Санат: Шымкент
-
«Таза Қазақстан» Экологиялық мәдениетті бірге қалыптастырайық
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті «Таза бейсенбі» шарасы өткізілді. Бұл — жай ғана тазалық жұмысы емес, қоғамда қоршаған ортаға деген жанашырлық пен жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. Акцияның негізгі мақсаты — туған өлкенің табиғатын аялау, экологиялық мәдениетті дәріптеу және ортақ үйіміздің тазалығына әр азаматтың үлес қосуына жағдай жасау. Тазалық баршамызға ортақ іс, сондықтан…
-
Жоғарғы сынып оқушылары мемлекеттік қызметпен танысты
Алға ауданында оқушылар арасында мемлекеттік қызмет құндылықтарын насихаттау және ерте кәсіптік бағдар беру мақсатында мазмұнды іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шара аясында Алға қаласындағы 5 білім беру ұйымының оқушылары аудан әкімдігіне арнайы барып, аудан әкімі Асланбек Шүйіншәлиевпен дөңгелек үстел форматында кездесті. Еркін форматта өткен жүздесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі, мемлекеттік қызметшінің…
-
Астанада гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған шараларды күшейту мәселесі талқыланды
Бүгін Астанада мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы жобаларды іске асыру мәселелеріне арналған фокус-топ отырысы өтті. Жиын барысында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары, отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл Снежанна Имашева гендерлік сипаттағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мемлекеттік отбасы саясатының маңызды бағыттарының бірі болып…
-
Алматыда мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді жинау акциясы өтті
Алматыда мерзімі өткен және пайдаланылмаған дәрілік заттарды жинау акциясы өтті. Іс-шараны «Eco Almaty» ЖШС, Eco Network және Stada компаниялары ұйымдастырды. Басты мақсат — дәрілік заттарды дұрыс кәдеге жаратпау салдарынан қоршаған ортаға келетін зиянның алдын алу. Себебі оларды тұрмыстық қоқысқа немесе кәріз жүйесіне тастаған жағдайда дәрілер топырақ пен суға сіңеді, ал өртеген кезде атмосфералық ауаға тарап,…
-
«Заң мен тәртіп»: туристер саяхат кезінде нені ескеруі керек
«Заң мен тәртіп» қағидаты тек құқық қорғау саласын емес, өміріміздің барлық бағытын, оның ішінде туризмді де қамтиды. Саяхатшының өз құқықтарын білуі және міндеттерін сезінуі – жайлы әрі қауіпсіз демалыстың басты шарты. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» заңында осы мәселелер қарастырылған. Заң бойынша саяхатқа әзірленген немесе саяхат жасап жүрген әрбір турист мынадай мүмкіндіктерге ие:…
-
Run for Autism: Астанада қайырымдылық жүгіру жарысы өтеді
Астана қаласындағы Ботаникалық бақта аутизм туралы ақпараттандыру айына орай қайырымдылық жүгіру жарысы өтеді. Дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін іс-шара 26 сәуір күні ұйымдастырылады, басталу уақыты – 08:00. Жиналған қаражат аутизмі бар жасөспірімдер мен ересектерді кәсіби оқытуға, құрал-жабдықтар алуға және «Bolashak Charity» қорының Құзыреттілік орталығында білім беру гранттарын ұсынуға бағытталады. Жүгіру жарысы менталдық денсаулық тақырыбына арналады,…
-
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын ағымдағы жылғы 18-21 сәуір аралығында Ж.Нәжімеденов көшесінен А.Байтұрсынов көшесіне дейінгі учаскеде С.Шәймерденов көшесінің орташа жөндеу жұмыстарын жүргізілетіні туралы хабардар етеді.
