Автор: Алатау Ахмет-Султан
-
«Таза Қазақстан»: Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойынан кейін ауқымды тазалық жұмысы жүргізілді
Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына арналған дүбірлі тойдан кейін «Көкбастау» атшабары аумағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында ауқымды тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Акцияға еріктілер, жастар мен мерейтойға жиналған көпшілік атсалысты. Нәтижесінде 10,65 гектар аумақтан 7 тоннаға жуық қоқыс шығарылды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Мерекелік шарада санитарлық тазалыққа ерекше мән…
-
Зеренда әр елден келген 1500 жүгіру әуесқойын біріктірді
Зерендада бесінші халықаралық ZERENDA HALF MARATHON өтіп, оған 1500-ге жуық қатысушы жиналды. Жарыстың халықаралық мәртебесі оның маңызын арттыра түсті. Жүгіру World Athletics сертификаттаған, халықаралық стандарттарға сай және қашықтықтың дәлдігін қамтамасыз ететін трассаларда өтті. Сөреге Қазақстан, Ресей, Германия, Польша, Италия, Словения, Венгрия, Ұлыбритания, АҚШ, Беларусь және Өзбекстаннан келген кәсіби спортшылар мен белсенді өмір салтын ұстанатын әуесқойлар…
-
Көкжайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды
2026 жылғы 3 қазанда Көкжайлауда Алматы жастары мен студенттерінің қатысуымен ауқымды экологиялық акция өтті. Іс-шара барысында 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды. Акцияға Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі А.С. Қуантыров, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, «Kazakh Tourism Development Ltd.» өкілдері, жастар, студенттер мен ғылыми қауымдастық өкілдері қатысты. Экологиялық акция Almaty SuperSki жобасы аясында…
-
СУ ДОБЫНАН ҚАЗАҚСТАН ЕРЛЕР КОМАНДАСЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА КҮМІС МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ
Аичи-Нагоядағы жазғы Азия ойындарында су добынан Қазақстан ерлер командасы шешуші ойынын өткізді. Финалда құрлық фавориттері Қазақстан мен Жапония командасы кім мықтыны анықтады. Тартысқа толы матч жарыс қожайынының пайдасына шешілді. Есеп: 7-24. Осылайша, Қазақстан жарысты 2-орында аяқтады. Қазір Қазақстан еншісінде ойындардың 12 алтын, 24 күміс, 46 қола медалі бар. Ватерпол – әр жазғы Азиадада Қазақстан тұрақты…
-
КӨРКЕМ ГИМНАСТИКА: ТОПТЫҚ САЙЫСТАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ АЗИАДАНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕСІН ЕНШІЛЕДІ
Аичи-Нагоядағы жазғы Азия ойындарында көркем гимнастикадан топтық сайыста жеңімпаздар анықталды. Бұл сында Қазақстан намысын Жасмин Жүнісбаева, Аида Хакимжанова, Мадина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова және Кристина Чепульская қорғады. Финалда аруларымыз 5 доп сайысында 25.450 ұпай жинаса, 3 шығыршық пен 2 ұршық жаттығуында 26.100 ұпайға ие болды. Жалпы нәтиже: 🥇🇨🇳Қытай – 55.300 ұпай🥈🇯🇵Жапония – 52.500 ұпай🥉🇰🇿Қазақстан – 51.500…
-
НИЛУФАР РАИМОВА ЖАПОНИЯДАҒЫ ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА ҚОЛА МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
ХХ жазғы Азия ойындарында әйелдер күресінен Қазақстан командасының қоржыны қола жүлдемен толықты. Отандасымыз Нилуфар Раимова -57 кг салмақта медаль үшін белдесуде Нетми Ахинса Фернандо Порутотагеден (Шри-Ланка) мықты екенін дәлелдеді. Осыған дейін 53 кг дейінгі салмақта қола жүлдеге таласқан Шұғыла Өмірбек қытайлық қарсыласы Жин Жанға есе жіберіп, жарысты 5-орында аяқтады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1304374?lang=ru
-
IT Aiel және Aqyl Tech жобалары аясында 33 мыңнан астам адам білім алды
Астанадағы AI & Digital Bridge 2026 алаңында «IT Aiel» және «Aqyl Tech» білім беру жобаларының нәтижелері жарияланды. Екі жоба бойынша 33 мыңнан астам адам цифрлық технологиялар мен қаржылық сауатты меңгеріп, технология саласындағы білімін жетілдірді. Жобалар ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранты аясында іске асырылып келеді. Оларды Astana Hub-пен әріптестікте…
-
Ербол Дербісов Түпқараған ауданының әкімі болып тағайындалды
