Автор: Алатау Ахмет-Султан
-
ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Қазіргі цифрлық дәуірде интернет-технологиялар күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Онлайн-сервистерді, электрондық төлемдерді, интернет-дүкендерді және әлеуметтік желілерді пайдалану көптеген процестерді айтарлықтай жеңілдетеді. Алайда, цифрлық технологиялардың дамуымен қатар интернет-алаяқтық жағдайларының саны да артып келеді. Сондықтан бүгінде Интернет желісіндегі қауіпсіздік мәселелері ерекше өзектілікке ие болып отыр.Жүргізіліп жатқан жұмыс барысында азаматтарға интернеттегі қауіпсіз мінез-құлықтың негізгі ережелері түсіндіріледі: банк карталарының…
-
«Мобильді ХҚКО» қосымшасында жаңа қызмет пайда болды
Енді жүргізуші куәлігін алғаш рет алатын азаматтар «Мобильді ХҚКО» қосымшасы арқылы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына емтихан тапсыруға өтініш беріп, алдын ала кезекті брондай алатын болады. Бұл жанашылдық уақыт үнемдеуге әрі МХҚОдағы қызметалушылардың ағынын азайтуға септігін тигізеді. Ол үшін қолданушыға «Мобильді ХҚКО» қосымшасында «Бейне қызметті» таңдау керек. Бұл сервис қызметалушы алғашқы ақпаратты алу үшін МҚКО операторымен байланыстырады.…
-
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ЖҰМЫСЫНА ҚАТЫСУ
2026 жылғы 25 қыркүйекте Ақжар аудандық мәслихатының төрағасы Жүсіпбеков Мағжан Рамазанұлы Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының VIII шақырылымының 40-шы кезекті сессиясының жұмысына қатысты. Сессия барысында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселелер, оның ішінде денсаулық сақтау саласы, тұрғын үй саясаты, елді мекендерді абаттандыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру және 2026–2028 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізу…
-
.
25 қыркүйек — Қазақстандағы ұлттық аза тұту күніМаңғыстау облысындағы жауынгерлік даярлық тапсырмасын орындау кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты бүгін Қазақстан Республикасында ұлттық аза тұту күні жарияланды.Өскемен қалалық мәслихаты қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Біз сіздермен бірге қайғырамыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1298886?lang=ru
-
Жалпыұлттық аза тұту күні
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2026 жылғы 24 қыркүйектегі № 334 өкімімен Қазақстан Республикасында Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты 2026 жылғы 25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту жарияланды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bratislava/press/news/details/1298888?lang=ru
-
«ЧЕК ТАЛАП ЕТ — СЫЙЛЫҚ ҰТЫП АЛ!» АКЦИЯСЫ
Рудный қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы қала тұрғындарын «Чек талап ет — сыйлық ұтып ал!» акциясына қатысуға шақырады! 🎉 📅 Акцияның өткізілу кезеңі: 2026 жылғы 26 қыркүйектен 16 желтоқсанға дейін. Қатысу шарттары өте қарапайым: 1. Сатып алу кезінде ККМ фискалдық чегін алыңыз. 2. Чекке өзіңіздің телефон нөміріңізді жазыңыз. 3. Чекті «ЦУМ» сауда үйінде орналасқан арнайы…
-
🌿 «Таза Қазақстан»: Бірлік ауылдық округінде абаттандыру жұмыстары жүргізілді
28 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Бірлік ауылдық округінде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында аумақты тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Іс-шаралар барысында Достық және Киров көшелерінде, сондай-ақ әкімдік аумағында шөп шабу және арамшөптерді жұлу, жаяу жүргіншілер аймақтарын сыпыру, бұтақтарды кесу және қоқыс шығару жұмыстары орындалды. Бұл жұмыстарды жүргізу елді мекенде тазалық пен тәртіпті сақтауға, қоғамдық аумақтардың…
-
Маңғыстаудағы төтенше жағдай: күдіктілер анықталып, қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсетіліп жатыр
