Санат: Алматы
-
Дезинфекция шаралары
Егінсу ауылдық округі бойынша күннің ыстық уақытындағы өрмекшілердің маусымдық белсенділігін ескере отырып, халық арасында улы жәндіктердің (қарақұрттың) шағу жағдайларын болдырмау мақсатында ойын алаңдары мен балалар алаңдарында дезинфекциялау шаралары жүргізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-aksu-eginsu/press/news/details/1261565?lang=ru
-
Әскери-инженерлік институт курсанттары заманауи қауіпсіздік міндеттеріне арналған технологияларды әзірлеуде
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында кәсіби әскери даярлықпен қатар курсанттардың ғылыми-зерттеу және жобалау қызметіне ерекше көңіл бөлінеді. Болашақ офицерлер заманауи технологияларды меңгеріп қана қоймай, қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы өзекті міндеттерді шешуге бағытталған инженерлік жобаларды да әзірлеумен айналысады.Осындай жобалардың бірі – 3-курс курсанты Шыңғысхан Шынтемировтың әзірлемесі. Ол басқару және байланыс арналарын басуға, радиоэлектрондық кедергілер жасауға, сондай-ақ…
-
Ақмола облысы «Кітап оқитын ұлт» жобасын іске асыруға қосылды
Ақмола облысында республикалық «Кітап оқитын ұлт» жобасын іске асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа облыс әкімдігі мен «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация»қоғамдық қоры қол қойып, өңір тұрғындары арасында кітап оқу мәдениетін дамытуға және оқырмандық белсенділікті арттыруға бағытталған өзара ынтымақтастықтың негізін қалады. Қол қою рәсімі Достық үйінде өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, білім беру…
-
2026 жылдың 21 шілдесінде сегізінші шақырылған Күршім аудандық мәслихатының кезектен тыс елу алтыншы сессиясы өтті.
2026 жылдың 21 шілдесінде сегізінші шақырылған Күршім аудандық мәслихатының кезектен тыс елу алтыншы сессиясы өтті. Аудандық мәслихаттың кезектен тыс елу алтыншы сессиясына мәслихаттың 6 депутатынан 6 депутат қатысты.Кезектен тыс сессияға аудан әкімінің орынбасары Роллан Нұрланұлы, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Гульзира Құмарғазықызы Жанаева, ауылдық округ әкімдері қатысты. Сессияда келесі мәселелер қаралды: 1.Күршім…
-
Энергетика министрлігінде Корея Республикасының Елшісімен энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды
Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжон Кихонмен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар мұнай-газ және электр энергетикасы салаларындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Кездесуде ағымдағы жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Президентінің Корея Республикасына жоспарланған мемлекеттік сапары аясында қол қою көзделіп отырған Мұнай саласындағы ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімді дайындау мәселесіне ерекше назар…
-
22 шілде күні аймақ басшысы Мұрат Ергешбаев Қазалы ауданының тұрғындарымен кездеседі
22 шілде күні аймақ басшысы Мұрат Ергешбаев Қазалы ауданының тұрғындарымен кездеседі.Сонымен қатар, аудандағы әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысып, ауылдық елді мекендерге барады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1261558?lang=ru
-
Энергетика министрлігі: Қазақстанның энергетика саласында энергия объектілерін мониторингтеуге арналған жасанды интеллект технологиялары енгізілуде
Цифрландыру жылы аясында Қазақстанның энергетика саласында заманауи цифрлық шешімдерді енгізу жұмыстары жалғасуда. Энергетика министрлігі энергетикалық инфрақұрылымның сенімділігін, өндірістік процестердің тиімділігін және персоналдың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған цифрлық трансформацияға ерекше назар аударады. Осы бағыттардың бірі – «Самұрық-Энерго» АҚ іске асырып жатқан энергетикалық инфрақұрылымды мониторингтеуге арналған жасанды интеллект технологиялары мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану. Жаңа цифрлық шешімдер электр…
-
аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімдерімен кеңес өткізді.
