Санат: Шымкент
-
Халықаралық додада жүлдегер атанған жас сарбаздарға құрмет көрсетілді
Облыс әкімі Берік Уәли «Абай қырандары» әскери-патриоттық клубы мүшелерімен кездесті. Сәуір айының 19-ы мен 25-і аралығында Өзбекстан Республикасының Шыршық қаласында «Vatanparvarlar» халықаралық әскери-спорттық жарысы өткен болатын. «Абай қырандары» клубының мүшелері аталған сайыста Қазақстан атынан өнер көрсетіп, жалпыкомандалық есепте жүлделі II орынды иеленді. Команда жекелеген сайыстар бойынша да жоғары нәтиже көрсетті. Атап айтқанда, әскерилендірілген эстафетадан және…
-
Ақтауда Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік концерт өтті
Ақтауда Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік концерт өтті Ақтау қаласындағы «Амфитеатр» алаңында Абай атындағы мәдени демалыс кешенінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік концерт өтті. Іс-шараның басты мақсаты – еліміздегі этносаралық татулықты, бейбітшілік пен келісімді нығайту, көпұлтты қоғамның бірлігі мен достығын дәріптеу. Мерекелік кешке қала тұрғындары мен қонақтары жиналып, ерекше көңіл-күй мен жарқын…
-
«Таза Қазақстан» аясында Түпқарағанда көгалдандыру жұмыстары жүргізілді
30 сәуір күні Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ағаш отырғызу шарасы өтті. Іс-шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, облыстық мәслихат төрағасы Жаңбырбай Матаев, сондай-ақ ардагерлер мен жастар қатысты. Экологиялық акция барысында қатысушылар қаладағы Астана көшесіне акация, қарағаш, катальпа және өзге де ағаш көшеттерін отырғызды. Аталған аумақта көгалдандыру жұмыстары «NCOC» компаниясының…
-
Заңды тұлғалар мен ЖК мүлік салығы бойынша негізгі өзгерістер. Салық есептілігін ұсыну тәртібі.
2026 жылдың басынан бастап заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер (оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолданбайтындар) үшін, егер мүлік салығының жылдық сомасы 300 АЕК-тен (1 297 500 теңге) аспаса, ағымдағы төлемдер есептемесін (701.01 нысаны) ұсыну міндеті жойылды. Мұндай салық төлеушілер есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей, салық салу объектісі орналасқан жер бойынша тек декларацияны (700.00 нысаны) ұсынады. Егер салық сомасы 300 АЕК-тен асса, 701.01 нысанын ұсыну міндеті сақталады. Салық кезеңі ішінде салық салу объектілері келіп түскен немесе есептен шыққан қалған жағдайда, кезекті төлеу мерзімі басталғанға дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей ағымдағы төлемдердің мөлшерін түзетумен және оларды алдағы төлеу мерзімдеріне тең үлестермен бөлумен қосымша есептеме ұсынылады. 2026 жылдан бастап салық салу объектілерін жүйелі түрде қайта бағалау туралы норма енгізіледі. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер ғимараттар мен құрылыстарды кемінде үш жылда бір рет қайта бағалаудан өткізуге міндетті. Бұл салық базасына тікелей әсер етеді. Салық кодексінің 590-бабы 1-тармағының…
-
Жылдың басты реформасы: Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі.
Достар, біз үлкен өзгерістердің алдында тұрмыз. Жаңа Салық Кодексін енгізу-бұл ережелерді косметикалық жөндеу ғана емес, мемлекет пен бизнес арасындағы қатынастардың толық “жыпылықтауы”. Біз қазір не өзгеретінін және не дайындалатынын түсінеміз. Реформаның басты мақсаты-жазалаушы фискалдық әкімшілендіруден сервистік модельге көшу. Бұл салық тек бақылаушы емес, көмекші болуы керек дегенді білдіреді. Негізгі жаңалықтар: Режимдерді жеңілдету: арнайы салық режимдерін (SNR) оңтайландыру, осылайша бизнес ауқымнан тыс “ұшып кетуден” және үлкен салықтарға түсуден қорықпай өсе алады. Сараланған мөлшерлемелер: саланың басымдылығына байланысты әр түрлі табыс салығының ставкаларын енгізу. Максималды цифрландыру: одан да көп Автоматтандыру және қағазбастылық аз. Деректер базасын интеграциялау іс жүзінде кәсіпкердің қатысуынсыз есептілікті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Салықтық ынталандыру: өндірісті модернизациялауға және жоғары технологияларға инвестиция салатындар үшін жеңілдіктер. Бұл не үшін қажет? Жаңа кодекс жүйені әділ және түсінікті етуге арналған. “Сұр аймақтар” мен күрделі тұжырымдар неғұрлым аз болса, бәріміз үшін ойын ережелері соғұрлым ашық болады. Маңызды: реформа барлығына қатысты…
-
Ғылым министрлігінде AI-SANA бағдарламасын іске асыру талқыланды
Ғылым министрлігінде AI-SANA бағдарламасын іске асыру талқыланды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінде Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің жасанды интеллект саласындағы халықаралық сарапшы, AI-SANA білім беру бағдарламасының негізгі әзірлеушілерінің бірі Пол Киммен жұмыс кездесуі өтті. Кездесуге сондай-ақ ведомстволық ұйымдардың өкілдері және «Қазақстан халқына» ҚҚ жоба серіктестері қатысты. Тараптар AI-SANA бағдарламасының II кезеңін іске…
-
