Санат: Шымкент
-
Қазақстан мен Түркия университеттері арасындағы ынтымақтастық нығаюда
Қазақстанның Шәкәрім университетінің Басқарма төрағасы – ректоры, профессор Думан Орынбеков бастаған делегация Түркияның Измир қаласындағы Докуз Эйлюль университетіне (Dokuz Eylül Üniversitesi) жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында қазақстандық делегация Докуз Эйлюль университеті ректорының орынбасары, профессор Хамди Шүкүр Қылычпен кездесті. Кездесу барысында тараптар ветеринария, биоинженерия, түркітану және шет тілдері салаларындағы академиялық ынтымақтастықты дамыту, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге…
-
Самар ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған жүгіру акциясы өтті
Самар ауданында сүт безі обыры туралы ақпараттандыруға бағытталған «Әйел өмірі үшін» республикалық ақпараттық айлығы аясында жүгіру және серуендеу акциясы өтті. Іс-шара «Әділет» партиясының аудандық филиалының қолдауымен ұйымдастырылды. Акцияға ауданның 50-ден астам тұрғыны қатысты. Олардың қатарында түрлі мекемелердің еңбек ұжымдарының өкілдері, мемлекеттік қызметшілер мен аудан тұрғындары бар. Қатысушылар әйелдер денсаулығына назар аудару, аурулардың алдын алу және…
-
«ШЫМКЕНТ ӨНІМДЕРІ – 2026» КӨРМЕСІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді 21–23 қазан күндері көрме орталығында өтетін «Шымкент өнімдері – 2026» көрмесіне шақырамыз. Көрмеде Шымкент қаласындағы жергілікті кәсіпорындардың өнімдері ұсынылады. Келушілер отандық өнімдермен танысып, өндірушілермен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік алады. Жергілікті өндірушілерді бірге қолдайық! Өтетін орны: Шымкент қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 12, көрме орталығы. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1311739?lang=kk
-
Үстірттің мәдени ландшафттарын ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу мәселесі қаралды
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай ЮНЕСКО-ның халықаралық сарапшыларынан құралған техникалық миссия өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында өңірдің тарихи-мәдени мұрасын халықаралық деңгейде таныту, «Үстірт: мәдени ландшафттар және аңшылық тұрақтар – арналар» аралас мұра нысанын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізуге дайындық жұмыстары, сондай-ақ тарихи ескерткіштерді сақтау мәселелері талқыланды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-history/press/news/details/1311740?lang=ru
-
Ақтау қалалық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті
Бүгін, 15 қазан күні Ақтау қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы Съезбек Кариповтың төрағалығымен кеңес отырысы өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары және Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Күн тәртібінде қала тұрғындарына медициналық көмек көрсету сапасы, ауызсумен қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды. Атап айтқанда, медицина және мәдениет салалары мамандарының тұрғын үй мәселесін шешуге…
-
Балық аулау торлары мен 33 келі олжа: Жүкей қорық көлінде браконьерлер ұсталды
Ақмола облысында полицейлер ерекше қорғалатын табиғи аумақта орналасқан Жүкей көлінде заңсыз балық аулау фактісін тергеп жатыр. Бұзушылар балық аулау торларын қолданып, 33 келі балық аулап үлгерген.Полицияның мәліметінше, Астана қаласы мен Қосшы қаласынан Біржан сал ауданына келген ер адамдардың заңсыз балық аулауға қатысы бар. Олар балық аулау үшін қайықтар мен балық аулау торларын пайдаланған.Осы факті бойынша…
-
Өңірлік инвестициялық штаб отырысы өтті
Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өңірлік инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Жиында Аягөз ауданындағы «Айдарлы» тау-кен байыту комбинаты құрылысының іске асырылу барысы мен өзекті мәселелері қаралды. «Aidarly Mining» ЖШС жүзеге асырып жатқан жоба жылына 75 млн тонна кен өңдеуді, 1,1 млн тонна мыс концентратын және 7 500 тонна молибден концентратын шығаруды көздейді. Жобаны жүзеге…
-
Қазақстан агроөнеркәсібіндегі әйелдердің әлеуеті талқыланды
