Автор: Алатау Ахмет-Султан
-
МАРАТ ПАШИМОВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН ЖҰМЫС КЕҢЕСІН ӨТКІЗДІ
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов қаладағы медициналық ұйымдардың басшыларымен жұмыс кеңесін өткізді. Кеңес барысында денсаулық сақтау жүйесін дамыту, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ медициналық ұйымдардың жұмысын жетілдіру мәселелері талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша алдағы міндеттер айқындалып, тиісті тапсырмалар берілді. Басты мақсат — медициналық көмектің сапасын арттырып, оны пациенттер үшін барынша…
-
Халықаралық қарттар күніне орай Әуезов ауданында «Әжемнің құймағы» аспаздық фестивалі өтті
ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ – ОТБАСЫЛЫҚ ДӘСТҮРДІҢ ЖАЛҒАСЫ Халықаралық қарттар күніне орай Әуезов ауданында «Әжемнің құймағы» аспаздық фестивалі өтті. Алматы технологиялық колледжінде ұйымдастырылған шараға «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубының тәрбиеленушілері мен аға буын өкілдері қатысты. Кәсіби аспаздың шеберлік сағаты барысында балалар құймақ дайындаудың қыр-сырын меңгеріп, кейін өздерінің ерекше рецептері бойынша бақ сынады. Фестиваль жас ұрпақты аспаз мамандығымен таныстырумен…
-
ҚАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Әуезов ауданындағы «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет орталығында Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік концерт өтті. Мерекелік бағдарламада Қазақстан Республикасының мемлекеттік «Салтанат» би ансамблі, «Салд Саунд» фольклорлық ансамблі және қазақ эстрадасының жұлдыздары өнер көрсетті. Шара барысында аға буын өкілдеріне құрмет көрсетіліп, өнерпаздар әсем ән мен биден шашу шашып, ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады. Үлкенге құрмет көрсету – халқымыздың асыл…
-
ӘУЕЗОВ АУДАНЫНДА ЗАҢСЫЗ ОРНАЛАСТЫРЫЛҒАН САУДА НЫСАНДАРЫ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Әуезов ауданында заңсыз орналастырылған стационарлық емес сауда нысандарына қатысты жұмыс тетігін жетілдіру мәселесі бойынша кеңес өтті. Жиынға Алматы қаласы Жер ресурстарын басқару департаментінің, Қала құрылысын бақылау басқармасының, Әуезов аудандық полиция басқармасының, Әуезов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының, Әуезов аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының, сондай-ақ «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ өкілдері қатысты. Кеңес барысында аудан аумағындағы заңсыз орналастырылған…
-
Астрахан облысында Дина Нұрпейісованың 165 жылдығы атап өтілді
2026 жылғы 30 қыркүйекте Астрахан облысы Володар ауданы Козлово ауылының «Дружба» саябағында көрнекті қазақ күйшісі және композитор Дина Нұрпейісованың туғанына 165 жыл толуына орай домбырашылардың ауқымды акциясы өтті. Құрманғазы атындағы өңірлік мәдени орталығы ұйымдастырған іс-шарада әр түрлі жастағы 100-ден астам музыкант Дина Нұрпейісованың әйгілі «Той бастар» күйін орындады. Іс-шараға Құрманғазы мәдени орталығының әртістері, Астрахан өнер…
-
Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасының Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Марапаттау салтанатында Мемлекет басшысы Президент Франк-Вальтер Штайнмайердің Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға сүбелі үлес қосқанын атап өтті. – Сіздің парасатты басшылығыңыз, берік ұстанымыңыз және диалог пен бірлікке бейілдігіңіз зор құрметке лайық. Бұл Германияға әлемдегі серіктестерінің сенімін күшейтіп, ықпалдастыққа жол ашты. Бүгінде Германия – өндірісте, ғылым мен технологияда көш бастаған, дамуы қарқынды инновациялық елдердің бірі,…
-
Қазақстан Республикасының Президенті мен Германия Федеративтік Республикасы Президентінің Бірлескен Декларациясы
Германия Федеративтік Республикасының Президенті Жоғары Мәртебелі Франк-Вальтер Штайнмайер мырзаның шақыруы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Жоғары Мәртебелі Қасым-Жомарт Тоқаев мырза 2026 жылғы 29-30 қыркүйекте Германия Федеративтік Республикасына ресми сапар жасады. Осыған орай екі Президент мынадай Бірлескен декларацияны қабылдайды: Президенттер Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасында қалыптасқан табысты ынтымақтастықты жоғары бағалайды. Отыз жылдан…
-
