Автор: Алатау Ахмет-Султан
-
Мерзімінен бір жыл бұрын: Жетісуда Мұқыры асуындағы республикалық маңызы бар автожолдың 21 шақырымдық учаскесі ашылды
Жетісу облысында Президенттің автожол инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында «Алматы – Өскемен» республикалық маңызы бар автожолдың Мұқыры асуындағы 21 шақырымдық учаскесі (213–234-км) жоспарланған мерзімнен бір жыл бұрын пайдалануға берілді, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Нысанның ресми төлқұжатына сәйкес, жол учаскесін пайдалануға беру мерзімі 2027 жылғы желтоқсанға белгіленген болатын. Алайда жол…
-
🍂 «КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ МЕН ХАНЗАДАСЫ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ 🍁
🍂 «КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ МЕН ХАНЗАДАСЫ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ 🍁 Ақсуат ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес, аудандық мектепке дейінгі ұйымдардың 4–5 жастағы тәрбиеленушілері арасында «Күз ханшайымы мен ханзадасы» байқауы Екпін ауылының Мәдениет үйінде өтті. Байқаудың негізгі мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін ашу, өнерге деген қызығушылығын арттыру, табиғатты сүюге және оның әсемдігін бағалай білуге тәрбиелеу.…
-
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА
Шахтинск қаласындағы Кеншілер мәдениет сарайында Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиында бірлік, отансүйгіштік және ел игілігі жолындағы адал еңбектің маңыздылығы атап өтілді. Іс-шара аясында бірқатар азаматқа лайықты марапаттар табысталды. Мерекелік көңіл күйді шығармашылық ұжымдардың өнері толықтырды. Құрметті жерлестер! Сіздерді Республика күнімен құттықтаймыз! Әр шаңыраққа амандық пен береке, елімізге өркендеу мен толайым табыс тілейміз!…
-
Атырауда медиаторларға арналған семинар өтіп жатыр
Атырауда «Бітімгершілік мәдениеті: қоғамдық келісім мен бірліктің негізі» республикалық форумы аясында «Медиация негіздері және қақтығыстарды басқару» атты екі күндік оқыту семинары басталды. 27-28 қазан күндері семинарға қатысушылар қақтығыстарды басқару дағдыларын жетілдіреді және дауларды бейбіт жолмен шешудің тәжірибелік тәсілдерін меңгереді. Бағдарлама аясында қатысушылар тәжірибе алмасып, тиімді диалог жүргізу жолдарын және қақтығыс кезінде екі тарапқа да қолайлы…
-
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «МАХАМБЕТ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫ
🏆 РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «МАХАМБЕТ ОҚУЛАРЫ» БАЙҚАУЫНДА АҚСУАТ АУДАНЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ! 2026 жылғы 21–22 қазан күндері Атырау қаласында 8–11-сынып оқушылары арасында дәстүрлі IV республикалық «Махамбет оқулары» байқауы өтті. Ұлттық руханиятты ұлықтау, өр рухты ақын Махамбет Өтемісұлының әдеби мұрасын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған республикалық байқауда Абай облысының намысын қорғаған Ақсуат ауданының екі оқушысы да жүлделі орындарға ие болды.…
-
ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ГРАНТТАРЫ
Шахтинск қаласында өз ісін ашу және дамытуға арналған конкурс қорытындысы бойынша сегіз жеңімпазға 2 миллион теңгеден грант табысталды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Бизнес-жобаларыңыздың сәтті жүзеге асуына, кәсіптеріңіздің өркендеуіне және жаңа жетістіктерге жетулеріңізге тілектеспіз! Бастамаларыңыз қала тұрғындарына пайдасын тигізіп, Шахтинск қаласының дамуына үлес қоссын! Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shahtinsk/press/news/details/1318349?lang=ru
-
Кәсіби бағдар берудегі цифрлық құралдар: EdooX.com платформасының мүмкіндіктеріне арналған вебин
2026 жылдың 27 қазанында Шығыс Қазақстан облысы мектептерінің педагог-кәсіби бағдар берушілері үшін оқушылардың кәсіби өзін-өзі айқындау процесіне цифрлық технологияларды енгізу мәселелеріне арналған практикалық онлайн-кездесу өтті. Іс-шара аясында EdooX білім беру платформасының командасы мектеп оқушыларының қызығушылықтары мен қабілеттерін кешенді талдауға, сондай-ақ оларды өзекті мамандықтардың ерекшеліктерімен таныстыруға арналған құралдар жиынтығымен таныстырды. Кездесу спикерлері – әдіскер-кәсіби бағдар беруші…
-
Заводской кенті тұрғындарымен кездесу
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk-zavodskoi/press/news/details/1318351?lang=ru
-
🚌 РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА АҚСУАТ АУДАНЫНА ЖАҢА МЕКТЕП АВТОБУСЫ БӨЛІНДІ
🚌 РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА АҚСУАТ АУДАНЫНА ЖАҢА МЕКТЕП АВТОБУСЫ БӨЛІНДІ Республика күні қарсаңында Абай облысының мектептеріне арналған 10 жаңа автобустың кілтін табыстау рәсімі өтті. Облыстық бюджет қаражаты есебінен сатып алынған 50 жаңа автобустың 10-ы биыл қала мен аудандардағы білім беру ұйымдарына беріледі. Соның ішінде Ақсуат ауданына 1 жаңа автобус бөлінді. Отандық өндірістегі автобустар қауіпсіздік белдіктерімен,…
-
Фискалдық чек — сіздің құжатыңыз және қорғанысыңыз!
