Санат: Шымкент
-
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Король Филипп және Патшайым Матильдамен бірге Ұлттық музейді аралады. Мәртебелі меймандар музей кешенінің сәулеттік ерекшеліктерін және Ұлы даланың мәдени-тарихи мұрасын паш ететін экспозициялар кеңістігін тамашалады. Әсіресе, бірегей археологиялық қазбалар, ежелгі зергерлік өнер үлгілері, соның ішінде Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» мен Берел, Талды-2, Тақсай, Шілікті обаларынан шыққан…
-
2026 жылғы 13 қазанда сағат 18:00-де Аягөз ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті
Отырыс барысында 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыруға және өткізуге байланысты үш мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша комиссия Аягөз ауданы мәслихат депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекітті. Екінші мәселе аясында сайлау инфра құрылымының жай-күйі қаралды. Атап айтқанда, сайлау комиссияларының құрамдары, сайлау округтері, олардың тізімдерін жариялау, сондай-ақ сайлаушыларды…
-
Солтүстік Қазақстан облысында жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында студенттерге арналған үлгілі сот процесі өткізілді
2026 жылғы 12 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы 23 колледждің және Манаш Қозыбаев атындағы университеттің студенттеріне арналған үлгілік сот процесін ұйымдастырды. Іс-шара аясында студенттердің қатысуымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігінде көзделген, яғни қару қолдану арқылы бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған облыстың төрт жас тұрғынына қатысты сот үкімі жарияланды. Сотталғандардың әрқайсысына 5 жыл мерзімге…
-
Стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 29 сәуірдегі №160 бұйрығымен бекітілген бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің 2026 жылғы екінші жартыжылдығына арналған тізіміне сәйкес, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер…
-
Ақтөбе облысының тоғыз айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары шығарылды
2026 жылдың тоғыз айындағы Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған міндеттер облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында қаралды. Отырыста экономиканың негізгі салаларындағы оң динамиканы сақтау, инвестициялық белсенділікті арттыру және жылдық жоспарлардың орындалуын қамтамасыз ету мәселелеріне басымдық берілді. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Адайбек Есенаманов баяндама жасап, өңір дамуының…
-
Қаржы министрлігінде салық тексерістерінің сапасы мен бизнестің шағымдарын қарау қорытындылары талқыланды
ҚР ҚМ Апелляция департаменті мен Мемлекеттік кірістер комитеті салық саласындағы тексеру жұмыстарының сапасына байланысты бірлескен кеңес өткізді. Онлайн форматта өткен талқылауға МКК-нің аумақтық департаменттер қатысты. Алқалы басқосу Жәнібек Нұржанов пен Сейілжан Ахметовтің төрағалығымен өтті. Апелляциядепартаментінің директоры Серік Айсин шекті межеден асып кеткен ҚҚС қайтаруға байланысты салық тексерісі кезіндегі негізгі бұзушылықтар жөнінде айтып берді.Бұған қоса сенімсіз…
-
Атырауда абаттандыру талаптарын бұзудың 5000-нан астам дерегі анықталды
Атырауда жыл басынан бері «Таза Қазақстан» аясында абаттандыру қағидаларын бұзудың 5 110 дерегі анықталды. Бұдан бөлек, ортақ пайдаланылатын орындарды ластаудың 286 дерегі тіркелді. Анықталған құқық бұзушылықтардың ішінде 94 тұлға бір жыл ішінде осыған ұқсас әрекетті қайталап жасаған. Барлық дерек бойынша тиісті әкімшілік шаралар қабылданды. Мәселен, 11 қазан күні сағат 16:21 шамасында Атырау қаласындағы Азаттық көшесінде…
-
Шымкент қаласында шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны қалыптастыру жөніндегі комиссия отырысы туралы хабарлама
