Автор: Алатау Ахмет-Султан
-
Астанада «Kazakhstan Prevention Days – 2026» ауқымды халықаралық көрмесі өтті
Заманауи технологиялар, жасанды интеллект және құқық бұзушылықтардың алдын алудың инновациялық тәсілдері – 17 қазанда Астана қаласындағы Alem.AI халықаралық орталығында өткен «Kazakhstan Prevention Days – 2026» ауқымды көрмесінің басты назарында болды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасымен жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру және «Заң мен Тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында ұйымдастырылды. Көрменің басты…
-
ІІМ: Тоғыз айда хабар-ошарсыз кеткен 17 мыңнан астам азаматтың жүрген жері анықталды
Ішкі істер министрлігі “Заң мен Тәртіп” қағидаты аясында қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда. 5 қазаннан бастап бүкіл ел аумағында “Қауіпсіз үй” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның басты мақсаты – тұрғын үй секторындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, полиция мен халық арасындағы өзара байланысты нығайту. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері шамамен 249…
-
📢 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
Алматы облысы Әділет департаментінің Іле ауданының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі филиалы «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» іс-шарасын өткізуде! Жоба аясында азаматтарға тегін білікті құқықтық көмек пен кеңес беріледі. 🗓️ Күні: 2026 жылғы 30 қазан⏰ Уақыты: 09:00 – 17:30📍 Мекенжайы: Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Гагарин көшесі 1А. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-alm/press/news/details/1318525?lang=ru
-
ТЖМ-де қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға дайындық мәселелері қаралды
Бүгін Төтенше жағдайлар вице-министрі Рамиль Камаловтың төрағалығымен азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін қысқы кезеңге дайындау мәселелеріне арналған Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Бейнебайланыс режимінде өткен отырысқа орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, өңір әкімдерінің орынбасарлары, ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің басшылары және мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты. Отырыс барысында энергетика…
-
ТАЗАЛЫҚ ӨЗІМІЗДЕН БАСТАЛАДЫ: ҚҰТҚАРУШЫЛАР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫН ҚОЛДАЙДЫ
Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде тазалықты сақтау, аумақтарды абаттандыру және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысу жалғасуда. Акция аясында Департаменттің жеке құрамы мен құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері қызметтік ғимараттар мен оларға іргелес аумақтарды тазалау жұмыстарын жүргізді. Қызметкерлер тұрмыстық қалдықтарды жинап, аумақтарды қураған шөп пен түскен жапырақтардан тазартты, сондай-ақ айналаны ретке…
-
ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 🏆
ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 🏆 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті ұйымдастырған мемлекеттік қызметшілер арасындағы «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» атты пікірсайыс турнирінде ауданымыздың абыройын асқақтатқан әріптестерімді қабылдап, жеңістерімен құттықтадым. Аталған турнирге 16 командадан 48 қатысушы қатысып, өзара бақ сынады. Тартысты додада Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлерінен құралған «ПАРАСАТ» командасы жүлделі…
-
ҚАЛА ЖОЛДАРЫНДАҒЫ ҚОЗҒАЛЫС ҚОЛАЙЛЫЛЫҒЫ АРТАДЫ
Түркістан қаласында көлік қозғалысын реттеу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Б. Саттарханов даңғылы мен Шекті Тілеу көшесінің қиылысында жаңа жол ашу жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында Б. Саттарханов даңғылының жанама көшесінен негізгі жолға тікелей шығу мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар, Шымкент қаласы бағытынан келе жатқан автокөліктердің даңғылдан солға бұрылуына жағдай жасалады. Аталған жұмыстар көлік қозғалысын оңтайландыруға,…
-
РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ СПОРТТЫҚ ЖАРЫС ӨТКІЗІЛДІ
