Санат: Қазақстан
-
«Қазақстан Республикасының 2026 жылғы редакциядағы Конституциясы» тақырыбында дәріс өткізді.
🔹 «Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылы 8 қыркүйекте Қостанай облысы Әділет департаментінің сот орындаушыларының қызметін бақылау және реттеу бөлімінің мамандары №7 гимназия оқушыларына «Қазақстан Республикасының 2026 жылғы редакциядағы Конституциясы» тақырыбында дәріс өткізді. Қостанай облысыӘділет департаментінінБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1288234?lang=ru
-
Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт жел электр станциясы 2029 жылы іске қосылады
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Masdar компаниясының бизнесті және жобаларды дамыту жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Абдулла Зайедпен және Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы Елшісі Мохамед Саид Мохамед Әл-Арикимен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар Жамбыл облысында энергия жинақтау жүйесі бар қуаты 1 ГВт жел электр станциясын салу жөніндегі бірлескен жобаның іске асырылу барысын, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері саласындағы…
-
Алматыда полиция сауда орындарына рейд жүргізді
Алматыда полиция қызметкерлері энергетикалық сусындардың кәмелетке толмағандарға сатылуына жол бермеу мақсатында профилактикалық рейдтер жүргізіп жатыр. Іс-шаралар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 423-1-бабы талаптары аясында өткізіліп жатыр. Аталған бапта энергетикалық сусындарды кәмелетке толмағандарға сату үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген. Рейд барысында полиция қызметкерлері сауда орындарын аралап, белгіленген талаптардың сақталуын…
-
Мемлекеттік тіл туралы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша аумақтық департаменттердің қызметкерлерін оқыту
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті аумақтық департаменттердің қызметкерлеріне мемлекеттік тіл туралы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша оқыту өткізді. Оқыту Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті мемлекеттік тіл туралы заңнаманың сақталуына жүргізген тексеру барысында анықталған бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында өткізілді. Ақпарат көзі :…
-
Ашық есік күні
Құрметті Атбасар ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 11 қыркүйекте сағат 10-00-де аудандық мәдениет үйінің ғимаратында аудан әкімі К. Әлімжанов пен Атбасар ауданының мемлекеттік мекемелерінің басшыларының қатысуымен “Ашық есік күні” акциясы өтеді. Акция барысында Сіздерді толғандырған сұрақтарыңызды қойып, оларға тиісті жауаптар алуға мүмкіндіктеріңіз бар. 2-43-05 (аудан әкімдігінің кеңсесі) телефоны бойынша жазыла аласыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-atbasar/press/news/details/1288202?lang=ru
-
Жаңасемей ауданында жаңа прокурор таныстырылды
Бүгін Жаңасемей ауданының активіне аудан прокуроры болып тағайындалған Альсеитов Дәурен Бейсембекұлы таныстырылды. Жиын барысында жаңа аудан прокурорына жауапты қызметіне сәттілік тілеп, аудан көлеміндегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы бірлескен жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey-kokentau/press/news/details/1288203?lang=ru
-
ҚР Әдәлет министрлігі хабарлайды
Әлеуметтік желілерде және атқарушылық іс жүргізу бойынша қызмет көрсететін жекелеген тұлғалардың жеке аккаунттарында 2026 жылдың 8 қыркүйегінен бастап нотариустардың атқарушылық жазбалардың күшін жою жөніндегі өкілеттіктерінен айырылғаны, ал борышкерлер оларды тек сот тәртібімен ғана дауласа алатыны туралы ақпарат таралуда.ҚР Әділет министрлігі бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін және заңнамаға енгізілген өзгерістерді дұрыс қолданбауға негізделгенін хабарлайды.2026 жылғы 8…
-
АТҚАРУШЫЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ
