Санат: Алматы
-
Алматы құрамасы күрес түрлерінен Қазақстан Кубогында топ жарды
Almaty Arena көпфункционалды кешенінде күрес түрлерінен Қазақстан Республикасының Кубогы аяқталды. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен үздік балуандар қатысты. Турнир қорытындысы бойынша алматылық спортшылар жоғары нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленді. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері айтты. Грек-рим күресі бойынша 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Шамиль Ожаев алтын медаль жеңіп алса, 63 келіге дейінгі…
-
ҚР ІІМ Алматы академиясында дарынды жастардың республикалық байқауы ұйымдастырылды
Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы өзінің 70 жылдық мерейтойы аясында Ішкі істер министрі кубогына арналған дәстүрлі “Жас IT-дарын” және “Жас із кесуші” республикалық байқауларын ұйымдастырды. Биылғы байқаулар 5 наурыз бен 16 сәуір аралығында өткізіліп, еліміздің барлық өңірлерінен келген дарынды мектеп оқушыларын біріктірді. Қатысушылар ақпараттық технологиялар, цифрлық сауаттылық, логикалық…
-
«Жасампаз ұрпақ»
2026 жылғы 15 мамыр күні Аягөз ауданында «Жасампаз ұрпақ» жобасы аясында заманауи қосымша білім беру кеңістігінің ресми ашылуы өтті. Іс-шара барысында екі маңызды ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бірінші меморандум «Shakarim University» және «USTEM Foundation» қоғамдық қоры арасында жасалды. Ынтымақтастықтың негізгі мақсаты — өңірдегі инженерлік, техникалық және STEM бағытындағы білім беру экожүйесін дамыту,…
-
Алматыда Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады
Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. 17 мамыр сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін Мұстафин көшесінен Науаи көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс толық жабылады. Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген тақта орнатылады. Тұрғындардан бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Еске саламыз, қозғалысқа енгізілетін барлық шектеу…
-
Астанада еңбек нарығының болашағы мен Қазақстанның кадрлық әлеуетін дамыту мәселелері талқыланды
Астанада жасанды интеллект дәуіріндегі еңбек саласының жаһандық трансформациясына арналған Қазақстан жұмыс берушілер қауымдастықтарының алғашқы ұлттық «PARYZ NEF 2026» форумы өтті. Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) мен Халықаралық жұмыс берушілер ұйымының (IOE) қолдауымен ұйымдастырылған іс-шараға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев қатысты. Панельдік сессия барысында министр еңбек нарығындағы негізгі өзгерістерге тоқталып, жаңа экономикалық жағдайларға…
-
Қостанай облысындағы заңсыз аң аулау: кінәлілер жазасын алды
2026 жылдың ақпаныда Мендіқара ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері қолдан жасалған қарда жүретін көлікті тиісті рұқсатынсыз және аң аулауға тыйым салынған кезеңде атыс қаруын қолдана отырып, сібір елігін заңсыз атып, мемлекетке 1,6 миллион теңгеден астам шығын келтірген екі жергілікті тұрғынды ұстады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдіктілердің әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабының 3-бөлігі бойынша – атыс…
-
Аудан әкімінің орынбасары Мыслимова Т.Н. және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Куттыбаева А.М. Парыгино ауылдық округінің тұрғындарымен «Ауыл Аманаты» жобасын қаржыландыру мәселелері бойынша кездесу өткізді.