2026 жылы 27 қазанда Шымкент қаласында «18 қазан – Рухани келісім күніне» орай діни бірлестіктер арасында кіші футболдан чемпионат ұйымдастырылды.Іс-шараның мақсаты – діни бірлестіктер арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, татулық пен бірлікті дәріптеу және салауатты өмір салтын насихаттау.Спорттық дода Шымкент қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен «Аламан» спорт кешенінде өтті. Бірлік бар жерде – тірлік…
-
ТҮРКІСТАНДА АБАТТАНДЫРУ ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ТЕКСЕРІЛДІ
1 шілдеден бастап Қазақстанда абаттандыру қағидаларына енгізілген өзгерістерге сәйкес, жеке тұрғын үй мен коммерциялық нысан иелері өз аумағымен қатар, оған іргелес 5 метрге дейінгі аумақтың тазалығы мен күтіп-ұсталуына жауапты. Жаңа талаптарға сәйкес, тұрғындар мен кәсіпкерлік нысан иелері іргелес аумақты қоқыстан, арамшөптен, қар мен мұздан тазартуға міндетті. Қоршау сыртында құрылыс материалдарын, отын, тыңайтқыш, тіркеме және көлік…
-
📢 ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
Алматы облысы Әділет департаментінің “Іле ауданының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі” филиалы «ӘДІЛЕТ КЕҢЕС БЕРЕДІ» іс-шарасын өткізеді! Іс-шара аясында азаматтарға тегін білікті құқықтық көмек пен кеңес беріледі. 🗓️ Күні: 2026 жылғы 28 қазан ⏰ Уақыты: 10:00 📍 Өтетін орны: Алматы облысы, Өтеген батыр ауылы, Титова көшесі 16В. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-alm/press/news/details/1318516?lang=ru
-
ТЕГІСШІЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Сарыағаш ауданының әкімі Абдуллаев Арман Айдарұлының Тегісшіл ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі 2026 жылғы 10 қараша сағат 12:00-де Мәдениет елді мекеніндегі мәдениет үйі ғимаратында сонымен қатар, аудан әкімінің жеке қабылдауы кездесуден кейін өтетінін хабарлаймыз. Аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылу…
-
«Еңбек жолы» конкурсы және «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі конкурсының лауреаттары марапаттау
Жұмысшы кәсіптерін көтермелеу және танымал ету мақсатында жыл сайын «Еңбек жолы» конкурсы және «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі конкурсы өткізіледі. Өңірлік деңгейде «Еңбек жолы» конкурсының «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясына Уәлиханов ауыл шаруашылығы колледжінің өндірістік оқыту шебері Роза Садыққызы Құсбекова қатысты. Роза Садыққызы құрметті 2 орынға ие болды. «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі конкурсының өңірлік турының…
-
Құқығынан айыру жазасы мерзімінің аяқталуына бір жыл ғана қалған болатын: жолда мас жүргізуші ұсталды
Ақмола облысында полицейлер елорданың 38 жастағы тұрғынын ұстады, ол бұрын жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан, қайтадан мас күйінде көлік жүргізді. Енді құқық бұзушы қылмыстық жауапкершілікке тартылады.Демалыс және мереке күндері Ақмола облысының патрульдік полиция бөлімшелері күшейтілген режимде қызмет атқарды. Жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және ЖҚЕ бұзушылықтарының жолын кесуге, оның ішінде мас күйінде көлік құралдарын басқаруға…
-
АУДАН АУМАҒЫНДА КЕЗЕКТІ АРАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІМ
АУДАН АУМАҒЫНДА КЕЗЕКТІ АРАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІМ Бүгін Әл-Фараби ауданы аумағындағы Күншығыс, 17 және Теріскей шағынаудандарын аралап, тұрғындар үшін өзекті мәселелердің жай-күйімен таныстым. Аралау барысында салынып жатқан балалар ойын алаңшаларының құрылыс жұмыстарын, ирригациялық жүйелердің жағдайын, көшелер мен аулаларды жарықтандыру, гараждар мен автотұрақтарға қатысты мәселелерді зерделедім. Аталған аумақтардағы инфрақұрылым нысандарының қазіргі жағдайына назар аударып, анықталған кемшіліктерді жою…
-
🔹 «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП»: «ӘДІЛЕТ КЕҢЕС БЕРЕДІ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА АЗАМАТТАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Алматы облысы Әділет департаментінің Еңбекшіқазақ ауданының ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімінің филиалы «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз ету және азаматтарға өзекті құқықтық мәселелер бойынша түсініктемелер беру. Акция барысында азаматтарға атқарушылық іс жүргізу, сот актілерін орындау тәртібі,…