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен Ербол Қалымұлы Дербісов Түпқараған ауданының әкімі лауазымына тағайындалды. Ербол Қалымұлы 1986 жылы туған, білімі жоғары, 2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Заңгер» бакалавры мамандығы бойынша және 2010 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Құқықтану» магистрі мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2010 жылы «Каспий-Ак» жауапкершілігі…
-
Жайсаң ауылындағы ұзақ жыл бос тұрған ғимарат балабақшаға айналды
Ақтөбе облысы Мәртөк ауданына қарасты Жайсаң ауылында ұзақ жыл бос тұрған ғимарат қайта жаңғыртылып, балабақша ретінде пайдалануға берілді. Жеке кәсіпкер Гүлжанат Тасмағамбетова 14 жылдан бері бала психологі болып жұмыс істейді. Балалармен жұмыс істеудегі көп жылғы тәжірибесі оны жеке кәсіп ашуға жетелеген. Кәсіпкер өз қаражатына бұрынғы кеңшар ғимаратын толық жөндеуден өткізіп, айналасын абаттандырып, мектепке дейінгі…
-
Ерғали Скендиров Маңғыстау ауданының әкімі болып тағайындалды
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен Ерғали Сисенғалиұлы Скендиров Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының әкімі лауазымына тағайындалды. Ерғали Сисенғалиұлы 1983 жылы туған, білім жоғары, 2006 жыл «Тұран-Астана» университетінің «Құқықтану» бакалавры мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2007 жылы «Резерв» мемлекеттік республикалық кәсіпорнының «Автоматика» филиалында өндірістік-пайдалану бөлімінің бастығы болып бастады. 2008 жылы «Резерв» мемлекеттік…
-
Зерендіде халықаралық марафонға 11 елден 1,5 мыңға жуық қатысушы жиналды
Зерендіде бесінші мерейтойлық ZERENDA HALF MARATHON халықаралық марафоны өтіп, оған Қазақстанның әр өңірінен және 10 шет елден 1,5 мыңға жуық спортшы қатысты. Жарысқа Ресей, Германия, Польша, Италия, Словения, Венгрия, Ұлыбритания, АҚШ, Беларусь және Өзбекстаннан қатысушылар келді. Спортшылар Зеренді көлінің маңындағы көркем табиғат аясында алты түрлі қашықтық бойынша бақ сынады. Бағдарламада балалар жарысы, 21,1 шақырымдық жартылай…
-
Жасанды интеллект – технологиялық дамудың жаңа кезеңі
Қазіргі таңда жасанды интеллект әлемдегі технологиялық және экономикалық өзгерістердің маңызды қозғаушы күштерінің біріне айналып отыр. Оның мүмкіндіктері өндіріс, ғылым, білім, медицина, мемлекеттік басқару және шығармашылық индустриялар сияқты көптеген салаларды қамтиды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектінің қарқынды дамуы жаңа мүмкіндіктермен қатар, жауапкершілікті де талап ететінін атап келеді. Президент 2026 жылды Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект…
-
ДЗЮДОДАН ҚАЗАҚСТАН КОМАНДАСЫ ХХ ЖАЗҒЫ АЗИАДАНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
Жапонияның Аичи халықаралық аренасында дзюдодан ХХ жазғы Азия ойындарында аралас командалық сайыстағы (микст) финалы аяқталды. Бас жүлде жолында Қазақстан командасы жарыс қожайынымен шеберлік байқасты. Аса тартысты кездесуде жапон палуандары басым түсті. Есеп: 0-4. Бүгін Қазақстан құрамасының сапында Ғұсман Қырғызбаев, Бақытжан Абдурахманов (екеуі -73 кг), Меруерт Сәрсенова, Дана Әбдірова (екеуі -57 кг), Айдар Арапов (-90 кг),…
-
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ НҰРҚОЖА ҚАЙПАНОВ АИЧИ-НАГОЯДАҒЫ ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА ҚОЛА ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ
ХХ жазғы Азия ойындарында еркін күрестен Қазақстан командасының қоржынына тағы бір қола медаль түсті. Отандасымыз Нұрқожа Қайпанов (-74 кг) қола медаль үшін белдесуде Үндістан өкілі Сагар Жагланды айқын басымдықпен жеңді. Есеп: 5-0. Енді біраздан соң әйелдер күресінен Шұғыла Өмірбек (-53 кг) пен Нилуфар Раимова (-57 кг) қола жүлдеге таласады. Фото: Нұрғали ЖҰМАҒАЗЫ Ақпарат көзі :…
-
Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады
Исатай ауданының Томан ауылында 80 орындық балабақша қараша айында пайдалануға беріледі. Қазір нысанның құрылысы толық аяқталып, мектепке дейінгі ұйымды ашуға қажетті құжаттар рәсімделіп жатыр, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Аумағы 2 209,2 шаршы метр болатын балабақша төрт топқа есептелген. Ғимаратта балаларға арналған топтық бөлмелермен қатар, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға қажетті кабинеттер мен қосалқы бөлмелер қарастырылған.…
