Санат: Қазақстан
-
Жаңасемей ауданының Озерки ауылында ағаш өңдеу комбинаты салынып жатыр
Облыс әкімі Берік Уәли Озерки ауылында салынып жатқан ағаш өңдеу комбинатының құрылысымен танысты. Индустриялық-инвестициялық жобаның жалпы аумағы 52 гектарды құрайды. Жобаның жалпы құны – 9 миллиард, 580 миллион теңге. Құрылыс жұмыстары биылғы шілде айында басталған. Комбинат 2026 жылдың үшінші тоқсанында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Қазіргі таңда нысанда 50 адам құрылыс жұмыстарына тартылған. Өндіріс орны…
-
Облыс әкімі Каштак және Половинка ауылдарының өзекті мәселелерімен танысты
Облыс әкімі Берік Уәли Озерки ауылдық округіне қарасты Каштак және Половинка ауылдарына барды. Екі елді мекендегі ұзақ жылдардан бері шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселе – интернет сапасының төмендігі, Семейге қатынайтын автобустың жоқтығы, балалар ойын алаңдарының жетіспеушілігі. «Шағын елді мекен болсақ та, елеп-ескеріп, келгеніңізге рахмет. Осы ауылда 15 жылдан бері тұрып жатырмын. Облыс әкімі ешқашан…
-
Қарағанды облысында газдандыру қарқынды жүргізілуде
Қарағанды облысында ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – газдандыру жұмыстары жалғасуда. Қарағанды мен Теміртауда газ таратушы желілер 9589 жеке тұрғын үйге жеткізілсе, соның 5417-і жүйеге қосылды. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Тілектес Досаевтың айтуынша, тек Қарағандының өзінде 6 мыңнан астам, ал Теміртауда 3,5 мыңға жуық үйге газ желілері тартылған. Бүгінде бес мыңнан астам абонент…
-
✔️ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРДАБАСЫҒА ІССАПАРЫ
Бүгін Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев өңір аумағында жүріп жатқан бірқатар құрылыс нысандарын аралап, олардың жұмыс барысымен танысу мақсатында ауданымызға келді. Облысы әкімі аппаратының басшысын ауданымыздағы тұрғын үй, білім, мәдениет және спорт бағытындағы маңызды жобалардың жүзеге асырылу барысымен аудан әкімі Азат Оралбаев таныстырды. Ең алдымен, Еркебұлан Дауылбаев Темірлан ауылында салынып жатқан 144 пәтері…
-
Облыс әкімі Жаңасемей ауданына барды
Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Жаңасемей ауданына барып, бірнеше ауылдың әлеуметтік маңызы бар нысандарын аралап, өзекті мәселелерімен танысты. Аймақ басшысы әуелі Озерки ауылдық округіндегі жалпы орта білім беретін мектепте болды. Білім ордасы 1987 жылы салынған. Бүгінде 50 мұғалім еңбек етеді, 327 оқушы білім алады. Мектепалды даярлықта 23 бала тәрбиеленеді. Мектеп ғимараты былтыр «Қазақстан халқына» қоры…
-
Ақтөбе қаласын жаңғырту: даму жолындағы жаңа бастамалар
Ақтөбе қаласы барлық негізгі салаларда тұрақты өсім көрсетуде. Мәселен, өнеркәсіп өндірісі 100,7 пайызға, ауыл шаруашылығы 7,9 пайызға өскен. Инвестициялар көлемі 47,5 пайызға артып, құрылыс жұмыстарының ауқымы 89,2 пайызға ұлғайған. Сонымен қатар тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші — 6 пайызға, көтерме сауда — 2,3 пайызға, бөлшек сауда 0,3 пайызға артқан. Аймақтық тауар айналымындағы үлесі — шамамен…
-
Целиноград ауданы енді Aitu мессенджерінде!
