Санат: Қазақстан
-
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Домбыра күнімен құттықтауы
Құрметті отандастар! Баршаңызды мерейлі мереке – Ұлттық Домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қос ішекті қастерлі аспап – ұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігі, халқымыздың рухын көтеретін баға жетпес мұра. Домбыра арқылы тереңнен тамыр тартқан төл құндылықтарымыз жұрт жадында жаңғырып, төрге озады. Осылайша, дәуірлер мен ұрпақтар арасындағы сабақтастық сақталып келеді. Шын мәнінде, ұлттың үні саналатын…
-
ҚАЗЫҒҰРТ: ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҮНІ – ҚАСИЕТТІ ДОМБЫРА
Қазығұрт асуындағы «Нұх пайғамбар кемесі» мемориалдық кешенінде Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Қазақ халқының рухани мұрасын дәріптеген айтулы шараға 100-ге жуық жас өнерпаз қатысып, күмбірлеген күй мен әсем ұлттық билер арқылы көрерменге ерекше әсер сыйлады. Шараның басты мақсаты – халқымыздың қасиетті мұрасы саналатын домбыраның ұлттық болмысымыздағы айрықша орнын айшықтап, жас ұрпақтың бойына ұлттық…
-
ҚАЗЫҒҰРТТА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ
Қазығұрт ауданында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында жалпыаудандық сенбілік өтті. Сенбіліктің негізгі мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету және тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру. Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес тазалық жұмыстары барлық ауылдық округтерде бір мезгілде ұйымдастырылды. Оған мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері,…
-
Алматының индустриялық аймағында 11 жаңа жоба іске қосылады
Жыл соңына дейін индустриялық аймақта 11 жаңа инвестициялық жобаны іске қосып, жаңа шағын өнеркәсіптік парктер ашып, аумақты кеңейтудің үшінші кезеңін бастағалы отыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Индустриялық аймақ директоры Ерлан Жайлаубай осылай деп хабарлады. Басшының айтуынша, биыл Индустриялық аймақта жалпы құны 12,6 млрд теңгені құрайтын 11 жоба іске қосылмақшы. Соның арқасында 691 жаңа жұмыс орны ашылады.…
-
ҚАРАҚИЯ АУДАНЫНДА АСТАНА КҮНІ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ АТАП ӨТІЛДІ
6 шілде-Елорда күніне орай Қарақия ауданында кең ауқымды мәдени-бұқаралық шаралар ұйымдастырылып, мерекелік салтанат жоғары деңгейде өтті. Айтулы датаның мемлекеттік маңыздылығын ұлықтау және тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында өткізілген бұл іс-шаралар аудан орталығымен ғана шектелмей, аймаққа қарасты барлық ауылды толық қамтыды. Мерекелік бағдарлама аясында ұйымдастырылған салтанатты шаралар әрбір елді мекенде қатар өтіп, жергілікті халықтың басын біріктірген…
-
Отандастарымыздың 12 айдағы инвестициялық кірісі 2,8 трлн теңгеден асты
Салымшылардың инвестициялық кірісі Қазақстан Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ), сондай-ақ инвестициялық портфельді жеке басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқару есебінен қалыптастырылады. ҚРҰБ-тың міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық қызметінің нәтижесінде 2025 жылдың маусымынан бастап 2026 жылдың мамырына дейінгі 12 айда есептелген инвестициялық кірістің…
-
АСТАНА AI БАҒЫТЫН КҮШЕЙТУДЕ: ASTANA INNOVATIONS ACCELERATOR БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҮШІНШІ ЛЕГІНЕ 29 СТАРТАП ӨТТІ
3 шілде күні Alem.AI халықаралық орталығында Astana Innovations Accelerator бағдарламасының үшінші легінің Opening Day іс-шарасы өтті. Бағдарлама AI (ЖИ) және технологиялық стартаптарға идея мен пилоттық кезеңнен елорданың қалалық инфрақұрылымында нақты қолдануға дейінгі жолдан өтуге қолдау көрсетеді. Биыл бағдарламаға қызығушылық екі еседен астам артты. Түскен 350 өтінімнің ішінен жасанды интеллект, Smart City және цифрлық технологиялар негізіндегі…
-
Эко-әдеттер – тұрақты болашақтың негіз
Қоршаған ортаны қорғау – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі. Күнделікті өмірде қарапайым эко-әдеттерді қалыптастыру табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, қоршаған ортаның ластануын азайтуға және экологиялық мәдениетті дамытуға ықпал етеді. Табиғатқа қамқорлық жасаудың қарапайым жолдары:💧 Қайта пайдаланылатын бөтелкені қолдан🛍️ Пластик пакеттерден бас тарт🚮 Қалдықтарды сұрыпта💡 Электр қуатын үнемде🛒 Саналы түрде сатып ал🥗 Тағамды ысырап етпе🌱 Заттарға екінші өмір…
