Автор: Алатау Ахмет-Султан

  • Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша семинар өткізілді

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    2026 жылғы 20 қазанда Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі білім беру ұйымдарының мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты қызметкерлерімен семинар өткізді. Семинар барысында ақпараттық жүйелерге жүргізілген қашықтан мониторингтің нәтижелері, анықталған бұзушылықтар және олардың қайталануына жол бермеу шаралары қарастырылды. Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру мерзімдерін сақтауға және келіп түскен өтініштерді уақтылы өңдеуге ерекше назар аударылды. Қатысушыларға ақпараттық…

  • Астана әуежайында Республика күніне орай ерекше акция өтіп жатыр

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Астана халықаралық әуежайында Республика күніне арналған мерекелік акция өтіп жатыр. «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері елордаға келген қонақтарды қарсы алып, оларға Қазақстанның мемлекеттік тулары мен шоколад таратып, ерекше күйге бөледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Акцияға шетелдік туристер, актерлер мен елорданың өзге де қонақтары қатысты. Еріктілер оларға еліміздің мемлекеттік рәміздерін таныстырып, ұлттық мереке…

  • Жетісу облысында Республика күніне орай 43 ту тұғырында Мемлекеттік Ту көтерілді

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Республика күніне және Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай Жетісу облысының әр түкпіріндегі 43 ту тұғырында Мемлекеттік Ту көтерілді. Іс-шаралар қазақстандық патриотизмді, жалпыұлттық бірлікті және азаматтық бірегейлікті нығайтуға бағытталған, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Талдықорған қаласында «Қыран елім – Қазақстан» атты Мемлекеттік Туды салтанатты көтеру рәсімі «Жастар» саябағындағы орталық ту тұғырының жанында өтті. Іс-шараға…

  • БӘЙДІБЕК: РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

      25 қазан – Республика күніне орай «Қыран елім – Қазақстаным» атты салтанатты жиын өтті. Ұлттық мерекеге арналған шара елдігімізді ұлықтап, тәуелсіздігімізді дәріптеу, отансүйгіштік рухты нығайту және ауданның әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына үлес қосып жүрген азаматтардың еңбегін бағалау мақсатында ұйымдастырылды.   Мерекелік шарада аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков жиналған қауымды Республика күнімен құттықтап, ел игілігі жолында еңбек…

  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

      Құрметті Бәйдібек ауданының тұрғындары!   Баршаңызды еліміздің ең қастерлі мерекелерінің бірі – “25 қазан – Республика күнімен” шын жүректен құттықтаймын!   Республика күні – еліміздің егемендікке ұмтылысын айқындаған, мемлекеттілігіміздің негізін қалаған тарихи күн. 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация Қазақстанның тәуелсіздікке қарай жасаған маңызды қадамы болды. Ал 1991 жылғы 16 желтоқсанда…

  • Көкшетауда Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтерілді

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Көкшетауда Республика күніне орай Мемлекеттік Туды салтанатты түрде көтеру рәсімі өтті. Іс-шараға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қатысты. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалған сәтте көк байрақ көкке көтерілді. Әнұранды «Жастар» вокалдық студиясының солистері мен «Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдарының біріккен хоры орындады. Мемлекеттік Туды Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының курсанттарынан құралған ту ұстаушылар тобы…

  • Астанада Ш. Мұртаза көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты уақытша жабылады

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Астанада 26 қазан мен 3 қараша аралығында Ш. Мұртаза көшесінің Керей Жәнібек көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі аралығында жол төсеміне жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Осыған байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту…

  • Құрметті отандастар! Сіздерді Республика күнімен құттықтаймын!

