Санат: Қазақстан
-
18 наурыз- Ұлттық киім күні
18 наурыз – Ұлттық киім күні⚜️ Бұл күн ұлттық мәдениетті дәріптеу, халықтың тарихи мұрасын кеңінен таныту және ұлттық бірегейлікті нығайту мақсатында атап өтіледі. Ұлттық киім – ұлттың рухани және мәдени құндылықтарының көрінісі. See more Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1185084?lang=kk
-
Отбасы – қоғамның берік негізі
Отбасы – адам өмірінің бастауы, тәрбиенің алғашқы мектебі әрі адамгершілік құндылықтардың қайнар көзі. Әрбір тұлғаның қалыптасуы ең алдымен отбасындағы тәлім-тәрбиеге байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, отбасы – қоғамның тұрақтылығы мен дамуының басты негізі. Қазақ халқы ежелден шаңырақты қасиетті ұғым ретінде бағалаған. Ұрпақ тәрбиесінде үлкенге құрмет көрсету, кішіге ізет білдіру, ата-анаға қамқорлық жасау, бауырмалдық пен өзара сыйластықты…
-
Наурызнама онкүндігі аясында Maxi Mall сауда-ойын-сауық орталығында «Біз – біртұтас Қазақстан халқы» атты ұлттық киім шеруі өтті.
Іс-шарада ұлттық рух пен сән салтанаты тоғысып, қазақтың дәстүрлі киімдері заманауи үлгіде көпшілік назарына ұсынылды. Сән сахнасында қазақы ою-өрнекпен безендірілген киімдер көрсетіліп, қолөнер шеберлерінің бірегей туындылары да көрерменге таныстырылды. Кеш барысында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, әсем ән мен күй мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар ұлттық киіммен келген қатысушылар арасында арнайы байқау өтіп, «Ең дәстүрлі образ», «Ең…
-
Наурыз мерекесі Бозанбай аулында
Уақыты: 10-00 Орны: ШҚО, Ұлан ауданы Мекен -жайы: Бозанбай ауылдық округі, Бозанбай ауылының орталық алаңы 2026 жылдың 20 наурыз күні Бозанбай ауылында Наурыз мерекесін ерекше салтанатпен атап өтеді. Мерекелік шаралар ауыл тұрғындары мен қонақтар үшін қызықты әрі ұлттық дәстүрлерге бай спорт ойындары мен мәдени іс-шаралардан ұйымдастырылады. Мерекелік іс-шараның бағдарламасы: «Наурыз – жыл басы» керуен көрінісі…
-
«Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының Тараз қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің салтанатты неке қию орталығында салтанатты неке қию рәсімі өткізілді.
16.03.2026 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының Тараз қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің салтанатты неке қию орталығында аз. Владимир Владимирович Василевич пен аз. Елизавета Денисовна Калачеваның салтанатты неке қию рәсімі өткізілді. Жамбыл облысы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімімен жас жұбайларға алғашқы отбасылық…
-
Темірдей тәртіп пен нәзіктік үндестігі
Бүгін Төтенше жағдайлар саласындағы әйелдермен тренинг ұйымдастырылды. Төтенше жағдайлар саласы — тек батылдық пен төзімділікті ғана емес, үлкен психологиялық жүктемені де талап ететін орта. Күнделікті қатал тәртіп пен жауапкершілік жүгін арқалаған нәзік жанды мамандар үшін «Ішкі үйлесім және әйелдік энергия» атты психологиялық босаңсу тренингі өтті. Жамбыл облысы ТЖД Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1185098?lang=kk
-
2026 жылғы 18 наурыз күні Жетісу облысында дарынды оқушыларды салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Білім мен табандылықтың нәтижесінде жоғары жетістікке жеткен оқушылар марапатталып, олардың еңбегі жоғары бағаланды. Нәтижесінде І орын – 69 оқушы, ІІ орын – 85 оқушы, ІІІ орын – 102 оқушы иеленді. Жалпы саны 256 оқушы марапатқа ие болды. Аталған жетістіктер – оқушылардың тынымсыз еңбегі мен педагогтердің кәсіби шеберлігінің айқын дәлелі. Салтанатты рәсім барысында халықаралық білім додаларында…
-
Жаңару күні
19 наурыз – Жаңару күніне орай Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелерінде цифрлық трансформация және заманауи технологияларды дамыту тақырыбында түрлі іс-шаралар өткізіледі Іс-шаралар барысында жеке құрамға жаңа технологиялар таныстырылып, қызметте қолданылатын заманауи құралдар мен инновациялық тәсілдер насихатталады. Мақсаты – құтқару қызметінің тиімділігін арттыру және халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты жетілдіру. Жамбыл облысы ТЖД Ақпарат…