Су айдындары мен жағалауларды тазарту: елордада «Мөлдір бұлақ» экоакциясы өтуде
Астанада «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық айлығы аясында таңертеңгі уақыттан бастап «Мөлдір бұлақ» акциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Акция барысында су айдындарына жақын аумақтарды санитарлық тазартуға ерекше назар аударылып отыр. Жұмыс Есіл өзенінің жағалауы бойында, сондай-ақ Сарыбұлақ учаскелері мен басқа да су нысандарында жүргізілуде. Қатысушылар қоқыс жинап, жағалау аумағын тазартып, қоғамдық кеңістіктерді…
-
Астанада «Мөлдір бұлақ» экоакциясына қатысушылар «Таза Қазақстан» алып туын жайды
Астанада «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында өтіп жатқан «Мөлдір бұлақ» акциясына колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, сондай-ақ «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері қатысты. Олар Ақбұлақ өзені жағалауын қоқыс, қураған жапырақтар мен бұтақтардан тазартты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай акциялар қалада игі дәстүрге айналып, жыл сайын қамтылатын аумақ көлемі артып келеді.Алматы…
-
Таразда Бірлік күні кең көлемде аталып өтті
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Тараз қаласында «Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі» атты ауқымды мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. «Көне-Тараз» этномәдени кешеніндегі Достық үйі алаңында өткен тағылымды шара елдегі этносаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықтың айқын көрінісіне айналды. Салтанатты жиынға облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының…
-
Астанада «Kazakh Tazy» монопородалық көрмесі өтті
Астана қаласында «Астана Виннер 2026» халықаралық кинологиялық көрмесі аясында қазақтың ұлттық ит тұқымы – тазыға арналған «Kazakh Tazy» монопородалық көрмесі өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев қатысты. Сонымен қатар, көрмеге Халықаралық кинология федерациясының (FCI) өкілдері, отандық және шетелдік кинологтар мен тазы тұқымының жанашырлары жиналды. Министр өз сөзінде Халықаралық кинология федерациясының…
-
Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу – басты назарда
Мектеп қабырғасында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында білім ошағында Профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Т. Селбаевтың қатысуымен кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын түсіндіру және құқыққа қайшы әрекеттердің салдарын ұғындыру. Кездесу барысында Т. Селбаев жасөспірімдерге қазіргі қоғамдағы құқықбұзушылық түрлері, олардың туындау себептері және алдын алу жолдары…
-
«Таза Қазақстан»: Астанада Есіл өзенінен бірнеше жүк көлігіне тең қоқыс шығарылды
Астанада республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында қалалық су айдындарының тазалығын қамтамасыз етуге бағытталған «Мөлдір бұлақ» іс-шаралары өтіп жатыр. Соның бірі – Есіл өзені бойында ұйымдастырылған «Таза су айдындары» табиғатты қорғау акциясы, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Экологиялық акция Есіл өзенінің Қарағанды бағытына шығатын айналма жол маңында өткізілді. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі…
-
Астанада «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өтті
Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Іс-шараның басты мақсаты – бұлақ көздерін ашу, оларды тазарту және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Аталған акцияға «Астана Тазалық» мекемесінің қызметкерлері мен еріктілер қатысты. Әр тараптан 50 адамнан қатысып, жалпы саны 100…
-
СЫР ӨҢІРІНДЕ ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ЕРЕСЕКТЕР АРАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДАНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ
Қызылордада Кеңес Одағының батыры Тәйімбет Көмекбаевты еске алуға арналған грек-рим күресінен ересектер арасындағы халықаралық турнир басталды. Екінші мәрте ұйымдастырылған, Олимпиада, Әлем, Еуропа, Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері жиналған жарыста 20-дан астам елдің балуандары белдеседі. Атап айтқанда, Әзірбайжан, Бразилия, Қарақалпақстан, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Пәкістан, Ресей, Татарстан, Тәжікстан, Түркия, Түркіменстан, Үндістаннан және еліміздің барлық аймағынан 200-ге…
-
Полиция жастарды жұмысқа шақырады
29 сәуірде Ақтөбе қаласында Қ.Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университеттің ұйымдастыруымен өткен ауқымды бос орындар жәрмеңкесіне Ақтөбе облысы полиция департаментінің қызметкерлері қатысып, жастарды полицияға жұмысқа шақырды.Биылғы университет бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыруға ықпал ету мақсатында ұйымдастырылған шараға студенттер мен түлектер белсенді қатысып, онда облыс орталығынан ғана емес, барлық аудандардан да жұмыс берушілер, өңірдегі барлық құқық қорғау органдарының…