-
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ БОСАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІНЕ САРАПТАМАЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ
🤰ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ БОСАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІНЕ САРАПТАМАЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жетекші мамандарынан құралған топ Жамбыл облысына акушерлік, гинекология және клиникалық эпидемиология қызметтеріне ұйымдастырушылық-әдістемелік әрі практикалық көмек көрсету мақсатында жұмыс сапарымен барды. 👨⚕️Сарапшылар тобының құрамына UMC Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының, Ұлттық акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының, Ұлттық қоғамдық…
-
Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының 2026 жылғы 1 маусымдағы жай-күйі туралы
2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша акциялар нарығын капиталдандыру 47,4 трлн теңгені құрады, ол 2026 жылғы мамырда негізінен KASE, «Kaspi.kz» АҚ (+10,5%) және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (+1,2%) индексінің өкілдік тізіміне кіретін акциялар бағасының өсуі есебінен 0,6%-ға ұлғайды (2026 жылдың басынан бастап 21,6%-ға өсті). 2026 жылғы мамырда акциялармен сауда-саттық көлемі 29,7 млрд теңгені құрады, бір айда…
-
Инфекциялық қауіпсіздік мәселелеріне арналған тәжірибелік семинар өтті
Инфекциялық қауіпсіздік мәселелеріне арналған тәжірибелік семинар өтті Жамбыл облыстық перинаталдық орталығының базасында медициналық көмек көрсету кезінде туындайтын инфекциялардың алдын алу және эпидемиологиялық бақылауды күшейту мәселелеріне арналған оқыту-тәжірибелік семинар өтті. Жиынды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті директорының орынбасары Жанар Садуова ашты. Семинар барысында Жамбыл облысындағы медициналық ұйымдардағы инфекциялық қауіпсіздіктің қазіргі ахуалы…
-
Шу ауданында автокөліктегі өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді
Шу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері аудан тұрғындары мен автокөлік жүргізушілері арасында автокөліктегі өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша профилактикалық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында азаматтарға автокөліктің техникалық жағдайын уақтылы бақылаудың маңыздылығы, электр сымдары мен жанармай жүйесіндегі ақауларды дер кезінде жою қажеттігі түсіндірілді. Сондай-ақ әрбір көлікте жарамды өрт сөндіргіштің болуы міндетті екені ескертілді. Бұдан бөлек, жүргізушілерге автокөлікте…
-
Облыстық мамандар иммунопрофилактика мәселелері бойынша практикалық көмек көрсетуде
Облыстық мамандар иммунопрофилактика мәселелері бойынша практикалық көмек көрсетуде Жамбыл облысында иммунопрофилактика жүйесін жетілдіру және екпе жұмыстарының сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Кадрларды даярлаудың жылдық жоспары мен Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының бұйрығына сәйкес 2026 жылғы 10 маусым мен 1 шілде аралығында облыстық мониторингтік топ медициналық ұйымдарда практикалық және консультативтік-әдістемелік жұмыстар жүргізді. Мониторингтік топ құрамына…
-
Ақтөбеде әкімшілік әділеттің бес жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік әділетке – 5 жыл: бүгіні мен болашағы» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті. Ақтөбе облыстық соты ұйымдастырған іс-шараға сот жүйесінің өкілдері, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, адвокаттар, заңгер-ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен құқық саласының мамандары қатысты. Конференцияның басты мақсаты – Қазақстандағы әкімшілік әділет институтының бес жылдық даму жолын қорытындылау, оның…
-
Асқарбек Ертаев IOFS Бас директорымен еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының (IOFS) Бас директоры Берік Арынмен кездесу өткізді. Кездесуге ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев пен Көші-қон комитетінің төрағасы Эльдар Күзенбаев қатысты. Тараптар Қазақстан мен Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен негізгі бағыттарын,…
