Санат: Алматы

  • Құрметті мемлекеттік қызметшілер!

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің ел игілігі мен мемлекетіміздің өркендеуі жолындағы қажырлы еңбектеріңіз зор құрметке лайық. Жауапты қызметтеріңізге сыр бермес төзімділік, жаңа жетістіктер және сарқылмас күш-жігер тілейміз. Отанымыз – Қазақстан Республикасының тұрақтылығы мен дамуы жолындағы еңбектеріңіз әрдайым жемісті болсын! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/roads/press/news/details/1245737?lang=ru

  • Бір тонна макулатураны қайта өңдеу шамамен 17 ағашты сақтап қалуға мүмкіндік береді!

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Қағазды қайта өңдеу – табиғи ресурстарды үнемдеудің және қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайтудың тиімді жолдарының бірі. Макулатураны қайта өңдеу арқылы ағаштарды кесуді азайтып қана қоймай, су мен электр энергиясын үнемдеуге, сондай-ақ қалдықтар көлемін қысқартуға болады. Әрбір жиналған қағаз бен картон табиғатты қорғауға қосылған үлес. Қажетсіз қағаздарды қоқысқа тастамай, қайта өңдеуге өткізу арқылы қоршаған ортаны сақтауға…

  • БҰҰ-да Қазақстанның цифрлық трансформация және жасанды интеллект саласындағы жетістіктері таныстырылды

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Нью-Йорк, 2026 жылғы 22 маусым – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған Жасанды интеллект жылы аясында БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде Қазақстанның мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау және жасанды интеллектті дамыту саласындағы жетістіктері таныстырылған жоғары деңгейдегі іс-шара өтті. Іс-шараға БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың, жеке сектордың, академиялық орта мен сарапшылық қоғамдастықтың өкілдері қатысты. Іс-шараны ҚР-дың БҰҰ жанындағы Тұрақты…

  • ӘКЕЛЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН СПОРТТЫҚ ІС-ШАРА

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    ӘКЕЛЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН СПОРТТЫҚ ІС-ШАРА Әуезов ауданында Отбасын қолдау орталығы Әкелер күніне орай спорттық іс-шара ұйымдастырды. Қатысушылар түрлі спорттық сайыстарға қатысып, белсенділік пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті. Шараның мақсаты – отбасы құндылықтарын нығайту, әкенің қоғамдағы рөлін дәріптеу және салауатты өмір салтын насихаттау. Барша әкелерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілейміз. Әр шаңырақта сыйластық пен татулық…

  • 📢 Әлеуметтік салада қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (Салық кодексінің15-бабы)

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    📌 Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, әлеуметтік салада қызметті жүзеге асыратын ұйым деп жылдық жиынтық кірісінің кемінде 90%-ы әлеуметтік қызметтен қалыптасатын заңды тұлға танылады. 🏥 Әлеуметтік салаға келесі қызмет түрлері жатады: ▪️ Медициналық қызметтер (оның ішінде медициналық қызметпен айналысуға лицензиясы болған жағдайда)▪️ Білім беру (мектепке дейінгі, қосымша және лицензияланған білім беру)▪️ Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет▪️ Спорт…

  • Жетісуда «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА аумағында индустриалды парк құрылады

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Жетісу облысында «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА аумағында төмен биіктіктегі экономиканы дамытуға, озық технологияларды енгізуге және зияткерлік өндірісті өркендетуге бағытталған индустриялық парк құрылады. Осыған байланысты Жетісу облысының әкімдігі мен инвестор компания арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Құжатқа Polyking Newhorizons Technology Industry Co., Ltd. компаниясының бас директоры…

  • Тараз қаласында күнделікті алдын алу шаралары жалғасуда

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Жазғы кезеңде азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Тараз қаласының аумағында шомылуға тыйым салынған орындарда күнделікті профилактикалық және рейдтік жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Іс-шаралар барысында Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертуде. Сонымен қатар азаматтарға балаларды қараусыз қалдырмау және рұқсат етілмеген жерлерде суға түспеу туралы…

  • Көп балалы отбасылармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Отбасын қолдау орталығының қызметкерлері көпбалалы отбасылармен олардың әлеуметтік қорғалу деңгейі мен құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді. Орталық мамандары әлеуметтік қолдау көрсету, отбасы заңнамасы, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді, сондай-ақ түрлі өмірлік жағдайларға тап болған отбасыларға психологиялық қолдау береді. Жұмыс барысында азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу шарттары,…

  • ҚР Мемлекеттік қызметшілер күні құтты болсын!

