Автор: Алатау Ахмет-Султан
-
ҚАЗАҚСТАНДА КОХЛЕАРЛЫҚ ИМПЛАНТЫ БАР БАЛАЛАРДЫ ҮЗДІКСІЗ ОҢАЛТУДЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ ЕНГІЗІЛУДЕ
Қазақстанда кохлеарлық импланты бар балалардың есту және сөйлеу қабілетін үздіксіз оңалтудың жаңа моделі енгізіліп жатыр. Бағдарламада қашықтан оңалту үшін цифрлық технологиялар қолданылады. Мультидисциплинарлық топ баланы сүйемелдеп, оның даму барысын тұрақты бақылап отырады. Негізгі мақсат – жекелеген қысқа мерзімді курстармен шектелмей, баланы жыл бойы үздіксіз сүйемелдеу. Бұл ретте оның жеке қажеттіліктері мен даму қарқыны ескеріледі. Әлемде…
-
Қазақстанда мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарының педагогтері марапатталды
Бүгін, Ұстаздар күні, мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарының педагогтері кәсіби жетістіктері, көп жылғы еңбегі және болашақ мамандарды даярлауға қосқан үлесі үшін ведомстволық наградалармен марапатталды. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ведомстволық наградалары 25 педагогке табысталды. Атап айтқанда, 5 оқытушы «Еңбек ардагері» медалімен, 4 педагог Ы.Алтынсарин атындағы медальмен, 9 педагог «Білім беру саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Тағы 7 педагогке…
-
Сарыарқада заңсыз граффитилер өшірілді
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Сарыарқа ауданында заңсыз граффитилерді жою акциясы өтті. Іс-шараға белсенді жастар мен полиция қызметкерлері , аудан әкімдігі қатысты. Акция барысында саябақтар, скверлер және коммуналдық нысандардағы рұқсатсыз жазулар өшірілді. Мамандардың айтуынша, граффитилер көбіне қоғамдық орындарда кездесіп, қала келбетіне нұқсан келтіреді. Полиция қызметкерлері құқық бұзушыларды анықтау жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді. Ұйымдастырушылар тұрғындарды ортақ…
-
Сұрыптаудан зат алмасуға дейін: Алматыда Recycle Бірге экологиялық акциясы өтті
Алматыда 4 қазанда Қазақстан-Британ техникалық университетінің алаңында Recycle Бірге экологиялық акциясы өтті. Қала тұрғындары қайталама шикізатты сұрыптауға өткізіп, өзара зат алмасып, экологиялық бастамалармен таныса алды. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС өкілдері хабарлады. Акцияның негізгі бағыттарының бірі – заттарды қайта пайдалану болды. Қатысушылар өздеріне қажет болмай қалған киім-кешек пен басқа да заттарды өзгелерге беріп, олардың пайдалану…
-
Құрметті ұстаздар! Қадірлі білім саласының ардагерлері!
Сіздерді 5 қазан — Ұстаздар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ұстаз – ұлт шамшырағы. Ұстаз – ұрпаққа білім мен тәрбие беріп, олардың болашағына бағыт-бағдар көрсететін, қоғамның дамуына өлшеусіз үлес қосатын қадірлі маман. Ұстаздың еңбегі – шәкірт жүрегіне жол тауып, оның тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін үлкен жауапкершілік пен зор құрметке ие қызмет. Бүгінде Ақтау қаласының…
-
Халықаралық дәрігер күні
Бүгін біз кәсіпқойлығы, білімі мен жауапкершілігі күнделікті ең құнды – адамның денсаулығы мен өмірін сақтауға көмектесетін дәрігерлерге шын жүректен алғыс айтамыз.Дәрігердің жұмысы терең білім мен тәжірибені ғана емес, сонымен қатар адамның ерекше қатысуын, шыдамдылығын және маңызды шешімдер қабылдау қабілетін қажет етеді.Еңбегі оңалту, медициналық-әлеуметтік сараптама және ерекше назар аударуды қажет ететін адамдарды қолдау мәселелерімен байланысты медициналық…
-
Ақтөбе облысында қысқы маусымға 2 млн тоннадан астам мал азығы дайындалды
Облыс әкімі Асхат Шахаров алдағы қысқы маусымға мал азығын әзірлеу кезеңіне қажетті жемшөп қорын толық қалыптастырып, өңірдің елді мекендерінде жем-шөп тапшылығына жол бермеуді тапсырды. Ауыл шаруашылығы құрылымдары мен жеке қосалқы шаруашылықтардың қысқы кезеңге дайындығы облыс әкімі төрағалық еткен аппарат мәжілісінде қаралды. Саланың қазіргі жағдайы, жем-шөп дайындау барысы және шаруашылықтардың қысқы маусымға дайындығы туралы ауыл…
-
Ардақты ұстаздар! Қадірлі білім саласының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұстаз жас ұрпаққа білім беріп қана қоймай, оның бойына адалдық, еңбекқорлық, жауапкершілік пен отансүйгіштік қасиеттерін сіңіреді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Адал азамат» идеясын жүзеге асыруда және елге қызмет ететін лайықты азаматтарды тәрбиелеуде сіздердің еңбектеріңіз айрықша маңызды. Бүгінде білім беру саласы қарқынды өзгеруде. Жасанды интеллект пен цифрлық…
-
АППАРАТ ЖИЫНЫ ӨТТІ
⚜️ Ойыл ауданының әкімі С. Займолдиннің төрағалығымен аппарат мәжілісінің отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары және тиісті сала жетекшілері қатысты. 🔸️ Аппарат отырысында ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалу барысы, «TAZA QAZAQSTAN» акциясының орындалуы, “КӨКЖАР” КМК нысандарының қысқы маусымға дайындығы және Ойыл ауданының 9 айдағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы туралы қаралды. 🔹️ ” КӨКЖАР” КМК…
-
Неліктен еңбек өтілі ұқсас адамдардың зейнетақы мөлшері әртүрлі болуы мүмкін?
