Санат: Шымкент
-
МАҚТААРАЛДА 1400 АДАМ ҚАТЫСҚАН СЕНБІЛІКТЕ 4,5 ТОННА ҚОҚЫС ЖИНАЛДЫ
Мақтаарал ауданында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті жалпыхалықтық сенбілік өтті. Табиғатты қорғау, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруды мақсат еткен тазалық шарасына аудан көлемінен 1400-ге жуық адам белсенді түрде қатысты. Сенбілікке аудан әкімдігіне қарасты мекемелердің қызметкерлері, ауылдық округ әкімдіктері, коммуналдық қызмет мамандары, білім…
-
Қазақстанда «Ауыл құтқарушылары» 228-ші ерікті өртке қарсы құралымы ашылды
Ақмола облысы Зеренді ауданының Азат ауылында 228-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды. Аталған өртке қарсы құралым халық саны шамамен 4 мың адамды құрайтын 3 елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады. Бүгінгі таңда пост тиісті дайындықтан өткен және тәулік бойы кезекшілік атқаруға дайын жеке құраммен толық жасақталған. Бөлімшенің жедел әрекет етуі…
-
Маңғыстау облысындағы екі ауылдың тұрғындары жаңа су құбыры арқылы тұрақты ауыз сумен қамтамасыз етілді
Маңғыстау ауданының Тұщықұдық ауылында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың қатысуымен «Қөңдіқұдық – Тұщықұдық» су құбыры пайдалануға берілді. Жобаның нәтижесінде Тұщықұдық және Шебір ауылдарының тұрғындары тұрақты түрде сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Бұл өңірдегі инженерлік инфрақұрылымды дамыту мен ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы маңызды жобалардың бірі. Нысанның ашылу рәсімінде өңір басшысы халықты сапалы ауыз…
-
Маңғыстау облысында Қаржылық мониторинг агенттігі жас қызметкерлерінің Батыс өңірлік слеті өтті
31 шілдеде Ақтау қаласында Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті ұйымдастырған Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі жас қызметкерлерінің Батыс өңірлік слетінің екінші күні өтті. Іс-шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысты. Батыс өңірлік слетке Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарынан келген жас қызметкерлер жиналды. Іс-шараның мақсаты – кадрлық әлеуетті нығайту, жас мамандардың кәсіби құзыреттерін…
-
Ақшы және Көктұма станцияларында жолаушылар инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары аяқталды
Жетісу облысында Ақшы станциясындағы жолаушылар инфрақұрылымын жаңғырту және Көктұма теміржол вокзалын реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Ақшы станциясында заманауи аялдау павильонының құрылысы аяқталды. Металл қаңқалы және күрделі пішіндегі профилирленген жабынмен жабдықталған ашық үлгідегі бір қабатты нысан салынды. Павильонда табиғи желдетуді қамтамасыз ететін аэрациялық шамдар мен ұйымдастырылған су бұру жүйесі қарастырылған. Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында павильонның периметрі…
-
«Болашақпен диалог»: «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясындағы жастармен кездесу
Қала прокуратурасы №2 Оқушылар сарайының дарынды балаларға арналған лагерінде блогер Мансар Орынханның қатысуымен балалармен кездесу өткізді. Кездесу барысында прокуратура әзірлеген «Заң мен тәртіп – қоғамның тұрақтылығы мен дамуының негізі» тақырыбындағы бейнеролик көрсетілді. Балалармен ашық диалог ұйымдастырылып, заңға құрмет, құқықтық сана, азаматтық жауапкершілік және қоғамдағы тәртіптің маңыздылығы жөнінде мазмұнды пікір алмасу өтті. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын…
-
Көлік министрлігі Орал әуежайын жаңғырту бойынша нақты міндеттерді жүктеді
Орал халықаралық әуежайында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің басшылығы өңірдің авиациялық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жобалардың іске асырылу барысын тексерді. Әуежай басшылығы, авиация саласы мен мен бейінді ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өткен жұмыс кеңесінде өзекті мәселелер мен жоспарланған іс-шаралардың орындалу барысы талқыланды. Кеңес қорытындысы бойынша ұшу-қону жолағын жөндеу, әуежайдың периметрлік қоршауын реконструкциялау, арнайы…
-
«ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ» АУДАНДЫҚ ІРІКТЕУ ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Аудандық мәдениет үйінің алаңында қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің аудандық іріктеу жарысы өтті. Дәстүрлі додаға ауданның ең үздік палуандары қатысып, боз кілемде өзара мықтыны анықтады. Жарыстың ашылу салтанатында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Д.Гайнуллина қатысушыларға сәттілік тілеп, жарыстың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, ардагер спортшы М.Қадешов ақ батасын берді. Тартысты белсулердің…
