Автор: Алатау Ахмет-Султан
-
12 жылдан кейін: Төрехан Сабырхан Азия ойындарының алтынын жеңіп алды
Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Төрехан Сабырхан Айчи–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі. Қазақстандық боксшы 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Финалдық жекпе-жекте Төрехан Сабырхан Иордания өкілі З. Ишашпен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен 5:0 есебімен сенімді жеңіске жетті. Бұл — Қазақстанның бокстан Азия…
-
Қанабек ауылының тұрғындарымен кездесу өтті!
2026 жылғы 8 қазан күні сағат 10:00-да Қанабек ауылында Жолбарыс батыр ауылдық округінің әкімі Андасбаев Сержан Ерболғанұлының ауыл тұрғындарымен тұрақты кезекті кездесуі өтті. Кездесу барысында ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, абаттандыру, инфрақұрылымды жақсарту және басқа да өзекті мәселелер талқыланды. Тұрғындар өз ұсыныстарын мен пікірлерін білдіріп, әкім тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-zholbarys-batyr/press/news/details/1307386?lang=ru
-
ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Өзбекстан Республикасы Президентінің әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңесшісі, Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық әлеуметтік қорғау агенттігінің директоры Мансурбек Оллоёровпен кездесу өткізді. Кездесу барысында екі бауырлас елдің әлеуметтік саладағы ынтымақтастығын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, олардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу, әлеуметтік…
-
Қызметтік әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде мемлекеттік қызметшілердің заңнама талаптары мен қызметтік әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз етуге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізілуде. Мемлекеттік қызметшілердің заңнамада белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына, мүдделер қақтығысына жол бермеуіне, мемлекеттік қызметке жауапкершілікпен қарауына және қызметтік міндеттерін атқару кезінде де, қызметтен тыс уақытта да мемлекеттік қызметтің…
-
Маңғыстау мен Корея медицина саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
Маңғыстау мен Корея медицина саласындағы ынтымақтастықты нығайтады Ақтау қаласында «ЖИ негізіндегі ақылды телемедицина: Корея Республикасы – Қазақстан» атты халықаралық симпозиум өтті. Іс-шара Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға, медициналық қызметке заманауи цифрлық технологияларды енгізуге және телемедицинаның мүмкіндіктерін кеңейтуге арналды. Симпозиумға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов,…
-
Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы 80 жылдығын атап өтті
Көкшетауда Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының 80 жылдығына арналған мерекелік кеш өтті. Сексен жыл ішінде филармония кәсіби өнерді дамытуға, ұлттық музыкалық дәстүрлерді сақтауға және талантты өнерпаздарды қолдауға зор үлес қосып, өңірдің мәдени өміріндегі маңызды өнер ордасына айналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құттықтау сәлемін ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Отарбаев жеткізді. Аймақ өнерпаздары Мемлекет…
-
Шортанды аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Сауле Садвакасовамен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп талаптарын, мінез-құлық қағидаларын және кәсіби мәдениетті сақтау мәселелері қаралды. Белгіленген мінез-құлық нормалары қызметтік міндеттерді орындауға ғана емес, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытынан тыс кезеңдегі мінез-құлқына да қатысты екені атап өтілді. Қатысушыларға мемлекеттік қызмет күнделікті өмірде жоғары жауапкершілікті және белгіленген нормаларды сақтауды талап ететіні түсіндірілді. Сыпайылық, ұстамдылық, әріптестер мен азаматтарға…
-
Қоқыс пен құрғақ шөпті жағу үшін салынатын айыппұл
Қаратал ауданының төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді«Қоқыс пен құрғақ шөпті жағу үшін салынатын айыппұл»Жеке тұрғын үйдің немесе ауыл шаруашылығы алқаптарының аумағын тазалау олардың иелері үшін елеулі жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Мұның барлығы өрт қауіпсіздігі талаптары мен қоршаған ортаны қорғау ережелеріне байланысты.Қоқыс пен құрғақ шөпті жағу – ауылдық жерлерде де, қалалардағы жеке секторларда және қала маңындағы аумақтарда да…
