Автор: Алатау Ахмет-Султан
-
Аймақ басшысы Бәйгеқұм және Еңбекші ауылдарының тұрғындарымен кездесті
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Шиелі ауданына жұмыс сапары кезінде Бәйгеқұм және Еңбекші ауылдарының тұрғындарымен кездесті.Онда елді мекендердің инфрақұрылымын, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік салаларын дамыту,халықтың тұрмыс сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.Ауылдық округтерде көшелерге асфальт төселген, аяқсумен қамтылған және жарықтандырылған. Тұрғындар мал ұстайды, кәсіпкерлікпен айналысады.Кездесуде айтылған ұсыныс-пікірлер бойынша жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.Аймақ…
-
Протездік – ортопедиялық құралдарды, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарды және арнайы жүріп-тұру құралдарын алған күннен бастап ауыстыру мерзімдері
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-abay/press/news/details/1303346?lang=ru
-
1 қазан – Халықаралық қарттар күні!
Осы айтулы күнге орай, Жолбарыс батыр ауылдық округінің әкімі С. Андасбаев ауылымыздың ардақты әжесі Сагымбаева Сахария әжеміздің шаңырағына арнайы барып, құрмет көрсетті.Сахария әжеміз – көпбалалы ана, «Алтын алқа» иегері, ғибратты ғұмырымен кейінгі ұрпаққа өнеге болып отырған ардақты жан. 95 жасқа жуықтап қалған әжеміздің өмір жолы – отбасыға деген сүйіспеншіліктің, еңбектің және төзімнің жарқын үлгісі.Ақ жаулықты…
-
«ЫСТЫҚ ҚАЙРАТ, НҰРЛЫ АҚЫЛ, ЖЫЛЫ ЖҮРЕК» мемлекеттік қызметшілер арасындағы пікірсайыс дебаты
Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының қызметкерлері мемлекеттік қызметшілер арасында «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» тақырыбында ұйымдастырылған пікірсайыс дебатына қатысты. Іс-шара мемлекеттік қызметшілер арасында сыни ойлау қабілетін, өз ойын дәлелді жеткізу дағдыларын, көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін, командалық өзара іс-қимылды және жалпыға ортақ моральдық-этикалық құндылықтарды дамытуға бағытталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-ugz/press/news/details/1303348?lang=ru
-
ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨСЕТІЛДІ
Отырар ауданында 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай мерекелік шара өтті.Мерекелік шараға аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы мен аудандық мәслихат төрағасы Уәлихан Ұзақов қатысып, ақ жаулықты әжелер мен ардақты ақсақалдарды мерекемен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тіледі. Шара барысында ауданның қазыналы қарттарына құрмет көрсетіліп, олардың ел дамуына қосқан еңбегі мен өмірлік…
-
❗️Дауылды ескерту
3–5 қазан аралығында Ақтөбе облысында ауа райы күрт өзгереді. 🌧️❄️ 3–4 қазанда жаңбыр, қар күтіледі. Облыстың батысы мен солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. 💨 Желдің екпіні 15–20 м/с, кей жерлерде 23–28 м/с дейін күшейеді. 🌡️ Ауа температурасы төмендейді: түнде 0–7° жылы, кей жерлерде 2–5° аязға дейін. 🏙️ Ақтөбе қаласында 3–4 қазанда жаңбыр, қар және…
-
ХАЛЫҚПЕН ДИАЛОГ: ТҰРҒЫНДАРДЫ КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
Азаматтардың арыз-шағымдарына жедел үн қату, ашықтық пен қолжетімділік — мемлекеттік басқарудың басты басымдығы.Бүгін Еңбекші ауданының әкімі кезекті жеке қабылдау өткізіп, тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелерін тыңдады. Қабылдау барысында әлеуметтік қолдау, білім беру инфрақұрылымы, инженерлік желілер мен жол сапасы, балалар ойын алаңдары мен аяқжолдар салу сияқты түйткілді мәселелер көтеріліп, әрбір өтініш бойынша тиісті ақпарат берілді. Сонымен…
-
«Гулливердің» Ұлттық ұланға саяхаты: Шымкентте 47 өлшемді аяқ киім киетін сарбаз қызмет етеді
Қатардағы Денис Мухин Шымкент қаласындағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінде қызмет атқарады. Бойы екі метрге жуық сарбаздың аяқ киім өлшемі – 47. 19 жастағы әскери қызметші Алматы облысынан мерзімді әскери қызметке шақырылған. Әскерге дейін Талғар политехникалық колледжін «автоэлектрик» мамандығы бойынша тәмамдаған. Денис бала кезінен волейболмен айналысқан. Тоғызыншы сыныпта-ақ 45 өлшемді аяқ киім киді.…
