Санат: Қазақстан
-
Таиланд медицина қызметкерлері алматылық әріптестерінің тәжірибесін зерттеді
Таиланд елінен келген медицина қызметкерлері 29 маусым күні Алматы қаласы ЖИТС орталығына жұмыс бабымен келді. Олардың кәсіби қызығушылығы АИТВ-ға өзін-өзі тестілеуді енгізудің қазақстандық тәжірибесін және халықтың диагностикаға қолжетімділігін кеңейту үшін цифрлық сервистерді пайдалануды зерделеу болды. Алматылық мамандар әріптестерін hivtest.kz арнайы онлайн-платформасымен таныстырды, оның жұмыс механизмі мен енгізу нәтижелері туралы айтты. Сервис АИТВ-ға өзін-өзі тексеруден…
-
Қазіргі уақытта Сауран көшесінің бойындағы жергілікті жолдың Алматы көшесінен Керей Жәнібек хандар көшесіне дейінгі бөлігі толықтай жабық.
Қазіргі уақытта Сауран көшесінің бойындағы жергілікті жолдың Алматы көшесінен Керей Жәнібек хандар көшесіне дейінгі бөлігі толықтай жабық. Инженерлік желілерді салу жұмыстарының ағымдағы жылдың 30 шілдеге дейін жалғасатынын хабарлаймыз. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер…
-
«Заң мен тәртіп»: Астанада зейнеткерлерге арналған арнайы құқықтық қабылдау өтті
Астанада «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында зейнеткерлерге арналған арнайы құқықтық қабылдау ұйымдастырылды. Сарыарқа ауданындағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында өткен шарада егде жастағы азаматтар заңгерлерден тегін кеңес алып, өздерін алаңдатқан сұрақтарға жауап алды деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Іс-шара аясында заңгер мамандар, нотариустар, адвокаттар және жеке сот орындаушылары қала тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, оларды…
-
Президенттік жастар кадр резервінің өкілі Энергетика министрлігінде басшылық қызметке тағайындалды
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Аппараты басшысының бұйрығымен Шамбулов Айдос Созақбайұлы Әкімшілік жұмыс департаментінің директоры болып тағайындалды. Айдос Шамбулов әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі, University of California университетінде «Құқық» мамандығы бойынша білім алған. Қазақстан Республикасы Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі. Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы Табиғи ресурстар және…
-
Аңқыған «Arоmat» Арқадан шығады
Индустриялық парк туралы сөз қозғалғанда көпшіліктің ойына ауыр өнеркәсіп келеді. Алайда елордада халықаралық нарыққа жол тауып, отандық бренд қалыптастырып жатқан басқа да кәсіпорындар бар. Солардың бірі – өнімін Ресейге, Кувейтке экспорттап отырған «Arоmat» компаниясы. Арнайы экономикалық аймақтағы кәсіпорындарды аралау барысында өндіріс туралы қалыптасқан үйреншікті түсінік бір сәтте өзгерді. Әдетте зауыт десе көз алдыңа металл дыбысы…
-
Ақтөбе облысында жер қатынастары саласындағы жұмыстар: сұхбат қорытындысы
Ақтөбе облысы жер қатынастары басқармасының міндетін атқарушы Әділбек Қабидоллаұлы Ақтөбе телеарнасының «Ақпараттық сағат» хабарына сұхбат беріп, өңірдегі жер қатынастары саласына қатысты бірқатар өзекті мәселелерді атап өтті. Сұхбат барысында ол Ақтөбе облысында жер ресурстарын ұтымды пайдалану, пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару және оларды қайта айналымға енгізу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Оның…
-
ҚЫТАЙЛЫҚ ІРІ КОМПАНИЯЛАР ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНА 400 МЛН АҚШ ДОЛЛАРЫНА ЖУЫҚ ҚАРАЖАТ БӨЛЕДІ
Ұлытау облысында өткен «Ulytau Invest–2026» Қазақстан–Қытай инвестициялық форумы аясында жалпы құны 368,6 миллион АҚШ долларын құрайтын инвестициялық меморандумдарға қол қойылды. Құжаттар тұрғын үй қорын және қалалық инфрақұрылымды жаңғыртуға, өнеркәсіпті дамытуға, шахталардағы өндірістік қауіпсіздікті күшейтуге, төмен көміртекті индустриялық кластер қалыптастыруға және өңірде жел электр станцияларын салуға бағытталған бірқатар инвестициялық жобаларды іске асыруды көздейді. Форум Қазақстан мен…
-
Аймақта жасанды интеллект негізіндегі жобалар кезең-кезеңімен іске асырылуда
Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің төрағалығымен жасанды интеллект мәселелері бойынша тренинг-семинар өтті. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты.Жиында Мемлекет басшысының цифрландыру және жасанды интеллектті дамыту жөніндегі тапсырмаларының, өңірлердегі цифрлық жобалардың орындалуы, мемлекеттік басқару жүйесіне заманауи технологияларды енгізу барысы талқыланды.Бүгінде өңірде білім беру, денсаулық…
-
Құрметті Бейімбет Майлин ауданының тұрғындары!
