Санат: Шымкент

  • Президент Қасым-Жомарт Тоқаев семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасын Гонконгта өткен әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Мемлекет басшысы құттықтауында семсерлесушілердің ел тарихындағы тұңғыш алтын медалі спорттық шеберліктің, болаттай берік мінез бен командалық рухтың айқын көрінісі екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев жеңімпаздар мен жаттықтырушылар құрамына Қазақстанның әлемдік аренадағы беделін арттыруға қосқан үлесі үшін шынайы алғысын айтып, жаңа жеңістерге жете беруіне тілектестік білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1265663?lang=ru

  • Шетел азаматтары үшін ақпарат

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Құрметті азаматтар! Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Елшілігі 30 шілдеден бастап ақпараттық жүйедегі техникалық ақауларға байланысты Қазақстан Республикасы визаларын беру процесі белгісіз мерзімге уақытша тоқтатылатынын хабарлайды. Елшілік уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad/press/news/details/1265664?lang=ru

  • «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы.

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Нұраталды ауылдық округінде санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Жол бойы, қоғамдық орындар мен ауыл аумағы қоқыстан тазартылып, абаттандыру және көркейту шаралары атқарылды. Тазалық – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Бірге таза әрі көрікті Қазақстанды қалыптастырайық! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-nurataldy/press/news/details/1265665?lang=ru

  • ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛІ!

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Заң мен тәртіпті сақтау – әр азаматтың ортақ міндеті. Қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтардың заң талаптарын құрметтеуі – баршамызға ортақ жауапкершілік. Заңға құрметпен қарап, тәртіпті сақтау арқылы біз қауіпсіз әрі жайлы қоғам қалыптастырамыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-nurataldy/press/news/details/1265666?lang=ru

  • ОРДАБАСЫ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Оралбайұлы Көшеровтің Ордабасы ауданының тұрғындарымен кездесуі 2026 жылғы 12 тамызда сағат 11.00-де аудандық мәдениет үйінде (Темірлан елді мекені, Қажымұқан көшесі №219), жеке қабылдауы сағат 12.00-де аудан әкімдігі ғимаратында (Темірлан елді мекені, Т.Рысқұлов көшесі №14)…

  • АУДАН БЕЛСЕНДІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев ауданның белсенді азаматтарымен кездесу өткізді. Жиынға құқық қорғау органдары, аудан әкімінің орынбасары, бөлім басшылары мен жауапты мамандар қатысты.Кездесу барысында белсенді азаматтар елдімекендегі өзекті мәселелерді көтеріп, өз ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Атап айтқанда, ауызсу, газдандыру, жер қатынастары, білім беру салаларына қатысты мәселелер талқыланып, көтерілген сауалдарға жауаптар берілді. Қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелер бойынша…

  • Қазақстанда «Адам саудасы – ауыр қылмыс!» атты республикалық ақпараттық науқан басталады

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Бүгінгі таңда халықаралық қылмыстық топтар жұмыс іздеу үшін цифрлық технологияларды, әлеуметтік желілерді және интернет-платформаларды белсенді қолданады. Жоғары ақы төленетін жұмыс орындарының атын жамылып, адамдарды жаңылыстырады, бас бостандығынан айырады және заңсыз әрекеттерге қатысуға мәжбүрлейді. Қанаудың бұл түрі трансұлттық ұйымдасқан қылмыстың ең тез таралатын қауіптерінің біріне айналуда. Адам саудасының құрбандары әр түрлі жастағы, кәсіптегі және білім деңгейіндегі…

  • Қазақстан Республикасының Ұлттық превентивтік тетігі: адам құқықтарын қорғауға үлес қосу мүмкіндігі

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Адамның құқықтары мен қадір-қасиетін қорғау – заманауи құқықтық мемлекеттің маңызды қағидаттарының бірі. Қазақстан Республикасындағы қоғамдық бақылаудың тиімді құралдарының бірі – азаптаулардың және қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас пен жазалаудың алдын алуға бағытталған Ұлттық превентивтік тетік (ҰПТ).Ұлттық превентивтік тетікке қатысушылар адамдар еркіндігі шектелген мекемелерге тұрақты түрде превентивтік барулар жүргізеді. Олардың негізгі міндеті – ұстау…