-
АРДАГЕРЛЕРІМІЗ АЛДЫҢҒЫ САПТА
Ағымдағы жылдың 30-31 шілде күндері Орал қаласында ардагерлер арасында VI спатакиадада өткен болатын. Аталмыш қатысқан аудан командасы волейболдан II орын, үстел теннисінен III орын (Т.Ғиылманов) тоғыз құмалақтан III орынды (Р.Денгизбаев) иеленіп, нәтижесінде жалпыкомандалық есепте IV орынға тұрақтады. Байрақты додада жүлдегерлер сапынан көрінген ардагер спортшыларымызды құттықтаймыз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bokeyorda/press/news/details/1267133?lang=ru
-
Ұлытау облысындағы үш теміржол вокзалы заманауи талаптарға сай жаңғыртылды
Ұлытау облысында Жаңаарқа, Қызылжар және Қаражал станциялары теміржол вокзалдарының реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Реконструкция барысында вокзалдарда шатырды монтаждау, ғимараттардың ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары, кәріз, су, жылу және электрмен жабдықтау инженерлік желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, перрондар қайта жаңартылып, іргелес аумақ абаттандырылды. Әрлеу жұмыстарында отандық өндірістің ұзақ мерзімге төзімді әрі өрт қауіпсіздігі талаптарына сай материалдары…
-
Қазақстан Әскери-теңіз күштерінде жауынгерлік даярлықтың кезекті кезеңі аяқталды
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әскери-теңіз күштерінде жерүсті корабльдері құрамаларының, әскери басқару органдары мен тактикалық топтардың даярлығын жетілдіруге бағытталған С курстық тапсырмасын қабылдау кезеңі аяқталды.Командалық-штабтық жаттығулар, штабтық оқу-жаттығулар және практикалық сабақтар барысында құрамалар командирлері, штаб офицерлері мен кеме экипаждары өздеріне тиесілі міндеттерді орындады.Оқу барысында жауынгерлік іс-қимылдарды жоспарлау және ұйымдастыру, күштерді басқару, өзара іс-қимылды жетілдіру, байланыс пен…
-
Мектепке дейінгі ұйымдардағы балалар қауіпсіздігі мәселелері талқыланды
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Қордай аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларымен кездесу өтті. Кездесуге Жамбыл облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасының бөлім басшысы Данияр Файзуллаұлы Ебелекбаев пен Жамбыл облысы бойынша Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Дәурен Орайұлы Бағжанов, Қордай аудандық білім бөлімінің басшысы Ғалым Бекмұрзаұлы Алимжанов қатысты. Жиын барысында мемлекеттік және…
-
Балалардың жазғы демалыс орындарындағы қауіпсіздік мәселелері зерделенді
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Қордай ауданы білім бөлімінің «Балауса» балалар сауықтыру лагері» МКҚК-де балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасының бөлім басшысы Данияр Файзуллаұлы Ебелекбаев пен Жамбыл облысы бойынша Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Дәурен Орайұлы Бағжанов қатысты. Зерделеу барысында лагерьдегі балалардың қауіпсіздігі, жүзу…
-
Бразилияда Қазақстан мен Бразилия арасындағы дипломатиялық қатынастардың 33 жылдығы аталып өтті
Бразилиа, 2026 жылғы 30 шілде – Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінде Қазақстан мен Бразилия арасында дипломатиялық қатынастар орнатылуының 33 жылдығына арналған «Қазақстан–Бразилия» достық форумының салтанатты отырысы өтті. Іс-шараға Бразилия Сыртқы істер министрінің орынбасары Сюзан Клибанк, «Қазақстан–Бразилия» достық форумының президенті, бұрынғы сенатор Улиссис Ридель, «Бразилия–Қазақстан» сауда палатасының президенті Кассиано Виана, Бразилияның экономикалық бірлестіктерінің басшылары, қоғамдық-саяси…
-
БЕКЗАТ СЕКТОРЫНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ЖАҚЫНДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы мен Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев Бекзат секторында жеке инвестиция есебінен салынған жаңа медициналық орталықтың ашылуға дайындығымен танысты. Қазіргі таңда нысанда ішкі әрлеу жұмыстары аяқталу кезеңінде. Сонымен қатар, заманауи медициналық құрал-жабдықтарды орнату, қажетті инфрақұрылымды жасақтау және білікті мамандарды қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Екі қабатты, заманауи талаптарға сай…
