Санат: Шымкент
-
Фитосанитариялық қауіпсіздік, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметтің әдеп нормаларын сақтау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңесі
Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде аудан әкімінің төрағалығымен фитосанитариялық қауіпсіздік, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметтің әдеп нормаларын сақтау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңес өтті. Кеңесте келесі баяндамалар тыңдалды:— аудан әкімінің орынбасары Кощегулов Дәулет Оспанұлының зиянды және аса зиянды организмдерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу туралы;— аудан әкімінің орынбасары Абжанов Олжас Аманбайұлының нашақорлық пен есірткі бизнесіне…
-
Маңғыстау облысында «Sapar Vision» автоматты тіркеу жүйесі іске қосылады
Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында Маңғыстау облысында жол қозғалысы ережелерін бұзуды автоматты түрде тіркейтін «Sapar Vision» жүйесін орнату жұмыстары аяқталып, 2026 жылғы 3 сәуірден бастап іске қосылады. Жаңа жүйе өңірдің 45 жол учаскесінде жұмыс істеп, автоматты түрде келесі құқық бұзушылықтарды анықтайды:– белгіленген жылдамдықты арттыру;– тұтас сызықты кесіп өту және қарсы…
-
Краснодар өлкесінде Қазақстан-Ресей аймақаралық ынтымақтастықты тереңдету мәселелері талқыланды
Краснодар өлкесімен екіжақты байланыстарды дамыту және кеңейту аясында Қазақстан Республикасының Астрахан қаласындағы Бас консулы Қанат Хасеновтың Краснодар қаласына жұмыс сапары өтті. Сапар барысында Краснодар өлкесінің губернаторы Вениамин Кондратьевпен кездесу ұйымдастырылды. Тараптар қазақстан-ресейлік аймақаралық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылап, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, гуманитарлық ынтымақтастық және жоғары оқу орындары арасындағы әріптестік мәселелеріне ерекше назар аударды. Тараптар агроөнеркәсіптік кооперацияны…
-
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» республикалық олимпиада
2026 жылғы 26–27 наурыз күндері Астана қаласында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Зерделі» білім беру орталығымен бірлесіп, бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» республикалық олимпиадасын өткізді.Аталған беделді білім додасында ауданымыздың абыройын Черноярка орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Туленова Гүльдана Қайыржановна жоғары деңгейде қорғады.Ол өз кәсіби шеберлігін, терең білімін және шығармашылық әлеуетін айқын көрсетіп, жүлделі ІІ орынға…
-
Қазақстандағы АХАТ қызметіне 105 жыл: өмірлік оқиғаларды тіркеу қалай цифрландырылды
2026 жылы Қазақстандағы азаматтық хал актілерін тіркеу қызметіне 105 жыл толады. Бір ғасырдан астам уақыт ішінде өмірлік маңызды оқиғаларды тіркеу жүйесі қағаз кітаптардан цифрлық сервистерге дейін дамыды. Қазақстандағы АХАТ жүйесі елде және ТМД кеңістігінде алғашқылардың бірі болып қызметтерін электрондық форматқа көшіруді бастады. Ғасырдан астам уақытта жинақталған миллиондаған акт жазбасы цифрлық жүйеге енгізіліп, өмірлік маңызды мәліметтер электрондық…
-
Наурызнама онкүндігі аясында Алғабас ауылдық округінде «Тазалық күніне» орай «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы ұйымдастырылды.
