Санат: Қазақстан
-
Астанада робот-иттер қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті бақылай бастады
Астанада қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу үшін төрт робот-ит қолданысқа енгізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Қазіргі уақытта робот-иттер адам көп шоғырланатын сауда орталықтары мен қоғамдық орындарда жұмыс істеп, полиция қызметкерлеріне қоғамдық кеңістіктердегі жағдайды бақылауға көмектесіп жүр. Робот-иттер жасанды интеллект технологияларымен жабдықталған бейнекамералар арқылы айналадағы жағдайды бақылап, бейнеақпаратты нақты уақыт…
-
«Balazhan» платформасы балаларға уақтылы қолдау көрсетуге мүмкіндік береді
Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында «Balazhan» мемлекеттік цифрлық платформасын енгізуде. Платформаның негізгі мақсаты – ерекше назар аударуды қажет ететін балаларды ерте анықтап, оларға қажетті көмекті уақтылы ұйымдастыру. «Balazhan» балалар мен олардың отбасылары туралы ақпарат жинауға қатысты жаңа талаптар енгізбейді. Бұған дейін педагогтер қағаз құжаттарда және әртүрлі ақпараттық…
-
13 қазаннан бастап республикалық маңызы бар автожолында орташа жылдамдықты бақылау іске қосылды
13 қазаннан бастап «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақтөбе облысында келесі бағыттарда бақылау жүйесін іске қосты. ▫️Ақтөбе – РФ шекарасы (Орынбор);▫️ Қандыағаш – Мақат. Аталған жолдарда бақылау құрылғылары орнатылған аркалардың арақашықтығы өлшеніп, аппараттық-бағдарламалық кешендер сертификаттаудан өтті. Жүйе орташа жылдамдықты асыру деректерін тіркеп, тиісті мәліметтерді Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімінің (ӘІЖБТ) процессинг орталығына жолдайды. 2026 жылдың басынан бері…
-
Ертіс өңірінің полицейлері мүгедектігі бар адамдарға арналған тұрақ орындарын заңсыз иеленуге болмайтынын ескертті
-Көліктерін тұраққа қою ережелерін бұзатын жүргізушілерді жиі кездестіруге болады. Алайда мұндай заңбұзушылықтарға көз жұма қарауға болмайды. Өйткені көлік иелері жол қозғалысының басқа қатысушыларына – жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге қолайсыздық туғызып қана қоймай, жол-көлік оқиғаларының туындауына себеп болуы, сондай-ақ шұғыл қызмет көліктері мен арнайы техниканың қозғалысына кедергі келтіруі мүмкін. Бұл туралы Павлодар облысының полиция департаменті хабарлайды.Тағы…
-
Қазақстан Орнықты даму мақсаттарын жүзеге асырудың өңірлік кезеңіне көшуде
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Орнықты даму мақсаттары (ОДМ) жөніндегі Үйлестіру кеңесінің ХІ отырысы өтті. Талқылауға БҰҰ өкілдері, орталық мемлекеттік органдар мен облыс әкімдіктерінің басшылары қатысты. Кездесуді аша отырып, Серік Жұманғарин Қазақстанның жаһандық орнықты даму күн тәртібіне жоғары бейілділік танытып, Орталық Азиядағы көшбасшы мәртебесін бекіткенін және халықаралық қоғамдастықтағы позициясын нығайтқанын…
-
Әлеуметтік қолдаудың жекелеген шараларын тағайындаудың жаңа тәсілдері бойынша кеңес
Қостанай облысында әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудың жаңа тәсілдері талқыланды 2026 жылғы 15 қазанда Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесіп әлеуметтік қолдаудың жекелеген шараларын тағайындаудың жаңа тәсілдері бойынша кеңес өткізді.Кеңеске облыстың қалалары мен аудандарының жұмыспен қамту және ішкі саясат…
-
Антқа адалдық – Отанға қызмет
Ақтау қаласында жас өрт сөндіруші-құтқарушылардың салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі өтті. Іс-шара 19 қазанда атап өтілетін Құтқарушы күніне орай ұйымдастырылды. Салтанатты рәсім Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеруден және Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды. Он тоғыз жас қызметкер халыққа адал қызмет етуге, қызметтік міндеттерін абыроймен атқаруға, адамдардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғауға ант берді. Жас қызметкерлерге…
-
АУДАНДА ҚАРЖЫ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ
