Автор: Алатау Ахмет-Султан
-
Тауда тыныштық. Ал бақылау тоқтамайды
Жоңғар Алатауының биік таулары мен орманды алқаптарында табиғат өз ырғағымен өмір сүріп жатыр. Ал осы тыныштықтың артында мемлекеттік инспекторлардың күнделікті еңбегі бар. Мамандар аумақты аралап, табиғи учаскелердің жағдайын бақылайды, жабайы жануарлардың қозғалысын қадағалайды және фототұзақтарды орнатады. Кейде бірнеше күндік бақылаудың нәтижесі бір ғана кадрдан көрінеді. Бұл жолы камера объективіне орманның кішкентай тұрғыны — тиін түсті.…
-
Талғар аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінде техникалық сабақ өткізілді.
2026 жылғы 09 қазанында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ-ның Алматы облысы бойынша филиалының Талғар аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау мәселелері бойынша техникалық сабақ өтті.Техникалық сабақ барысында зейнетақы төлемдерін және жәрдемақыларды тағайындауға ұсынылатын құжаттардың шынайлығына және толықтығына қабылдау, көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту және мемлекеттік қызмет көрсетуде мерзімдерді сақтау…
-
Аудан әкімі Ернар Есіркепов Қайыңды ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады.
Аудан әкімі Ернар Есіркепов Қайыңды ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады. Кездесуде тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, көтерілген мәселелер бақылауға алынды. Соңғы жылдары округке инфрақұрылымын дамытуға 1,9 млрд теңгеге жуық қаражат бағытталды. Ақыртөбе-Тереңөзек-Қайыңды автомобиль жолы жөнделіп, Қайыңды ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді. Сөгеті мен Мамай ауылдарында су қабылдағыш және су құбыры желілері іске қосылды. Сонымен қатар,…
-
Тоғыз айда 117 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқудан өтті
2026 жылдың тоғыз айында Skills Enbek онлайн-платформасында 114,8 мыңнан астам адам оқудан өтті. Олардың шамамен 47%-ы – ауылдық елді мекендердің тұрғындары. Оқуды аяқтағандардың 43,3 мыңы – жұмыссыз азаматтар. Оның ішінде 16-34 жас аралығындағы 12,3 мың жас және ауыл тұрғындарының 23,5 мыңы бар, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Skills Enbek азаматтарға қосымша…
-
Абай бол – абзал жан!
Түркістан облысында Түлкібас, Сайрам, Мақтаарал, Жетісай, Шардара аудандық орталық ауруханалардың қызметкерлеріне арналған терроризм қаупі туындаған кезде жасалуы тиіс алгоритм және террористік тұрғыдан осал объектілерге қойылатын талаптарды түсіндіру бойынша семинар өткізілді. Іс-шараға аудандық ҰҚК қызметкерлері мен аудандық ТҚК мүшелері арнайы қатыстырылды және ҚР ҰҚК ТҚО Штабымен ұсынылған террористік қауіптердің түрлері мен оларға қарсы әрекет ету алгоритм…
-
Ақмола облысында «Қауіпсіз үй» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды
Ақмола облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған «Қауіпсіз үй» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Іс-шараны облыс прокуратурасы Ақмола облысының Полиция департаментімен бірлесіп ұйымдастырды. Іс-шараның ашылуына облыс прокурорының бірінші орынбасары М.А. Ешімов, Полиция департаменті бастығының орынбасары А.А. Қызбикенов, сондай-ақ ішкі істер органдарының жеке құрамы және басқа да…
-
Алға ауданының әкімі А. Шүйіншәлиев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Азаматтарды жеке қабылдау барысында Алға ауданының әкімі А.С. Шүйіншәлиев аудан тұрғындарының өтініштерін қарады. Қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үй мәселелері, әлеуметтік қолдау және басқа да өзекті мәселелер бойынша өз өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді. Әрбір өтініш мұқият тыңдалып, заң талаптары аясында жан-жақты қаралды. Кездесу барысында көтерілген бірқатар мәселелер бойынша тұрғындарға тиісті түсініктемелер берілді. Қосымша зерделеуді қажет ететін…
-
ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ!