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссияның отырысында бірінші кезектегі тергеу іс-шараларының нәтижелері және болған оқиғаның барлық себептері мен мән-жайларын анықтау жөніндегі кезекті қадамдар қаралды. ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтың айтуынша, қаза болу фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 453-бабының 2-бөлігі (“ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау”) және 465-бабы (“кеме…
-
Әкімнің 2026 жылдың екінші жартыжылдығындағы есептік кездесуі
Уважаемые жители Буденновского сельского округа ! 5 октября 2026 года состоится встреча акима Буденновского сельского округа Гулакова Николая Владимировича с жителями сельского округа -в селе Кызылту в 15.00 часов (здание бывшей школы) -в селе Буденновка в 11.00 часов (дом культуры ТОО «Агрофирма Боровское»). Сұрақтарды, ұсыныстар мен өтініштерді алдын ала жинау үшін мына телефондарға…
-
🐄 «TORT TULIK»: мал ұрлығының алдын алу және мал иелеріне цифрлық мүмкіндіктерді түсіндіру
1 қыркүйекте Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары округтің ветеринарымен бірлесіп, тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесулер барысында мал ұрлығының алдын алу, ауыл шаруашылығы жануарларын уақтылы сәйкестендіру (АШЖ) және мал басын бақылау үшін GPS-трекерлерді енгізу мәселелері талқыланды. Мал иелеріне арналған, мал туралы деректерді өз бетінше бақылауға, мәліметтерді өзектендіруге және ветеринарлық қызметтерді цифрлық форматта алуға мүмкіндік…
-
Түркістан облысының жедел құтқару жасағының құтқарушылары кезекті аттестациядан өтті
Құтқарушылардың кәсіби даярлығы, теориялық білімі мен практикалық дағдылары, сондай-ақ төтенше жағдайларда жедел шешім қабылдау қабілеті бағаланды Түркістан облысының жедел құтқару жасағында құтқарушылардың кезекті аттестациясы өткізілді. Аттестация құтқарушыларға кезекті мәртебе мен сыныптылық беру, сондай-ақ қолданыстағы біліктілік деңгейін растау мақсатында ұйымдастырылды. Сынақ барысында мамандардың кәсіби шеберлігі мен біліктілігі жан-жақты бағаланды. Құтқарушылар теориялық білімдерін көрсетіп, практикалық тапсырмаларды орындады.…
-
Мал ұрлығының алдын алу: тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді
25 тамызда Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары тұрғындар арасында мал ұрлығының алдын алу, ауыл шаруашылығы жануарларын уақтылы сәйкестендіру (АШЖ) және GPS-трекерлерді енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесулер барысында тұрғындарға малды сырғалау, чиптеу маңыздылығы және жайылымдардағы мал басын бақылау үшін GPS-датчиктерін пайдаланудың артықшылықтары туралы түсіндірмелері бар ақпараттық жадынамалар таратылды. Сондай-ақ азаматтарға жайылымды ұйымдастыру тәртібі және…
-
Үйге барып қызмет көрсету аясында ерекше қажеттілігі бар 9 мыңнан астам азамат қамтылды
Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы үшін мемлекеттік қызметтердің баршаға бірдей қолжетімді болуы маңызды. Денсаулық жағдайына байланысты ХҚКО-ға өзі келе алмайтын ерекше қажеттілігі бар жандарға және жүріп-тұруы шектелген тұрғындарға мамандар үйіне барып, тегін қызмет көрсетеді. 2026 жылдың басынан бері Мемлекеттік корпорация мамандары 12 мыңға жуық азаматтың үйіне барып, 9 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен. Үй жағдайында…
-
«Атырау Жарық» ЖШС-нің Жылыой аудандық электр станциясының жұмыскерімен орын алған жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру
Ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы С.Төлегенов Жылыой ауданы Құлсары қаласында «Атырау Жарық» ЖШС-нің Жылыой АЭС-нің жұмыскерімен орын алған жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізді. Комиссия мүшелері тергеп-тексеру кезінде жазатайым оқиғаның мән-жайы, орын алу себебі, оқиға орны мен жұмыс берушінің құжаттарын зерделеп, оқиға куәларынан түсініктеме…
-
2025 жылғы мүлік салығы: төлеу мерзімі – 1 қазан
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kashar/press/news/details/1298882?lang=ru