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-zhanakonys/press/news/details/1245732?lang=ru

  • Өрт қауіпті кезеңдегі профилактикалық жұмыстар жалғасуда

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мамандар тұрғындарға өрттің туындау себептері, тұрмыстық электр құрылғыларын пайдалану кезінде жиі жіберілетін қателіктер, ашық отты қолдану кезіндегі сақтық шаралары және төтенше жағдай орын алған кездегі іс-қимыл алгоритмі туралы кеңінен түсіндірді. Жамбыл облысы ТЖД Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1245733?lang=ru

  • Мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Құрметті әріптестер! Сіздерді 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекеттік қызмет – кәсібилік пен жауапкершілікті, адалдық пен табандылықты талап ететін маңызды сала. Сіздердің күнделікті еңбектеріңіздің арқасында мемлекеттік бастамалар жүзеге асып, халықтың әл-ауқаты артып, қоғамның дамуына елеулі үлес қосылуда. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс пен жаңа жетістіктер тілеймін. Мерейлеріңіз үстем…

  • Қарқаралы ауданында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізу туралы

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Ағымдағы жылдың 23 маусым күні сағат 10.00 мен 14.00 аралығында Ақтоғай ауданында терроризмге қарсы оқу-жаттығуын өткізу жоспарлануда («Ақтоғай аграрлық-техникалық колледжі»).Оқу-жаттығу аясында, Ақтоғай ауданында автокөлік құралдарының және халықтың қозғалысын уақытша шектейтін шаралар қарастырылған. Осыған байланысты, азаматтарды өткізілетін оқу-жаттығу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында…

  • Жайық өзеніне 1 млн астам бекіре тұқымдас балық шабағы жіберілді

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің «Атырау бекіре балық өсіру зауыты» мекемесі ағымдағы жылға арналған мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Жайық өзеніне бекіре тұқымдас балықтардың 1 миллионнан астам шабағын жіберді. Бұл жұмыс популяцияны жасанды жолмен молықтыруды қамтамасыз ету және Қазақстанның Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау жөніндегі мемлекетаралық міндеттемелерін орындау мақсатында жүзеге асырылды. Атырау бекіре балық өсіру…

  • Аршалы ауданында су айдындарындағы профилактикалық шаралар күшейтілді

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Аршалы ауданының прокуратурасы, аудан әкімдігінің, Ішкі істер белімінің, білім белімі кызметкерлерінің және төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесіп, су айдындарындағы қауіпсіздікті камтамасыз ету максатында профилактикалык рейд жургізді. Рейд барысында азаматтарға алкогольдік масан күйде суға түсуге болмайтыны, сондай-ақ балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігі түсіндірілді. Қауіпсіздік шараларын сақтау – адам өмірі мен денсаулығын қорғаудың негізгі шарты. Ақмола облысының прокуратурасы Ақпарат…

  • Актив отырысында жаңадан сайланған Aрал қаласының әкімі таныстырылды

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Бүгін аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен өткен актив отырысында қала халқының басым дауысымен Арал қаласының әкімі қызметіне жаңадан сайланған Ренат Қуанғанұлы Жанаев таныстырылды. 21 маусым күні өткен Арал қаласы әкімінің сайлауына сайлаушылардың 82,08%-ы қатысып, өз таңдауларын жасады. Жалпы, Арал қаласының әкіміне 4 үміткер ниет білдіріп, қорытындысымен өзін-өзі ұсынған Жанаев Ренат Қуанғанұлы халықтың басым дауысын жинап,…

Exit mobile version