2026 жылғы 28 тамызда Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының бастамасымен Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.Іс-шараға Атырау облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Меруерт Музатова, Әділет департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ жеке сот орындаушылары қатысты.Дөңгелек үстел барысында атқарушылық іс жүргізуді жетілдіруге, сот актілерін орындау тиімділігін арттыруға және…
-
АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР САРАЛАНЫП, АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР ПЫСЫҚТАЛДЫ
АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР САРАЛАНЫП, АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР ПЫСЫҚТАЛДЫ Жетісай ауданындағы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру және мемлекеттік бағдарламалардың тиімді орындалуын қамтамасыз ету бағытындағы жоспарларды саралап, атқарылар жұмыстарды пысықтау мақсатында аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Алдымен аудан аумағындағы заңсыз құрылыстардың жай-күйі қаралып, қолданыстағы заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету,…
-
Қазақстан делегациясы Грузиядағы халықаралық жастар лагеріне қатысып жатыр
Қазақстанның өкілдері Грузияның Кахетия өңірінде өтіп жатқан халықаралық жастар лагеріне қатысып жатыр. Іс-шараға Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстаннан келген делегаттар да жиналды. Халықаралық лагерь жастар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға, тәжірибе алмасуға, үздік бастамаларды зерделеуге, мәдени диалогты кеңейтуге және елдер арасындағы достық байланысты нығайтуға бағытталды. Бағдарлама аясында қатысушылар үшін білім беру, мәдени бағыттағы іс-шаралар, кездесулер, бірлескен бағдарламалар…
-
Алаяқтық туралы ескерту!
Әлеуметтік желілерде екінші деңгейлі банктердің қосымшасы арқылы таралып жатқан “некені тіркеу мерзімін ұзарту қажеттігі» туралы ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін және алаяқтық сипатқа ие екендігін ескертеміз.Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.ҚР Әділет министрлігі неке-отбасы заңнамасына сәйкес, неке бір рет тіркеледі және оның шекті мерзімі белгіленбейді. Осыған байланысты Әділет министрлігі некені ұзарту талап етілмейтіндігін…
-
Қазақстанда 261-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құрылымы ашылды
Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Ақтөбе ауылында Қазақстандағы 261-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құрылымы ашылды. Жаңа өрт сөндіру бекеті Ақтөбе, ІІІ Интернационал және Дүр Оңғар ауылдарының 6 446 тұрғынының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Өрт сөндіру бекеті Ақтөбе ауылының жергілікті кәсіпкерінің демеушілігімен салынды. Мұнда қызмет атқаруға қажетті барлық жағдай жасалған. Ғимарат «жылы еден» жылыту жүйесімен жабдықталып,…
-
Ақмола облысында құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары талқыланды
Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренованың төрағалығымен облыс әкімдігінде құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Жиынға құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларының өкілдері, сондай-ақ аудан және қала әкімдері қатысты. Отырыста халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселелері қаралды. Атап айтқанда,…
-
Бастауыш сынып оқушыларын бағалаудың жаңа тәсілі енгізілді
2026–2027 оқу жылынан бастап 2–4 сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа тәсілі енгізілді. Бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) алынып тасталып, оның орнына аралық бағалау жүйесі қолданылады. Ал, 1-сынып оқушыларын бағаламау тәртібі өзгеріссіз қалады. Атырау облысы Білім беру басқармасының бөлім басшысы Айнагүл Жұмағазиеваның айтуынша, жаңа тәсіл оқушының тоқсан ішіндегі оқу…
-
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов 7–8 қыркүйек күндері Батуми қаласында өткен Грузия халықаралық теңіз форумына қатысты. Форум барысында халықаралық көлік дәліздерін дамыту, Еуропа мен Азия арасындағы көлік-логистикалық байланыстарды нығайту, сондай-ақ көлік саласын цифрландыру мәселелері талқыланды. Форумның алғашқы күнінде Жәнібек Тайжанов «Теңіздерден дәліздерге: әлемдік сауданың жаңа географиясы» атты панельдік сессияда сөз сөйледі. Талқылау барысында Орта…
