Автор: Алатау Ахмет-Султан
-
Ұстаздар күні құтты болсын!
Құрметті ұстаздар, білім саласының ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Елдің ертеңі мұғалімдерге тікелей байланысты. Сондықтан ұстаздың қоғамдағы орны бәрінен биік болуға тиіс», – деп атап өткен. Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілейміз! Шәкірттеріңіздің жетістігі…
-
Хабарлама
2026 жылғы 09 қазанда сағат 11:00-де Жітіқара ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Жітіқара аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтеді. Күн тәртібі: Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 348 “Жітіқара ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы” шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhitikara/press/news/details/1305330?lang=ru
-
Астанада қоғамдық көлікте жол жүру тарифін 150 теңге мөлшерінде белгілеу туралы
Астанада қоғамдық көлікте жол жүру тарифі 90 теңге мөлшерінде 2014 жылы белгіленген. Өткен 12 жыл ішінде жол жүру ақысы небәрі бір рет қайта қаралып, бүгінде 110 теңгені құрап отыр. Бұл ретте 2014 жылдан бері тасымалдаушылардың негізгі шығындары, атап айтқанда, жанармай, қосалқы бөлшектер мен жаңа автобустардың құны, сондай-ақ жүргізушілердің еңбекақысына жұмсалатын шығындар айтарлықтай өсті. Мәселен, 2014…
-
Құжатсыз жұмыс істеген: Астанада көлік полицейлері үш шетел азаматын анықтады
Жыл басынан бері Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзған 3043 шетел азаматын әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде 2801 шетел азаматы Қазақстан аумағында болу қағидаларын бұзған. Сот шешімдері бойынша 837 құқық бұзушы ел аумағынан шығарылды. Атап айтқанда, Астана станциясының теміржол вокзалы аумағында көліктегі полиция басқармасының қызметкерлері 22, 28 және 33 жастағы үш Өзбекстан азаматын анықтады.…
-
Құрметті Долинка кентінің тұрғындары!
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, облыстың барлық деңгейдегі әкімдерінің 2026 жылға арналған халықпен кездесулерінің икемді күнтізбесі әзірленді, оған сәйкес 2026 жылғы 16 қазанда сағат 16.00-де Долинка кентіндегі Шахтинск қаласының Кеншілер мәдениет сарайының филиалында Шахтинск қаласының әкімі Қыдырғанбеков Мұрат Есетұлының Долинка кентінің тұрғындарымен кездесуі өтеді.…
-
Құрметті Ескелді ауданың тұрғындары!
Құрметті Ескелді ауданың тұрғындары! Жергілікті бюджетте ағымдағы жылға қаражаттың толық игерілуіне және қосымша қаржының қарастырылмауына байланысты [Тұрғын үй сертификатын] беру 2027 жылға дейін тоқтатылғанын хабарлаймыз. Түсіністік танытқандарыңызға рақмет! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy/press/news/details/1305301?lang=ru
-
САУДА-САТТЫҚТЫ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
«Лисаков қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» ММ коммуналдық меншік объектілерін сату бойынша аукцион өткізеді. Сауда-саттық 2026 жылғы 21 қазанда сағат 10.00-де мемлекеттік мүлік Тізілімінің www.e-qazyna.kz веб-порталында өтеді. Коммуналдық меншік объектілерін сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Қосымша ақпаратты мына телефон бойынша: 87143334998. …
-
Құрметті Долинка кентінің тұрғындары!
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, облыстың барлық деңгейдегі әкімдерінің 2026 жылға арналған халықпен кездесулерінің икемді күнтізбесі әзірленді, оған сәйкес 2026 жылғы 16 қазанда сағат 16.00-де Долинка кентіндегі Шахтинск қаласының Кеншілер мәдениет сарайының филиалында Шахтинск қаласының әкімі Қыдырғанбеков Мұрат Есетұлының Долинка кентінің тұрғындарымен кездесуі өтеді. Қала әкіміне жеке сұрақ немесе шағым беруге ниет білдірген барлық…
-
Іргелес аумақтарды күтіп-ұстау талаптарын сақтау туралы ескерту
Құрметті кәсіпкерлер! Қала аумағының тиісті санитариялық және эстетикалық жағдайын қамтамасыз ету мақсатында Павлодар облысының жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларында, сондай-ақ Павлодар облысы қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларында белгіленген талаптарды сақтау қажеттігін еске саламыз. Ғимараттар мен құрылыстардың меншік иелері, сондай-ақ тиісті объектілер қарамағында болатын жеке және заңды тұлғалар ғимараттар мен құрылыстарды және оларға…
-
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының делегациясы Азия конституциялық соттары қауымдастығының VII Конгресіне қатысты
2026 жылғы 1-2 қазанда Самарқанд қаласында «Цифрландыру және жасанды интеллект жағдайындағы конституциялық сот төрелігі» тақырыбында Азия конституциялық соттары және баламалы институттар қауымдастығының (AACC) VII Конгресі өтті. Халықаралық форумға 20-дан астам мемлекеттің конституциялық және жоғарғы соттарының басшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ құқық саласындағы жетекші сарапшылар қатысты. Қазақстан Республикасының делегациясын ҚР Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов…
-
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы
Ұзынсу ауылындағы Абай көшесін жөндеу жұмыстары. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-ertis-agoshoryn/press/news/details/1305258?lang=ru
-
ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ
Ұстаздар күніне орай Үлкеншыған мектебінде мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Мерекелік кеш барысында ұстаздарға жылы лебіздер айтылып, олардың еңбегі ерекше атап өтілді.Округ әкімі Тумакбаев Еділ Асанұлы ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, бірқатар ұстаздарды Алғыс хаттармен марапаттады.Барша ұстаздарды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз еленіп, шәкірттеріңіздің жетістігіне қуанып, абыройларыңыз асқақтай берсін! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-panfilov-ulkenshagan/press/news/details/1305260?lang=ru
-
Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Швейцарияның Қазақстандағы Елшісі Кристина Хонеггер Золотухинмен кездесті
Кездесу барысында Ерлан Сәрсембаев Әділет министрлігінің қызметі, құқықтық реформалар, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру бойынша жұмыстың негізгі нәтижелерімен бөлісті. Тараптар өзара қызығушылық тудыратын өзекті мәселелерді талқылап, құқықтық саладағы Қазақстан-Швейцария ынтымақтастығын одан әрі дамытудың бағыттары жөнінде пікір алмасты. Кездесу соңында тараптар өткен пікір алмасу үшін алғыстарын білдіріп, екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға мүдделілігін растады. Ақпарат…
-
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің (бұдан әрі-әдеп кодексі) талаптарын сақтау мәселелері бойынша 2026 жылғы кезекті консультациялық көмек көрсету жөнінде іс-шара өткізілді
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1305262?lang=ru
-
МӘРТӨК АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Бүгін, 5 қазан күні аудандық мәслихат төрағасы Талғат Көлкебаевтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу тоғызыншы сессиясының отырысы өтті. Сессия отырысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімі Нұржан Мақсатов, аудан әкімінің орынбасары Дархан Тлеуов, сондай-ақ аудан әкімдігіне қарасты бөлімдердің басшылары қатысты. Күн тәртібіне ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына және жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруға қатысты маңызды мәселелер енгізілді:…
