Автор: Алатау Ахмет-Султан
-
Атырауда Президенттің атынан мемлекеттік марапаттар табысталды
Ұлттық мереке — Республика күні қарсаңында Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов еліміздің және өңірдің дамуына үлес қосқан бірқатар азаматқа Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік марапаттар табыс етті. Аймақ басшысы Республика күнінің тарихи маңызына тоқталып, бұл мерекенің халықтың бірлігі мен жасампаздыққа деген ұмтылысын сипаттайтынын айтты. — 25 қазан – елдігіміздің ақ жолы айқындалған тарихи күн. Бүгінде…
-
Ақмола облысынан халықаралық тарихи экспедиция жолға аттанды
Республика күнінің қарсаңында Бурабай ауданындағы Абылай хан алаңында даңқты қолбасшы Абылай ханның туғанына 315 жыл және әлемдік тарихта терең із қалдырған тұлға Әмір Темірдің туғанына 690 жыл толуына орай «Абылай хан ордасынан Жиделі-Байсынға (Байсун) дейін» атты халықаралық тарихи экспедициясының басталуына арналған шара өтті. Шараға экспедиция мүшелері, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысып, ғылыми-зерттеу сапарына ақ…
-
Брюссельде Қазақстанның Бельгиямен және ЕО-мен әріптестігінің перспективалары талқыланды
Брюссель, 2026 жылғы 23 қазан – Республика күні қарсаңында Қазақстанның Бельгия мен Люксембургтегі Елшісі, Қазақстан Республикасының Еуропалық Одақ жанындағы Өкілдігінің басшысы Роман Василенко Press Club Brussels Europe баспасөз клубында Бельгия Королі Филипп пен Королева Матильданың Қазақстанға мемлекеттік сапарының қорытындыларына, сондай-ақ Қазақстан–Бельгия және Қазақстан–Еуропа ынтымақтастығының перспективаларына арналған брифингте сөз сөйледі. Талқылауға Бельгия Сыртқы істер министрлігінің Орталық…
-
Азиатские Пара игры: команда Казахстана — бронзовый призёр по пара пауэрлифтингу
Сегодня, 23 октября, спортсмены Казахстана завоевала бронзовую медаль в командном выступлений с коэффициентом 412.09. В составе команды выступали Давид Дегтярёв, Ерболат Карибай и Станислав Шакиев. Первое место заняла сборная Китая (379.21 коэффициент), а второе место команда Ирака (коэфицент). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1317270?lang=ru
-
V Азия Пара ойындары: волейболды отырып ойнаудан Қазақстан командасы күміс жүлдегер атанды
Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында волейболды отырып ойнаудан Қазақстан ұлттық құрамасы күміс медаль иеленді. Финалдық кездесуде қазақстандық спортшылар Иран құрамасымен кездесіп, ойын 0:3 есебімен аяқталды. Осылайша, ұлттық команда Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды. Ал қола жүлдені Ирак құрамасы иеленді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1317272?lang=ru
-
ШҚО-да Республика күніне орай концерт өтті
Бүгін Өскемендегі Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Оған облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты. Өңір басшысы жиналғандарды ұлттық мерекемен құттықтап, Республика күнінің ел тарихындағы маңызына тоқталды. «Баршаңызды ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация еліміздің тәуелсіздігіне жол ашып, жаңа тарихи…
-
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Расул Рысмамбетов, қаржыгер, «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры: «Егер адам қарттық шағына қаражат жинамаса, мемлекет қалай да бір амалын тауып, «тегін қияр мен қызанақ» беретініне кәміл сенсе, қатты қателеседі, өкінішке орай… Өзіміз үшін тек өзіміз ғана жинақтай аламыз». «БЖЗҚ» АҚ «Зейнетақы жүйесі туралы сұхбат» жобасы аясында сарапшылармен пікір…
-
Дархан Сатыбалды Республика күніне орай Мемлекет басшысының атынан алматылықтарға мемлекеттік наградалар табыстады
Республика күніне орай Алматыда мемлекеттік наградаларды тапсыру рәсімі өтті. Қала әкімі Дархан Сатыбалды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген еңбегі үшін 89 алматылықты марапаттады. Марапат иелерінің қатарында өнеркәсіп, коммуналдық шаруашылық, медицина, білім беру, мәдениет және спорт салаларының…
-