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстан-Германия бизнес форумына қатысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев және Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстан-Германия бизнес форумында сөз сөйледі. Басқосуға екі елдің іскерлік топ өкілдері қатысты. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Германия ұзақ жылдар бойы өзара құрмет пен практикалық ықпалдастық негізінде берік байланыстарды жолға қойғанын айтты. – Қазақстан Германияны уақыт тезінен өткен сенімді стратегиялық серіктес ретінде қарастырады. Біз Германияның экономикалық жетістіктеріне және өнеркәсіп мәдениетіне…
-
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Канцлер Фридрих Мерцпен келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы ыстық ықыласы үшін Германия Канцлеріне ризашылығын білдірді. Тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға бейіл екенін растады. Екі ел үкіметтері өзара ықпалдастықты кеңейтуге барынша жағдай жасайтыны атап өтілді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Германия Қазақстанның басты сауда серіктестерінің және жетекші инвесторлардың қатарына кіреді. Өнеркәсіп, аса маңызды минералдар, көлік және логистика, цифрлық технологиялар, сондай-ақ…
-
Қазақстан мен Қасиетті Тақтың II Бірлескен коллоквиумы «Денсаулық пен бейбітшілік жолындағы күш-жігерді біріктіру: осал балаларды қорғау – ортақ басымдық»
2026 жылғы 2-3 қазанда Астана қаласында Қазақстанның Конфессияаралық және дінаралық диалог халықаралық орталығы мен Қасиетті Тақтың Дінаралық диалог жөніндегі Дикастериясы ұйымдастыратын «Денсаулық пен бейбітшілік жолындағы күш-жігерді біріктіру: осал балаларды қорғау – ортақ басымдық» тақырыбындағы II Бірлескен коллоквиум өтеді. Коллоквиум Қазақстан Республикасының Вице-Президенті – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы Ерлан Қариннің және Қасиетті…
-
Қазақстан мен ГФР президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Германия Федеративтік Республикасының Қорғаныс министрлігінде Берлинге ресми сапармен келген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты қарсы алу рәсімі өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Салтанатты іс-шара аяқталғаннан кейін мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізу үшін Германия Федералдық Президентінің резиденциясына барды. Қасым-Жомарт Тоқаев резиденциядағы…
-
Өскеменде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ертіс өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы басталды
Шығыс Қазақстан облысының орталығында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей тапсырмасы бойынша Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылысы басталды. Көпір өткелі айналма жол айрығынан Серікбаев көшесінің жалғасы ретінде салынады. Көпір Серікбаев көшесін айналма жолдан ары қарай жалғастыратын жолдың құрамына кіреді. Жобаны жүзеге асыруға екі жыл мерзім қарастырылған. Жаңа жол алты жолақты болады. Оның өткізу…
-
Мемлекеттік қызметшілер арасындағы дебат турнирі
Жітіқара ауданының әкімдігінде мемлекеттік қызметшілер арасында дебат турнирі өтті. Алты команда – «Адалдық», «Парасат», «Әділет», «Ақиқат», «Бірлік», «Точка зрения» үздік атағы үшін күресті. Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қызметтік әдеп, мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өз ұстанымдарын білдірді және дәлелді түрде қорғады. Барлық қатысушылар көпшілік алдында сөйлеу, сыни тұрғыдан ойлау, өз пікірін дәлелдеу, өз ұстанымын…
-
Қарты бар үйдің — қазынасы бар!
Құрметті ауылымыздың ардақты ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелері! Сіздерді Қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 🌷 Сіздер — ауылымыздың ақылшысы, кейінгі ұрпаққа бағыт-бағдар берер өнегелі жандарсыздар. Ақ баталарыңыз бен ізгі тілектеріңіз әр шаңыраққа береке, әр жүрекке жылу сыйлайды. Сіздерге ең алдымен мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен береке тілейміз. Балаларыңыздың қуанышын, немере-шөберелеріңіздің қызығын көріп, әрдайым…
-
Қызмет ардагері: абырой мен кәсібилік жолы
1 қазан – Қарттар күніне орай Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшы құрамы азаматтық қорғау органдарының ардагері Насретдин Зайдович Балтыновты мерекемен құттықтады. Насретдин Зайдовичтің азаматтық қорғау саласындағы еңбек жолы 1983 жылы басталған. Қызмет жылдарында күрделі және ірі өрттерді сөндіруге қатысып, жауапты сәттерде жедел шешім қабылдай білетін білікті маман әрі басшы ретінде танылды. Әр жылдары инженер,…
