Санат: Шымкент
-
Атырау облысында әлеуметтік-еңбек қатынастарының өзекті мәселелері талқыланды.
Атырау облысында өңірлік үшжақты комиссияның отырысы өтіп, онда әлеуметтік-еңбек қатынастарының тұрақтылығын қамтамасыз ету, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау, еңбек дауларының алдын алу және өндірістік жарақаттануды төмендету мәселелері талқыланды. Отырыс барысында еңбек заңнамасының сақталуы, жалақы берешектерін өтеу, ұжымдық еңбек дауларының туындау себептері, еңбек шарттарын уақытылы тіркеу және міндетті зейнетақы жарналарын аудару мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жыл басынан…
-
Жас сарбазға құрмет көрсетілді
Бүгін Жосалы кентінің теміржол вокзалында Отан алдындағы азаматтық борышын абыроймен өтеп, туған жеріне оралған М.Жорабековті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында әскери қызмет атқарып, азаматтық міндетін орындап келген жас сарбазды қарсы алуға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Мереков, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Қ.Есдәулетов, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы А.Құлдүйсенов, аудандық қоғамдық…
-
ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Түркістан қаласында 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың жаңа тәсілдерін түсіндіру мақсатында ақпараттық кездесу өтті. Бекзат секторындағы тұрғындармен өткен жиынға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов қатысып, әлеуметтік қолдау жүйесіндегі өзгерістердің негізгі бағыттарын түсіндірді. Жаңа тәсілдің басты мақсаты – мемлекеттік көмекті отбасының нақты әлеуметтік жағдайы мен мұқтаждық деңгейін ескере отырып, атаулы түрде…
-
ХАБАРЛАНДЫРУ
Ертең, 14 қазанда Түркістан қаласының Жаңа қала секторындағы бірқатар көшелер мен нысандарда жоспарлы күзгі-қысқы жөндеу жұмыстарына байланысты табиғи газ беру уақытша тоқтатылады. Тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, баламалы қуат көздерін қарастыру сұралады. Газды өз бетінше қосуға қатаң тыйым салынады. Қосымша ақпарат алу үшін 104 нөміріне хабарласуға болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1310344?lang=kk
-
ТҮРКІСТАНДА 48 КӨШЕГЕ ОРТАША ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Қазіргі таңда Түркістан қаласындағы Бірлік секторына қарасты Атабай тас жолы көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу аясында жолға екі қабат асфальт жабындысы төселеді. Қазіргі уақытта ескі асфальт қабаты алынып, негізгі жұмыстар атқарылуда. Жөндеу жұмыстарын 10 қарашада аяқтау жоспарланған. Жалпы, Түркістан қаласында 2026–2027 жылдары ұзындығы 110,7 шақырымды құрайтын 143 көшеге орташа жөндеу жүргізу көзделген. Қазіргі таңда…
-
Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру тәртібіне енгізілген өзгерістер түсіндірілді
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Д. Молдабаевтың төрағалығымен субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және оларға жұмысқа орналасқан азаматтардың жалақысын субсидиялау қағидаларына енгізілген өзгерістерге арналған жиын өтті. Жиынға облыстық Еңбек мобильділігі орталығы директорының орынбасары А. Ж. Ахметова мен орталықтың сектор басшысы А. Мирамбекұлы, аудандық дербес бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, Мансап орталығының…
-
Жарық пен байланыс бір тіректе: ШҚО-да жаңа жоба жүзеге асырылуда
Шығыс Қазақстан облысының орталығында қалалық инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған «Қос мақсатты тіректер» жобасы жүзеге асырылуда. Жаңа құрылғылар көше жарығын қамтамасыз етумен қатар, мобильді байланыс сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Қала дамыған сайын тұрғындар үшін сапалы мобильді байланыс пен заманауи инфрақұрылымның маңызы арта түсті. Осы қажеттілікті ескере отырып, Өскеменде жарықтандыру жүйесі мен телекоммуникациялық жабдықтарды бір құрылымға біріктіретін жаңа…
-