-
Ақтөбеліктер Көрісу күні – Амал мерекесін кеңінен атап өтті
14 наурыз күні Ақтөбе облысының тұрғындары Көрісу күні – Амал мерекесін ерекше қуанышпен қарсы алды. Қазақстанның батыс аймағында ежелден тойланып келе жатқан бұл көктемгі мереке табиғаттың жаңаруын, көктемнің келуін және халықтық дәстүр бойынша жаңа жылдың басталуын білдіреді. Ақтөбе қаласындағы негізгі мерекелік шаралар «Қазақ халқына мың алғыс» стеласы алдындағы алаңда өтті. Мұнда ұлттық салт-дәстүр, ән мен…
-
Өңірдің саяси және қоғамдық өміріне белсенді қатысып жүрген азаматтарға құрмет көрсетілді
Бүгін облыс әкімі Берік Уәли еліміздің және өңірдің саяси, қоғамдық өміріне белсенді қатысып, дамуына өздерінің үлесін қосып жүрген бірқатар азаматтарға құрмет көрсетті. Шара барысында бірқатар азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды. Атап айтқанда, Семей медицина университетінің басқарма төрағасы – ректоры, облыстық мәслихат депутаты Алтай Дүсіпов, Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Гүлнар Жігітбаева және Шәкәрім университетінің Социологиялық…
-
Алматыда Наурыз қарсаңында жеңілдіктер науқаны қызу жүріп жатыр
Алматыда Наурыз мерекесіне орай «Nauryz Sale» атты ауқымды мерекелік науқан жүріп жатыр. 2026 жылы 13-23 наурыз аралығында қала тұрғындары мен қонақтары мегаполистегі ірі сауда орындарынан азық-түлік пен түрлі тауарларды 10-30% жеңілдікпен сатып ала алады. Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мәліметінше, акцияға Magnum Cash&Carry, Small, A-Store, «Беккер и К», Galmart, Metro Cash & Carry, «Столичный»…
-
Наурыз мерекесі қарсаңында тамақтан уланудың алдын алу
Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті облысымыздың барлық тұрғындары мен қонақтарын көктемнің жарқын мерекесі Наурызбен құттықтайды! Мереке күндері аудан орталықтары мен қалалардың алаңдарында халқымыздың дәстүрлерін көрсету үшін киіз үйлер, шатырлар орнатылады. Кәсіпкерлер жаппай мерекелеу орындарында көшпелі сауда жасауды жоспарлап отыр. Тұрғындар мен қонақтарды концерттік бағдарламалар, театрландырылған қойылымдар, көрмелер, сондай-ақ ұлттық тағамдар: наурыз көже, бауырсақ, бешбармақ, палау…
-
Алматыға миллиондаған аудиториясы бар қытайлық блогер Тао Тао келді
Алматыға Instagram желісінде 2,8 миллионнан астам оқырманы бар танымал қытайлық блогер Tao Tao (taotaoaima) келді. Блогердің сапары 16-17 наурыз күндері Almaty Tourism Bureau қолдауымен ұйымдастырылды. Сапар аясында блогер шаһардың туристік әлеуетімен және оның бірегей мәдениетімен танысты. Мегаполистің көрікті жерлерін аралаған блогер Qazaq Riders этнокешеніне, сондай-ақ қаланың гастрономиялық әртүрлілігін көрсететін Yurta және Pekin Duck мейрамханаларына барды.…
-
«Әбіш оқулары – 2026»: облыстық кезең жеңімпаздары анықталды
2026 жылғы 18 наурызда көпсалалы дарынды балаларға арналған лицей-интернат базасында «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсының облыстық кезеңі өтті. Байқауға облыстың жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінен 8–11 сыныптың 100 оқушысы қатысты. Павлодар қаласынан №17, 25, 29, 33, 41, 47 мектептерінің 10 оқушысы қатысып, барлығы жүлделі орындарға ие болды. Нәтижесінде «Иллюстрациялық сурет» бағыты бойынша №41 мектептің…
-
Алматылық балуандар U23 Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды
Тараз қаласында 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында еркін күрестен Қазақстан Республикасының чемпионаты мәресіне жетті. Алматы қаласы Спорт басқармасы өкілдерінің мәліметінше, алматылық балуандар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, бірқатар жүлделі орын жеңіп алды. Жарыс қорытындысы бойынша 79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ерхан Әбіл чемпион атанды. Күміс жүлдені Ильмар Азуллаев (65 кг), Егор Анчугин (74 кг) және Нұрсұлтан…