Байғанин ауданында ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің тапсырмасына сәйкес, қаржы саласының мамандарына арналған семинар-кеңес ұйымдастырылды. 🔹Жиынға Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің Сәйкестік аудиті бөлімінің басшысы Нұрлыбек Алиев пен Камералдық бақылау бөлімінің басшысы Нұрлан Құсейнов қатысты. 🔹Семинарға аудандық мемлекеттік мекемелердің, қазыналық кәсіпорындардың және ауылдық округ әкімдіктерінің басшылары, есепшілері мен қаржы саласына жауапты…
-
Қызылордада Қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
Сол жағалаудағы «Қайсар Арена» стадионында Қала күніне арналған «Мерейлі мерекеңмен, Қызылорда!» атты гала-концерт өтті. Гала-концерт тақырыптық прологпен басталып, онда қаланың екі ғасырлық тарихы мен бүгінгі келбеті, өрлеу жолы қамтылды. Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев тұрғындарды мерекемен құттықтап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық жетістіктеріне тоқталды.«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Қызылорда – халқымыз үшін орны ерекше аймақ. Осы өлкеде Шірік Рабат, Жанкент, Сығанақ қалаларының…
-
Information on the registration of a mandatory entry permit to Kazakhstan from July 1, 2027 by “QazETA”
In accordance with the Decree of the Government of the Republic of Kazakhstan dated October 10, 2026, «On the Rules for the Entry and Stay of Immigrants in the Republic of Kazakhstan, as well as their Departure from the Republic of Kazakhstan» an electronic entry permit «QazETA» will become mandatory starting July 1, 2027. Failure…
-
Жүзуден әлем кубогына қатысқан шетелдік спортшылар Астананың көрікті жерлерін аралады
Елордада өтіп жатқан World Aquatics 2026 жүзуден әлем кубогының қорытынды кезеңіне қатысушылар Астананың туристік орындарын аралады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Жарысқа 39 елден 300 спортшы қатысып жатыр. Шетелдік спортшылардың, жаттықтырушылар мен жанкүйерлердің келуі оқиғалы туризмнің дамуына ықпал етіп, қонақүй, көлік, экскурсия және басқа да қызметтерге сұранысты арттырады. Шетелдік қонақтар «Бәйтерек» монументін, Тәуелсіздік алаңын,…
-
Бір күнде 350-ден астам сұрақ: Жетісу облысында «Жолдағы қабылдау» акциясы өтті
Көкейдегі сауалға жауап алу, жол қозғалысы ережелерін түсіну және қажетті кеңеске жүгіну — артық әуре-сарсаңсыз әрі ұзақ күтусіз. Жетісу облысының тұрғындары «Жолдағы қабылдау» акциясының алғашқы күні осындай мүмкіндікке ие болды. Бұл жолы кездесу онлайн форматта ұйымдастырылып, азаматтар мамандарға қашықтан жүгіне алды. Сонымен қатар жедел байланыс телефондары жұмыс істеді. Бір күннің ішінде 350-ден астам сұрақ келіп…
-
Жетісуда балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды
Бүгін облыс әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетовтің төрағалығымен Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті. Оған прокуратура және полиция органдарының өкілдері, облыстық білім және балалардың құқығын қорғау басқармаларының басшылары, аудан-қала әкімдерінің орынбасарлары, білім беру ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері қатысты. Жиында балалар қауіпсіздігін және құқығын қамтамасыз ету, мектептердегі…
-
САУМАЛКӨЛ КӨРКЕЙІП КЕЛЕДІ: ЖАҢА АЛАҢДАР МЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ!
16 қазанда Айыртау ауданы әкімдігінің кіші залында Саумалкөл ауылын абаттандыру бағытындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа Володар ауылдық округінің әкімі Данияр Бестаев пен «Сокол» балаларды сауықтыру орталығының жетекшісі Дина Нұрмұқанова қол қойды. Бірлескен жұмыстың алғашқы нәтижелерінің бірі — Саумалкөл ауылындағы Панфилов көшесінің бойында, агротехникалық колледждің маңында шағын футбол алаңының жабдықталуы. Ал алаңның…
-
Санитариялық бақылау цифрлық форматқа көшуде: есептілік уақыты қысқарды
2026 жылғы 14 қазанда Ақмола облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Серік Омарханов санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласын цифрландыру нәтижелері туралы брифинг өткізді. Бүгінде e-sen.kz платформасы бақылаудағы нысандар туралы мәліметтерді жүйелеуге, кәсіпкерлермен электрондық форматта өзара іс-қимыл жасауға және санитариялық талаптардың сақталуын бақылауға мүмкіндік береді. 2026 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша есептілікті қолмен өңдеу көлемі 23,8%-ға қысқарып, электрондық есептілік…