-
«Батыс Қазақстан Аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС-ның Жәнібек АЭТ-де қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері қаралды
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің БҚО боыйнша департаменті өндірістік жарақаттанудың алдын алуға және өңір жұмыс берушілерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстарды жалғастыруда. Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру аясында 08.10.2026 жылы Мемлекеттік еңбек инспекторымен «Батыс Қазақстан Аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС-ның Жәнібек АЭЖ-не ұжымында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуы мәселелері бойынша кездесу өткізілді. Кәсіпорын басшылығымен…
-
Мүгедектігі бар адамдарға арналған сәйкестік декларациясы туралы
Бүгін Сіздерге қолжетімді орта құру талаптары туралы айтқым келеді. Нысанның қолжетімділігі туралы айтқанда, ғимараттың кіреберісіне пандус немесе тұтқа орнату ғана жеткілікті емес. Мүгедектігі бар адамның ғимаратқа өз бетінше кіріп, оның ішінде еркін қозғалуы, сондай-ақ қажетті қызметтерді алуы маңызды. Осыған байланысты Құрылыс кодексіне сәйкес нысанды пайдалануға бергенге дейін халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін нысанның қолжетімділігіне сәйкестігі…
-
Моноқалаларды дамыту: Олжас Бектенов Президенттің Балқаш қаласындағы әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді
Премьер-министр Олжас Бектенов Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында Балқаш қаласына барды. Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың моноқаланы әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысады. Қарағанды облысы, оның ішінде Балқаш қаласы – еліміздің ірі өнеркәсіп орталықтарының бірі. Өңір экономикасының негізін тау-кен металлургия кешені құрайды. Негізгі өндіріс орындарын жаңғыртумен қатар жаңа бағыттарды, шағын және орта бизнесті,…
-
Ақтөбе облысында білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік шаралары күшейтіледі
Ақтөбе облысы полиция департаментінде білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша жеке күзет ұйымдарының басшыларымен жұмыс кеңесі өтті. Жиынға полиция департаменті бастығының орынбасары Ардана Саймағамбетов төрағалық етті. Кездесуде мектептер мен колледждердегі күзет қызметін ұйымдастыру, қызметкерлердің біліктілігі және қауіпсіздік жүйелерінің тиімді жұмыс істеуі мәселелері талқыланды. Жеке күзет ұйымдарына күзетшілерді іріктеу кезінде белгіленген талаптарды қатаң сақтау…
-
Кезекті «Еңбек шартын жасасыңыз!» іс-шарасы өткізілді
2026 жылдың 8 қазан күні «Еңбек шартын жасаңыздар!» шарасы аясында Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік еңбек инспекторымен кезекті шағын бизнес саласындағы жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесулер кәсіпкерлік субъектілері шоғырланған негізгі орындарда өткізілді, онда «еңбек шартынсыз жұмыс жасайтын» жалдамалы қызметкерлерді заңдастыру бойынша іс-шаралар талқыланды және еңбек мәдениетін…
-
Қызылорда облысындағы энергетикалық нысандардың жұмысы тексерілді
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Жалғас Шөгелбаев жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барып, өңірдегі энергетикалық инфрақұрылым нысандарының жұмысымен танысты. Жұмыс сапары барысында облыс орталығындағы электр қуаты 240 МВт және жылу қуаты 277 Гкал/сағ болатын жаңа электр станциясының жұмысымен танысты. Нысанда «Aksa Energy» ұжымымен кездесу өтті. Сондай-ақ станцияның негізгі және…
-
Жетісу облысында шетелдік қатысуы бар компанияның 2,3 мың гектардан астам жері мемлекетке қайтарылды
Жетісу облысында сот жалпы құны шамамен 50 млн теңгені құрайтын, шетелдік қатысуы бар жеке компанияның заңсыз иелігінде болған 2,3 мың гектар ауыл шаруашылығы жерін мемлекетке қайтару туралы шешім қабылдады. Жер заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау барысында аталған жер учаскелері иелігінде болған заңды тұлғаның құрылтайшылары Иранның үш азаматы екені анықталды. Жер учаскелері Ескелді ауданында орналасқан және…