-
ШҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Жампеисов Рауан Асылханұлы Шығыс Қазақстан облысының Ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. Рауан Жампеисов 1983 жылы Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 2006 жылы бастаған. Әр жылдары Глубокое ауданында түрлі лауазымдарда еңбек етті. Шығыс Қазақстан облысының қоғамдық даму және ішкі саясат басқармаларында басшының орынбасары, Самар ауданы әкімі аппаратының…
-
Қонаев: Шеңгелдіде ауыз су желілері жаңартылады
Қосқұдық ауылының тұрғындарымен кездескен Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов Шеңгелді ауылдық округіндегі инфрақұрылымды дамыту жоспарларын таныстырды. Кездесуде ауыз сумен қамту, газдандыру, жол, абаттандыру және қоғамдық қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Басты жобалардың бірі – Шеңгелді, Кербұлақ және Сарыбұлақ ауылдарындағы ауыз су желілерін қайта құру. Жоба мемлекеттік сараптамадан өтіп, биыл жұмыстарды бастау жоспарланған. Реконструкция сумен қамту жүйесінің тұрақтылығын…
-
Қарттар күні құтты болсын! Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Департаменттің бұрынғы қызметкері Зинаида Георгиевна Косареваны құттықтады.
Қарттар күні құтты болсын! Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Департаменттің бұрынғы қызметкері Зинаида Георгиевна Косареваны құттықтады. Зинаида Георгиевна өзінің 40 жылдық еңбек жолын медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) саласына арнады. Еңбек еткен жылдары ол халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуына елеулі үлес қосып, жоғары кәсібилігін, жауапкершілігін және өз ісіне деген…
-
Қостанай облысында Қарттар күні атап өтілді
Қостанай облысында Қарттар күні атап өтілді 1 қазан күні Қостанай облысында Қарттар күніне арналған іс-шаралар өтті. Облыстың қалалары мен аудандарындағы мәдениет үйлерінде аға буын өкілдеріне арналған мерекелік концерттер, шығармашылық кездесулер және тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырылды. Қонақтарға музыкалық бағдарламалар, құттықтаулар мен олардың еңбегіне, өмірлік тәжірибесіне және өңірдің дамуына қосқан үлесіне алғыс білдіретін жылы лебіздер ұсынылды. Қарттарға ерекше…
-
Ғасыр жасаған ақсақалға құрмет: Яхия атамызға ізгі тілек
Қарттар күніне орай Сырдария ауданы полиция бөлімінің басшылығы мен Ардагерлер кеңесінің төрағасы Еспенбетов Марат 104 жастағы Яхия атамыздың шаңырағына арнайы барып, мерекесімен құттықтады. Кездесу барысында ақсақалға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық пен береке тілеп, ізгі ниеттерін білдірді. Ғасырдан астам ғұмыр кешіп, өмірдің талай белесін артқа тастаған Яхия атамыздың өнегелі өмір жолы – кейінгі ұрпаққа…
-
Азық-түлік тиелген жүк көліктері Ақтөбеден елордаға жол тартты
Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері Астана қаласында өтетін «Дала дәмі» жәрмеңкесіне 200 тоннадан астам өнім жөнелтті. Азық-түлік өнімдері елорда тұрғындарына нарықтағы бағадан 15-20 пайызға төмен бағамен ұсынылады. Ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген автокеруен 30 қыркүйекте Ақтөбеден Астанаға жолға шықты. 3-4 қазан күндері жәрмеңке Қарқаралы-1 тас жолы бойындағы «Ипподром» алаңында өтеді. Жәрмеңкеге облыстың 12 ауданынан және…
-
Өңір басшысы халықаралық конференцияға келген түркі елдерінің ғалымдарын қабылдады
Облыс әкімі Асхат Шахаров «Түркі халықтарының рухани мұрасы әлемдік өркениет аясында: «Қобыланды батыр» жыры» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға қатысушы ғалымдармен кездесті. Жүздесуде облыс әкімі халықаралық конференцияға арнайы келген ғалымдарға ризашылығын білдірді. «Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Ресей Федерациясының Башқұртстан мен сонау Саха елінен келген ғалымдардың бір ортада бас қосуы — халықтарымыздың ортақ тарихи-мәдени мұрасын зерттеудегі…
