Автор: Алатау Ахмет-Султан
-
12 жылдан кейін: Төрехан Сабырхан Азия ойындарының алтынын жеңіп алды
Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Төрехан Сабырхан Айчи–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі. Қазақстандық боксшы 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Финалдық жекпе-жекте Төрехан Сабырхан Иордания өкілі З. Ишашпен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен 5:0 есебімен сенімді жеңіске жетті. Бұл — Қазақстанның бокстан Азия…
-
Ақмола облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында іс-шаралар өтті
2026 жылғы 2 қазанда Қорғалжын ауылының А. Шабатов атындағы орталық алаңында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Таза өлке – жарқын болашақ!». Акцияға 200-ден астам адам қатысты, олардың арасында аудан тұрғындары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, мәслихат депутаттары, ардагерлер, жұртшылық өкілдері, жастар, еріктілер, мұғалімдер мен мектеп оқушылары болды. Сағат 10:00-де Қорғалжын ауданының әкімі Алин Алмас Аяновичтің…
-
«ҮШ ДӘУІР – БІР ОТБАСЫ» — ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫН САҚТАҒАН САЙЫС
1 қазан – Халықаралық қарттар күнін атап өту жөніндегі аудандық апталық жоспарға сәйкес, Отырар аудандық «Белсенді ұзақ өмір» КММ ғимаратында «Үш дәуір – бір отбасы» тақырыбында ардагерлер және немерелер арасында ұлттық ойындардан сайыс ұйымдастырылды.Аталған іс-шараның басты мақсаты – ата-әже, ана және немере арасындағы байланысты нығайту, ұрпақтар сабақтастығын дәріптеу, ұлттық құндылықтарымызды насихаттау және ардагерлердің белсенді өмір…
-
Жалақы уақытында төленбесе, жұмысшы қайда жүгінуі керек және жұмыс берушіге қандай жауапкершілік қарастырылған?
Жалақыны уақытылы әрі толық төлеу – жұмыс берушінің басты міндеттерінің бірі және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 113-бабына сәйкес, жалақыны айына кемінде бір рет және келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленуге тиіс. Төлемнің нақты күні еңбек немесе ұжымдық шартта белгіленеді. Егер белгіленген төлем күні демалыс не мереке күніне сәйкес келсе,…
-
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАРМЕН БІРГЕ БІР КҮН ӨТКІЗІП, ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Халықаралық қарттар күніне орай өңірдің ардагерлерімен мерекелік күнді бірге өткізді. Таңғы зияраттан басталған жүздесу мерекелік шараға жалғасып, облыс әкімі күні бойы аға буын өкілдерінің ортасында болды. Ардагерлермен емен-жарқын әңгімелесіп, олардың ақыл-кеңесіне құлақ асып, ақ батасын алды. Мерекелік күн Түркістанның төріндегі Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен басталды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров ардагерлерді…
-
Ең ірі AI-хакатон HackAlem AI әлемдік рекорд орнатты: Қазақстанға GUINNESS WORLD RECORDS сертификаты табысталды
AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумында GUINNESS WORLD RECORDS ресми төрешісі Гленн Поллард Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиевке HackAlem AI хакатонының қатысушылар саны бойынша әлемдік рекордын растайтын сертификатты табыстады. Сертификатты табыстау рәсімі AI-экономиканы дамытуға қажетті инфрақұрылым, инвестициялар, адами капитал және халықаралық әріптестік мәселелеріне арналған The New…
-
Елордалық теннисшілер жұптық сында Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында елордалық теннисшілер Юлия Путинцева мен Анна Данилина әйелдер арасындағы жұптық сында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Жартылай финалда Қазақстан жұбы Қытай Тайбэйінің өкілдері Се Шувэй мен Лян Эньшомен кездесті. Тартысты өткен матчтың екі партиясы да тай-брейкпен аяқталды – 6:7 (3:7),…
-
Алматы облысында әлеуметтік тұрғын үйге бөлінген 101 млн теңгені жымқырған үш адам сотталды