Астанада «Қазақстанның агроазық-түлік жүйесіндегі әйелдер: зерттеу нәтижелерінен нақты шешімдерге дейін» тақырыбында екі күндік өңірлік консультациялық семинар өз жұмысын бастады. Іс-шара Ауыл шаруашылығындағы әйелдердің қатысуын дамыту бастамасы (WADI) аясында ұйымдастырылды.Семинарға мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері, ғылыми қауымдастық мүшелері мен фермер әйелдер қатысуда. Осы ретте Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова Астанада штаб-пәтері орналасқан Исламдық азық-түлік қауіпсіздігі ұйымымен…
-
ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ БЖЗҚ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ САУАЛДАР
ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ БЖЗҚ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ САУАЛДАР 1. Зейнетақы активтерін кім басқарады? Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ), сондай-ақ 2021 жылдан бастап тиісті лицензиясы бар және уәкілетті органның талаптарына сай келетін инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) жүзеге асырады. Мұндай сенімгерлік басқарудың негізгі мақсаты – зейнетақы жинақтарын түрлі қаржы құралдарына инвестициялап, табыс алу.…
-
ТЖД келбеті: Қайрат Алмабек
Құтқарушылар күні қарсаңында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Техникалық нормалау бөлімінің бас маманы Алмабек Қайрат Қанатұлының кәсіби жолына назар аударамыз. Ол азаматтық қорғау саласындағы еңбек жолын 2019 жылы Атырау облысының Құрманғазы ауданында бастаған. 2021 жылы Жамбыл облысына ауысып, Тараз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасында инженер, кейін аға инженер қызметтерін атқарды. 2025 жылы Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының…
-
Жолдың цифрлық паспортынан жасанды интеллектке дейін
Төлеген Абдуллин «NEW SILK WAY» халықаралық бизнес-форумында автомобиль жолдарының қауіпсіздігі мен сапасын арттыруға бағытталған цифрлық шешімдерді таныстырды. 15 қазанда VIII халықаралық «NEW SILK WAY» бизнес-форумы аясында «Интеллектуалдық жол инфрақұрылымы» тақырыбында панельдік сессия өтті. Сессия барысында Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин жол желісін басқару, жол жұмыстарының сапасын бақылау және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәсілдерін жетілдіруге…
-
Агенттік басшысы ХВҚ басқарушы директоры Кристалина Георгиевамен кездесті
13 қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова бастаған делегациясы Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) және Дүниежүзілік банк Тобының Бангкоктағы (Таиланд) Жыл сайынғы кездесулеріне қатысуда. ХВҚ басқарушы директоры Кристалина Георгиевамен кездесу өтті. Тараптар Қазақстанның қаржы секторының ағымдағы жай-күйін, оны одан әрі дамыту перспективалары мен реформалау бағыттарын, қаржылық тұрақтылық пен екіжақты…
-
«Астана Жас жігер»: елордада NEET санатындағы жастар арасында футбол турнирі өтті
Астанада білім алумен және жұмыспен қамтылмаған NEET санатындағы жастарды қолдауға арналған «Астана Жас жігер» жобасы аясында сегіз команданың қатысуымен футбол турнирі өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан бастама жастардың әлеуметтенуіне, қоғамдық өмірге белсенді араласуына және өзара байланысын нығайтуға бағытталған. Жоба аясында спорттық жарыстармен қатар, заңгерлер мен психологтердің қатысуымен…
-
Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды
Астанада Astana Media Week 2026 медиа апталығының екінші күні өтіп жатыр. Іс-шара аясында «Үздік баспасөз хатшысы» және «Үздік баспасөз қызметі» аталымдарының жеңімпаздары анықталып, мемлекеттік органдардың ақпараттық қызметінде үздік нәтиже көрсеткен мамандар марапатталды. «Үздік баспасөз қызметі» аталымында Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі мен Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі үздік деп танылды. Ал «Үздік…
-
Смирнов ауылындағы тұрғындар жиыны
2026 жылғы 13 қазанда Смирнов ауылдық округінде ауылдық округ әкімінің қатысуымен тұрғындар жиналысы өтіп, онда 2026 жылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындылары қорытылды.Кездесу барысында ауылдық округ әкімі тұрғындарды атқарылған жұмыстар, қол жеткізген нәтижелер, өзекті мәселелер және округтің одан әрі даму жоспарлары туралы хабардар етті.Сондай-ақ, 2026 жылғы 9 айда атқарылған жұмыстар туралы есеппен Смирнов ауылдық округінің…