Аудан әкімінің орынбасары Мыслимова Т.Н. және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Куттыбаева А.М. Парыгино ауылдық округінің тұрғындарымен «Ауыл Аманаты» жобасын қаржыландыру мәселелері бойынша кездесу өткізді.Кездесу барысында бағдарламаға қатысу шарттары, жеңілдетілген несие алу тәртібі, сондай-ақ ауылдық жерлерде жеке қосалқы шаруашылық пен кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндіктері түсіндірілді. Округ тұрғындары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мемлекеттік қолдау шаралары бойынша жан-жақты ақпарат…
-
Қазақстандықтарға 2026 жылдың алғашқы 3 айында есептелген инвестициялық кіріс 307 млрд теңгеден асты
Қазақстандықтардың инвестициялық кірісі Қазақстан Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ), сондай-ақ инвестициялық портфельді жеке басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқару есебінен қалыптастырылады. ҚРҰБ-тың міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық қызметінің нәтижесінде 2026 жылғы 3 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 271,4 млрд теңге, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы…
-
Қазақстанда креативті индустриялар саласында білім беру бағдарламасы басталады
Креативті индустрияларды дамыту қоры Қазақстанның барлық өңірін қамтитын ауқымды білім беру бағдарламасын іске қосады. Осыған байланысты қор креативті индустриялар саласында тәжірибесі бар сарапшыларды ынтымақтастыққа шақырады. Жоба еліміздің 20 өңірінде жүзеге асырылады. Бағдарлама аясында өңірлердегі креаторларға тәжірибелік білім беру, жаңа жобаларды дамыту және креативті кәсіпкерлікті қолдау көзделіп отыр. Бүгінде әлемде креативті экономика ең жылдам дамып келе…
-
Қазақстанда азаматтық және саяси құқықтар саласындағы мемлекеттік саясат әрбір адамның өз құқықтарын еркін пайдалануына және заңды мүдделерін қорғауына жағдай жасауға бағытталған
Қазақстанда азаматтық және саяси құқықтар саласындағы мемлекеттік саясат әрбір адамның өз құқықтарын еркін пайдалануына және заңды мүдделерін қорғауына жағдай жасауға бағытталған. Бұл саясаттың негізін Конституция мен қолданыстағы заңнаманың нормалары құрайды, олар адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығын, азаматтардың заң алдындағы теңдігін және кемсітушіліктің кез келген түріне жол бермеуді бекітеді. Мемлекет ашық әрі есеп беретін басқару жүйесін…
-
Абай облысының әкімі Берік Уәлинің Аягөз қаласына арнайы іс-сапары аясында Аягөз қаласындағы жаңартылған «Жас техниктер станциясында» заманауи қосымша білім беру кеңістігінің ашылуы өтті.
Абай облысының әкімі Берік Уәлинің Аягөз қаласына арнайы іс-сапары аясында Аягөз қаласындағы жаңартылған «Жас техниктер станциясында» заманауи қосымша білім беру кеңістігінің ашылуы өтті. Іс-шара барысында робототехника, дрон, шығармашылық және технология бағыттарында ауқымды фестиваль мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «Digital Urpaq: Ayagoz 2026» облыстық фестивалі жоғары деңгейде өткізілді. Іс-шараны Qazaqstan Halqyna қорының…
-
Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады
Жамақаев көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Осыған байланысты 16 мамыр сағат 06:00-ден 17 мамыр сағат 18:00-ге дейін Әзірбаев көшесінен әл-Фараби даңғылына дейінгі аралықта қозғалыс толық жабылады. Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген тақта орнатылады. Тұрғындардан бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Еске…
-
“Қазақстан халқына” қорының басшысы мектеп- гимназияда 2026 жылғы 15 мамыр күні Абай облысы әкімі
Берік Уалидің Аягөз ауданына іс- сапары аясында «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен жабдықталған “Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы” КММ- не қор президенті Шыңғысбаева Ләззат Алтынбековна, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Мұхтарханова Гүлшат Тоқтасынқызы және облыстық білім басқармасының басшысы Ердембеков Бауыржан Амангелдіұлы келді. Қонақтарды мектеп әкімшілігі, ұстаздар мен оқушылар жылы қарсы алып, білім ордасының тыныс-тіршілігімен…
-
Алматыда автобус парктеріне қойылатын экологиялық талаптар талқыланды
Алматыда атмосфералық ауаны қорғау қағидаларын іске асыру мәселесі бойынша автобус парктерінің өкілдерімен ақпараттық-консультациялық кеңес өтті. Бұл туралы қалалық Экология және қоршаған орта басқармасының өкілдері айтты. Жиында «Eco Almaty» ЖШС өкілдері қоғамдық көліктерден шығатын зиянды қалдықтарды азайтуға бағытталған жаңа талаптар мен бақылау тетіктерін, сондай-ақ төмен эмиссиялы аймақтарды (LEZ) кезең-кезеңімен енгізу жоспарын таныстырды. Ресми деректерге сәйкес, қалада…
-
WorldSkills Shygys-2026 өңірлік чемпионаты басталды!
2026 жылғы 18 мамырда Шығыс Қазақстан облысының колледж студенттерін біріктірген өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Аталған чемпионат техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы маңызды іс-шаралардың бірі болып табылады және өңірдің кадрлық әлеуетін дамытуға, сондай-ақ жастар арасында жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған. Салтанатты ашылу рәсіміне Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нұрғалиев Ербол Жолдаспекұлы…