  • «Қазақстан – Чили» достық қоғамының бесінші отырысы

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Бразилиа, 2026 жылғы 29 шілде – Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы және Чили Республикасындағы қоса атқарушы Елшілігі «Қазақстан – Чили» достық қоғамымен бірлесіп, Қоғамның бесінші отырысын онлайн форматта өткізді. Іс-шара көрнекті қазақ ақыны әрі жазушысы Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай оның әдеби мұрасына арналды. Кездесу қатысушыларына Қазақстан Республикасының Бразилиядағы және Чилидегі қоса атқарушы…

  • Астана  қаласы тұрғындарының назарына!

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    2026  жылдың  30 шілдеде сағат 15.00-де    қалалық әкімдігінің мәжіліс залында (221 каб.)  Астана қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді.  Қоғамдық кеңестің қарауына келесі нормативтік құқықтық акт  жобаларын  енгізіледі:  Салық салу мақсаттары үшін жерлерді аймақтарға бөлу схемасы және жер салығының базалық мөлшерлемелерін  арттырудың (төмендетудің) пайыздары туралы       Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 9 қарашадағы № 326/41-VI «Салық салу мақсаттары…

  • Мемлекеттік тұрғын үй қорынан ұсынылатын тұрғын үйге мұқтаж азаматтар есебіне қалай тұруға болады ?

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kamyskala/press/news/details/1265677?lang=ru

  • Жаңа Бұқтырма кентінің жаңару барысы туралы әңгімемізді жалғастырамыз.

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Кенттің маңызды орындарының бірі – Даңқ мемориалы. Бұл – батырларға деген құрметтің, тағзымның және алғыстың символы. Мұнда тұрғындар айтулы күндері жиналып, Отан қорғаушылардың ерлігін еске алып, ұрпақтар сабақтастығын сақтайды.Мемориал мен оған іргелес аумақтың абаттандырылуы бұл қасиетті орынды бұрынғыдан да көркейтіп, оның маңызын арттыра түсті. Жаңа Бұқтырманың жаңаруы – бұл тек жаңа қоғамдық кеңістіктер мен заманауи…

  • Бір күнде еліміздің бес өңірінде жаңғыртудан өткен 9 теміржол вокзалы пайдалануға берілді

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Атырау облысында Мақат, Сағыз және Доссор станцияларының теміржол вокзалдарын реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Қайта жаңғырту барысында барлық нысандарда құрылыс-монтаж жұмыстарының кешені орындалды: тірек конструкциялар, шатырлар мен қасбеттер жаңартылды, инженерлік желілер ауыстырылды, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілді, іргелес аумақтар абаттандырылып, жаңа жиһаздар мен заманауи жабдықтар орнатылды. 1966 жылы салынған Мақат теміржол вокзалының аумағы қайта жаңғыртудан кейін 355,8 шаршы…

  • Халықаралық «Формула-1 H2O» жарысын Қонаев қаласында өткізу жоспарлануда

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Әлемге әйгілі судағы «F1H2O» сайысы алдағы 5 жыл бойы Қапшағай су қоймасында өтуі мүмкін. Бүгін халықаралық сайыстың ұйымдастырушылары арнайы Алматы облысына келіп, өңір басшысы Марат Сұлтанғазиевпен кездесті. Жиында әлемдік F1H2O ұйымы, iHolding компаниясы және Сауд Арабиясынан келген ресми делегация өкілдері мен Алматы облысының әкімі 2027 жылғы әлем чемпионатын Қонаев қаласында өткізу туралы келісімге қол қойды,…

  • Қызылорда облысындағы 123 тік дренаж ұңғымасын реконструкциялау жобасын Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеп жатыр

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті Қызылорда облысының Сырдария, Жалағаш, Шиелі және Жаңақорған аудандарындағы 123 тік дренаж ұңғымасын реконструкциялау жобасын әзірлеп жатыр. Жоба аясында тік дренаж ұңғымаларын жөндеу, ұңғымаларды басқару станциялары үшін ғимараттар салу, сондай-ақ олардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында электр желілері мен трансформатор орнату жоспарланған. Сонымен қатар өндірістік учаскелер мен «Қазсушар»…

Exit mobile version