ОТБАСЫЛЫҚ ЦИФРЛЫҚ КАРТАНЫ ӨЗЕКТЕНДІРУ ЖӘНЕ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРДЫ ОҢАЛТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Түркістан қаласында әлеуметтік саясаттың басым бағыттары бойынша кеңес өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасары Мадияр Бақтыбайұлы төрағалық етіп, жауапты бөлім басшылары мен сала мамандары қатысты. Кеңесте отбасылық цифрлық картаны өзектендіру, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың жағдайын бағалау және мүгедектігі бар адамдарға қатысты мәселелер қаралды. ОЦК деректеріне сәйкес, жыл басынан бері D және E санатындағы отбасылар саны…
-
МӘСЛИХАТ САЙЛАУЫ 29 ҚАРАШАДА ӨТЕДІ
Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2026 жылғы 29 қарашада өтеді. Еліміздегі 228 мәслихатқа 3 447 депутат сайлау жоспарланған. Оның ішінде 668 депутат облыстық, 626-сы қалалық, 2 153-і аудандық мәслихаттарға сайланады. Кандидаттарды ұсыну 14 қазанда басталып, 27 қазанда аяқталады. Ал сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары 1 қарашадан басталып, 28 қарашада тоқтайды. Дауыс беру күні сайлау…
-
Атырауда «Ұлттық мұра – мәңгілік қазына» аймақтық семинары өтуде
Атырау өңірінде материалдық емес мәдени мұраны сақтау, зерделеу және кеңінен дәріптеуге бағытталған «Ұлттық мұра – мәңгілік қазына» аймақтық семинары өтуде. Семинардың алғашқы күнінде қатысушылар «Нұрлы тал» этноауылында бас қосып, ұлттық өнер мен салт-дәстүрдің түрлі үлгілерімен танысты. Этноауылда ұлттық ән-жырлар орындалып, қолөнер бұйымдары мен дәстүрлі ұлттық ойындар көпшілік назарына ұсынылды. Аймақтық семинарға Қазақстанның материалдық емес мәдени…
-
🔹️АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Мәртөк ауданының әкімі Нұржан Мақсатов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында тұрғындар жұмысқа орналасу және өзге де әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер бойынша өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді.Көтерілген мәселелер бойынша тиісті бөлімдерге тапсырмалар беріліп, оларды қолданыстағы заңнама аясында шешу жолдары қарастырылды. Аудан әкімі тұрғындарды жұмыс кестесіне сәйкес, алдын ала жазылу бойынша апта сайын қабылдайды. 📍 Жазылу үшін: Мәртөк ауданы әкімі аппаратының…
-
15 қазанда Әуезов ауданы әкімінің тұрғындармен кезекті кездесуі өтеді
Құрметті Әуезов ауданының тұрғындары! 15 қазан күні Әуезов ауданының әкімі Абзал Қуандықұлы Егембердиевтің тұрғындармен кезекті кездесуі өтеді. Күні: 15 қазан 2026 жыл, бейсенбіУақыты: 10:00Мекенжай: №153 мектеп (Сәдуақасов көшесі, 27) Кездесу барысында аудан тұрғындарын толғандырған өзекті мәселелер талқыланып, ұсыныстар мен өтініштер тыңдалады. Іс-шараға мемлекеттік органдар мен коммуналдық қызметтердің өкілдері қатысады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1310334?lang=ru
-
Қазақстан Қарулы күштері үшін 200-ден астам әскери дәрігер даярланып жатыр
Еліміздегі және шетелдік медициналық жоғары оқу орындарында 200-ден астам болашақ әскери дәрігер білім алып жатыр. 2027 жылы Қарулы күштердің әскери-медициналық бөлімшелеріне бакалавриат, интернатура және резидентура бітірген 40-қа жуық түлек қосылмақ. Болашақ мамандардың басым бөлігі Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында білім алады. Мұнда 150-ден астам болашақ дәрігер әскери даярлықтан өтуде. Оның ішінде 80-нен астам қыз бар.…
-
Маңғыстауда «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында меморандумға қол қойылды
Маңғыстау облысында кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға және өскелең ұрпақтың рухани-танымдық әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды бастама қолға алынды. Маңғыстау облысы әкімдігі мен «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Құжатқа Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев пен «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан…
-
Ақмола облысы Бельгия және Австралиямен әріптестікті дамытып келеді: экспорт, инвестиция және жаңа өндірістер
Ақмола облысы агроөнеркәсіптік кешен және сирек жер металдарын өңдеу салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтіп келеді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Бельгия Королі Филипп пен Королева Матильданың қатысуымен өткен Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесі аясында өңір әкімі Марат Ахметжанов бельгиялық Linagro NV және Scaldis-Ruien NV компанияларымен үшжақты келісімге қол қойды. Сонымен қатар, Степногорск қаласында құны 150 млн АҚШ долларын құрайтын…