Отырар ауданында шәкірттеріне білім нәрін беріп, өмірге жол сілтейтін ұлағатты ұстаздардың кәсіби мерекесіне арналған ауқымды мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік кеште «Отырар өнер және саз мектебінің» оркестрі жиналған көпшілікті күмбірлеген күймен қарсы алды. Аудандағы білім беру ұйымдары дайындаған арнайы көрмелер ұсынылып, қонақтар ұстаздардың шығармашылық жетістіктерімен танысты. Салтанатты жиынды аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы мен аудандық мәслихат төрағасы…
-
Аудан әкімі Ернар Есіркепов Тереңөзек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады.
Аудан әкімі Ернар Есіркепов Тереңөзек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады. Кездесуде тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, көтерілген мәселелер бақылауға алынды. Соңғы жылдары округке инфрақұрылымын дамытуға 540 млн.теңгеге жуық қаражат бағытталды. Ақыртөбе-Тереңөзек-Қайыңды автомобиль жолы жөнделіп, Шолақ-Қайыңды ауылына газ құбыры мен газ тарту желілерінің құрылысы жүзеге асырылды. Сонымен қатар, ауылішілік көшелер жөнделіп, көше жарықтандыру жұмыстары жүзеге асырылды.…
-
Емелдің үлкен саяхаты: тазқара балапанының алғашқы ұшулары
«Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің кішкентай қанатты тұрғыны үлкен саяхатқа шықты! Таныс болыңыздар, бұл — Емел есімді тазқара балапаны! Қазір оның алғашқы еркін ұшулары мен табиғи ортаға бейімделу кезеңі спутниктік құрылғы арқылы бақыланып жатыр. Емел қайда ұшып жүр? Спутниктік трекинг картасындағы сары сызықтар оның қозғалыс бағыттарын көрсетеді. Жас тазқара Басши мен Ақтөбе маңын, Қапшағай су…
-
Айыппұл берешегі — кездесу назарында
Ұлытау облысының Полиция департаментінде айыппұлдар бойынша берешекті өндіріп алу және «Қорғау» ақпараттық жүйесімен жұмыс мәселелері талқыланды. Департамент бастығының орынбасары Болат Рыспеков өткізген кездесуге жеке сот орындаушылары қатысты. Отырыста полиция қызметкерлері мен жеке сот орындаушыларының берешекті өндіріп алу бағытындағы өзара іс-қимылына назар аударылды. Кездесу осы жұмыстың екі қырын — ақпараттық жүйені пайдалануды және төленбеген айыппұлдарды өндіріп…
-
Табиғатқа ғұмыр арнағандар: Үстіртке арналған 24 жыл
Үстірттің ұлан-ғайыр даласы мен қайталанбас табиғатын қорғау — үлкен жауапкершілік. Осы жауапты істі өмірлік мұратына айналдырған жандардың бірі — Рзаев Берік Жеткізгенұлы. Ол 2002 жылдан бері Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында еңбек етіп келеді. Міне, 24 жыл бойы туған өлкенің табиғи байлығын сақтау, өсімдіктері мен жануарлар дүниесін қорғау жолында адал қызмет атқарып жүр. Үстірттің қатал табиғаты,…
-
ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ
Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ. Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Жоба 7 бағытты қамтиды: – «Кітап оқитын мектеп» —…
-
Елордада үш ер адам адам ұрлау және бопсалау қылмыстары үшін сотталды
Елордада тұратын үш ер адам Telegram мессенджерінде қыздардың жалған аккаунттарын пайдаланып, ер адамдарды кездесуге алдап шақырып, одан кейін оларды қаладан тыс жерге күштеп алып кетіп, ұрып-соғып, масқаралайтын бейнежазбаларды таратамыз деп қорқытқан. Қаскөйлер бопсалау арқылы үш жәбірленушіден жалпы сомасы 2,2 млн теңгені иемденген. Бірін микроқаржылық несие рәсімдеуге мәжбүрлеген, ал екіншісінің автокөлігін иемденіп алған. Сотта мемлекеттік айыптаушы…
-
Қауіптің алдын алу сабағы өткізілді
Арыс қаласында орналасқан Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, ірі өзін-өзі жұмыспен қамтушылары және «Пернекүл ана» сауда үйінің қызметкерлеріне қатысты террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу талаптарын түсіндіру, сондай-ақ терроризм қаупі туындаған кезде атқарылатын алгоритм талаптарын түсіндіру бойынша жиналыс өткізілді.Іс-шараларға Арыс қалалық ТҚК аясында құрылған жұмысшы топ мүшелері қатыстырылды.Кездесулер барысында ең алдымен террористік қатерлер, олардың жасалу жолдары…