Көп жағдайда зейнетке шыққан адамдар өздерінің төлемдерін туыстарының, достарының немесе бұрынғы әріптестерінің төлемдерімен салыстырып, мынадай сұрақ қояды: «Біз бірдей жыл жұмыс істедік, бір уақытта зейнетке шықтық, бірақ неге біреуінің зейнетақысы жоғары, ал екіншісінікі төмен?» Жауап мынада: бірдей еңбек өтілінің болуы өздігінен зейнетақы төлемдерінің бірдей мөлшерін білдірмейді. Мұнда еңбек өтілімен қатар, Зейнетақы қорына аударымдар жүргізілген табыс…
-
Кейбір адамдар үшін қабырғаға жазу немесе қала мүлкін бүлдіру жай ғана ермек болуы мүмкін
Бірақ осындай жазулардың артында бүлінген ғимарат, аула немесе тұрғындар күнделікті пайдаланатын қоғамдық кеңістік қалады. Рұқсатсыз салынған мұндай жазбалар – шығармашылықтың бір түрі емес, заң бұзушылық. Елорда – бәрімізге ортақ қала. Оның көркі мен тазалығын сақтау – тек коммуналдық қызметтердің ғана емес, әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз. Қаланы таза ұстап, ортақ мүлікке ұқыпты қарайық. Елорданы бірге аялайық, бірге…
-
Жаңасемей ауданы әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары Мұқыр, Шақаман және Бөкенші ауылдарында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында рейд жүргізді.
Рейд барысында ауыл аумақтарының санитарлық жағдайы зерделеніп, абаттандыру және тазалық жұмыстарының жүргізілу барысы бақылауға алынды. Сонымен қатар, кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындарына қоршаған ортаны таза ұстау, тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастамау, өздеріне тиесілі аумақтарды күтіп ұстау және санитарлық талаптарды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тазалық – ортақ жауапкершілік. Елді мекендердің көркейіп, таза әрі жайлы болуы әр…
-
«Ұстаз – ұлттың шамшырағы»
Аягөз ауданында Ұстаздар күніне орай «Ұстаз – ұлттың шамшырағы» атты аудандық салтанатты мерекелік жиын өтті. Мерекелік шара ұстаз еңбегін дәріптеп, педагог мәртебесін арттыруға және білім саласында еселі еңбек етіп жүрген ұстаздарға құрмет көрсетуге арналды. Салтанатты жиында Аягөз ауданының әкімі Айбек Серікболұлы Нұғымаров ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап, аудан әкімінің Алғыс хаттарын табыстады. Абай облысы білім…
-
Сарыарқа жаңаруда: 30-дан астам қоғамдық кеңістік және 170-тен астам жаңартылған аула
Сарыарқа ауданында кешенді абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Соңғы жылдары мұнда 30-дан астам қоғамдық кеңістік ашылып, 170-тен астам аулаға күрделі жөндеу жүргізілді. Тек 2026 жылдың өзінде 20 аула және 3 қоғамдық кеңістік абаттандырылды. Жұмыстар Агрогородок, Көктал-1 тұрғын алаптарында және Жеңіс даңғылында жүргізілді. Ірі жобалардың бірі – Республика даңғылынан Сарыарқа даңғылына дейінгі аралықтағы Кенесары көшесін реконструкциялау. Шамамен 20…
-
Мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
Мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру Мемлекеттік қызметтегі адалдық пен ашықтық — халық сенімінің негізі. Ақтөбе облысында мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, әдеп нормаларын сақтау және қызметтік жауапкершілікті арттыру бағытындағы жұмыстарға ерекше көңіл бөлінеді. Осы мақсатта мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде ресми жарияланымдар саны арттырылуда.…