Бейімбет Майлин ауданында әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі жұмыс тобы жұмыс істейді. Оның қызметі отбасы құқықтарын қорғауға, әйелдерді қолдауға және қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсетуге бағытталған. Аудан аумағында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсететін дағдарыс орталығының болмауына байланысты, азаматтар көмек алу үшін *Аудандық полиция бөліміне* жүгіне алады. Сонымен қатар барлық…
-
ЛЕЗДЕМЕЛІК КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ
Бүгін аудан әкімі Мұрат Сердалиннің төрағалығымен лездемелік кеңес отырысы өтті. Кеңеске аудандық мекемелер мен бөлімдердің басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер қаралды. Күн тәртібіне көшпес бұрын аудан басшысы Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы өткізген аудандық және қалалық білім беру бөлімдерінің 2025–2026 оқу жылындағы қызметінің тиімділігін бағалау рейтингісінің қорытындысына тоқталды. Бағалау…
-
1 шілдеден бастап кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың мекенжайлары өзгереді
1 шілдеден бастап кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың мекенжайлары өзгереді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы хабарлады. Жамбыл көшесі, 81 мекенжайында орналасқан Орал қаласының №1 ХҚКО қалыпты жұмыс кестесіне көшеді: жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі және жексенбі – демалыс күндері. Сонымен қатар, Исатай-Махамбет көшесі, 84…
-
Шемонаиха ауданында үш су электр станциясы мен металлургиялық зауыт іске қосылмақ
Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында энергетика және өнеркәсіп салаларында ірі жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында аудан әкімінің орынбасары Данияр Жүнісов мәлімдеді. – «Уба өзенінің арнасында орта қуатты су электр станциясын салу» жобасы республикалық инвестициялық жобалар пулының құрамына енгізілген. Жобаның құны шамамен 180–200 миллион АҚШ долларын құрайды және 20…
-
Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер мен инвестициялық жобалар талқыланды
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Күн тәртібінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, бюджет қаражатының игерілуі, аграрлық шаруашылық каналдарын бетондау, пайдалануға берілген әлеуметтік нысандарды теңгерімге қабылдау, инвестиция тартудағы өзекті мәселелер талқыланып, алдағы кезеңге арналған міндеттер нақтыланды.Аймақ басшысы жауапты сала басшыларына алты айлық инвестиция жоспарын орындауды, өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған жаңа бастамаларды және инвестициялық жобаларды тиімді…
-
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асыру туралы
2026 жылғы 5 маусым күні Темірбек Жүргенов ауылдық мәдениет Үйінде №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жоспары» үлгілік базалық бағытын іске асыру жобалық картасы аясында 2026 жылдың ІІ-тоқсанында мекеме қызметкерлеріне комплаенс-офицері К.Қалданова құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhalagash-maqpalkol/press/news/details/1250563?lang=ru
-
Қазақстанда аэротакси мен ұшқышсыз авиацияны дамытуға арналған заңнамалық негіз қалыптастырылды
2026 жылғы 24 маусымда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол қозғалысы және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Қабылданған түзетулер «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілді. Аталған қадам инновациялық авиацияны дамытуға және…