Целиноград ауданы енді Aitu мессенджерінде! Целиноград ауданы әкімдігінің ұлттық мессенджердегі ресми арнасы іске қосылды. Целиноград ауданы әкімдігінің жұмысы туралы маңызды ақпаратты Aitu қосымшасынан тікелей ала аласыз. @Selinograd_region — Aitu мессенджерінде қосылыңыз! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1055776?lang=kk
-
Жылыту маусымына дайындық: Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарындағы энергетика нысандарын жаңғырту барысы тексерілді
Президент тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет өңірлердің алдағы жылыту маусымына дайындығын кешенді түрде тексеруді жалғастырып келеді. Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында үкіметтік жұмыс топтары энергетика және ТКШ нысандарын тексеруде. Премьер-министрдің кеңесшісі Нұрлан Ұранхаев Ақмола облысының Степногорск қаласында ЖЭО жұмысымен, сондай-ақ тозуы 71%-дан асатын жылу желілерін жөндеу және реконструкциялау барысымен танысты. Жоспарланған…
-
ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ЖАЛПЫ АУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық науқаны аясында бүгін Сарыағаш ауданында ауқымды сенбілік жұмыстары өткізіліп, республикалық маңызы бар, облыстық және аудандық маңызы бар тас жолдарының бойымен ішкі көшелерде тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілді. Сенбілік жұмыстарына аудан әкімі Арман Абдуллаевпен бірге таңғы сағат 8:00-ден бастап 13 ауылдық округ пен қала , бөлімдер…
-
Алматы облысында соңғы үш жылда медициналық ұйымдарды жабдықтау деңгейі 79%-дан 92%-ға дейін артты
Алматы облысында Президент тапсырмасы негізінде қабылданған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жабдықтау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Соңғы үш жыл ішінде өңірдегі медициналық мекемелердің заманауи техникамен қамтамасыз етілу деңгейі 79 пайыздан 92 пайызға дейін өсті. 2024 жылы облыстағы денсаулық сақтау мекемелері 239 бірлік медициналық техникамен және 15 бірлік санитарлық автокөлікпен…
-
2025 жылғы 1 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н.А. Сақтағановтың халықпен кездесу өткізуі жоспарланған:
2025 жылғы 1 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н.А. Сақтағановтың халықпен кездесу өткізуі жоспарланған: Кездесу сағат 15.00-де Риддер қ., Тәуелсіздік даңғылы, 14 мекен-жайындағы мәдениет сарайының ғимаратында басталады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1055774?lang=kk
-
Н.КӨШЕРОВ САУРАН АУДАНЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫН НАҚТЫЛАДЫ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Сауран ауданына барып, аймақ активімен кездесті. Кездесу барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, өзекті мәселелер мен шешу жолдары талқыланды. Актив отырысында Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша есеп беріп, негізгі бағыттар мен жүзеге асқан жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ басқарма басшыларының ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Ауданда өндірісті, инвестиция саласын,…
-
2027 жылға дейін Марқакөл ауданындағы барлық елді мекендерде интернет сапасы жақсарады
Марқакөл ауданындағы интернет мәселесі кезең-кезеңімен шешілуде. Бұл туралы тұрғындармен кездесу барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлімдеді. Бүгінде Марқакөл ауданы халқының 82,4%-ы интернетке қол жеткізе алады. Биылғы жылдың наурыз айында Шеңгелді және Игілік ауылдарына мобильді интернет қосылды. Алайда, бірқатар елді мекен тұрғындары интернет сапасына қатысты шағымдануда. Атап айтқанда, Жаңаауыл, Оң жақ Қалжыр, Урунхайка, Қайнарлы,…
-
ТҮРКІСТАН: САУРАНДА КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ 27 ТЕХНИКА ТАБЫСТАЛДЫ
Түркістан облысында коммуналдық қызметтердің материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында нақты қадамдар жасалуда. Бүгін Сауран ауданындағы коммуналдық мекемелерге 12 трактор тіркемесімен, 2 жүк тиегіш, 12 трицикл, 1 су сорғыш техникалары табысталды. Жалпы саны 27 арнайы техниканы сатып алуға облыстық бюджеттен 250,0 млн теңге бөлінді. Сауран аудан, Шорнақ ауылдық округіне арнайы жұмыс сапарымен барған Түркістан облысының әкімі Нұралхан…
-
ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБА БАСТАУ АЛДЫ – ТҰРҒЫНДАР ӨЗ ӨНІМДЕРІН САТА БАСТАДЫ
Түркістан облысының Сауран ауданында аз қамтылған отбасыларды қолдау және жергілікті өзін-өзі жұмыспен қамтуды дамытуға бағытталған ерекше әлеуметтік жоба іске қосылды. Жергілікті билік бастамасымен қолға алынған «Әлеуметтік бақша» жобасы аясында жаңа әлеуметтік дүкендер тегін пайдалануға беріледі. Жобаның басты мақсаты – әлеуметтік осал топтарды қолдау және жергілікті өзін-өзі жұмыспен қамту деңгейін арттыру. Дүкендер әлеуметтік осал топтардың өкілдеріне…