РАБОТА ПО ПРОФИЛАКТИКЕ КОРРУПЦИИ
В Нураталдинском сельском округе проведена профилактическая разъяснительная работа среди государственных служащих по вопросам профилактики и противодействия коррупции. В мероприятии принял участие член информационно-разъяснительной группы Карагандинской области Абишев Жомарт Сулейменович, который дал разъяснения государственным служащим по профилактике коррупционных рисков, соблюдению требований законодательства и соблюдению этических норм на государственной службе. В ходе встречи было уделено внимание вопросам…
-
Бақылау-қадағалау органдары бизнеске есеп берді!
Кәсіпкерлік кодексінің 131-1-бабына сәйкес, облыс әкімінің орынбасары Нұриддин Аманқұлдың төрағалығымен бақылау және қадағалау органдарының бизнес-қоғамдастық алдындағы жыл сайынғы бірыңғай есеп беру күні өтті. Негізгі мақсат – кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекет арасындағы өзара байланысты жақсарту, бизнестің құқықтық сауаттылығын арттыру және мемлекеттік бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша заңнаманың міндетті талаптары бұзушылықтарының жүйелі профилактикасын дамыту. Жиынға құқық қорғау…
-
САРЫАҒАШ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ XLVII СЕССИЯСЫНЫҢ УАҚЫТЫ ӨЗГЕРУ ТУРАЛЫ
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6, 10, 14-баптарына сәйкес, аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы және аудандық мәслихаттың кезекті қырық жетінші сессиясы 2026 жылғы 30 қыркүйекке белгіленген болатын. Осыған байланысты, аталған отырыстардың өткізілу күні мен уақытына өзгеріс енгізілгенін хабарлаймыз. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2026 жылғы 28…
-
ҚР АШМ: Қайтарылған жерлер одан әрі тиімді пайдаланылуы тиіс
Ауыл шаруашылығы министрлігі бұрын мемлекетке қайтарылған жерлерді облыстар бойынша кезең-кезеңімен қайта бөлудің жоспарын әзірлеп, бекітті. Оған сәйкес қайта бөлінбеген барлық қалған аумақтарды қамтиды және оларды кезең-кезеңімен әрі жедел түрде экономикалық айналымға енгізуді көздейді. Бұны ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов ОКҚ баспасөз мәслихатында айтты. Осы ретте әкімдіктер жерлерді одан әрі бөлу туралы…
-
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезіндегі қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарына көңіл айтты. Мемлекет басшысы Үкіметтік комиссияға оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті шаралар қабылдауды және қайтыс болған жандардың отбасына көмек көрсетуді тапсырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1298627?lang=ru
-
25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды
Мемлекет басшысының өкімімен Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2026 жылғы 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды. 2026 жылғы 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау барысында ауа райының күрт нашарлауы және желдің күшейуіне байланысты әскери қызметшілерді…
-
СҚО полицейлері «шулы» бес жүргізушіні жауапкершілікке тартты
«Мотоцикл» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері екі дөңгелекті көліктердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жұмысты күшейтті. Бір кешкі рейд барысында тәртіп сақшылары көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтаудың бес дерегін анықтады. Барлық жағдайда көлік иелері тиісті рұқсатсыз «тікелей ағынды» деп аталатын, яғни шығатын газдарға барынша аз қарсылық көрсететін және дыбысты қатты шығаратын…
-
Польша Парламентінде ортақ тарихи мұра мен Қазақстан–Польша қатынастарының даму перспективалары талқыланды
Варшава, 2026 жылғы 23 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 35 жылдығы және поляк халқының Қазақстанға депортацияланғанына 90 жыл толуына орай Польша Республикасы Парламентінде Қазақстан мен Польша арасындағы тарихи байланыстарға, ортақ тарихи жадыны сақтау мен дәріптеуге, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндіктеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Варшавадағы Елшілігі мен Польша Республикасы Сенаты…
-
Жалпыұлттық аза тұту күні
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2026 жылғы 24 қыркүйектегі № 334 өкімімен Қазақстан Республикасында Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты 2026 жылғы 25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту жарияланды. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Жалпыұлттық аза тұту күні бұқаралық ақпарат құралдарының, телерадио хабарларын тарату операторларының қызметін реттеу, ақпараттық интернет-ресурстарды,…
-
Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Ералы Тоғжанов Жызақ облысындағы қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу 1996 жылы құрылған Ұлттық «Достық үйі» орталығында өтті. Орталық ұлттық дәстүрлерді, тілді және мәдени мұраны сақтау мен дамытуға, сондай-ақ өскелең ұрпаққа мәдени-ағартушылық іс-шаралар ұйымдастыруға маңызды үлес қосып келеді. Бүгінде аталған бірлестік аясында қазақ, қырғыз, тәжік, татар, корей және орыс мәдени орталықтары жұмыс істейді. Олар этносаралық келісім мен өзара құрметті нығайтуға бағытталған орта қалыптастыруда. Ақпарат…
-
Ашық диалог – бірлескен жұмыстың негізі
Хмельницкий ауылдық округінде халықтың аудан әкімі Е.Қ. Жаровпен кездесуі өтті. Назар аударылған негізгі мәселелер – хмельницкийліктердің күнделікті өміріне тікелей әсер ететін жайттар. Кездесуге қатысушылар өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарымен бөлісті және алдағы жұмыстың басым бағыттарын айқындады. Денсаулық сақтау, білім беру, абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Талқылауға аудандық мәслихат төрағасы А.С. Асанова да қатысып,…