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын ағымдағы жылғы 18-21 сәуір аралығында Ж.Нәжімеденов көшесінен А.Байтұрсынов көшесіне дейінгі учаскеде С.Шәймерденов көшесінің орташа жөндеу жұмыстарын жүргізілетіні туралы хабардар етеді. Осы уақытта автокөлік құралдарының қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы…
-
«Парыз-2026» байқауы басталды
2026 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауының басталғандығын хабарлаймыз. Байқау халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін қоғам алдындағы өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған. Мемлекеттің акциялары, жарғылық капиталдарындағы қатысу үлесі 50 проценттен асатын ұйымдар байқауға қатысуға жіберілмейді. Байқау төрт номинациялар бойынша: «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын». Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі…
-
Қазақстан мен KU Leuven маңызды шикізат және тұрақты металлургия саласындағы ынтымақтастықты дамытуды талқылады
Лёвен, 2026 жылғы 17 сәуір – Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Роман Василенко Лёвен Католиктік Университетінің Тұрақты металдар мен минералдар институтына (KU Leuven SIM²) барып, институт директоры профессор Питер Том Джонспен кездесу өткізді, сондай-ақ SOLVOMET ғылыми-зерттеу орталығының қызметімен танысты. Кездесу барысында тараптар маңызды шикізат, тұрақты металлургия, айналмалы экономика және ресурстарды өңдеу салаларындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Қазақстан…
-
БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ЕЛОРДАЛЫҚ БОКСШЫЛАРДЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ ЖЕҢІСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит Моңғолияның астанасы Ұланбатыр қаласында өткен ересектер арасындағы Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, сондай-ақ олардың жеке бапкерлерін қабылдады. Кездесуге бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұржан Насанов, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Астана қаласы әйелдер құрамасының аға жаттықтырушысы Марат Манашев, ҚР еңбек сіңірген…
-
Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасына мониторинг жүргізіліп келеді
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің тапсырмасы аясында Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын бақылау және тұрақтандыру бойынша кешенді жұмыстар қолға алынды. Биыл 16 сәуірден бастап «Барыс-4» базарындағы көтерме сауда нарығында бағаға жүйелі мониторинг жүргізіліп келеді. Бұл жұмысқа Алматының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті, сондай-ақ Бәсекелестікті қорғау…
-
ТАРТЫСТЫ КЕЗДЕСУ: «ХРОМТАУ» — «ЖЕҢІС»
Футболдан Қазақстан Республикасы Кубогінің 1/16 финалдық кезеңі аясында «Хромтау» мен астаналық «Жеңіс» командалары кездесті. Матч жоғары қарқынмен өтіп, жанкүйерлерге әсерлі әрі тартысты ойын сыйлады. Екі команда да белсенді ойын өрнегін көрсетіп, алаңда нағыз бәсекеге толы кездесу болды. Кездесу қорытындысы бойынша есеп 1:4 болды. Ойынның екінші таймында «Жеңіс» командасы нәтижелі сәттерін тиімді пайдаланып, ал «Хромтау» өз…
-
Спорт басқармасында жаңа Конституциялық ережелер талқыланды
Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістердің негізгі ережелері талқыланды. Аталған шара аясында басқарма басшысы Василий Левит басқарма қызметкерлерімен және басқармаға қарасты мекемелердің басшыларымен арнайы кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістердің негізгі мазмұны түсіндірілді. Сондай-ақ жаңа конституциялық өзгерістердің ел дамуына, соның ішінде спорт саласына тигізетін ықпалы кеңінен…
-
Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Астанада 18-19 сәуір күндері кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жеміс-жидектерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаштарды, табиғи шырындарды, тосаптар мен т.б. тауарларды сатып ала алады. Іс-шара 18 және 19 сәуір күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Keryen Joly сауда…
-
Мұнай өнімдерін әкетуге уақытша тыйымды ұзарту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі бензин, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін ел аумағынан әкетуге енгізілген уақытша тыйымды ұзартуды жоспарлап отыр. Бұйрық жобасына сәйкес, 2026 жылғы 21 мамырдан 21 қарашаға дейін мұнай өнімдерін ел аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салу мерзімі ұзартылады. Сонымен қатар, жеңіл дистилляттарды теміржол көлігімен…