🔹«Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылғы 21 шілдеде Сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімі Департаменттің аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімдерімен онлайн форматта кеңес өткізді.🔹Кеңес барысында бөлім басшысы Ж.Ж. Казбаева қызметкерлердің назарына 2026 жылғы 29 мамырдағы №5594-26-00-4/365 Павлодар облысының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының жеке ұйғарымының мазмұнын жеткізді. Бұл осындай заң бұзушылықтарға жол бермеу…
-
Қазақстанда байланыс саласындағы жаңа ережелер күшіне енеді
Қазақстанда тамыз айының соңында телекоммуникация саласындағы заңнамалық өзгерістер күшіне енеді. Мемлекет басшысы 19 маусымда қол қойған заң байланыс қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған шараларды көздейді. Атап айтқанда, азаматтарға eGov, eGov Business, eOtinish және Aitu сияқты бірқатар әлеуметтік маңызы бар және мемлекеттік мобильді қосымшаларды тегін пайдалану мүмкіндігі беріледі. Сонымен қатар абоненттік құрылғыларды верификациялау қызметі мемлекеттік…
-
Альцгеймерді емдеудің жаңа әдісі таныстырылды
Алматыда альцгеймер ауруы мен мидың қартаюына байланысты басқа да дерттерді емдеуге арналған жаңа әдіс таныстырылды. Жаңа тәсіл ешқандай хирургиялық араласуды қажет етпейді. Яғни, арнайы қысқа акустикалық импульстар арқылы мидың қажетті аймақтарына әсер етіп, ми жасушаларының жұмысын жақсартуға бағытталады. Мамандардың айтуынша, бұл әдіс мидың қартаюына байланысты өзгерістерді бәсеңдетуге және есте сақтау, ойлау қабілетін қолдауға мүмкіндік береді.…
-
Этномәдени бірлестіктердің өкілдері үшін семинар өткізілді.
🔹 «Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылы 21 шілдеде «Қоғамдық келісім» КММ-де этномәдени бірлестіктердің өкілдері үшін Қазақстан Республикасы заңнамасына енгізілген өзгерістер бойынша семинар өткізілді. Семинар Әділет департаментінің тіркеу қызметі және коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы Абылай Дәркемен өткізілді. 🔹Семинар барысында Конституциялық заңның күшіне енуіне, «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы»…
-
📍«ЖАСТАРҒА КЕҢЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ!
📌2026 жылдың шілде айының 17 жұлдызы күні жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық профилактикасы, оның ішінде жастар арасында көше қылмысын, кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстарды азайту мақсатында «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерлету сонымен қатар «Жастарға кеңес» жобасы аясында түнгі рейд жұмыстары жүргізілді. 📌Рейд жұмыстарына Шалқар ауданы ПБ ҚҚБ КТІЖ УПИ полиция капитаны Н.Баекешов, “Жас сақшы” белсендісі және орталық…
-
Алаяқтардан қалай қорғануға болады: қазақстандықтар үшін тегін курстар ашылды
Қазақстанда кибералаяқтыққа қарсы іс-қимыл шаралары қабылданып жатыр. Былтыр байланыс операторлары жанынан антифрод-жүйелер құруды көздейтін заңнамалық түзетулер пакеті қабылданды. Алайда Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, алаяқтық схемалар үнемі жетілдіріліп отырады. Сондықтан техникалық және құқықтық шаралармен қатар халықтың киберсауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында вице-министр Досжан Мұсалиев мәлімдеді. «Тәжірибе…
-
«Кітап оқитын ұлт» марафоны бір миллионнан астам адамды қамтиды
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Креативті индустрияларды дамыту қоры мен «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қоры ұлттық әдебиетті қолдау, оқырман қатарын арттыру және отандық кітап индустриясын дамыту бағытында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Аталмыш бастама Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру…
-
Зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдікті жүзеге асыру тәсілінің өзгеруі туралы
Зейнетақы төлемдерін алушылар үшін зейнетақы жинақтарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) мөлшерінде, жинақталған инфляция деңгейін ескере отырып сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдіктің жойылуына қатысты келіп түскен сұрақтар бойынша БЖЗҚ төмендегіні хабарлайды. Мемлекет кепілдік береді және реттейді Әлеуметтік кодекстің 217-бабында 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап «Мемлекет зейнетақы төлемдерін алушыларға Бірыңғай жинақтаушы…