Райымбек ауданының прокуратурасы әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға тұрғын үй сатып алудың заңдылығына талдау жүргізді. Талдау барысында 2019–2024 жылдар аралығында жалпы сомасы 596 млн теңгеден астам қаражатқа 55 тұрғын үй сатып алуға бағытталған мемлекеттік сатып алулар қамтылды. Талдау нәтижесінде тұрғын үй құнын негізсіз көтеріп, кейін бюджет қаражатын қолма-қол ақшаға айналдыру және схемаға қатысушылар арасында бөлу фактілері…
-
Алматыда кітапхана ісіне жасанды интеллектіні енгізу мәселесі талқыланды
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Жасанды интеллект дәуіріндегі кітапхана: цифрлық трансформация және жаңа мүмкіндіктер» атты екі күндік семинар-тренинг өтті. Іс-шара Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру аясында ұйымдастырылды. Қатысушылар кітапхана ісінде жасанды интеллектіні пайдалану, кітап қорларын цифрландыру, электрондық кітапханалар мен заманауи цифрлық қызметтерді дамыту мәселелерін талқылады.…
-
🇰🇿 ЕҢБЕК МИНИСТРЛІГІ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРДЫ ОҢАЛТУДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТЕДІ
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде ҚР Президентінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі Алексей Цойдың, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың, Денсаулық сақтау министрлігі мен бейінді ұйымдар өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. Кеңес барысында мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың техникалық құралдарымен (ОТҚ) және жеке гигиена құралдарымен қамтамасыз ету, ұсынылатын бұйымдардың сапасын арттыру, өнім…
-
ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҚОҒАМ АУЫЛ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы Қоғам ауыл округінің тұрғындарымен кездесіп, ағымдағы жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде баяндады.Кездесу барысында аудан басшысы ауыл округіндегі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және абаттандыру салаларында жүзеге асқан жұмыстарды атап өтті.Ағымдағы жылы Қоғам ауылындағы Қ.Нарымбетов көшесі мен Мыңшұңқыр ауылындағы Көктөбе көшесіне асфальт төсеу, балалар ойын алаңшаларын…
-
Елімізде 100 жастан асқан 44 зейнеткер бар
Елімізде 100 жастан асқан 44 зейнеткер бар 1 қазан – Қазақстанда Қарттар күні атап өтіледі. Бұл айтулы дата – аға буынның өмірлік тәжірибесі мен атқарған еңбегін ұлықтайтын күн. Бүгінде олардың басым бөлігі – зейнеткерлер. Қарттардың әрқайсысының артында адал еңбек, пен еліміздің қалыптасу кезеңдеріндегі тарихи үлесі жатыр. Қазіргі таңда республика бойынша 2,4 миллионнан астам…
-
ШҚО ормандарында шамамен 76 млн ағаш отырғызу жоспарлануда
Шығыс Қазақстан облысының орман шаруашылықтарына қарасты аумақтарда ағаш отырғызу жұмысы жалғасып жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Мерхат Әміров мәлімдеді. Шығыс Қазақстан – еліміздегі орман қоры мол өңірлердің бірі. Жалпы аумақ 3 млн. гектарды құрайды. Бұл облыс аумағының 30,9 пайызына тең. Мемлекет…
-
Астанада жасанды интеллект дәуіріндегі телекоммуникациялық инфрақұрылымның болашағы талқыланды
AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумы аясында Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті ұйымдастырған «ЖИ дәуіріндегі телекоммуникациялық инфрақұрылым» атты панельдік сессия өтті. Кездесу жасанды интеллект технологияларын белсенді енгізу жағдайында байланыс желілерін трансформациялаудың басты сын-қатерлері мен келешегін талқылау үшін Қазақстанның ірі телекоммуникация операторларының басшыларын, халықаралық сарапшылар мен мемлекеттік орган өкілдерін тоғыстырды. …
-
Бикен Римова атындағы академиялық драма театрының 2026 жылдың қазан айына арналған репертуары
Бикен Римова атындағы академиялық драма театрының 2026 жылдың қазан айына арналған репертуары Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1303733?lang=ru