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кез келген тауар сатып алғанда немесе қызметке төлем жасағанда сатушы міндетті түрде фискалдық чек (БКМ чегі) беруі тиіс екенін хабарлайды. Бұл қолма-қол ақшамен, картамен, QR-код арқылы және басқа да төлем тәсілдерімен есеп айырысуға қатысты. Фискалдық чек — ресми құжат, ол: – төлем жасалғанын растайды; – сатып алушы ретінде…
-
«Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баршамызға ортақ міндет» тақырыбында кездесу
Еңбекші ауылдық округінде 2026 жылдың 28 тамыз күні ауыл тұрғындары мен жастар арасында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баршамызға ортақ міндет» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шара барысында аппарат қызметкері Бурибаева Ардақ Сайламбаевна сөз сөйлеп, адалдық, әділдік, заңға құрметпен қарау және қоғамдағы жауапкершіліктің маңыздылығы туралы ой-пікірін ортаға салды. Кездесу барысында ауыл тұрғындары мен жастар өз пікірлерімен бөлісіп, қоғамдағы…
-
Целиноград ауданының әкімі Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Республика күніне орай Целиноград ауданында Республика күніне орайластырылған Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті. Целиноград ауданында «Рухани жаңғыру» саябағында Мемлекеттік Туды көтеру және Мемлекеттік Әнұранды орындау салтанатты рәсімі өтті. Іс-шараға аудан әкімі Дарын Сабырғалиұлы, мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының, бюджеттік ұйымдардың өкілдері және жастар қатысты. Мереке күні Дарын Сабырғалиұлы ауданның барлық тұрғындарына бақыт, бейбітшілік, жақсылық пен…
-
«Мансап компасы» – мамандық таңдауға және кәсіби жолды жоспарлауға көмектесетін платформа
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтарға «Мансап компасы» цифрлық платформасының мүмкіндіктерін еске салады. Бұл платформа оқушыларға, олардың ата-аналарына және ересек азаматтарға кәсіп таңдауға, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды білуге және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерімен танысуға көмектеседі. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша платформада 7-11-сыныптарда оқитын 34 596 оқушы кәсіби бағдарлау тестінен өткен. Тест нәтижесінде…
-
Алтай ауданының әкімі Е.Тураров әкімдер және дербес бөлімдер басшыларымен аппараттық кеңес өткізді.
Отырыс барысында ауылдық аумақтарды дамытуға, кәсіпкерлерді қолдауға және ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын артыруға бағытталған «Ауыл Аманаты» бағдарламасын іске асыруға қатысты ағымдағы мәселелер қаралды.Сондай-ақ, тұрғындарды иммундау, уақтылы профилактикалық екпелерді уақытында егу маңыздылығы және аудан тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту мәселелері талқыланды.Отырыс қорытындысы бойынша жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар берілді. Берілген тапсырмалардың сапалы және уақтылы орындалуына, сондай-ақ…
-
2026 жылғы 24-25 қазан күндері «Creative Aimaq» жобасы аясында Астана қаласында Шымкент қаласының күндері өтті
Іс-шара аясында Шымкент қаласының креативті индустрия өкілдерінің көрме/жәрмеңкесі, «Сақ» киностудиясының анимациялық фильмдерінің көрсетілімі (Айбынды аула, Тоқты мен Серке, Ахмет), «Қаратау» музыкалық ансамблінің концерттік бағдарламасы, Ж. Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының «О, қала!» атты мюзиклы, Alaqan,Qalam AI, QazTracker IT жобаларының таныстырылымы өткізілді. Іс-шараға Шымкент қаласының 20-дан аса шеберлері…