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Бұл мереке бізге егемендіктің, тарихи жадының және ұрпақтар сабақтастығының қадірін еске салады. Ата-бабамыз аманат еткен жер, тіл, мәдениет пен дәстүр – мемлекеттілігіміздің берік негізі. Бүгінде Тәуелсіздігіміздің 35 жылдығы қарсаңында жүріп өткен жолымызды ризашылықпен саралап, болашаққа сеніммен қараймыз. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан егемен мемлекет ретінде қалыптасып, халықаралық аренадағы орнын нығайтты. Экономика, ғылым мен технологияны дамытуға мүмкіндік туды.…

  • Республика күніне орай Қарулы күштерде Мемлекеттік Ту көтерілді

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Республика күніне орай еліміздің барлық әскери бөлімдері мен мекемелерінде, Қарулы күштердің түрлері мен әскер тектерінде, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарында Мемлекеттік Туды көтеруге арналған салтанатты рәсімі өтті. Көк байрағымызды көкке көтеру – ел тәуелсіздігін ұлықтап, ұлттық бірлікті дәріптейтін маңызды рәсім. Мемлекеттік Ту – егемендігіміздің айқын белгісі, халқымыздың ортақ мақтанышы мен ұлттық рухының нышаны. Мерекеге…

  • Құрметті әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері мен ардагерлері!

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшын созып, қоғам алдында жауапты міндетті атқарып келесіздер. Күн сайын азаматтардың өтініштерін қарап, отбасыларға жәрдемдесесіздер, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға қамқорлық танытасыздар. Сондай-ақ азаматтардың жұмысқа орналасуына және өздеріне тиесілі әлеуметтік қолдау шараларын алуына ықпал етесіздер. Бұл жұмысты атқару үшін кәсіби білім, сабырлылық және әр…

  • Қарағандыда Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтерілді

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Қарағанды облысы Республика күнін бүкіл елмен бірге атап өтуде. Ұлттық мереке күні ту тұғыры орналасқан алаңға жүздеген адам жиналып, Қазақстанның Мемлекеттік Туын салтанатты түрде көтеру рәсіміне қатысты. Іс-шараға облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, қоғам және мемлекет қайраткерлері, әскери қызметшілер, ардагерлер мен жастар қатысты. — Республика күні — мемлекеттілігіміздің, бірлігіміздің және ел болашағы алдындағы жауапкершілігіміздің символы. Биыл…

  • Жапонияда Республика күніне орай 35 шақырымдық жаяу шеру өтті

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Токио, 2026 жылғы 25 қазан – Қазақстанның Республика күнін атап өту құрметіне Жапония астанасында 35 шақырымдық жаяу шеру ұйымдастырылды. Таңдалған қашықтықтың символдық мәні зор – ол тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының 35 жылдық жолын білдіреді. Шеру бағыты Токио тұрғындары арасында серуендеуге және табиғат аясында демалуға арналған танымал орындардың бірі – Тама өзенінің көрікті жағалауы бойымен…

  • Республика күні – Қазақстан мемлекеттілігінің, тәуелсіздігі мен халық бірлігінің символы

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Конституциялық Сотта Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті. 1990 жылғы 25 қазанда Қазақстанның тәуелсіздік алу жолындағы маңызды тарихи кезең болған Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданды. Бұл құжат дербес мемлекеттіліктің қалыптасуына негіз қалап, еліміздің одан әрі даму бағытын айқындады. Бүгінде Республика күні егемендік, құқық үстемдігі, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және қорғау қағидаттарына адалдықтың символына айналды.…

  • Республика күні құтты болсын!

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-baku/press/news/details/1317484?lang=ru

  • Ақтауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті

    Жарияланды:

    —

    Автор:

    категорияда

    Бүгін, 25 қазанда Ақтаудағы Мемлекеттік рәсімдер алаңында Республика күніне орай Мемлекеттік туды көтеру салтанатты рәсімі өтті. Ұлттық мерекеге арналған іс-шараға облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ардагерлер, мемлекеттік органдардың өкілдері, жастар, түрлі сала мамандары, әскери қызметшілер мен қала тұрғындары қатысты. Мерекелік рәсім барысында жиналған қауым Мемлекеттік Әнұранды бірге орындап, ел тәуелсіздігі мен ұлттық бірліктің символына айналған мемлекеттік…

Exit mobile version