Наурызнама: «Мөлдір бұлақ» – табиғатқа қамқорлық белгісі Наурызнама онкүндігі аясында Алғабас ауылдық округінде «Тазалық күніне» орай «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы ұйымдастырылды.Аталған шараның мақсаты – бұлақ көздерін тазалау, табиғи су көздерін қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. ✨ Акция барысында:🔹 Бұлақ көздері тазартылып, айналасы ретке келтірілді🔹 Қоқыстар жиналып, аумақ абаттандырылды🔹 Тұрғындар арасында табиғатты қорғау бағытында түсіндіру жұмыстары…
-
Алматы облысында әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті
Облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаевтың төрағалығымен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегіүйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Отырыс барысында халықтың аз қозғалатынтоптары үшін әлеуметтік және көлікинфрақұрылымы нысандарын бейімдеу, инклюзивтібілім беруді енгізудің мәселелері мен перспективалары, сондай-ақ мүмкіндігі шектеуліадамдар үшін мәдениет мекемелері мен мәдени-көпшілік іс-шаралардың қолжетімділігі және басқа да өзекті мәселелер қаралды. Отырысқа Алматы облысы бойынша мүгедектігібар адамдарды…
-
2026 жылдың 02 сәуірінде Үшарал ауылдық округінде «Таза бейсенбі» акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Ауыл тұрғындары бірлесе отырып, айналаны тазалап, көшелер мен қоғамдық орындарды ретке келтірді. Табиғатты қорғау – әрбір азаматтың міндеті. Осындай игі шаралар ауылымыздың көркеюіне өз үлесін қосады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-panfilov-usharal/press/news/details/1192441?lang=kk
-
Қазақстан туристер ағынына курорттарды қалай дайындап жатыр: құтқару станцияларынан бастап жаңа жағажайларға дейі
Жыл басынан бері жазғы туристік маусымға дайындық мәселелері Туризм және спорт министрлігінің тұрақты бақылауында. Әкімдіктермен және салалық мемлекеттік органдармен бірлесіп, елдегі негізгі курортты өңірлердің дайындығын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Осы жылдың қаңтар айында Министрлік Үкімет аппаратының өңірлік инспекторларымен және салалық мемлекеттік органдармен бірге басым бағыттағы 6 туристік өңірге – Абай, Шығыс Қазақстан, Алматы,…
-
Бейбіт Исабаев сенаторлармен Жетісудың экономикалық даму мәселесін талқылады
Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев өңірге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшелерімен кездесті. Кездесуде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы сөз болды, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Сенаттың ресми делегациясын жылы қарсы алған Бейбіт Исабаев депутаттардың өңірге сапарларының маңыздылығын тілге тиек етіп, мұндай кездесулердің…
-
«Наурызнама» онкүндігі аясында мерекелік іс-шаралар округке қарасты Алғабас және Қызылтоған ауылдарында ұйымдастырылып өткізілді.
Алғабас ауылдық округінде Әз-Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті 🌿 «Наурызнама» онкүндігі аясында мерекелік іс-шаралар округке қарасты Алғабас және Қызылтоған ауылдарында ұйымдастырылып өткізілді. Мерекелік бағдарламаларда ұлттық салт-дәстүрлер дәріптеліп, ауыл өнерпаздарының концерттері, ұлттық ойындар мен тағамдар көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Ақ дастарқан жайылып, тұрғындар бір-біріне ізгі тілектерін арнады 🤝 Ұлыстың ұлы күнінде ауыл жұртшылығы бір арнаға…
-
Франция Сенатында Қазақстанның жаңа Конституциясы талқыланды
Париж, 2026 жылғы 1 сәуір – Қазақстанның Франциядағы Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова Франция Республикасының Сенатының Сыртқы істер, қорғаныс және қарулы күштер жөніндегі комиссиясының делегациясымен кездесу өткізді. Кездесу олардың Қазақстанға жоспарланған сапарына дайындық аясында ұйымдастырылды. Сұхбат барысында тараптар қазақ-француз күшейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі тереңдету жағдайы мен перспективаларын қарастырды. Сенаторлар Қазақстандағы саяси реформалар мен референдум қорытындысы бойынша…
-
Серік Жұманғарин Украина Сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездесті
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Украина Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Мищенкомен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту перспективасын, сондай-ақ Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссияның қызметін қайта бастау мүмкіндігін талқылады. Екі ел арасындағы негізгі өзара іс-қимыл бағытының бірі агроөнеркәсіп кешені болып қала береді. Кездесуде Қазақстанның бірнеше өңіріндегі сүт шаруашылықтарының бірнеше жылдан…
-
36 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқытылды
2026 жылдың басынан бері 36,1 мың азамат, оның ішінде 16,7 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында (бұдан әрі – Платформа) онлайн-курстардан өткені туралы сертификаттар алды. Платформада барлығы 1,3 млн-нан астам қазақстандық тіркелген, оның 56,8 мыңы – ағымдағы жылда тіркелді. Бұл ретте Платформа жұмысының барлық кезеңінде 1,2 мың адам оқудан өтті. Оқуды аяқтаған 16,7…
-
Ұлттық ұлан сержанттары оқу-әдістемелік жиындарда біліктілігін арттырды
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланында “Заң және тәртіп” қағидаты аясында сержанттық құраммен оқу-әдістемелік жиындар ұйымдастырылды. Іс-шаралар бағынысты құраммен жұмыстың тиімділігін арттыруға және тәрбие қызметін жетілдіруге бағытталды. Бастапқы даярлық курстары Ұлттық ұлан академиясының базасында онлайн форматта өтті. Бұл сержанттарға қызметтік-жауынгерлік міндеттерден қол үзбей, еліміздің барлық өңірінен білім алуға, сондай-ақ Бас…
