Автор: Алатау Ахмет-Султан
-
Алматыда дәрігерлер инсульт алған науқастарды, тіпті терең қарттық шағында да аман алып қалуда
Алматыда инсульт алған науқастарды қалай құтқарады: шұғыл көмектен оңалтуға дейін. Алматыда дәрігерлер инсульт алған науқастардың өмірін сақтап, олардың қайтадан қалыпты өмірге оралуына көмектесіп келеді. Тіпті жасы 95-ке келген науқастың да қайта аяққа тұруына мүмкіндік бар. Күн сайын Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасының инсульт бөлімшесіне 4-5 пациент, ал жекелеген күндері — 10-12 адамға дейін түседі. Олардың…
-
Атбасарда қаланың даму перспективалары талқыланды.
9 қазанда Атбасар ауданының әкімдігінде Атбасар қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті. Іс-шараға аудандық мәслихаттың, жергілікті қоғамдастықтың, қоғамдық кеңестің өкілдері, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, сондай-ақ арнайы шақырылған урбанистика мен сәулет саласының сарапшылары қатысты. Кездесу барысында қала құрылысы, тұрақты қалалық ортаны қалыптастыру және Атбасар қаласын кешенді зерттеуге қатысты сұрақтар қаралды. Данияр Нұрмағамбетұлы, Әлима Жұмабайқызы Басенова және…
-
Сатушының (дайындаушының, орындаушының) сатушы туралы, уәкілетті орган және тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілері туралы, сондай-ақ өзінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру үшін тұтынушының оларға жүгіну құқығы туралы ақпараттарды қазақ және орыс тілдерінде орналастыру жөніндегі міндеттері
Өткен жылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Бұл ретте Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңына сәйкесСатушы өзінің байланыс деректерін (мекенжайы мен телефон нөмірін) және уәкілетті органның байланыс деректерін (мекенжайы мен телефон нөмірін), тауарларды өткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) шарттарын, сондай-ақ сатушының тауарды сату (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде тауарды сатып…
-
«Сауда қызметі саласындағы кәсіптік стандарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығының жобасын әзірлеу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі «Кәсіптік біліктіліктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының5-тармағына сәйкес «Сауда қызметі саласындағы кәсіптік стандарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығының жобасын әзірледі. Аталған жоба сауда қызметі саласындағы мамандардың біліктілік деңгейіне, құзыреттеріне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды белгілеу мақсатында әзірленді. Жобада сауда саласындағы салалық біліктілік шеңберін…
-
Жетісу облысында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу мәселелері қаралды
ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басшылығымен Жетісу облысы Полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамының қатысуымен бейнебайланыс режимінде шұғыл кеңес өткізілді. Кеңеске Күзет қызметін бақылау комитетінің және Криминалдық полиция департаментінің өкілдері қатысты. Жиында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу, профилактикалық жұмысты күшейту, балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. …
-
АПВ вакцинациясы бойынша ата-аналармен кездесу өтті
Орал қаласындағы №47 мектепте адам папилломавирусына (АПВ) қарсы вакцинация мәселелері бойынша ата-аналарға арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Кездесудің мақсаты – ата-аналарға адам папилломавирусы, оның адам денсаулығына әсері, инфекцияның алдын алу және вакцинацияның маңызы туралы жан-жақты ақпарат беру. Кездесуге Алматы қаласынан арнайы шақырылған маман – PhD, қауымдастырылған профессор, дәрігер-онкогинеколог, «Алматы қаласы Онкологиялық орталығы» ШЖҚ КМК бас дәрігерінің…
-
ІМАК 2026 жылдың тоғыз айындағы жұмыс қорытындысын шығарды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті кеңейтілген отырыста 2026 жылдың тоғыз айындағы жұмыс қорытындысын шығарып, қаржылық тәртіпті нығайту жөніндегі басым міндеттерді айқындады. Отырыс Қаржы вице-министрі Даурен Кенбеилдің және Комитет төрағасы Ержан Мынжасаровтың төрағалығымен өтті. Жиынға құрылымдық бөлімшелер мен аумақтық департаменттердің басшылары қатысты. Есепті кезеңде 829 аудиторлық іс-шара жүргізілді. Олардың нәтижесінде 612,9 млрд теңге…
-
ОРТСАЙЛАУКОМ МӘСЛИХАТТАР ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТКІЗДІ
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 8-9 қазан күндері барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлауды дайындау мен өткізудің ерекшеліктеріне арналған екі күндік республикалық семинар өткізді. Іс-шараға астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалардың, сондай-ақ қалалар мен аудандардың аумақтық сайлау комиссияларының тұрақты мүшелері қатысты. Семинардың басты мақсаты – АСК мүшелерінің сайлау науқаны кезеңінде өз өкілеттіктерін тиімді жүзеге асыруға…
-
Ақмолалық құтқарушылар «Бурабай» спорт сарайында өрт кезіндегі іс-қимылдарды пысықтады
Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы Көкшетау қаласындағы «Бурабай» спорт сарайында кезекті өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді. Нысанның ішкі жоспарлануының ерекшеліктері, бөлмелерінің күрделілігі және мұнда бір мезгілде көптеген адамның болуы өрт сөндірушілерден үйлесімді әрекетті, жедел шешім қабылдауды және нысан қызметкерлерімен нақты өзара іс-қимылды талап етеді. Оқу-жаттығудың тактикалық жоспарына сәйкес, әкімшілік блоктың екінші қабатында шартты өрт шықты.…
-
Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі комиссия отырысы өтті
Бүгін аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Комиссия отырысында аудан аумағындағы қылмыстылық пен құқық бұзушылықтардың, нашақорлықтың алдын алу, сондай-ақ алкоголь өнімдерін сату тәртібін сақтау және оның заңсыз айналымына жол бермеу мәселелері қаралды. Бірінші мәселе бойынша аудандық полиция бөлімінің бастығы Б.Құдайберген «Арал ауданының полиция бөлімімен қылмыстылық…
-
АСТАНАДА «АСЫЛ ҚАДАМ» АЛЛЕЯСЫНДА ДОНОРЛАРҒА АРНАЛҒАН АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Бүгін Астанада «Асыл қадам» аллеясында Ағзалар донорлығы және трансплантаттаудың Еуропалық күніне орай донорларға құрмет көрсету мақсатында ағаш отырғызу акциясы өтті. 2026 жылғы қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда 4 867 пациент, оның ішінде 126-сы – бала ағза трансплантаттауын күтуде. Тоғыз айда елде ағзаларды трансплантаттау бойынша 208 операция жасалды. Оның 42-сі қайтыс болған донорлардан алынған ағзаларды пайдалану арқылы…
-
ТАЗА КҮЗ: ШАРДАРА АУДАНЫНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ
«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың тапсырмасына сәйкес, «Әділет» партиясымен бірлесіп, аудан көлемінде ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық шарасына Шардара қаласы мен 10 ауылдық округтен 1200-ге жуық адам қатысып, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкерлері, спортшылар және еріктілер белсенділік танытты. Сенбілік барысында жол бойындағы қураған шөптер тазартылып, Сырдария жағалауы тұрмыстық қалдықтардан аршылды. Сонымен қатар,…
-
ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 7,5 МЫҢ ТОННА БАЛЫҚ ЖЕМІ ӨНДІРІЛЕДІ
Түркістан облысында балық шаруашылығын дамыту бағытында жұмыстар жалғасуда. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге қолдау көрсету және жаңа жобалардың жүзеге асыруға басымдық берілуде. Осы орайда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ғалымжан Төлепов Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылындағы жеке кәсіпкер «Умирзаковтың» балық жемін өндіру жобасымен танысты. Өндіріс орнын аралап…
-
🏆 «AYUL SPORT–2026» ӨҢІРЛІК ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІСТЕРІ!
🏆 «AYUL SPORT–2026» ӨҢІРЛІК ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІСТЕРІ! 5–9 қазан 2026 жыл 2026 жылғы 5–9 қазан күндері ауыл балалары арасында өткен «AYUL SPORT–2026» облыстық турнирінде Жаңасемей ауданының жас спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, аудан мерейін асқақтатты! 🥇 РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢГЕ ЖОЛДАМА! Екі баскетбол командасы республикалық жарысқа қатысуға мүмкіндік алды! 🏀 Баскетбол — қыздар арасында «А. Ибраев атындағы жалпы…
-
ШҚО-да қоғамдық тәртіпті бұзған екі ер адам жауапқа тартылды
ШҚО-да қоғамдық тәртіпті бұзған екі ер адам жауапқа тартылды «Таза Қазақстан» аясында бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері анықталды. Полицейлер құқық бұзушылардың жеке басын анықтап, оларға қатысты заңда көзделген шараларды қабылдады. Алғашқы факті 30-шы Гвардиялық дивизия көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында болған. 67 жастағы жергілікті тұрғын алкогольдік масаң күйде балалар алаңында кіші дәрет сындырған. Сот…
