Санат: Шымкент
-
Қызылордада мас күйде көлік жүргізген азамат 15 тәулікке қамалды
Қызылорда облысында полицияның тоқтату туралы талабына бағынбай, көлікпен қашпақ болған мас жүргізуші ұсталды.Оқиға 13 қазан күні таңғы сағат 05:55 шамасында болған. Патрульдік полиция қызметкерлерінің назарына іліккен Range Rover автокөлігін тоқтату кезінде жүргізушінің әрекеті күдік тудырған.Тексеру барысында 33 жастағы қала тұрғынының алкогольдік масаң күйде көлік басқарғаны анықталды. Жүргізуші полиция бөліміне жеткізіліп, автокөлігі айып тұрағына қойылды.Сот қаулысымен…
-
Шадықсай ауылы тұрғындарымен ауылдық оеруг әкімінің кездесуі
2026 жылдың 13 қазанда ауылдық округ әкімі Бауыржан Алтынбаевич Жакаевтың Шадықсай ауыл 2026 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша есептік кездесуі өткізілді. Қазіргі уақытта тұрғындарды жолдарды қысқы күтіп-ұстау мәселелері толғандырады. Ауылдық округ әкімі барлық қойылған сұрақтарға түсініктемелер берді. Аталған мәселелер тұрақты бақылауда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karabalyk-stansionnyi/press/news/details/1311210?lang=ru
-
Жедел қызметіне жаңа талаптар енгізілді
Жедел қызметіне жаңа талаптар енгізілді 2026 жылғы 13 қазаннан бастап Қазақстанда жедел медициналық жәрдем қызметінің жұмысына қатысты жаңа ережелер күшіне енді. Жаңа тәртіпке сәйкес, диспетчер бригаданы шақыртуға жібергеннен кейін пациентке немесе жедел жәрдем шақырған адамға автоматты хабарлама жолданады. Арнайы геосервистер арқылы жедел жәрдем көлігінің орналасқан жерін нақты уақыт режимінде бақылау мүмкіндігі қарастырылған. Ал, емханалар жанындағы…
-
Талдықорғанда 2,8 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылды
Талдықорғанда 2026 жылдың тоғыз айында 2803 азамат жұмыспен қамту шараларына тартылды. Олардың жартысына жуығы тұрақты, ал қалғандары мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмысқа орналасты. Қазіргі уақытта қалада 319 бос жұмыс орны бар, ал жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 4 мыңға жуық. Бүгінде азаматтарды еңбекке тарту бағытында бірқатар мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, қоғамдық жұмыстарға тартылғандар саны 834…
-
Ақтөбе облысының креаторлары Астанадағы жәрмеңкеде 24 млн теңгеге жуық өнімді сатты
Астанадағы Qazaq Creative Hub орталығында Creative Aimaq республикалық жобасы аясында ұйымдастырылған «Aqtobe Creative Days» екі күндік жәрмеңкесі аяқталды. Ақтөбе облысынан келген креативті индустрияның 100-ге жуық өкілі 22 бағыт бойынша өз жобаларын ұсынды. Көпшілік дизайнерлік киімдер, әшекейлер, былғарыдан, ағаштан, сүйек пен киізден жасалған бұйымдар, ұлттық нақыштағы аксессуарлар мен кәдесыйларды сатып алды. Мәдени бағдарлама аясында «Aqtobe Design»…
-
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 210 ЖҰП БЕЙНЕЖЕТОН САТЫП АЛЫНДЫ
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 210 ЖҰП БЕЙНЕЖЕТОН САТЫП АЛЫНДЫ Медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жедел жәрдем қызметінің жұмысын жетілдіру бағытында Жамбыл облысында жаңа өзгерістер қолға алынуда. Жамбыл облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына жергілікті әкімдіктің қолдауымен 210 жұп бейнежетон сатып алынды. Заманауи құрылғылар жедел жәрдем бригадаларының жұмысын аудио-бейнежазбаға түсіруге мүмкіндік береді. Жазба шақырту орнына…
-
Жаңа жергілікті қоғамдастық мүшелерін сайлау
ХАБАРЛАНДЫРУ Құрметті ауылдастар! 2026 жылғы 23 қазан күні сағат 11:00-де Бозтал ауылы әкімшілігінің акт залында жергілікті қоғамдастықтың жаңа мүшелерін сайлау бойынша жиын өтеді. Осыған байланысты барша ауыл тұрғындарын аталған жиынға белсенді қатысуға шақырамыз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ereymen-boztal/press/news/details/1311215?lang=ru
-
Балалар алаңындағы ішімдік ішу: павлодарлықтар жауапқа тартылды
Биыл күз мезгілінде қала тұрғындарына күн шуақты, жаймашуақ ауа райы сыйлап отыр. Күндіз балалар алаңдарында балғындардың шат күлкісі естілсе, кешке қарай орындықтарға жиналып, алкогольдік ішімдіктер ішетін компаниялар пайда болады.Азаматтардың ескертулеріне мұндай адамдар көбіне құлақ аспайды. Алайда балалар алаңында алкогольдік ішімдіктер ішу – заң талаптарын тікелей бұзу.Мәселен, Павлодар қаласының полициясына Павлов көшесіндегі үйдің тұрғыны хабарласып, балалар…