2026 жылғы 15 қазанда сағат 15:00-де Шымкент қаласы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны қалыптастыру жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтетінін хабарлаймыз. Өтетін орны: Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, № 6 ғимарат, акт залы. Байланыс телефоны: 8 (7252) 53-00-58. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-zhumys-aleumettik-korgau/press/news/details/1310236?lang=ru
-
СҚО полицейлері дін мен дәстүрлі құндылықтарды талқылады
Діни келісім мәселелерін түсіну, деструктивті діни ағымдарды дәстүрлі діннен ажырата білу – қазіргі полицейдің кәсіби даярлығының маңызды бөлігі. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінде «Дәстүр мен дін: бірлік жолы» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру дәрісі өтті. Оған департаменттің түрлі бөлімшелерінен 40-қа жуық қызметкер қатысты. Дәрісті облыстық әкімдіктің Дін істері басқармасына қарасты Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының теологы Елизавета…
-
Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қала аумағында жүзеге асып жатқан инвестициялық жобалардың қазіргі жай-күйімен, нысандардағы жұмыс барысымен танысты.Алдымен сол жағалаудағы «Alem Asia Trade» серіктестігінің автокөлік салонына барды. Жоба аясында 21 жұмыс орны ашылған, айына орта есеппен 20 автокөлік сату жоспарланған. Қазіргі уақытта Оңтүстік Кореяның KIA ресми диллерлік орталығымен бірлесіп жұмысын бастаған.«Достық» жеке кәсіпкерлігінің шыны пакеттер…
-
Ерікті зейнетақы жарналары — зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді жолы
Ерікті зейнетақы жарнасының ерекшелігі — зейнетақы жинағыңызды өз қалауыңызға қарай толықтыра аласыз. Жарна мөлшері мен оны аудару жиілігін әр адам өзі белгілейді. Ал жинақ бойынша төлемдерді белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпей-ақ алуға мүмкіндік бар. Ерікті жарнаны азаматтың өзі де, жұмыс беруші де төлей алады. Жұмыс беруші аударған мұндай жарна қызметкердің табысы болып саналмайды және жеке табыс…
-
“Киберқадағалау”: Атырауда 3000-ға жуық фишингтік сайт бұғатталды
Желіде жалған хабарландырудан бастап, телефон арқылы ақша жымқыруға дейінгі интернет-алаяқтықтың түрлі тәсілдері таралуда. Атырау облысында жыл басынан бері мұндай 484 дерек тіркелді. Оның 126-сы ашылып, 38 адамның аталған қылмыстарға қатысы анықталды. Киберқылмыспен күрес қылмыстарды ашумен қатар, олардың алдын алуды да қамтиды. Осы мақсатта полиция қызметкерлері тұрғындармен кездесіп, алаяқтықтың кең таралған түрлері мен қорғану жолдарын түсіндіруде.…
-
Қазақстанда 17 мың шақырым электр желілерін жаңғырту толық аяқталды
Күзгі-қысқы кезеңге дайындық аясында елімізде электр желілеріне күрделі жөндеу бойынша жоспарланған жұмыстардың көлемі орындалды. Биыл 17,1 мың шақырым электр беру желісі, 444 қосалқы станция және 3,4 мыңнан астам тарату және трансформаторлық пункт жөнделді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі. Жұмыстар еліміздің барлық өңірінде жүргізіліп, электрмен жабдықтаудың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған. Жөндеу жұмыстарының ауқымды көлемі Ақмола…
-
Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында шашкиден жарыс өткізілді
Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, діни сауаттылықты арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында шашкиден жарыс өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, логикалық ойлау қабілетін дамыту, зияткерлік ойындарға қызығушылығын арттыру және жастарды теріс діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар төмендегідей орындарға…
-
Марғұлан университетінің ғалымдары көне бас киімнің құпиясын зерттеп жатыр
Марғұлан университетінің ғалымдары көне бас киімнің құпиясын зерттеп жатыр 1959 жылы табылған бірегей күміс бас киім ғылыми зерттеу нысанына айналды. Зерттеу жұмыстары көне зергерлердің шеберлігін зерделеуге, жәдігердің жасалу технологиясы мен ықтимал шығу тегін анықтауға мүмкіндік береді. Марғұлан университетінің Археологиялық зерттеулер институтының ғалымдары Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде сақтаулы тұрған бірегей күміс бас киімге технологиялық зерттеу жүргізіп…
