Автор: Алатау Ахмет-Султан
-
ӘУЕЗОВ АУДАНЫНДА МЕДИАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
Әуезов ауданында «Медиатор болу оңай ма?» тақырыбында семинар өтті. Іс-шара барысында медиацияның қоғамдағы рөлі, дауларды бейбіт жолмен шешу тетіктері және медиатор қызметінің ерекшеліктері талқыланды. Қатысушыларға медиация саласы бойынша тәжірибелік ақпарат беріліп, өзара пікір алмасуға мүмкіндік жасалды. Семинар құқықтық сауаттылықты арттыруға және даулы мәселелерді өзара келісім арқылы шешу мәдениетін дамытуға бағытталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1304388?lang=ru
-
Асхат Ажар мен Ерасыл Қажыбаев Қазақстан құрамасының сапында Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
Қазақстан құрамасы Азия ойындарында дзюдодан командалық бәсекеде күміс жүлдеге ие болды. Ел намысын командалық жарыста өңіріміздің спортшылары Асхат Ажар мен Ерасыл Қажыбаев қорғады. Қазақстандық дзюдошылар ширек финалда Қырғызстан құрамасын 4:2 есебімен жеңсе, жартылай финалда Оңтүстік Корея құрамасынан 4:3 есебімен басым түсті. Ал финалдық бәсекеде Жапония құрамасына есе жіберіп, жарысты екінші орынмен аяқтады. Осылайша, Асхат Ажар…
-
АҚСАЙ-3 ШАҒЫНАУДАНЫНДА ТҰРҒЫНДАР КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ
1 қазанда өткен халықпен кездесу барысында Ақсай-3 шағынауданының тұрғындары бірқатар өзекті мәселені көтерген болатын. Кездесу барысында аудан әкімі көтерілген мәселелерді жергілікті жерде зерделеу үшін аумаққа арнайы шығатынын жеткізді. Бүгін аудан әкімі Ақсай-3 шағынауданына барып, тұрғындармен бірге аталған мәселелерді орнында қарады. Аумақты аралау барысында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, мәселелерді шешу жолдары талқыланды. Қорытындысы бойынша жауапты бөлімдерге көтерілген…
-
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында Таугүл-1 шағынауданында кезекті сенбілік өтті
Бүгін Әуезов ауданында «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Таугүл-1 шағынауданында кезекті сенбілік өтті. Тазалық жұмыстарына 300-ден астам адам қатысты. Коммуналдық қызметтер тарапынан 50 жұмысшы, 8 арнайы техника жұмылдырылып, 300 дана құрал-сайман пайдаланылды. Нәтижесінде 60 м³ қоқыс шығарылды. Ауданымыздың тазалығы мен көркеюіне үлес қосқан барша қатысушыларға алғыс білдіреміз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1304392?lang=ru
-
ШЫМКЕНТТЕ «STREET FOOD FEST» ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
Шымкентте қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлаған ауқымды гастрономиялық фестиваль өтті. «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырған «Street Food Fest» шарасы Этно-ауыл кешенінің аумағында өтіп, қаладағы тағам индустриясының үздік өкілдерін бір алаңға жинады. Фестивальдің мақсаты – заманауи көше тағамдары мәдениетін дамыту, жергілікті кәсіпкерлердің өнімдерін кеңінен таныстыру және Шымкенттің гастрономиялық әрі туристік әлеуетін көрсету. Сонымен…
-
Министр ІІМ-нің үздік жас офицерлерімен кездесті
Ішкі істер министрі Ержан Саденов оқу үлгерімінде жоғары нәтиже көрсетіп, қазіргі таңда ішкі істер органдарының бөліністерінде қызмет атқарып жүрген жас офицерлермен кездесті. Олардың қатарында ІІМ-нің ведомстволық жоғары оқу орындарын, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің жолдамасымен шетелдік оқу орындарын үздік бітірген түлектер бар. Кездесу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскери және арнаулы…
-
Экология министрі Алматы қаласы мен Алматы облысындағы табиғат қорғау мекемелерінің жұмысымен танысты
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі А. Қуантыров Алматы қаласы мен Алматы облысына жұмыс сапары барысында бірқатар табиғат қорғау және экологиялық мекемелерді аралады. Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «Алма-Арасан» бақылау-өткізу пунктінде министрге КПП-ны автоматтандыру жүйесінің жұмысы көрсетілді. «Аю-сай» визит-орталығында табиғи аумақтарды қорғау, экологиялық ағарту және экотуризмді дамыту мәселелері қаралды. Бас ботаникалық бақ Бас ботаникалық…
-
«Таза Қазақстан»: Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойынан кейін ауқымды тазалық жұмысы жүргізілді
Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына арналған дүбірлі тойдан кейін «Көкбастау» атшабары аумағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында ауқымды тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Акцияға еріктілер, жастар мен мерейтойға жиналған көпшілік атсалысты. Нәтижесінде 10,65 гектар аумақтан 7 тоннаға жуық қоқыс шығарылды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Мерекелік шарада санитарлық тазалыққа ерекше мән…
-
Зеренда әр елден келген 1500 жүгіру әуесқойын біріктірді
Зерендада бесінші халықаралық ZERENDA HALF MARATHON өтіп, оған 1500-ге жуық қатысушы жиналды. Жарыстың халықаралық мәртебесі оның маңызын арттыра түсті. Жүгіру World Athletics сертификаттаған, халықаралық стандарттарға сай және қашықтықтың дәлдігін қамтамасыз ететін трассаларда өтті. Сөреге Қазақстан, Ресей, Германия, Польша, Италия, Словения, Венгрия, Ұлыбритания, АҚШ, Беларусь және Өзбекстаннан келген кәсіби спортшылар мен белсенді өмір салтын ұстанатын әуесқойлар…
-
Көкжайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды
2026 жылғы 3 қазанда Көкжайлауда Алматы жастары мен студенттерінің қатысуымен ауқымды экологиялық акция өтті. Іс-шара барысында 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды. Акцияға Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі А.С. Қуантыров, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, «Kazakh Tourism Development Ltd.» өкілдері, жастар, студенттер мен ғылыми қауымдастық өкілдері қатысты. Экологиялық акция Almaty SuperSki жобасы аясында…
-
СУ ДОБЫНАН ҚАЗАҚСТАН ЕРЛЕР КОМАНДАСЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА КҮМІС МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ
Аичи-Нагоядағы жазғы Азия ойындарында су добынан Қазақстан ерлер командасы шешуші ойынын өткізді. Финалда құрлық фавориттері Қазақстан мен Жапония командасы кім мықтыны анықтады. Тартысқа толы матч жарыс қожайынының пайдасына шешілді. Есеп: 7-24. Осылайша, Қазақстан жарысты 2-орында аяқтады. Қазір Қазақстан еншісінде ойындардың 12 алтын, 24 күміс, 46 қола медалі бар. Ватерпол – әр жазғы Азиадада Қазақстан тұрақты…
-
КӨРКЕМ ГИМНАСТИКА: ТОПТЫҚ САЙЫСТАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ АЗИАДАНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕСІН ЕНШІЛЕДІ
Аичи-Нагоядағы жазғы Азия ойындарында көркем гимнастикадан топтық сайыста жеңімпаздар анықталды. Бұл сында Қазақстан намысын Жасмин Жүнісбаева, Аида Хакимжанова, Мадина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова және Кристина Чепульская қорғады. Финалда аруларымыз 5 доп сайысында 25.450 ұпай жинаса, 3 шығыршық пен 2 ұршық жаттығуында 26.100 ұпайға ие болды. Жалпы нәтиже: 🥇🇨🇳Қытай – 55.300 ұпай🥈🇯🇵Жапония – 52.500 ұпай🥉🇰🇿Қазақстан – 51.500…
-
НИЛУФАР РАИМОВА ЖАПОНИЯДАҒЫ ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА ҚОЛА МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
ХХ жазғы Азия ойындарында әйелдер күресінен Қазақстан командасының қоржыны қола жүлдемен толықты. Отандасымыз Нилуфар Раимова -57 кг салмақта медаль үшін белдесуде Нетми Ахинса Фернандо Порутотагеден (Шри-Ланка) мықты екенін дәлелдеді. Осыған дейін 53 кг дейінгі салмақта қола жүлдеге таласқан Шұғыла Өмірбек қытайлық қарсыласы Жин Жанға есе жіберіп, жарысты 5-орында аяқтады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1304374?lang=ru
-
IT Aiel және Aqyl Tech жобалары аясында 33 мыңнан астам адам білім алды
Астанадағы AI & Digital Bridge 2026 алаңында «IT Aiel» және «Aqyl Tech» білім беру жобаларының нәтижелері жарияланды. Екі жоба бойынша 33 мыңнан астам адам цифрлық технологиялар мен қаржылық сауатты меңгеріп, технология саласындағы білімін жетілдірді. Жобалар ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранты аясында іске асырылып келеді. Оларды Astana Hub-пен әріптестікте…
-
Ербол Дербісов Түпқараған ауданының әкімі болып тағайындалды
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен Ербол Қалымұлы Дербісов Түпқараған ауданының әкімі лауазымына тағайындалды. Ербол Қалымұлы 1986 жылы туған, білімі жоғары, 2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Заңгер» бакалавры мамандығы бойынша және 2010 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Құқықтану» магистрі мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2010 жылы «Каспий-Ак» жауапкершілігі…