-
Қарағанды облысында дербес деректерді қорғау және жасанды интеллектіні қауіпсіз қолдану жолдары түсіндірілді
Қызметтік ақпараттың сыртқа таралуына жол бермеу, дербес деректерді қорғау және интернет-алаяқтардың арбауына түспеу мәселелері Қарағанды облысының қала және аудан әкімдіктері қызметкерлеріне арналған оқыту семинарында талқыланды. Мамандар цифрлық кеңістіктегі қауіп-қатерлерден сақтану жолдарын түсіндіріп, жасанды интеллект құралдарын пайдалануда қандай талаптарды ескеру керектігіне тоқталды. Семинарды Қарағанды облысының цифрлық технологиялар басқармасы мен «Касперский зертханасы» бірлесіп ұйымдастырды. Киберқауіпсіздік жөніндегі сарапшы…
-
Бас дәрігерлер тұрғындарды тұмауға қарсы вакцина алуға шақырады
Бас дәрігерлер тұрғындарды тұмауға қарсы вакцина алуға шақырады Жамбыл облысындағы медициналық ұйымдардың басшылары мен медицина қызметкерлері тұмауға қарсы вакцинаны өздеріне салдырып, басқаларға оны жасатуға шақырады. Бұл – әркімнің өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың және жұқпалы аурулардың алдын алудың маңызды үлгісі. Вакцинация – тұмаудан және оның асқынуларынан қорғанудың тиімді тәсілдерінің бірі. Өз денсаулығыңызға бейжай қарамаңыз! Тұмауға қарсы…
-
Павлодар облысында 9 мыңға жуық тұрғын жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен
Жаяу жүргіншілер – жол қозғалысының ең қорғалмаған қатысушыларының бірі.– Жол қозғалысы ережелерін көбіне айналасына назар аудармай, гаджеттеріне үңіліп, капюшон киіп жүретін жасөспірімдер елемейді. Сондай-ақ егде жастағы тұрғындар да жаяу жүргіншілер өткелін пайдаланбай, жолды белгіленбеген жерден кесіп өтіп, ережелерді жиі бұзады.Бүгінгі таңда облыс бойынша жолдың жүру бөлігін белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін 8 780 тұрғын әкімшілік…
-
Жамбыл облысында 9 айда 206 мыңнан астам бактериологиялық зерттеу жүргізілді
Жамбыл облысында 9 айда 206 мыңнан астам бактериологиялық зерттеу жүргізілді Жамбыл облысының медициналық ұйымдарында жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын анықтау және ауруханалардағы тазалық талаптарының сақталуын тексеру жұмыстары тұрақты жүргізіледі. 2026 жылдың алғашқы 9 айында өңірдегі бактериологиялық зертханаларда 206 816 зерттеу жасалып, оның 17 267-сінен оң нәтиже анықталған. Зертханаларда ішек инфекцияларын анықтауға ерекше көңіл бөлінеді. Есепті кезеңде сальмонеллезге…
-
Құны 385 млрд теңгелік жоба: Ақмола облысының прокуратурасы инвесторға кедергіні жойды
Ақмола облысында қытайлық Dalian Hesheng Holdings компаниясы «Азия Алтын Дан» ЖШС-мен бірлесіп жүзеге асырып жатқан ірі инвестициялық жобаның іске асырылуына кедергі болған мәселе шешілді. Жобаның құны 385 млрд теңгені құрайды. Оны іске асыру аясында шамамен 800 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Жобаны дайындау барысында тазартылған ағынды суларды ағызуға қатысты техникалық шешімдерді келісу мәселелері туындаған. Оларды шешу…
-
ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ БЖЗҚ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ САУАЛДАР
ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ БЖЗҚ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ САУАЛДАР Зейнетақы активтерін кім басқарады? Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ), сондай-ақ 2021 жылдан бастап тиісті лицензиясы бар және уәкілетті органның талаптарына сай келетін инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) жүзеге асырады. Мұндай сенімгерлік басқарудың негізгі мақсаты – зейнетақы жинақтарын түрлі қаржы құралдарына инвестициялап, табыс алу. Зейнетақы активтерін…
-
Психотроптық заттарды өндірумен және өткізумен айналысқан қылмыстық топтың ұйымдастырушысы Ресей Федерациясынан экстрадицияланды
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы психотроптық заттарды заңсыз өндірумен және өткізумен айналысқан қылмыстық топты ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады. Тергеумен күдіктінің Алматы қаласы мен Қазақстанның басқа да аумақтарында мефедрон өндірумен және өткізумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты құрғаны және оған басшылық еткені анықталды. 2021 жылдан бастап ол ақшалай қаражатқа мұқтаж адамдарды…