Беларусьте «Бозоқ» және «Несвиж» музей-қорықтары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Беларусь Республикасының Минск және Несвиж қалаларында «Музейные инициативы на пространстве СНГ» атты II халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Қатысушылар музей ісін дамыту, тарихи-мәдени мұраны сақтау және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Жиынға Қазақстан атынан Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі, «Әзірет Сұлтан» және «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорықтарының өкілдері қатысты. Конференция аясында «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мен Беларусь Республикасының…
-
Алматыда Абылай хан даңғылы мен Момышұлы көшесінің жекелеген бөліктерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі
Алматыда LRT жобасын іске асыру аясында Абылай хан даңғылы мен Момышұлы көшесінің жекелеген бөліктерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Атап айтқанда, 24 қазан сағат 08:00-ден 26 қазан сағат 20:00-ге дейін Абылай хан даңғылының Райымбек даңғылынан Тузов көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі. Сонымен қатар 24–29 қазан аралығында сағат 22:00-ден 10:00-ге дейін Момышұлы көшесінің Мөңке би…
-
Ташкентте қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына арналған мереке өтті
Ташкент, 2026 жылғы 23 қазан – Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі – Республика күніне орай Қазақстанның Ташкенттегі Елшілігі қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптары мен мәдени мұрасын кеңінен насихаттауға арналған «Тайқазан» атты мәдени іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараға Өзбекстандағы қазақ диаспорасының өкілдері, қоғам қайраткерлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Тайқазанның мерекенің басты нышаны ретінде таңдалуы кездейсоқ емес. Қазақ және…
-
ӘУЕЗОВ АУДАНЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ КОНЦЕРТ ӨТТІ
25 қазан – Республика күніне орай Әуезов ауданында «Көк Байрақ астындағы ұлы ел» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын алып шығу және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік Әнұранды алғаш орындаған белгілі опера әншісі Талғат Күзембаевтың орындауындағы Әнұранмен басталды. Мерекелік жиында Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев тұрғындарды ұлттық мерекемен құттықтап, ауданның дамуына,…
-
Ұлттық экономика министрлігі қызметкерлері Республика күніне орай марапатталды
Ұлттық экономика министрлігінде Республика күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Іс-шара аясында сала қызметкерлері мен ардагерлері көп жылғы адал еңбегі және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды. Салтанатты жиында сөз сөйлеген Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 1990 жылғы 25 қазанда тәуелсіз мемлекеттіліктің қалыптасуына негіз болған Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі…
-
ШҚО-да Құрылтай депутаттары тамақ өнеркәсібіндегі отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселелерін талқылады
Бүгін облыс әкімдігінде ҚР Құрылтайы Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитетінің депутаттары тамақ өнеркәсібіндегі отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселелеріне арналған көшпелі отырыс өткізді. Құрылтай депутаты Наталья Годунованың төрағалығымен өткен жиынға облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов, Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитетінің мүшелері, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова, Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов, «Атамекен» ҰКП басқарма…
-
ШҚО әкімі Гүлфира Ахметзакированы «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағына ие болуымен құттықтады
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Алтай қаласындағы медициналық мекемелерде ұзақ жылдар бойы басшылық еткен дәрігер-педиатр, «Алтай ауданының Құрметті азаматы» Гүлфира Минуллақызы Ахметзакированы жоғары марапатымен құттықтады. Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, оған «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы берілді. «Құрметті Гүлфира Минуллақызы! Сізді Президент Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағын иеленуіңізбен шын жүректен құттықтаймын! Бұл…
